7


  • Учителю
  • Берілген массалық үлес бойынша қант, тұз ерітіндісін дайындау тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Берілген массалық үлес бойынша қант, тұз ерітіндісін дайындау тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Берілген массалық үлес бойынша қант, тұз ерітіндісін дайындау.

Сабақтың мақсаты: Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып , лабораториялық құрылғыларды пайдалану арқылы берілген массалық үлесі бойынша тұз , қант ерітіндісін дайындай білуге үйрету, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың типі: Практикалық жұмыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, лабораториялық құрылғылар, су, қант, тұз, бағалау парағы, ерігіштік кестесі, АКТ, маркер.

Сабақтың әдісі: бағдаршам, ыстық орындық, сұрақ-жауап, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс: биология, география, медицина, психология, ауыл-шаруашылығы, әдебиет.

Күтілетін нәтиже:

- Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережесін біледі, - Лабораториялық құралдарды ажырата алады,

- Лабораториялық құралдарды қайда,қалай қолдану керектігін біледі, - Есептерді шығарудың түрлі тәсілдерін меңгереді,

- Су , тұз , канттың қажетті мөлшерін есептей алады, - Пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақтың барысы: I-Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен сәлемдесу

-Психологиялық ахуал туғызу.

«Жүректен - жүрекке» Оқушылар өздерінің аттарына байланысты жүректен шыққан жылы сөздерін айтады;

-1,2,3 сандарын айту арқылы 3- топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды. Бағалау парағы таратылады.

ІІ.Қызығушылықты ояту . « Жасырын сөз » Ыстық орындық әдісі

  1. топ.; НО - су, ерітінді.

  2. топ; NaCl - ас тұзы.

  3. топ; С Н О - қант.

Топ басшысына «жасырын сөз» беріледі. Басқа топ оқушылары сол сөзге байланысты сұрақтар қояды;

1.Адам денесінің 65-70% құрайтын зат.

2.Жер қыртысының 70% алып жатқан қосылыс.

Топ басшыларының жауап беруіне қарай, өздерінің топтарының аты, жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Жаңа сабақ: Тақырыбы : » Берілген массалық үлесі бойынша қант, тұз ерітіндісін дайындау»

III. Мағынаны тану. 1. Қауіпсіздік ережесі - сақ бол!

2. Практикалық жұмыс.

а) 3-топқа 3-түрлі есеп беріледі. 1-топ. Есеп. 20%-дық 200 грамм қант ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм қант, қанша грамм су қажет? 2-топ. Есеп. Дәріханада 200 грамм 9%-дық ерітінді дайындау үшін ас тұзының және дистилденген судың қандай массасы қажет?. Бұл ерітінді « физиологиялық ерітінді » деп аталады және ол медицинада қолданылады. 3-топ. Жарақатты зарарсыздандыру үшін йодтың спирттегі 10%-дық ерітіндісі қолданылады. 200 грамм йод ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм йод, қанша грамм спирт қажет?.

ә) оқулықпен, дәптермен жұмыс жасайды.

б) Практикалық жұмыс қорытындысын кестеге

жазады.

в). Тәжірибе жүзінде көрсету. Оқушылар практикалық жұмысты орындайды.

Сергіту сәті: Қызықты тәжірибе . « Жанбайтын орамал»

IV. Сабақты қорытындылау. Ой толғаныс.

Семантикалық картаны толтыру.(жеке жұмыс)

2.Шығармашылық жұмыс. Постер жасау.

Су және сулы ерітінділердің қолданылуы.

I- топ. Тұрмыста

II-топ. Химия өнеркәсібінде

III-топ.Ауыл шаруашылығында қолданылуы.

3. Сіз білесіз бе?

Ag - күміс, Ай, дүйсенбі

Fe- темір, Марс, сейсенбі

Hg- сынап, Меркурий, сәрсенбі

Sn-қалайы, Юпитер, бейсенбі

Cu- мыс, Шолпан, жұма

Pb-қорғасын, Сатурн, сенбі

Au- алтын, Күн, Жексенбі

V. Бағалау. Әр топ басшысы ұпай санын айтады.

VI. Кері байланыс : Рефлексия

«Мадақтау сэндвичі» әдісі.

</<font color="#000000">VII.Үйге тапсырма : «Судың да сұрауы бар»

Эссе жазу.





















:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал