7


Урок: 'Сілтілік металдар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шайхсламова Акниет Нурмахановна

Қызылорда қаласы

«Болашақ» медициналық колледжінің

химия пәні оқытушысы


Сілтілік металдар

Сілтілік металдар ІА топшада орналаскан: , , , , , . Франций - радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns1 (n = 2-7). Олардың топтық атауы - сілтілік металдар - сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған


1-мысал. №1 есеп сілтілік металдың тұзына концентрленген күкірт қышқылымен әсер еткенде бөлінген түссіз газды кеңінен таралған сілтілік жер металдың тұзының ерітіндісіне жіберілді. Сол кезде бөлінген Б газын күміс нитраты арқылы жібергенде тұнба түзілді. Тәжірибені жүргізуге қандай қышқылдардың тұздары және қандай сілтілік жер металдар қолданылды. Бақылаған құбылыстарды түсіндіріп, мүмкін болатын реакция теңдеуін жазыңдар.


1 есептің шешуі:

Сілтілік металдар тұздарына күкірт қышқылының концентрлі ерітіндісімен әсер еткенде газ бөлітіндері, карбонаттар, сульфидтер, хлоридтер, сульфиттер болуы мүмкін, мысалы:

2NaCl + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCl

Na2SO3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2 + H2O

Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2 + H2O

Na2S + H2SO4 = Na2SO4 + H2S

Есептің шартын қанағаттандыра алатын, суда еритін сілтілік металдар тұздары тек сульфидтер болып табылады, ал қалған суда ерігіш тұздары тек қана галогенсутектерді, күкіртті газды, көмір қышқыл газын бөлінбейді.

Күкіртті газ сульфидтермен бірге күкіртті түзеді. (H2S ығыстырып шығарып, SO2 әрекеттеседі) BaS + SO2 + H2O = BaSO3 + H2S

SO2 + 2H2S = 3S + 2H2O

яғни қорғасын нитратымен тұнбаға түзілмейді. Көмірқышқыл газы сульфидтерден көмірқышқыл газын ығыстырып шығарады:

BaS + CO2 + H2O= BaCO3 + H2S

Осы бөлінген күкіртсутек газы қорғасын нитратымен қара түсті тұнба түзеді.

Pb(NO3)2 + H2S = PbS + 2HNO3

Галогенсутектер сульфидтерден күкірт сутекті ығыстырып шығарады.

BaS + 2HCl = BaCl2 + H2S,

Қорғасын нитратымен қара түсті тұнба түзеді.

Pb(NO3)2 + H2S = PbS + 2HNO3

Сондықтан мұндай сілтілік металл тұздары болып галогенидтер, карбонаттар болуы мүмкін, ал сілтілік жер металл тұздары - барий сульфиді болып табылады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал