7


  • Учителю
  • Word. Судың құпия сырлары ғылыми жоба 27 бет

Word. Судың құпия сырлары ғылыми жоба 27 бет

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







МАЗМҰНЫ



І КІРІСПЕ



1. 1 Су - өмір бесігі .......................................................................................3



НЕГІЗГІ БӨЛІМ



2. 1 Су - өмір өзегі, тіршілік қайнары ........................................................4

2. 2 Судың құпия сырлары ...........................................................................7

2. 3 Құрылымдалған су................................................................................10

2. 4 Құрандағы су мәселесі .........................................................................16



3.1 Тәжірибелік бөлім ...............................................................................18



ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................20



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................22





















Аңдатпа



№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің 10 «Б» сынып оқушысы Әбибулла Талшынның «Судың құпия сырлары» атты ғылыми жобасы әлемнің жаратылыс негізі судың құпия сырларын танып-білуге, зерттеп-зерделеу.

Жұмыстың мақсаты: күнделікті өмірде кездесетін судың біз білмейтін құпия сырларына үңіле отырып, оның өзіндік қасиеттерін танып білу және тәжірибелер арқылы көз жеткізу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, судың құпия сырларын тереңінен танып-біліп, оның адам көңіл-күйіне қаншалықты әсері барын анықтай алсақ, онда адамдардың бойынша жақсы мінез-құлықтар, мейірімділік, адами қасиеттер көбейе түсер еді.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бүкіл жаратылыстың бастауы болып табылатын судың жадының бар екендігінің мән-маңызы айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта судың қасиетін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің химия, биология пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

- Судың құпия сырлары айқындалды;

- Құрылымдалған су формалары таныстырылды;

- Құрандағы су мәселесіне қатысты мәліметтер ашылды;

- Судың қасиеті нақты тәжірибе жүргізу арқылы байқалды.

Жұмыстың орындалу әдістері. Су туралы ғылыми зерттеу еңбектерімен танысу, ғылыми ізденіс, зерттеу, тәжірибе жасау.









І Кіріспе



1. 1 Су - өмір бесігі

Жер шарында суды тіршіліктің бастамасы ретінде еске алмайтын бір де бір халық жоқ. Ертедегі аңыздар мен мифтерде де суды тіршілік көзі ретінде қарастырады.

Су - адам өмір сүруіндегі негізгі атрибуттың бірі. Сусыз өмір жоқ. Өйткені адам өмірін қамтамасыз етудің бүкіл жүйесі суды пайдаланатын технологияларға негізделген. Атамыз қазақ «судың да сұрауы бар» деп жатады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде дүниежүзінде екі миллиард адам су тапшылығынан зардап шегеді. Көптеген ғалымдар суды зерттей келе ол тек тіршілік көзі ғана емес, сондай-ақ оның өзіндік құпия сыры бар екенін айтуда. Ендеше мөлдір судың мөлтек сырын ашып көрелік.

Мақсаты - күнделікті өмірде кездесетін судың біз білмейтін құпия сырларына үңіле отырып, оның өзіндік қасиеттерін танып білу және тәжірибелер арқылы көз жеткізу.

Міндеттері:

  • Судың біз біле бермейтін өзіндік құпия сырларын танып-білу;

  • Су жайында зерттеулер жүргізген әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерімен танысу;

  • Суға жасалынған тәжірибелер нәтижесінде пайда болған өзгерістер сырын ұғыну;

  • Құрандағы су жайында айтылған мәліметтермен танысу;

  • Судың қасиеттерін ұғына түсу үшін тәжірибе жасап көру.













Негізгі бөлім



2. 1 Су - өмір өзегі, тіршілік қайнары



«Ол адам баласын бір тамшы (ұрық) судан жаратты…»

(«Нахл» сүресі, 4-аят)



Адам денесінің үштен екі бөлігі судан тұрады. Мидың 85 пайызы, қанның 90, бұлшық еттің 75, бүйректің 82, тіпті сүйектердің 22 %-ы судан тұратыны анық. Адам ас ішпей 3-4 апта өмір сүре алады. Ал сусыз 1 апта да өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан су - өмір тынысы.

Біз күнделікті өмірде «су» ішкеннен гөрі шәй немесе кофе, түрлі газдалған сусындарды тұтынғанды жөн көреміз. Таңертеңгі асқа кофе, түскі асқа шәй немесе түрлі-түсті сусындарды ішкіміз келеді. Кешкі ас та солай. Ал мұндай сусындардың пайдасынан гөрі зияны көп. Бұл туралы әлемге танымал дәрігер - доктор Ферейдун Батмангелидж бір кесе судың адам денсаулығына пайдасы жайлы былай дейді:

«Су - сүйекті ылғандандырып, буын ауруларынан сақтайды.

Су - адамның иммундық жүйесін күшейтіп, түрлі вирустар мен бактерияларға қарсы қорғану қабілетін күшейтеді.

Су - қанның қоюлануының, жүрек, ми ауруларының алдын алады.

Су - мидың есте сақтау, ақыл-ой қызметінде маңызды рөл атқарады.

Су - мінез-құлыққа да әсер етіп, қауіпті аурулар - Альцгеймер, Паркинсонның (психологиялық аурулар) алдын алады.

Су - адамның түр-келбетін жақсартып, терінің ерте әжімденуінен сақтайды».

Ирандық ғалым Ферейдун Батмангелидж ұзақ жылдар бойы су құрамын зерттеп, оның емдік қасиетін пайдаланып, дерттен айықтыру әдісін жасаған еді. Соңғы уақытта әлем бойынша химиялық дәрі-дәрмекпен емдеуден гөрі, табиғи жолмен сауығу жолдары дамып келе жатыр. Өйткені, химиялық дәрілер бір мүшені емдеп жатса, екінші ағзаны зақымдап жатады.

Осы бағытта су құрамы мен қасиетін жіті зерттеп, тың ғылыми жаңалықтарымен баспасөз беттерінде бөлісіп жүрген Сайлаухан Әуелбаева судың ерекше қасиеті ғалымдарға енді ғана белгілі бола бастағанын айтады.

Адам сумен жуынып, дәрет алғанның өзінде денсаулыққа пайдасы шаш етектен. Бұл туралы шариғатта да айтылады. Ислам дінінде ашуланған адамға дәрет алуды бұйырады. Мұның пайдасы ғылыми тұрғыда әлдеқашан анықталып қойған. «Сайлаухан» емдеу, сауықтыру, денсаулықты сақтау орталығының директоры, белгілі ғалым Сайлаухан Әуелбаеваның айтуынша, адам ашуланған кезде адреналин гормоны көбейіп, қан айналысына кері әсерін тигізеді. Осы кезде адам сумен жуынса (яғни ғұсыл құйынып, дәрет алса) көңіл күйі орнына келіп, өз-өзін жайлы сезінеді. Бұл - су адам көңіл күйі үшін маңызды деген сөз.

Бұлардың тысында сөз бен ойдың су құрылымына әсерін жапондық доктор М.Эмото зерттеп, тәжірибелері арқылы қоғамдық пікір тудырып, судың емдік қасиеті жайлы тың көзқарас ұсынған еді. Яғни, жақсы ойлар, сөздер әдемі құрылым туғызса, ал жаман ойлар мен жаман сөздер су құрылымын мутация-лап, формасын тәртіпсіз етіп бұзатынын дәлелдеп берген еді.

Сондай-ақ, Ресей Ғылым академиясының Микробиология институтының зерттеулері бойынша, анайы сөздер айтқан кезде адамның өз ДНК-сы радиациялық сәулеленуге ұшырағандай әсерге ұрынады екен. Бұны тағы да жапондар қайталап, дұрыстығына көз жеткізді: «жаман» сөздер айтқан сәтте адамның ДНК тізбегі жыртылып ыдырап, «жаман ауруға» ұласатындай қатерлі әсерге ұшырайтынын ғылыми тұрғыда түсіндіріп берген болатын. Демек, адам өз ДНК-на әсер ететін болса, судың түп негізіне әсері өз алдына айғақ емес пе?

Сонымен қатар адам ішкі қуатымен материяға әсер ете ала ма деген сауал төңірегінде түрлі эксперимент жүргізген доктор К.Бакстер адамның денесінен алынған ДНК үлгілерін адамнан 500 шақырымдай жерге апарып бақылауға алады. Сосын тәжірибе жүргізілетін адамға әртүрлі эмоциялық күш түсіретін ақпаратпен әсер береді. Нәтижесінде - адам эмоциялық әсерленуге өте қатты берілген кезде оның денесінен алынған ұлпалардағы ДНК үлгілері де тап сондай күшті электромагниттік әсерлерге ұшырап отырған. Әсерлеп айтар болсақ, денеңізді шымшып алса, оны бойыңыздағы барлық жасушаларыңыз бір мезгілде қабылдайды. Тұла бойыңызбен сезінесіз. Ал мына экспериментте адамның ДНК-сы одан алыс қашықтыққа әкетілсе де, денесінің бір бөлшегі ретінде барлық әсерлерді қабылдай беретінін дәлелдеді. Одан да ғажабы - бұл әсерлер сол сәтінде беріледі, яғни бұл уақыт-кеңістіктен тыс тұрған энергетикалық канал деуге болады! Тек сол қуат көзінің каналын табу керек, меңгеру қажет. Әсілі мұндай қасиет Алла тағаладан берілсе керек-ті. Демек, ішкі қуаты бар адам материяға оймен немесе энергетикалық тұрғыда әсер береді деп нақты айта аламыз. Тіпті әрбір адам суға ықпал жасай алады. Бұдан шығатын қорытынды: барлық жаратылыстар, оның ішінде су өлі дене емес, тірі. Олар да Алланы ұлықтап, зікір айтады екен. Суға жақсы сөз айтқанда жақсарып, ғайбаттаған мезетте қасиетін жойып, бұзылатыны сондықтан.

Бүгінгі күні судың емдік қасиетін зерттеп жүрген медицина ғылымдарының докторы Сайлаухан Әуелбаева бұл туралы былай дейді: «Менің адамдарды сумен емдейтінім рас. Өйткені судың тазаламайтын нәрсесі жоқ. Бірақ ол краннан ағып жатқан қарапайым су емес. Суға энергетикалық әсер беру арқылы құрылымын өзгертемін. Сонда судың түсі, дәмі түгелімен өзгереді. Бұл менің емес, Алланың құдіретті күші ғой», - дейді. Ғалымдар адам материяға қалай әсер беретінін ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысып келеді. В.Попонин мен П.Гаряев есімді ғалымдардың зерттеу мақаласында адам ДНК-сының материалдық заттарға әсер ететіні айтылып, бұл әсер осыған дейін белгісіз болған жаңа энергетикалық субстанция арқылы жүзеге асатынын мәлімдейді. Эксперимент нәтижелері Америкада қайталап тексеріліп, «бұл жаңалық өте нәзік энергетикалық құбылыстарды, оның ішінде альтернативті медициналық практикаларда кездесетін құбылыстарды түсініп, олардың негізінде жатқан механизмдерді тереңірек түсінуге үлкен жол ашып береді деген үміттеміз», - дейді авторлар. Эксперимент бойынша, информацияның, ойдың (ойдың да негізі информация, энергетика емес пе?) материяға, оның ең түпкілікті негізіне әсер ететінін көрсетті. Сонымен бірге ойдың уақытқа да, кеңістікке де бағынбайтын өз өлшемі бар екендігін көрдік.

Су адам денсаулығын қалай емдейді деген сауалға оралайық. Ой материяға әсер еткенде, сапалы ой, кие дарыған сапалы қуат кеңістікке күштірек әсер етуі мүмкін. Демек, киелі сөз немесе қуат кеңістікке әсер етіп, оның құрылымын өзгерту арқылы ауруға ықпал етеді деп болжауға болады. Себебі, ой, ақпарат уақыт пен кеңістікке бағынбайды. Материяның ең түпкі құрылымына негізіне әсер беріп, оны өзгерте алады. Заманауи ғылым бойынша материяның түпкілікті негізі материалдық емес, сығындалған ақпарат (информация) дейді. Демек, технократтық тотыққан санамен материя энергетикаға қалай әсер етеді немесе энергетика материяға қалай ықпал жасайды деген сауалдың өзі жөнсіз.

Су - өмір өзегі, тіршілік қайнары. Бұл талас тудырмайтын шындық. Тіпті, адам баласының бір тамшы судан жарытылуында біз біле бермейтін терең сырлар бар. Аятқа мән берейік: «Ол адам баласын бір тамшы (ұрық) судан жаратты…» («Нахл» сүресі, 4-аят).

Сол бір тамшы судың сырына жетемін деп қаншама ғалымдар бүкіл ғұмырын сарп етті. Ол бізге қайдан келгенін, кім жібергенін, және қалай келгенін айтып беретін уақыт та алыс емес. Рухани әлем мен ғылым бір нүктеде тоғысатын уақыт жақындап келеді. Бірақ біз суды тұрмыста күнделікті қолда-нып, тұтына жүріп оның ерекше қасиеттерін сезіне бермейтініміз өкінішті-ақ.

Бір қызығы, адам бойындағы су да сыртқы ортада болып жатқан жағымсыз ақпараттарды өзіне тартып алады. Содан денсаулық, көңіл-күй, жалпы тірлігінде кері кетушілік пайда болады. Немесе, керісінше, күш алып, қуаттанып, шаттанады. Қызық.

«Жақсы ақпараттармен белсендірілген суымыздың ағзаны кез келген сырқат түрлерінен айықтыра алатыны ғалымдар зерттеулерімен айғақталып, күннен күнге су құрамы күшейіп, сол дәрі суымыз әртүрлі салаларда - отбасы, мектептер, аурухана, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, колорадо қоңыздарын жоюда т.с.с. кеңінен қолданыс табуда.

Медицина ғылымдарының докторы, емдеу-сауықтыру орталығының директоры Сайлаухан Әуелбаева: - Су үнемі инверсионды фазалық жағдайда тұрады. Бұл не деген сөз? Яғни су айналадағы ақпараттарды өзіне қабылдап, оны есте сақтап және адам денсаулығына ықпал жасау қабілетіне ие деген сөз. Адам денесінің негізгі бөлігі судан құралғаны белгілі. Мысалы біреумен кикілжіңге келген адамның ұнжырғасы неге түседі деген сауалға осыдан-ақ жауап табуға болады.

Мен бірнеше жылдан бері суды зерттеп, Алланың қалауымен су арқылы адамдарды емдеп келемін. Талай адамдар өздерінің алғыс-тілектерін айтып, ризашылықтарын білдіруде. Бәрі Алланың құдіреті ғой. Бір ғажайып дүние: мен әсер еткен судың құрылымында «халал» деген сөз шықты. Су бетінде жазулы тұр. Оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы білікті ғалымдарға көрсеткенімде, олар «халал» деген жазу барын растады. Қазақстандық, шетелдік ғалымдар бұл суды жан-жақты зерттеп, тіпті медициналық қорытындысын да айқындады. Адам ағзасына келтірер пайдасын нақты көрсетіп, қолдану әдістемесін берді. Бұл да бір Алланың хикметі деп білемін», дейді «Ғылымдағы есімі» («Имя в науке») еңбегінде.



2. 2 Судың құпия сырлары



Әлқисса, ғаламдағы негізгі қажеттілік­тердің ішінде судың алар орны ерекше екені белгілі. Судың пайда болу тарихына көз салсақ, осыдан миллиард жыл бұрын суық газ-тозаң бұлтынан жер түзілсе, ал мұз-тозаң түрінен су пайда болды. Бұл ғаламның сырын зерттеушілердің зерттеп тапқан нәтижесі. Академик В.И.Вернадский былай деп жазады: «Негізгі күшті геологиялық процестерге әсер етуі бойынша сумен салыстыруға келетін қосылыстар жоқ. Тірі ағзалар мен минералдар, тіпті жердегі барлық заттардың құрамында суы жоғы болмайды». Рас, мына біздің тұла бойымыздың тоқсан пайызынан астамы судан тұратыны белгілі. Мұны неге айтып отыр десеніз, суға қатысты төмендегі жаңалыққа назар аударыңыз.

Ғасыр жаңалығы

1956 жыл. Оңтүстік-Шы­ғыс Азиядағы жаппай қырып жою қа­руын жобалау мен жасау әскери институтының жабық зертханасы. Жаңа замандағы бактериялық қару туралы бірнеше сағаттық ғалымдар отырысы басталады. Кенеттен отырыс тоқтатылып, ғалымдар тамақтан улану белгісімен ауруханаға әкетіледі. Уланудың себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіледі. Ал ғалымдар­дың ортақ ішкен асы отырыстағы үстел үстіндегі қарапайым ауыз су ғана болатын. Суды улауы мүмкін деген оймен судың құрамына сараптамалық зерттеу жүргізіледі. Бір қызығы, тексеру нәти­жесі көрсеткендей оның құрамында Н2О-дан басқа молекулалық қосынды табылмайды. Бірақ судан басқа себебі анықталмаған қорытынды сараптамаға улану «ауыз судан» деп жазылды. Дәл осы жағдай орын алғаннаннан соң 20 жыл кейін ғалымдар ғажайып болжам ұсынды. Ол болжам бойынша «судың есте сақтау қабілеті бар» делінді. Судың жаңа ашылған осы қабілеті судың тұңғиық сырларына жетелей түсері анық. «Неліктен?» деген сауалға жау­ап іздеуші ғалымдар саны күннен-күнге көбейіп келеді. Ресейдегі Мәскеу Мемлекеттік университетінің биология факультетінің профессоры, ғылым докто­ры Владимир Воейков осыған қатысты былай дейді: «Міне, біз жаңа ғана ғылымда орасан батыл қадам жасадық. Біз шындығында суды білеміз деп жүріп, ол туралы түк білмейтіндігімізді түсіндік. Иә, осыны мойындаудың өзі үлкен ерлік, өйткені бұдан кейін адам бойында білуге деген құштарлық пайда болады». Бүгінде өркениет деп аталатын, бірақ адам баласының ақыл-ойын тар шеңберге шырмап тастаған үрдіс негізінде дүниенің көзге көрінетін және көрінбейтін сырларын тану көкжиегіміз қандай деңгейде екенін бағамдай беріңіз. Орыс ғалымы А.Одоевский «Европа рационализмі бізді ақиқаттың қақпасына ғана алып келді, бірақ ол қақпаны ашуға қауқары жоқ екенін көрсетті» деген тұщымды пікір айтқаны бар. Қазіргі таңда адам баласы әлемді танудың жаңа заңдылықтары табалдырығында тұр, бұл үрдіс жаңа әдістемелерге жол ашып отыр. Оған дәлел жақында жарық көрген «Судың ұлы құпиялары» аталатын қайталанбас тележоба. Жобаның мақсаты - жалпы физикалық заңдылықтардың шегіне сыймайтын су көрсетіп отырған құбылыстардың тылсым қасиеттеріне ену. Фильмге ғалымдармен бірге әртүрлі елдің теолог ғалымдары да қатысқан. Фильмді дайындаушылар: «Фильм дәлелдемейді, ол нақты айғақтарды ұсынады. Сену немесе сенбеу - әркімнің ісі. Ең бастысы осы жайында ойлануға және ойды өрбітуге мүмкіндік туғызу ғана» деп мәлімдейді. Негізгі идея - суға бағдарлама беру мүмкіндігі арқылы ауыр сырқаттарды сумен емдеу, ауа-райын басқару, адамтанудың жаңа сатысын игеру. Фильмнің басы судың төңірегіндегі толассыз жиналған сұрақтардан басталады. Одан әрі оған ғылымнан жауап іздейді.

Су кереметі

Әлем бойынша «Судың жады» тақырыбындағы тұңғыш диссертацияны Ресейлік ғалым С.В.Зенин қорғады. Осы уақытқа дейін судың ұзақ уа­қыт бойы бір құ­рылымды түзуі мүмкін емес деген ұста­ным үстем болып келгенді. Бірақ та есеп­теулер көрсеткендей, су дұрыс құры­лымды көлемдік формаға ие, оның негізінде 57 молекуладан құралған кристалл тәрізді су кванты жататыны анықталды. Бұл құрылым энергетикалық тиімді және спирт пен сол тәрізді еріткіштердің жоғарғы концентрациясында бос молекулалар босауымен бұзылады.

Ең алдымен, осы уақытқа дейін суды біртекті деп келсек, оның әртекті екені анықталды. Ол ромб тәрізді көпбұрыш түрдегі микроскопиялық кристалдардан құралған, яғни кубты қарама-қарсы екі төбесінен созудан туындайды. Көпбұрыштың өлшемі - 20*20*30 ангстрем (бір ангс­трем миллиметрдің он миллионнан бір бөлігіне тең) қарапайым сұйық жағдайда - 0°С-ден 100°С-ге дейін су осындай құрылымдық элементтерден құралып, әрқайсысында 912 молекуладан орналасқан.

Судың бір ұяшығында 44 000 - «мәліметтік тақтасы» болады. Әрбір осындай тақталар өзінше тірі жасушадағы рецептор сияқты орналастырылған, сыртқы әсерлерді сезеді. Суға қандай да бір әсер беріп, «мәліметтік тақтаның» белгілі бөлігін ғана қозғаймыз. Басқа сыртқы әсерлер тіпті басқа тақталардың әсерін туғызады. Сонымен бірге әртүрлі тақталар өзара әсерлесуін бастайды да, судың жаңа күйіне әкеледі.

Зениннің зертханасында судың қасиетіне адамның ойларының немесе сезімдерінің әсер етуі анықталды. Бұл әсердің өте күштілігі сондай, сынақтық микроағзалар тек қозғалысын тоқтатып қоймай, тіпті өліп қалады немесе онда еріп кетеді. Сонымен бірге судың электрөткізгіштігі өзгереді, суға салынған қарапайым организмдер өліп қалып немесе активтілігі артып отырады.

Су кристалдарында үздіксіз қозғалыс болып жатады. Су толық қатпаған кезде жіңішке «құбырларда» өсімдік сабағы немесе тірі ағзалардағыдай циркуляция орнығады. Әрбір кристалдың өмірі ұзарған сайын, адамның «өмір шырыны» мен жақындығы артады. Адам ағзасына ең пайдалы су - осы. Зерттеулер көрсеткендей жас сәбилер мен жануарлар төлдерінің жасушаларындағы судың құрылымы тіпті ерекше. Егер де 20 мың есе ұлғайтатын микрос­коппен қарасақ, қар ұлпасына ұқсас құрылымды көруге болады. Бұл - «су кластері» деп аталады. Ол өте күшті емдік қасиетке ие; жасушалардан токсиндерді шығарады, қартаюды тежейді, т.б.

Мінсіз таза су табиғатта жоқ. Тіптен зертханалық жағдайдың өзінде ешкімге де оны бөліп алудың сәті түспеген. Ресей ғалымдары тек диаметрі 2,5 см болатын жоғары таза су бағанын алды. Нәтижелері таңдай қақтырды. Мұндағы молекулаларды ажырату үшін, осы бағанға 900 кг күш қажет екен. Міне, суы осындай көлдің бетімен емін-еркін жүруге болады. Иисус Христостың су бетінде жүре беретіндігі ойдан шығарылған аңыз емес, оның рухани күші судың қасиетін арттырып, адам көтере алатын қабілетке жеткізген. Сондықтан болашақта Киелі кітаптардағы Мұса пайғамбардың теңіз суын екіге айырып, ортасынан жол ашуын ғылыми негіздеп беруіміз мүмкін, - дейді Ресей ғалымдары.

Осы салада ашылған таңғаларлық жаңалықтар жайында Ресей, Қазақстан, Израиль, АҚШ, Англия, Австрия, Жапон, Қытай, Тибет ғалымдары таныстырды. Жапон ғалымы Эмото Масару судың сезгіштік қабілетін суретке түсірді.



2. 3 Құрылымдалған су



Соңғы ашылған жаңалық су жөніндегі бұрынғы ұғымды түбегейлі өзгертті. 2004 жылы жапон ғалымы Массару Эмото судың жаңа түрін тапты. Оның бар екендігінде күмән жоқ. Бұл су жануарлардың жаңа туған төлінде, адамның жаңа туған нәрестелерінің ағзасында кездеседі. Егер адам осындай суды ішетін болса, онда ол адам ағзасының жасаруына, сауығуына күшті әсер етеді. Сонымен қатар жасушаларды улардан тазартады, қартаю процесін тежейді.

Бұл судың ерекше молекулалық құрылымы болады. Жапон ғалымы судың молекуласын микроскоп арқылы 20000 есе үлкейтіп қарағанда, молекулалардың қар түйіршіктеріне ұқсас форма құрап орналасатынын байқайды. Судың мұндай түйіршіктерін кластер деп атайды. Судың мұндай құрылымы химиялық факторлар, электромагниттік толқындар мен механикалық әсерлерден өзгеріп отырады. Осындай құрылысы арқылы сыртқы қоршаған ортадағы мағлұматтарды (жарық, дыбыс, ой, әуен, дұға немесе жай сөз) өзіне сіңіреді, сақтайды және ақпараттармен алмаса алады.

Әрбір тірі жасуша біртұтас ағзаның ақпаратын сақтай алатыны сияқты, судың әрбір кластері өзінде ғаламшар жүйесіндегі барлық ақпаратты сақтауға қабілетті. Жапон ғалымдары мынадай зерттеу жұмыстарын жасаған. Екі ыдысқа су құйып, біреуіне Бетховен музыкасын, екіншілсіне ауыр рок музыкасын тыңдатады.

Егер де суға жылы сөйлеп, жақсы лебіздер білдірсе, оның құрылымы керемет шатыршаларға айналған. Ал суға ғайбат сөздер айтып, айқайласаң оның құрылымы бұзылып, түсініксіз пішінге айналған.

Егер жақсы не жаман сөздермен судың құрылымын өзгертуге болатын болса, онда көп бөлігі судан тұратын адамға сөз арқылы қалай әсер етуге болатынын ойлап көрінізші!

Сөздің көмегімен суға ақпарат беру арқылы адам ағзасының жай-күйін басқаруға болады.

Төтеннен шаршау, себепсіз агрессия, көңіл-күйдің бұзылуы, басқа да көптеген аурулар қолайсыз биоақпараттың әсерінің салдары болуы мүмкін.

Қанның құрамындағы су да толығымен құрылымдалған. Ал қан ақпаратты ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларына таратады. Оймен, сөзбен судан өзіңізді аурудан жазуды, ағзаны зиянды қалдықтардан, тұздардан тазартуды немесе ағзаны қажетті сумен қамтамасыз етуді сұрай аласыз.

Канализациядан ағып тұрған тазартылған судың ішуге жарамдылығы өте аз. Себебі судың ақпараттық-энергетикалық құрылымының ластануы оның молекулалық құрылымын бұзады.

Мысалы үлкен қалаларда көп қабатты үйлерден ағып келетін құбыр суы қаншама үйлердегі айқай-шуды естіп келеді. Сондықтан құбырдан алынған суды пайдаланбас бұрын буландырып, конденсациялап немесе мұздатып қатырып, соңынан ерітіп тұтынған дұрыс. Осындай жағдайда судың зиянды ақпараттары жойылады.

Барлық ғалымдардан алынған ортақ нәтижені келтірейік. Судың құрылымы - оның ұйымдасқан молекулалары. Су молекулаларының топтарға қалай бірігетінін көруге болады. Бұл - «топтар кластер» деп аталады. Ғалымдар кластерлер ғана өзіндік ерекшеліктері бар жады болып табылады деп ұйғарысты, бұл бойынша су магнитофон таспасы сияқты нені көрсе, көзден таса қылмай соның бәрін жазып алып отырады. Естиді, түйсінеді.

Бұл құрылым суға әртүрлі әдіспен химиялық, электромагниттік, механика­лық мәліметтік түрде әсер еткенде өзгереді. Осындай әсерден кейін оның молекулалары қайта құрылуға қабілетті және кез келген мәліметті сақтауға мүмкіндігі бар. Құрылымдық жады өзіне сақтау және қоршаған ортамен мәлімет алмастыруға қабілетті, онда жарық, ой, ән, дұға сақталуы мүмкін. Сол сияқты әрбір тірі клетка өзіне барлық тірі ағза туралы мәліметті сақтайды, әрбір ұяшықтары ғалам жүйесі туралы дерек бере алады.

Биология ғылымдарының докторы, Ресейдің денсаулық сақтау министрлі­гі жанындағы проблемалық зертхана меңгерушісі Станислав Зениннің есептеулері бойынша, судың дифферен­цион-фазалық жағдай деп аталатын күйі таңғаларлықтай қалыпта. Судың дәл осы жағдайы судың ондағы мәліметтерді компьютер сияқты шапшаң өңдей алатындығын көрсетеді. Негізінен адам судан тұрады, сондықтан адам әрекеті суға бағдарланатын жүйені береді; кез келген сыртқы факторлар, оның ішінде адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, ағзадағы сұйық орта құрылымының биохимиялық және құрылымдық өзгеруіне әкеледі. Бұл өзгеріс жасуша деңгейінде жүреді, тіпті ДНК-ның молекулалары бұзылуы да осыған байланысты. Бұл дегеніміз - кез келген ағзадағы судың молекулалық деңгейінде сақталған жеке бағдарламаның бұзылуы - болашақтағы барлық аурулардың көзі және шығуының нақты себебі. Біз сулы орта арқылы бір-бірімізге оймен, сөзбен, сезіммен әсер ете аламыз. Біз өзімізді және қоршаған ортаны бағдарлауға қабілеттіміз. Ғалымдар мұны дәлелдермен бекітіп те берген.

Суға қатысты нақты ғылыми мәлімет­тер оның адамның жан сезіміне ықпал етуін көрсетеді. Сонымен күрт шаршау, себепсіз ашулану, бұзылған көңіл күй, тіпті көптеген аурулар кері энергиялық-ақпараттық әсер береді. Бұл ғылыми тілде психология тәрбиелемекші болып жүрген жанның ауруы. Күні-түні тыным таппай ізденіп, су молекулаларының тылсым құпияларын ашқан ғалымдар қалтқысыз мойындаған шындық осы болды. Ал кез келген адамның көңіл күйіндегі өзгерістерді тамыршыдай тап басып айтатын, рухани кемелдікке жеткен тұлғалар үшін бұл таңсық емес.

Адам қоғамының әкелгені сол, жұқпалы аурулардың 80 пайызының туу себебі судан деп есептеледі. Өкініштісі, біз табиғаттың тегін тарту етіп жатқан байлығына немқұрайлы қараймыз. Жалпы энергиялық-ақпараттық ортаның ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен, біздің өмірімізге теріс әсер етеді. Бірде әлем­де дүрліктірген мынадай оқиға болды, теңіздердегі киттер мен дельфиндер жағаға шығып қалады, су ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Ақыры барлық іс мынаған келіп тірелді: қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді. Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері және іс-әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да улай алады. Бұлардың барлығы планеталар масштабында қандай өлшемге келеді?

Судың құрылымына биоөріс мат­рицасы арқылы әсер ету тіркелді және одан алынған нәтиже барынша дәл болды. Ой бағыты өзгерген сайын судың жағдайы да өзгеріп отырады. Ол ағзаға аз не көп мөлшерде жақсы әсер ету өзіңіздің ойыңызға тәуелді. Зорлық-зомбылық, қылмыстық іс-әрекеттер, әскери шиеленіс­тер сияқты келеңсіз жайттар жалпы ортаның энергиялық-ақпаратын улап отыр. Ал мұның бәрі судың жадысына сақталып жатыр. Тіпті кинодан көріп отырған көрініске дейін сулы ортаның энергиялық-ақпараты сақталып қалады. Бұл дегеніміз - олар бізде сақталып, өмірімізге, рухымызға әсерін беретін болады деген сөз. Мінеки, дәл осы мәліметтік ластану басқалармен салыстырғанда ең қауіптісі болады.

Дүниежүзінде соңғы 30 жылда алапат дауылдар саны 2 есе артқан. 1973-1982 жылдар арасында 1500 су тасқыны болса, 1983-1992 жылдарда 3500-ге жеткен. Ал 1993-2002 жылдардағы су тасқыны 6000-ге жетті. 2004 жылдың желтоқсан айында болған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы су тасқынының салдарынан 220 мың адам із-түссіз жоғалды. 2005 жылдың қазан айындағы Европадағы су көтерілуінен 200 мың адам қаза болды. Соңғы 30 жылда табиғи су апатынан 4 млн. адам өлсе, 4 млрд. адам зардап шеккен. Осыған ғылыми түсініктеме жасаған ғалымдар ортаның энергиялық-ақпараттың ластануына судың жауап қайтаруы дейді. Яғни су өзінің жер бетіндегі адамнан көрген зорлық-зомбылығын қайтарып беріп жатыр дейді ғалымдар.

Жапон ғалымы Эмото Масару суға классикалық музыка мен ауыр рокты қатар тыңдатып өзгеше тәжірибе жасаған. Содан кейін суды қатырып, кристалдарын суретке түсіреді. Нәтижесі таңдандырған үстіне таңдандыра түсті. Классикалық музыка «тыңдаған» судан алынған шытыралар керемет симметриялы, қайталанбас ғажап құрылымдар берді. Ауыр роктан алынған су шытырасы адам көргісіз «бұзық» формалар берді. Ресей медицина ғылымдарының докторы, профессор В. Звонников:«Осы уақытқа дейін классикалық музыка концертінен кейін бұзақылық фактілері тіркелмеген, ал керісінше, ауыр рок концертінің қырғын төбелессіз аяқталғанын көрмедім. Адамның жамандық жасауы еш кедергісіз жүреді. Бұл оның табиғи нәзіктігі мен жағымсызға тез берілуінен деп ойлаймын» дейді. Ғалымдар мұндай агрессия туғызатын бұзақылықтың атасы - болған ауыр рок пен мағынасыз, бос сөзден құралған әндер адамға зиян екенін дәлелдеп отыр.

Алтай политехникалық институ­тының профессоры Павл Госков зертханасында «киелі судың» физикалық және биологиялық сараптамасын жасады. Содан кейін бұл су қарапайым құбырдағы суға аса «сұйытылған» қатынаста - 10 миллиметр «киелі» 60 «құбыр» суына қосылды. Жаңа сараптамалар керемет нәтижелерді көрсетті; уақыт өте қарапайым су құрылымы биологиялық қасиеттері бойынша «киелі суға» айналып кетті. Бұл жердегі қарапайым суды киелі суға айналдырып отырған қазақша айтсақ, адамның пейілі.

Жапон ғалымы доктор Эмото Масару судың тамшыларын қатырып, фотокамералы өте күшті микроскоппен қарап, зерттеді. Оның жұмысы қоршаған ортамен әсерлескенде, су құрылымының өзгеретінін көрсетті. Бұл адамның энергетикалық виб­рациясы ой, сөз және ән оның молекулалық құрылымына әсер ету мүмкіндігін байқатты. Ғалым әлемдегі айтылатын жағымды және жағымсыз сөздердің суға әсерін зерттеп, ең керемет сөздерді анықтады. Эмото Масару сиқырлы сөздер «МАХАББАТ пен АЛҒЫС» екенін дәлелдеді. Қазақ атамыз мұның сырын ерте заманда-ақ түсінсе керек, «жақсы сөз жарым ырыс», «жаманның атын атама» - деп бала тәрбиесінің негізін берік қалаған еді. Ғалымдар осындай судың қайталанбас керемет қасиеттерін көргеннен кейін оны жансыз деуден қашықпыз дейді. Енді әлем ғалымдары мойындаған судың сырын Шәкәрім атамыз бір ғасыр бұрын айтып кеткен болатын.

Сонымен, су ойлай алатын, барлық ғаламмен мәлімет алмасушы субстанция ретінде көрінеді және оның адамзат үшін маңызды жақтары көп. Эмото Масару жердің әртүрлі қайнарларынан алынған су кристалдарының құрылымы таңғаларлық өзгешеліктерге ие екенін анықтады. Ластанған су бұзылған және кездейсоқ құралған құрылым берді. Таулар ағыны мен бұлақтардан алынған сулар геометриялық керемет құрылған. Одан әрі ғалым судың құрылымына қалай әсер ететінін тексерді. Бұл айғақ атам қазақтың ұстанған салт-дәстүрінен байқалып отыратын, қарапайым күнделікті тіршілік болатын. Даланың өмірін кешегі күнге дейін қалаға ауыстырмаған қазақ үшін табиғат пен махаббат бір тұтас жүйе болды. «Обалы бар» деп көк шөбін жұлдырмай, суын былғамай келген аталарымыз табиғатқа деген құрмет ықылым заманнан бар болатын. Мәселен, қазақта киіз үйдің іргесіне шыққан көк майсаны «жаңа туған төлдің несібесі» деп мәпелеп өсірген. Қой-ешкіні бейсауат жолатпай, бала-шағасына бастырмаған. «Бір қозы туса, бір жусан артық өседі» деген халық даналығының түбінде осындай дәстүр жатқанын қалай аңғармассың.

Қазіргі ғылыми жетістіктер тірі организм үшін судың маңызы зор екендігін дәлелдеп отыр. Су бүкіл биологиялық, биохимиялық, химиялық реакциялар үшін қажет. Өйткені су - бүкіл табиғаттың, өмірдің, тіршіліктің негізгі элементі, қайнар көзі.

Адамның, жан-жануарлардың ұрықтары сұйық заттардан құралады. Аталық ұрық пен аналық ұрық қосылып эмбрионға айналғаннан кейін, оның өсіп-жетілу процестері жатыр ішіндегі суда өтеді. Бұл жанды мақұлықтардың судан жаратылатындығы ақиқат деген сөз.

Жердің үш ширегі, яғни 4/3 бөлігі, яғни 75 пайызы судан, ал адамның тірі жасушаларының одан да көп бөлігі, нақтылай айтсақ 80 пайызы, ¾ судан тұрады. Судың негізгі қасиетінің бірі деп өзендердің, теңіздердің, мұхиттардың температурасын тұрақты ұстап тұруын айтуға болады. Бұның өзі ондағы тіршіліктің, өмірдің негізгі шарты болып табылады [2.].

Жапондық Масару Эмотоның «Өзіңді танудағы және емдеудегі судың энергиясы» атты кітабындағы судың ғажайып қасиеттері, оның есте сақтау қабілеті, айтылған әрбір сөзді қабылдай білу еркешелігі әлемде үлкен жаңалық туғызған болатын. Сонда, сөздің суға әсері де баяндалады. Ал, адам денесінің 80 пайызы судан тұрарын ескерсек, бұл тәжірибе жұмыр басты пендеге де тікелей қатысты болып шықпай ма? Әрбір айтылған теріс информация суды қалай ластайтын болса, оның адам өміріне де сондай ықпал жасай алатынын байқауға болады. Осыдан келіп, әрбір жұмыр басты пенденің алдында айтылған сөзге абайлап қарау, оның құдіретін сезіне білу қасиеті тұра білуге тиіс.



2. 4 Құрандағы су мәселесі

Қазіргі таңда ғалымдардың көпшілігі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қасиетті Құранға келіп жүгінуде. Барлық сұраққа Құраннан жауап табылуда. Бұған дәлел жетерлік. Әр саланың ғалымдары зерттеулер жүргізе келе Құран Кәрімдегі айтылған ғаламның, дүниенің жаратылуына т.б. тоқталады. Дегенмен олардың ашқан жаңалықтары қасиетті Құранда айтылғанына еріксіз таңданасыз. Өйткені Құранда Аллаһ тағаланың құдіретін көрсететін ақиқаттар көп.

Тарихтан белгілі, Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеде өсті. Ол кезде шахарда ғылым, оқу-ағарту орындары, медреселер сонымен қоса жаратылыс ғылымдары (астрономия, химия, физика) болмады. Мұхаммед (с.а.с.) те оқу-жазу білмеген. Бірақ оған Аллаһтан жеткен қасиетті Құранда қазірге дейінгі ғылыми тұжырымдардың бәріне түсінік беріле бастады. Себебі ғылымның дамуы шексіз. Ғылым дамыған сайын Құрандағы ақиқаттар ашыла бермек. Мысалы, «Әнбия» сүресінің 30-аятында былай делінген:

«Әуелде көк пен жер біртұтас еді. Біз екеуінің арасын ажыраттық. Жанды мақлұқаттардың барлығын судан жараттық».

АҚШ-тың атақты геологы профессор Альфред Корнер бұл аяттың ағылшынша аудармасын оқып, қатты таңғалады. Соңында АҚШ-та өткен бір ғылыми симпозиумда:

«Бұл ғылыми жаңалық электрондық есептеу машиналары мен техниканың соңғы жетістіктері арқылы ғана жақында ашылды. Бұдан ХІV ғасыр бұрын өмір сүрген әрі ядролық физика туралы ештеңе білмейтін адамның, яғни, пайғамбардың жер мен аспан денелерінің бір уақытта жаратылғанын ақылмен танып білуі таңғаларлық. Анығында оның мұны білуі мүмкін емес еді», - деп тұжырым жасай келе, Құранды Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) жазбағанын былай деп мойындайды:

«Бұл ақиқат Аллаһтың көктен түсірген нұры».

«Фуссилат» сүресінде көктің, әлем жаратылмай тұрып әуелде түтін тәріздес болғандығы айтылады. Бұл ғылыми мағлұматты қазіргі ғылым толық қуаттап отыр. Ғылыми көзқарас бойынша, ғалам газ тәріздес пішінде болған. Кейіннен ядролық реакциялар (көзге көрінбейтін заттық өзгерістер) нәтижесінде газды пішіннен (температурасы жоғарғы ыстық плазма түрінен) суынып, әртүрлі пішінді иеленген. Біздің күн жүйеміз де осындай бөліністің нәтижесінде пайда болды. Жердегі тоқсан екі заттың көбісі күн мен айда табылып отырғаны белгілі жайт. Бұдан Құранда айтылған «Әлемдегі барлық заттың негізі бір» деген тұжырымдаманың ақиқат екенін көреміз.

Токиодағы обсерваторияның директоры профессор Эдиши Казан жұлдыздардың газ тәрізді зат пен түтіннен пайда болғанын айтады. Ал бұл ақиқат «Фуссилат» сүресінің 11-12 аяттарында және «Фурқан» сүресінің 61-аятында жазылған:

«Сосын көкке жөнелді. Ол бір түтін еді. Сонда оған әрі жерге: «Екеуің де ерікті не еріксіз түрде келіңдер» деді. Екеуі де: «Бой ұсынған түрде келдік» деді. Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады. Сондай-ақ әр көктің міндетін өзіне білдірді. Жақын көкті жұлдыздармен әшекейледік әрі қорғауға алдық. Осы тым үстем, толық білуші Аллаһтың тағдыры» (Фуссилат сүресі, 11-12);

«Сондай мол игілік иесі Аллаһ аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты» (Фурқан сүресі, 61).

Жоғарыдағы жазылған Аллаһ сөзін мысалға келтіре отырып, төмендегі тұжырымды жасайды:

«Мен ғаламды зерттеудің жаңа тәсілін таптым. Қазір біз телескоптар арқылы аспан денелерінің негізгі массасымен бірігуін көре аламыз. Сондықтан Құранның көмегімен алдағы уақытта ғаламды зерттеудің тиімді жолын табатынымызға сенімдімін».

Ал жер қыртысын зерттеуші профессор Польмен Құран жайлы былай дейді:

«Бұл - ғажап кітап, онда өткеніміз де, болашағымыз да баяндалған. Мен Шығыс елдерінің дамуын ұзақ уақыт зерттедім. Сол дәуірдегі ғылыми жетістіктерді жақсы білемін. Бұл ілім нұрын Мұхаммедке Аллаһтың өзі түсіргенін шын жүрегіммен мойындаймын».

Енді жоғарыда келтірілген «Әнбия» сүресінің «Жанды мақлұқаттардың бәрін судан жараттық» деген аятқа келейік.

Қазіргі ғылыми жетістіктер тірі организм үшін судың маңызы зор екендігін дәлелдеп отыр. Су бүкіл биологиялық, биохимиялық, химиялық реакциялар үшін қажет. Өйткені су - бүкіл табиғаттың, өмірдің, тіршіліктің негізгі элементі, қайнар көзі [3.].

Адамның, жан-жануарлардың ұрықтары сұйық заттардан құралады. Аталық ұрық пен аналық ұрық қосылып эмбрионға айналғаннан кейін, оның өсіп-жетілу процестері жатыр ішіндегі суда өтеді. Бұл жанды мақұлықтардың судан жаратылатындығы ақиқат деген сөз.

Жердің үш ширегі, яғни 4/3 бөлігі, яғни 75 пайызы судан, ал адамның тірі жасушаларының одан да көп бөлігі, нақтылай айтсақ 80 пайызы, ¾ судан тұрады. Судың негізгі қасиетінің бірі деп өзендердің, теңіздердің, мұхиттардың температурасын тұрақты ұстап тұруын айтуға болады. Бұның өзі ондағы тіршіліктің, өмірдің негізгі шарты болып табылады. Судың мұндай ғаламдық қасиеті Аллаһтың құдіретттілігін, хикметін көрсетеді. Құранның қасиеттілігіне назар аударайық, қысқа (лаконикалық) аяттарда да аз сөзбен әлемнің маңызды құпиялары, сырлары туралы айтылады. Осы келтірілген бір аяттың өзі Құранның асыл, қасиетті кітап екендігін, ал Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбар екендігін дәлелдейді.



3. 1 Тәжірибелік бөлім



Судың құпия сырларын тереңірек танып-білу үшін 4 ыдысқа топырақ салдық, 4 ыдысқа су құйдық. Төрт ыдысқа бидайымызды, оларға арналған суымызды дайындадық. Су құятын ыдыстардың алғашқысына Арыстанбаб жерінен әкелінген киелі суды құйдық. Екінші ыдысқа «Сен жақсысың», Мен сені жақсы көрем» деген сияқты жылы-жылы лебіздер айттық, үшінші ыдысқа «Сен жамансың», «Сені жек көрем» деген сияқты ғайбат сөздер айтып қойып қойдық. Төртінші ыдысқа күнделікті өмірде тұтынып жүрген ауыс суды құйдық. Төр ыдысты алдымызға қойып, барлығына бірдей мөлшерде бидай дәнін салдық. Бірнеше күн бойы бірінші ыдысқа Арыстанбаб жерінен әкелінген суды құйып отырдық. Екінші ыдыстағы бидайға жылы-жылы сөздер айтылған суды пайдаландық, үшінші ыдысқа ғайбат сөздер айтылған суды, төртінші ыдысқа күнделікті ауыз суды құйдық.

Тәжірибеміздің нәтижесін екінші күні-ақ байқадық. Алғашқы ыдыстағы бидайымыз бір дегеннен қаптап шыға бастады. Екінші ыдыстағы бидайымыз да оның артын ала көріне бастады. Үшінші ыдыстағы бидайлар оңайлықпен көріне қоймады. Үшінші ыдыстағы бидайлар да біраз баялап барып шыққанын байқадық. Төртінші күні бірінші ыдыстағы бидай өскіндері 3-4 см-ге көтеріліп қалды, басқалары оның артын ала көтеріліп келе жатыр. Мұнд біз үшінші ыдыстағы бидай өскіәндерінің біраз баяулап әрі өте аз мөлшерде шыққанын байқадық. Бір апта өткенде бірінші ыдыстағы өскіндердің бойы 6-7 см-ге жетті. Қалғандары оның артын алып өсіп келеді. Бұл тәжірибеден біз қасиетті орыннан әкелген су құйылған бидай өскіндерінің өте жақсы шығып, екінші ыдыстағы өскіндердің одан біршама аз және төменірек, ал үшінші ыдыстағы өскіндердің тым аз және төмен екендігін, төртінші ыдыстағы бидай өскіндерінің біршама аз және төменірек өскенін көрдік. Нәтижесінде судың құпия сырларын ұғынып, олардың жадының қалай жұмыс жасайтынын танып-білдім.









































Қорытынды



Қазіргі ғылыми жетістіктер тірі организм үшін судың маңызы зор екендігін дәлелдеп отыр. Су бүкіл биологиялық, биохимиялық, химиялық реакциялар үшін қажет. Өйткені су - бүкіл табиғаттың, өмірдің, тіршіліктің негізгі элементі, қайнар көзі.

Адамның, жан-жануарлардың ұрықтары сұйық заттардан құралады. Аталық ұрық пен аналық ұрық қосылып эмбрионға айналғаннан кейін, оның өсіп-жетілу процестері жатыр ішіндегі суда өтеді. Бұл жанды мақұлықтардың судан жаратылатындығы ақиқат деген сөз.

Жердің үш ширегі, яғни 4/3 бөлігі, яғни 75 пайызы судан, ал адамның тірі жасушаларының одан да көп бөлігі, нақтылай айтсақ 80 пайызы, ¾ судан тұрады. Судың негізгі қасиетінің бірі деп өзендердің, теңіздердің, мұхиттардың температурасын тұрақты ұстап тұруын айтуға болады. Бұның өзі ондағы тіршіліктің, өмірдің негізгі шарты болып табылады.

Жапондық Масару Эмотоның «Өзіңді танудағы және емдеудегі судың энергиясы» атты кітабындағы судың ғажайып қасиеттері, оның есте сақтау қабілеті, айтылған әрбір сөзді қабылдай білу еркешелігі әлемде үлкен жаңалық туғызған болатын. Сонда, сөздің суға әсері де баяндалады. Ал, адам денесінің 80 пайызы судан тұрарын ескерсек, бұл тәжірибе жұмыр басты пендеге де тікелей қатысты болып шықпай ма? Әрбір айтылған теріс информация суды қалай ластайтын болса, оның адам өміріне де сондай ықпал жасай алатынын байқауға болады. Осыдан келіп, әрбір жұмыр басты пенденің алдында айтылған сөзге абайлап қарау, оның құдіретін сезіне білу қасиеті тұра білуге тиіс.

Судың құпия сырын танып-білуде тәжірибе жасап көріп, нәтижесінде оның жадының қалай жұмыс жасайтынын танып-білдім. Нәтижесінде суға жақсы не жаман сөздер айту арқылы қалай әсер етуге болатынын, оның құрылымын қалай өзгертуге болатынын ұғындым. Адам организмінің 80 пайызы судан құралған болса, онда адамның көңіл-күйіне де қалай әсер етуге болатынын білдім.



Ұсыныс

Судың құпия сырын танып-біле отырып, барлық адамдар үйлеріндегі суларының жадына әсер ете отырып, мысалы, күнделікті суларын пайдаланбас бұрын құран сүрелерін не классикалық музыка тыңдатса, жалпы бір-бірімен сөйлескенде жылы-жылы сөздер айтса, онда әрбір үйде береке-бірлік, ынтымақ орнар еді.





















































Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бектемір А. Судың белгілі һәм белгісіз сырлары. Ислам және өркениет газеті. 2014 ж. 21-сәуір. 2-б.

2. Ж.Қайыржанов. Судың сырын білеміз бе? Ана тілі. 22-Қыркүйек, 2011.

3. Б. Өткелбаев. Жаратылыстың қос құпиясы. "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы. Муслим.кz.25.07.2012 ж.







26



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал