- Учителю
- Алкендердің құрылысы,изомерленуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Алкендердің құрылысы,изомерленуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Күнтізбелік сабақтың жоспарыПәні: химия
Сынып 11
Сабақ 12-13
Сабақтың тақырыбы
Алкендер
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Циклоалкандар, құрылысы, изомерленуі мен атаулары,табиғатта таралуы, физикалық-химиялық қасиеттерін түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың кітаппен жұмыс істеуі және есептер шығару арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың топпен жұмыс орындауын ұйымдатыру және бір бірінің ойларын тыңдауға, пікірлесуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Оқытудың негізгі идеялары
Бір қос байланыс
Этилен қатарының көмірсутектері
Изомерлену: көміртегі қанқасы , еселік байланыс орнына сәйкес
Оқыту нәтижелері
кейбір қанықпаған қосылыстар үшін геометриялық изомерияның ("Е-Z" не цис-транс-изомерия) болу мүмкіндігін және оны стереоизомерияның бір түрі деп түсіну Физикалық қасиеттерін айта алады
Басқа көмірсутектермен салыстыра отырып химиялық қасиетін сипаттау
кейбір өндірісітік маңызды қосылу реакцияларын білу
Пайдаланатын әдебиеттер
-
Химия: Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырған 3-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2015. - 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7
-
Артеменко А.И. Органическая химия.- М.: Высшая школа, 1999.
-
Ким К. "Органическая химия". Новосибирск, 2000.
Материалдар мен жабдықтар
Интерактивті такта,электронды кітап,менделеев кестесі,видео тәжірибелер,презентация
Сабақтың барысы
Сабақты өкізу кезеңдері
Уақыт
45 минут
Үйымдастыру кезеңі
2 минут
- сәлемдесу, түгендеу;
- Сынып тазалығына көңіл бөлу;
-Сабақтың ұстанымы,жоспары таныстырылады.
Жаңа тақырыпты өту
28мин
Алкендер - молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n болатын қанықпаған көмірсутектер.
Алкендердің ең қарапайым өкілі - құрамында екі көміртек атомы бар - этилен С2Н4. Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер этилен қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады. Алкендерде көміртек атомдары sр2-гибридтенген күйде болады. Этилен молекуласындағы әр көміртек атомының бір s-және екі р-электрон орбитальдары гибридтенуге қатысады. Яғни, әр көміртек атомында үш гибридтенген электрон бұлты және бір гибридтенбеген р-электрон орбиталь болады. Үш гибридтенген орбитальдың екеуі сутек атомдарының s-электронбұлттарымен екі σ-байланыс, ал үшінші гибридтенген орбиталь екінші көміртек атомының осындай орбиталімен қаптасып тағы бір σ-байланыс барлығы бес σ-байланыс [бір sp2 - sp2 (С - С) және төрт sp2- s(С - Н)] түзеді. Гибридтенбеген р- электрон орбитальдары σ-байланыстар орналасқан жазықтыққа перпендикуляр орналасып, бір-бірімен жазықтықтың екі жағында (астында және үстінде) каптасып, екі π-электрондар арасында (С - С) бір π-байланыс түзеді. Яғни, этеннің молекуласындағы көміртек атомдары өзара бір σ-және бір π-байланыстар арқылы жалғасады. Қос байланыстың ұзындығы 0,134 нм, байланыс энергиясы 612 кДж/моль болады. π-байланыс σ-байланысқа қарағанда әлсіз болады да, реакцияға</<font color="#000000"> түскенде оңай үзіледі.
1. Этиленнің жануы
СH2=CH2 + 3O2 --> 2CO2 + 2H2O
II. Қосылу реакциялары
2. Гидрлеу (+Н2)
СH2=CH2 + Н2 --> СН3 - СН3
3. Галогендеу (+Cl2, +Br2, +I2)
СH2=CH2 + Br2 -->
СН2 - СН2
¦ ¦
Br Br
Сапалық реакция
4. Гидраттау (+H2O)
СH2=CH2 + H2O --> СН3 - СН2OH
Техникалық этил спиртін алу
III. Тотығу реакиялары
5 калий перманганат ерітіндісімен
реакция
СH2=CH2 + [O] + H2O -->
СН2 - СН2
¦ ¦
OH OH
Қос байланысқа сапалық реакция. Этиленгликоль алынады -антифриздың құрамына кіреді.
IV. полимерлену реакциялары
6. Этиленнің полимерленуі
n СH2=CH2 --> (- СН2 -
СН2 -)n
этилен полиэтилен
мономер полимер
Полиэтилен
Сабақты бекіту
10минут
-
33,6 литр (қ.ж.) этиленді гидратациялағанда түзілетін этанолдың массасын табыңдар.
-
Термохимиялық теңдеуі бойынша
C2H4 + 3O2 → 2CO2 + 2H2O + 1400 кДж
нәтижесінде 9100 кДж жылу бөлінсе, жанған этиленнің массасы -
Бұл газ полиэтилен өндірісінде кеңінен қолданылады. Осы белгісіз көмірсутектің 73,85% берілген. Осы заттың құрамындағы сутектің массалық үлесі 13,07%, құрамындағы ОН тобының пайызы 13,07% болатын СхНу табыңыздар, егер оның ауа бойынша тығыздығы 4,48 құраса.
-
Саяжайдағы көкөністерді сақтау мақсатында Х газы қажет болды. Ол үшін массасы 56 кг этил спиртін дегидраттау қажет болды. Осы газды анықтаңыздар;.
Сабақты қорытындылау рефлексия
3минут
Бүгін сабақта нені білдік?Нені білетінбіз?Нені білгіміз келеді?
Үйге тапсырма беру
2минут
§2.6-2,7