- Учителю
- Силикат өндірісі (9 сынып)
Силикат өндірісі (9 сынып)
Күні:
Сынып: 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Силикат өндірісі
Сабақтың мақсаты. Силикат өнеркәсібі өнімдерін пайдалану, қасиеттерінің ерекшеліктері, құрылыс материалдарына сипаттама бере білу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - 1 мин.
ІІ. Үй жұмысын тексеру -15 мин.
ІІІ. Жаңа тақырып - 15 мин.
IV. Сабақты пысықтау - 13 мин.
V. Үйге тапсырма беру - 1 мин.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатыспаған оқушылардың тізімін алу. Оқушылардың сабаққа дайындығын және сыныптың тазалығын қадағалау. Сабақтың жалпы мақсаты және өткізу жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
7- жаттығу
SiO2 + C = SiC + CO2
х г 80 г
60г 40 г х = 120 г
8- жаттығу.
800 г SiO2 - х г K2SiO3
60 - 154 x= 2053,33 = 2 кг
9- жаттығу.
SiO2 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O
30г х г
60 г 80 г х- 40 г
ІІІ. Жаңа сабақ
Шыны өндірісі. Кәдімгі терезе шынысының құрамы Na2O · CaO · 6SiO2 формуласымен өрнектеледі.
SiO2 + Na2CO3 = Na2SiO3 + CO2
SiO2 + CaCO3 = CaSiO3 + CO2
Na2SiO3 + CaSiO3 + 4SiO2 = Na2O · CaO · 6SiO2
2SiO2 + C + 2Na2SO4 = 2Na2SiO3 + CO2 + 2SO2
IV. Сабақты пысықтау
4,78 кг терезе шынысын алуға қанша сода және әктас жұмсалады?
Шығымдылығы 65% болса, 4,4 кг хрусталь шынысын алуға қанша сақар (К2СО3) жұмсалады?
10 кг терезе шынысын алу үшін шикізаттың әрқайсысынан қанша килограмм қажет болатынын есептеңдер.
V. Үйге тапсырма:§ 29 (8-10)
Шыныны алғаш тапқан кім?
Соданы құммен қорыту үшін ең мықты деген тіпті, штормдық желдің әсерімен сөнбейтін алаудың күші жетпейтін көрінеді. Жоғары температураны тек пеште ғана алуға болатындықтан, ең алғашқы шыны жасаушы ретінде белгісіз өзінің мұқиятсыздығымен танылған. Мысыр гончарының көмекшісін айтуға болады. Ылғал балшық қоспадан жасалған ыдысты кенеттен оның аяғының астында болған құмды содалы қоспаға тісіріп алып, оны толық тазалай алмаған күйінде, гончарлық пешке күйдіру үшін салған ең алғашқы адам осы шыныны алғаш тапқан мысырлық еді. Нәтижесінде, керамика жұқа шыны ұнтақпен қапталған болып шықты, ол глазурь еді. Бұдан таза шыны шығаруға екі-ақ қадам тұрғанын кім білген?І
Қытайлықтар Р.Х. дейін 2000 жылдың ішінде мұндай шыны шығаруды білген еді. Осы уақыттың ішінде Моисей кезіндегі суреттер салынған қабырғадан байқағанымыздай мысырлықтар таң қаларлық шыны ыдыстар жасай алатынын көрсетті. Негізінен бұдан 7 мың жыл бұрын шыныны финикиялықтар жасап шығарған болып есептеледі. Ал ең алғашқы мөлдір емес шыны б.з.д. 16 ғасырға тән Месапоталиядан табылды. Бірақ, шыны одан әріде жасап шығарылуы да ғажап емес. Шыны мен рама - өздерінің тарихи жолын жүріп келген ең маңызды терезе элементтері. Шындығында, терезе жақтауы Ерте Римде гүлденді. Дәл сонда жасалып, мата тереземен жабылған күйде Помпейдің моншасының шешінетін бөлмесін жауып тұрған.
Рим патшалығының құлауы бұл материалды ұзақ уақытқа ұмыттырды. Тарихшылардың айтуы бойынша Еуропаның қарапайым адамдарының үйінің терезелері өгіз өтімен, майланған қағаз және қарапайым матамен қапталады. Тек ХVІІ ғасырда Эдовик ХIV сарайында қорғасынмен қаптаған кішкентай шаршы тәрізді шынылар пайда болған болатын, шамамен осы уақытта Ресейде қалалық ғимараттар мен ауыл крестьяндарының құрылысында шыны терезелер қолданды. Ал, қатты аяз кездерінде арнайы жылжымалы, аязға берік терезе тақта пайдаланды. Ресейде шыны жасайтын зауыт 1656 жылы Воскресенк қаласына жақын жерде ашылды. Бұл жерде терезе шынысымен шыны ыдыстар жасады. Петр І кезінде шыны өндірісі қарқынды дамыды. Осылайша ХVІІІ ғасырда Мәскеуде шыны жасайтын 6 зауыт жұмыс жасап тұрды.