7


  • Учителю
  • Сарамандық жұмыс 'Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық жолмен анықтау. '

Сарамандық жұмыс 'Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық жолмен анықтау. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Химия 11

Сарамандық жұмыс №1

Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық жолмен анықтау.


Қауіпсіздік техникасының ережелері.

Мақсаты: Органикалық заттың көміртегі мен сутегінен тұратынын іс жүзінде анықтау.

Керекті құрал- жабдықтар: Сынауық, ұстағышы бар металл тұрғы, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалған сынауық, қосымша сынауық, парафин (немесе басқа да органикалық зат), мыс (II) оксидінің ұнтағы, кальций гидроксидінің мөлдір ерітіндісі, сусыз мыс (II) сульфаты, глюкоза (қант немесе басқа органикалық зат), қандауыр, спиртшам.

Тапсырма:

Органикалық заттағы көміртекті-көміртек (IV) оксидіне, сутекті-суға айналдырып анықтау.

Жұмыстың орындалуы:

1-тапсырма

Қандауырдың ұшымен глюкозаның (қанттың немесе басқа да органикалық заттың) бірнеше кристаллын алып, жалынға ұстап, ептеп қыздырыңдар. Глюкоза әуелі балқиды да, содан соң қоңырланып, жанып кетеді. Қандауырда қара түсті көмірленген масса қалады. Бұл нені дәлелдейді?

Жану өнімдері бойынша парафиннің сапалық құрамын анықтау.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: парафин, металл тұрғы, әк суы, стақан.

А) Жанып тұрған парафин шырақтың үстіне құрғақ стақанды төңкеріп, тұрғы сақинасына орналастырыңдар. Стақанның терлеуін бақылаңдар.

Ә) Жанып тұрған шырақтың үстіне әк суымен шайқалған стақанды төңкеріп, тұрғының сақинасына орналастырып, әк суының лайланғанын бақылаңдар.

CxHy+(2x+y/2)CuO (2x+y/2)Cu+xCO2 + H2O

Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, сәйкес реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.

2-тапсырма

Сынауыққа газ жүретін тығыны бар түтікті кигізіп, оның герметикалығын тексеріңдер.

Құрғақ сынауыққа 0,5-1 г ұнтақ мыс (II) оксидін және оның жартысындай парафин салыңдар. Пробирканы горизанталь бағытқа келтіріп, оған құрғатылған тотияйыннан аздап салу және мыс (II) сульфаты тығынға жақын болатындай етіп пробирканы газ өткізгіш түтікпен бекіту. Газ өткізгіш түтіктің екінші ұшын әкті су құйылған пробиркаға батыру. Спирт шамымен пробиркадағы қоспаны қыздыру. Пробирка қабырғаларында су тамшылары түзілгенін, пробиркадағы мыс сульфатының түсінің өзгергеніне және қызыл түсті мыстың пайда болғанына назар аудару. Реакция кезінде түзілген газдың әсерінен әкті судың лайлануын, демек көмір қышқыл газы түзілгенін байқау. Тәжірибені тоқтатып, пробирка салқындағаннан кейін мыс (II) сульфатын пробиркадан төгіп , реакция өнімдерін бөлек алу. Органикалық зат тотыққанда мыс (II) оксидінің таза мысқа айналатынын бақылау. Жасалған тәжірибелерге сүйеніп, парафиннің сапалық құрамы жөнінде қорытынды жасау. Тәжірибе соңында әр оқушы жұмыс орнын тазартып, істеген жұмысы жөнінде есеп жазады.


Жұмыс барысы

Байқалған құбылыс

Реакция теңдеуі

Қорытынды


Химия 11

Сарамандық жұмыс №2

Этилен алу және қасиеттері


Жұмыстың мақсаты: оқушыларды этиленнің зертханалық алыну әдісімен және органикалық заттармен таныстыру. Этиленнің физикалық, химиялық қасиеттеріндегі еркешеліктерге байланысты жұмыс жасаған кезде сақтық ережелерін пайдалана білу икемділіктерін бекіту. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігін арттыру.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: сынауық, ұстағышы бар металл тұрғы, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалатын сынауық, кішірек екі сынауық, кәрлен ыдыстың ұсақ сынықтары, этил спирті, концентрлі күкірт қышқылы, бром (йод) суы (50 мл суға 2-3 тамшы су) және калий перманганатының күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісі, сіріңке. Газ алуға қажетті құралдарды түгендеп алып, герметикалығын тексеріңдер.

Жұмыстың орындалуы:

Этил спиртін дегидраттау арқылы этилен алу.

Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1,0-1,5 мл этил спирті мен 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылын (немесе екеуінің дайын қоспасынан 3-4 мл! Абайлап құйып алыңдар. Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнауы үшін, қоспа құйылған сынауыққа аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салу керек. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, көлбеу етіп (2-суретте көрсетілгендей) тұрғыға бекітеді. Қоспаны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қыздырыңдар.

Этиленнің бромды (йодты) сумен әрекеттесуі. Газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл-дей бром (йод) суы құйылған сынауыққа салып, ерітінді түссізденгенше газ өткізіңдер.

Этиленнің калий перманганатымен әрекеттесуі. Қоспа құйылған сынауықты қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын калий перманганатының қышқылданған ерітіндісі құйылған сынауыққа батырып, ерітінді түссізденгенше этилен жіберіңдер.

Этиленнің жануы. Қоспаны қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын жоғары қаратып, бөлініп жатқан газды тұтатып, этиленнің жануын бақылаңдар. Қыздыруды тоқтатып, қоспа салқындағаннан кейін жұмыс орнын жинап, тәртіпке келтіру керек.


Сұрақтарға жауап беріңдер:

а ) Этил спирті мен күкірт қышқылының қоспасын қыздырғанда қандай газ бөлінеді?

ә ) Газды бромды (йодты) су және калий перманганатының ерітіндісі арқылы өткізгенде не байқайдыңдар?

б ) Этилен неліктен метанға қарағанда жарқыраған жалынмен жанады?

в ) Этилен қасиеттерінің қаныққан көмірсутектерінен өзгешелігі неде?

Сәйкес реакциялардың теңдеуін жазып, байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер.

Химия 11

Сарамандық жұмыс №3

«Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар» тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу


Органикалық заттарды алу және анықтауға арналған эксперименттік есептерді шешу.

Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың органикалық заттарды алу және анықтау туралы теориялық білімдерін бекіту.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: Сынауықтар, спиртшам, сынауық ұстатқыш, стақан, кристаллизатор, машина майы, өсімдік майы, глицерин, сірке альдегиді, глюкоза ерітінділері, этил спирті, қант, картоп, ақ нан, піскен алма, сабын, крахмал ерітінділері, натрий түйіршігі, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, мыс гидроксиді, күкірт қышқылы.

Жұмыстағы тапсырмалар оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін қорытындылау мақсатында органикалық қосылыстарды, олардың өкілдерін анықтауға негізделген. Оқушылар альдегид, глюкоза, глицерин, крахмалды өздеріне тән сапалық реакция арқылы анықтайды. Сабынды анықтағанда сабын ерітіндісіне бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызса, май қышқылының мақта тәрізді үлпілдек тұнбасы түзіледі.

10 гр ұнтақталған қант пен сонша көлемде күкірт қышқылын қосып араластырса, кеуек көмір массасы түзіледі. Оқушылар күкірт қышқылының қант құрамынан суды сіңіріп, оны жартылай тотықтырып, таза көміртегінің бөлініп шыққандығы туралы қорытындыға келеді. Оқушылар машина майы мен өсімдік майын химиялық әдіспен ажырата білуге үйренеді. Оқушылар спирттер, альдегидтер, қышқылдар және күрделі эфир арасындағы генетикалық байланыс туралы іс жүзінде дәлелдеп көрсетеді.

Сабақ кезінде тәжірибені орындау техникасын бақылау қажет. Экспериментте жіберілген елеулі кемшіліктерді түзетеді. Мұғалім оқушының асықпай, жан-жақты ойлап, заттар арасындаға ұқсастық пен айырмашылыққа көңіл аударып, генетикалық байланыс мәселелерін шешуіне мүмкіншілік беру керек. Эксперименттік есептерді орындап болған соң оқушылар бақылағандарынан қорытынды жасайды.

Жұмыстың тапсырмалары:

1 - нұсқа

1. Үш сынауықта этанол, глицерин және сірке қышқылы ерітінділері берілген. Әр сынауықта қай зат ерітіндісі бар екенің анықтандар

2. Қанттың құрамына көміртек пен сутек кіретіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер.

2 - нұсқа

1. Берілген сірке қышқылы, альдегид және фенол ерітінділерінің қай сынауықтарға құйылғаның анықтаңдар.

2. Сабыннан карбон қышқылын алыңдар.

3 - нұсқа

1. Крахмал, сахароза және этанол ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауыққа құйылғаның анықтандар.

2. Берілген альдегидтен карбон қышқылын алыңдар.

4 - нұсқа

1. Берілген олеин қышқылы, фенол, глицирин ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауыққа құйылғанын анықтандар.

2. Картоп пен ақ нанның құрамына крахмал кіретіндігін дәлелдендер

5 - нұсқа

1. Бір сынауыққа өсімдік майы, екінші сынауыққа мұнайдан алынған машина майы құйылған. Қай сынауыққа қандай май құйылғаның дәлелдендер.

2. Берілген спирттен альдегид алыңдар.

Қорытынды.

Химия 11

Сарамандық жұмыс №4

«Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакция» тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу

Жұмыстың мақсаты: қанықпаған көмірсутектердің, үлкен молекулалық қосылыстардың, мұнай өнімдерінің, спирттердің, карбон қышқылдарының өкілдерңн анықтау барысында оқушылардың білімдерін жүйелеп, таным-ой әрекеттерін, икемділіктерін дамыту.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, спиртшам, этил спирті, күкірт қышқылы, ас тұзы, глицерин ерітіндісі, мыс гидроксиді, натрий түйіршігі, темір (III) хлориді, калий пермангантының ерітіндісі, құмырсқа, сірке қышқылдары, күміс (I) валентті оксидінің аммиактағы ерітіндісі.

1 - нұсқа

Стеарин қышқылының құрамында көміртек және сутек элементтері бар тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер.

2 - нұсқа

Нөмірленген үш сынауықта әртүрлі заттар берілген: а) этанол ерітіндісі; ә) кір сабын ерітіндісі; б) формалин. Әрбір заттың қай сынауықта екенің табындар.

3 - нұсқа

Екі сынауықтың біреуінде формальдегидтің ерітіндісі, екіншісінде - глецерин ерітіндісі берілген. Бір реактивтің көмегімен қай сынауықта қандай зат құйылғанын табыңдар

4-нұсқа

Нөмірленген төрт сынауықта әр түрлі қосылыстар құйылған: а)гексан; ә)этанол; б)құмырсқа қышқылы ерітіндісі; в)глицерин ерітіндісі. Қай заттың қандай сынауықта екенің анықтандар.

Органикалық заттардың класаралық генетикалық байланысын пайдаланып, берілген заттардан бірнеше басқа заттар алу:

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: металл тұрғы, сынауық, шыны, таяқша, ұшы иректелген мыс сымы, қысқыш, газ өткізетін түтік, натрий хлоридінің кристаллы, 10%-тік натрий гидроксиді ерітіндісі, мыс (II) сульфатының ерітіндісі, бром суы, 0,1%-тік калий перманганатының ерітінідісі, концентрлі күкірт қышқылы, этил спирті, 70%-тік сірке қышқылы, мұнай және өсімдік майымен № 1-, 2- сынауықтар.

Жұмыстың орындалуы.

№ 1- және 2- сынауықтардағы мұнай және өсімдік майының:

а) физикалық қасиеттерін анықтаңдар;

ә) бұл заттардың органикалық қосылыстарға жататынын дәлелдеңдер;

Этанолдан:

а) алкен; ә) альдегид алыңдар.

Химиялық реакциялардың теңдеуін құрастырып, рекацияның жүру жағдайын көрсетіңдер. Осы заттардың түзілгенін қалай дәлелдеуге болады?

Қорытынды




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал