- Учителю
- 'Судың құрамы және физикалық қасиеттері' 8 сынып
'Судың құрамы және физикалық қасиеттері' 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы және физикалық қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Мазмұнына байланысты су және ерітініділердің қолданылатын жерлері олардың қасиеттеріне тәуелді екндігін түсінеді, гидросфераны қорғау жолдарын үйренеді, топтық сызбалар жасай алады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: негізгі тақырыптың мазмұнын аша отырып, талдау жасай алады, өз көзқарастарын білдіреді, шығармашылық деңгейі көтеріледі. Топтық жұмыс: бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады, нәтижелерін көрсетеді. Қолданылған әдістер: жеке жұмыс, топпен жұмыс, «білемін, білдім, білгім келеді», жұппен жұмыс, 5 жол өлең, сематикалық карта, есептеу. Сабақтың өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1 Ерітінділер дегеніміз не ?
2. Ерітіндінің қандай түрлері бар ?
3. Қаныққан, қанықпаған ерітінді дегеніміз не?
4. Концентрлі, сұйылтылған ерітінді дегеніміз не ?
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қызығушылығын ояту : Мұғалім сөзі: «Бір күні бар элемент жиналып, кімнің бірінші маңызды, өмірде адамға пайдасы бар» екеніне жауап таппай қиналады. Алғашқы сөз алған элемент:
Кестеде бірінші тұрған кім? Бомба болып жарыламын Тегін тұрмағанымды біл Деп күш көрсетті Отын да болам, ауа шары да Беріспейтін сұс көрсетті. Ұшқың келсе, мін
(Жауабы: Сутек, таңбасы-Н)
Мұғалім: 2-ші элемент онымен айтысқа түседі:
Жақындасам жанып, Қараң болар тіршілік Су боларың анық, Мен бар жерде бар емес пе бәрі де Шамаңды білмейсің неғып? Отыны жанып, күні шығып. Мен болмасам тұншығып, (Жауабы: Оттек, таңбасы-О)
Мағынаны ажырату бөлімі (мәтінмен жұмыс) 10 минут
Топпен жұмыс
I топ жұмысының тақырыбы «Су - өмірде» IIтоп жұмысының тақырыбы «Су - денсаулық» IIIтоп жұмысының тақырыбы «Су - байлық» IVтоп жұмысының тақырыбы «Су экологиясы» (5 минут)
Су - өмірде
XIX ғасырда өмір сүрген көрнекті неміс физиологі Эмиль Райман «Өмір дегеніміз - су» деп бекер айтпаса керек. Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Оның құндылығы да, бірегейлігі де осында. Адамның денсаулығын сақтауда судың маңызы ерекше зор. Ежелгі заманда адамдар әр түрлі дерттерден сақтану үшін суды емге пайдаланған.Біздің заманымыздан 1800 жыл бұрын үнділіктер «Өмір ілімі» деген кітапта «Барлық лас, кір сумен жуылып-шайылады» деген. Жер бетіндегі суға қарағанда жоғары температуралы, еріткіштік қасиеті күшті-жер асты минералды суларда әр түрлі химиялық қосылыстар, газдар органикалық заттар көп болады. Сондықтан минералдық суды ем ретінде ішуді ұсынған. Академик Е.А.Ферсман «Су-жердегі ең маңызды минерал, онсыз тіршілік жоқ» деген. Бұдан шығатын қорытынды: су-табиғи ресурстардың ең мол да бағалы түрі. Егер, су болмаса, жерде тіршілік болмайды, жер көгемейді, сарғалдақтар мен қызғалдақтар өспейді, орман, жан-жануар, құстар, құрт-құмырсқалар ғайып болады.
Су-денсаулық
Адам денесінің 60% жуығы судан тұрады. Күн сайын ересек адам 3 литрден астам су ішеді. Зат алмасу үрдісі тек сулы ортада өтеді. Егер адам 1-1,5 литр суды жоғалтса, шөлдейді, әлсірейді, нашарлайды. Адам ағзасына келіп түсетін тіршілік үшін маңызы зор заттар(шай, минералды тұздар, дәрумендер, нәруыздар) үшін су негізгі еріткіш. Ішетін судың құрамында-хлордың, темірдің, марганецтің, мырыштың т.б. химиялық заттардың қоспалары бар. Жануарлар мен өсімдік ағзаларынан 65 микроэлемент табылған. Осы элементтердің 14-і биологиялық үрдістерде белгілі рөл атқарады. Тәулігіне адам ағзасына 100-200 микрограмм иод қажет екен. Йодтың жетіспеушілігі бақшаңкөз (зоб) ауруына әкеп соғады. Ақсай қаласы бойынша 1367 адам осы бақшаңкөз ауруымен ауырады екен. Ішетін судың құрамындағы фтордың мөлшерінің төмендеуі-тіс жегісі (кариес) ауруын туғызатынын көрсетеді. Мысалы: біздің мектептің оқушыларының 72% осы тіс жегісі есебінде тұр. Тіс кіреукесінің бұзылуы, тері аурулары, сзылмалы артрит аурулары селен мөлшерінің жоғары болуына байланысты.
Су-денсаулық
Жер бетінің 70,8% дүние жүзілік мұхит, 29,2% құрлық алып жатыр. Дүние жүзілік мұхиттан буланған судң көпшілігі-411,6 мың км қайтадан мұхитқа түседі: бұл судың кіші айнлымы. Ал, буланған судың 2-ші бөлігі ауа ағыстарымен, мұхиттан құрлыққа қарай келіп, конденсацияланады, жауын-шашын күйінде жерге түседі, мұны судың үлкен айналымы деп атайды. Гидросфераның жалпы көлемінің 94% мұхиттар мен теңіздер, 4% жер асты сулары, 2 % жуығы мұз бен қар, 0,4 % құрлық бетіндегі сулар (өзен, көл, батпақтар). Теңіз суын минералдың минералы деп атайды. Өйткені теңіз суында 70-ке тарта химиялық элемент бар. Олардың көпшілігі әр түрлі тұздардың құрамында кездеседі.Кейде теңіз суын сұйық кен деп те атайды. 1 тонна теңіз суынан 1330г магний, 400г калий, 68г бром алуға болады. Судың күші де орасан зор күш. Су электр станциялары алып куат береді.Сондықтан суды «ақ көмір» деп те атайды. Елімізде Шардара, Қапшағай, Үлбі, Өскемен, Бұқтырма су электр станциялары-арзан энергия көзі болып табылады. Су-химия өнеркәсібінде сутек, қышқылдар, негіздер алу үшін маңызды шикізат. Суда тек қатты заттар ғана емес, газдарда ери береді. Судың құрамындағы көмірқышқыл газы мен жеміс шырыны шөліңді басады.
Су-экология
Су-өмір арқауы, гүлденген дала, мол өнім. Сусыз жер-шөл дала, адам баспас, құм ұшпас, жансыз жатқан кең сахара. Су табиғатта кең таралған байлық. Жер бетінің ¾ бөлігін су алып жатыр. 70 кг адамның 40 кг су. Халық шаруашылығының барлық салаларының қаулап өркендеуінен, қалалардың өсуінен су қоймалары ластануда. Тынық мұхиты ауданындағы Гавай аралдарында американ зерттеушілері 35 млн. Пластмасса бөтелкелер мен 70 млн. шыны бөтелкелер тасталғаны анықталған. Мұхитқа лақтырылған бірнеше тонна полиэтилен пленкаларының кесірінен 1972 жылы Бразилия жағалауында киттердің жаппай қырылуы байқалған. Ал өз елімізде 30 жыл ішінде Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұз көшіп, қышқыл жауынға айналды. Балқаш көлі түрлі өндіріс қалдықтарынан ластанған, оған Балқаш мыс комбинаты көп зиянын тигізуде. Ақтау қаласында орналасқан Каспий аймақты тау-кен металлургия комбинаты пайдаланған лас су Қошқар Ата көлін тіршілігі жоқ өлі көлге айналдырды. Ақсай қаласының өзінде Қарашығанақ кенішіне өте жақын орналасқан 16 елді мекенде тұратын әрбір 2 адамның біреуінің жүрегі ауырады, әрбір 5 адамның біреуі жүйке ауруымен, әрбір дүниеге келген 4 баланың біреуі мешел ауруымен науқастанады екен.
«Салыстырыңыз» сематикалқ карта
№
Аты
«0» С-де қататын зат
Құрамында сутек болатын зат
Қышқыл дәмі бар
Құрамына қышқыл қалдығы кіреді
Күйдіргіш зат
1
Су
2
Қышқыл
3
Тұз
-
Есеп шығарту.
72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар.
2 H2 O = 2 H2 + O2. Mr (H2 O) = 18 * 2 =36.
Mr (H2 ) = 2 * 2 = 4.
Mr ( O2) = 32.
72г / 36 = Х / 4 Х = 72 * 4 / 36 = 8 гр.
72г / 36 = У / 4 У = 72 * 3 / 32 = 7 гр.
Жауабы: 8 гр сутек.
7 гр оттек.
-
Графикалық диктант
-
Иә Жоқ
-
Табиғи таза су болады ма?
-
Алғаш суды синтездеген Г. Кавендиш.
-
Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.
-
Судың сандық құрамын анықтаған Ж.Менье.
-
Еріген заттың мөлшері көп болса қанықпаған ерітінді.
-
Температура жоғарылағанда қатты заттардың ерігіштігі артады.
-
Н2 СО3 күкірт қышқылы.
-
СаСО3 калций карбонаты.
-
Қышқылдар металдармен әрекеттесіп, оттек бөледі.
-
Су еріткіш.
§ 39. 2, 3- жаттығу.
«РАФТ» әдісімен су экологиясына арналған өз шығармашылығын жазу.
Рефлексия бөлімі: «РАФТ»
Р - рөл - «су».
А - аудитория - адам.
Ф - формасы - өтініш не хат.
Т - тақырыбы - экология.