- Учителю
- «Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша 8 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары
«Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша 8 - сыныпқа арналған тест тапсырмалары
БІЛІМДІ ТЕКСЕРУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСІ.
«БАСТАПҚЫ ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР» ТАРАУЫ БОЙЫНША ТЕСТ
ТАПСЫРМАЛАРЫ.
«Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша
құрастырған тест тапсырмалары жұмысына берілген
Пікір.
Доскалиева Гулнар Урынбаевна С. Меңдешев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 1-санатты химия пәнінің мұғалімі. Осы мектепте 1988 жылдан бері сабақ беріп келеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді, тестпен жұмыстану түрлерін пайдаланып жүрген тәжірибелі ұстаздарымыздың бірі.
Оқытушының аталған тақырыптағы тест тапсырмалары жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестік отырысында талқыланып, әріптестерментәжірибе алмасу мақсатында мұғалімдердің аудандық тамыз кеңесіне ұсынылды.
КІРІСПЕ.
Тесттапсырмалары оқушылардың білімін тереңдетуге, тиянақты білім жүйесін қалыптастыру үшін қажет. Ауызша сұрау, сұрақтарға жазбаша жауап беру, сипаттама беру, берілген сұрақтарға ойындар арқылы жауап беру және басқа да сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің барлығы тест түрлеріне негізделеді. Тест тәсілін сабақта қолдану мақсатым - оқушылардың білімін байқау, жалпы сыныптың білімін бағалау, білім сапасын, ой-өрісін арттыруды көздедім. Тесттің мынадай түрлерін Толықтыру тесті; Еске түсіру тесті; Баламалы тест; Таңдау тесті; Сәйкестік тесті; Реттік тест; Аралас тест сабақта қолдандым.
-
Химия ғылымы нені зерттейді?
А. Денені. Ә. Затты. Б. Қоспаны.
-
Химия кабинетіндегі, зертханадағы заттар ... деп аталады:
А. Денелер. Ә. Реактивтер. Б. Қоспалар
-
Қазіргі белгілі болып отырған заттардың саны:
А. 750 000. Ә. 3 млн -7 млн. Б. 1000-3500
-
Зертханалық құрал-жабдықтарға, заттарға жатады:
А. Сынауық, құйғы, стакан. Ә. Спиртшам, тұрғы.
-
Таза заттарға жатады:
А. Ауа. Ә. Ас тұзы. Б. Су.
-
Агрегаттық күйіне байланысты қоспалар жіктеледі:
А. Жай, күрделі. Ә. Бір және көптекті. Б. Физикалық, химиялық.
-
Төмендегі қоспаларды ажыратып жаз:
1. Біртекті 2. Әртекті А. Шай. Ә. Сүт. Б. Қола. В. Кірпіш. Г. Тас. Д. Бал.
-
Заттардың физикалық қасиеттерін анықтайтын белгілер:
А. Химиялық таңбасы. Ә. Агрегаттық күйі. Б. Молекула саны
-
Көп нүкте орнына тиісті жауабын жаз: Қант және бор ұнтағын ... байланысты ажыратуға болады.
А. Суда ерігіштігіне. Ә. Дәміне. Б. Түсіне.
-
Заттар мен денелер арасындағы сәйкестікті бағдаршамен көрсет:
1. Крахмал. 2. Қалам. 3. Күкірт. 4. Темір. 5. Стакан.А. Дене. Ә. Зат.
-
Химиялық реакция деген:
А. Табиғаттағы денелер, заттардың әртүрлі өзгерістерге ұшырауы.
Ә. Химиялық құбылысқа бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілуі.
-
Мына құбылыстардың ішінен физикалық құбылысқа жатады:
А. Жану. Ә. Балқу. Б. Шіру.
-
Химиялық құбылысқа жатады:
А. Бұлттану. Ә. Таттану. Б. Булану.
-
Химиялық құбылыс ерекшелігі неде:
А. Дененің пішіні, агрегаттық күйі өзгеріске түсуі, олардың құрамы өзгермеуі.
Ә. Тәжірбие жасауға әрқашан қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау, арнайы ыдыстарда жасалады.
-
Химиялық реакцияның белгілері қандай?
А. Агрегаттық күйі, тығыздығы, пішіні, түсінің өзгеруі.
Ә. Түсі, иісі, газ бөлінуі, тұнба түзілуі, энергия өзгеруі.
-
Атом деген:
А. Зат құрамы, қасиетін сақтайтын бөлшегі.
Ә. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.
-
Атом, молекула ұғымдары туралы пікірталас химиктер сьезі қай елдің қаласында, қай жылы өтті:
А. 1859 ж. Мәскеу (РФ). Ә. 1860 ж. Карлс-Руэ. (ГФР). Б. 1863 ж. Мюнхен (ГФР)
-
Химиялық элемент ұғымын енгізген қай елдің ғалымы:
А. М. Ломоносов (Ресей). Ә. Р. Дойль (Англия)
-
Заттар екі топқа бөлінеді:
А. Бір және әр текті. Ә. Жай және күрделі.
-
Табиғатта белгілі химиялық элемент саны:
А. 63. Ә. 89. Б. 110.
-
Химиялық элемент таңбасы ... білдіреді:
А. Химиялық жолмен бөлінбейтін кіші бөлшек.
Ә. Берілген элементті, оның бір атомын
-
Металды ажырат:
А. Азот, оттек, сутек. Ә. Темір, алюминий, мыс.
-
Периодтық жүйеден мына элементтерді тап:
А. Сутек, көміртек, оттек. Ә. Натрий, алюминий, темір.
-
Коэфицент ... санын көрсетеді:
А. Атом. Ә. Формула алдына қойылатын молекула
-
Заттың химиялық формуласы бойынша білуге болады:
А. Бір заттан екінші зат пайда болуын. Ә. Зат құрамы, элемент таңбаларын
-
Мына жазу нені білдіреді? 2С, 4СО2
А. Екі атом көміртек. Ә. Көмірқышқыл газының төрт молекуласы.
-
Салыстырмалы Мr (CaCO3) тап:
А. 50 Ә. 100
-
SO2 қосылысындағы күкірттің %-тік мөлшері:
А. 20%. Ә. 50%
-
Массасы 8,8 гр СО2 көлемін есепте:
А. 5,6 л. Ә. 4,48 л. Б. 11,2 л.
-
Зат құрамының тұрақтылық заңын ашты:
А. Д. Пристли. Ә. Ж. Пруст.
-
Заттар дегеніміз:
А. Қоспа. Ә. Денені құраушылар.
-
Мына берілгендердің ішінде қайсысы затқа жатады?
А. Кілт, құты, стакан. Ә. Ауа, су, әктас. Б. Спиртшам, тұрғы.
-
Химиялық ыдыстарға жатады:
А. Спиртшам, тұрғы. Ә. Сынауық, құйғы, стакан.
-
Химиялық реакцияның неше белгісі бар:
А. 2. Ә. 4. Б. 5.
-
«Заттың ең кішкене бөлшегі атом, бірақ газ тәрізді заттардың бөлшегі молекулалар болып табылады» деп болжаған италиян ғалымы:
А. С. Канницаро. Ә. А. Авогадро.
-
Химиялық элементтер ... құралған:
А. Атомдардың әр түрінен. Ә. Атомдардың белгілі бір түрінен.
-
Химиялық элементтер бөлінеді:
А. Жай, күрделі. Ә. Метал, бейметалдар.
-
Металға тән қасиеттер:
А. Агрегаттық күйі, тығыздығы. Ә. Жылтырлығы, электр тогы мен жылуды өткізуі.
-
Индекс ... санын көрсетеді:
А. Молекула. Ә. Атом.
-
Көмірқышқыл газының СО2 салыстырмалы молекулалық массасы:
А. 22. Ә. 44. Б. 66
-
5Н2О қалай оқылады?
А. Судың молекуласы. Ә. Судың бес молекуласы.
-
Қайсысының валенттілігі ІІІ, ІІ тең?
А. FeS.Ә. Al2O3
-
Сұрақ белгісі орнына тиісті коэфицентті қой: 4Аl + 3O2 = ?Al2O3
А. 4. Ә. 2
-
Ареометр көмегімен ... анықтауға болады:
А. Температураны. Ә. Тығыздықты.
-
Реакция теңдеуі мен типін сәйкестендір:
А. 4Р + 5О2 = 2Р2О5 1. Айырылу.
Ә. 2КСlO3 = 2KCl + 3O2 2. Алмасу.
Б. Zn + 2HCl = ZnCl + H2 3. Қосылу
В. СuSO4 + 2NaOH = Cu(OH)2 + Na2SO44. Opынбасу
-
Көлемі 5,6 л (қ.ж) метанның СН4 массасын есепте:
А. 2гр. Ә. 4 гр. Б. 6 гр.
-
Алмас деп қандай қосылысты атайды?
А. Мыс (ІІ) хлориді СuCl2 Ә. Сынап (ІІ) хлориді Hg Cl2
-
Үйде пайдаланатын табиғи жанғыш газдың құрамына органикалық зат пропан С3Н8 кіреді. Оның құрамындағы элементтердің оттекпен қосылысын, химиялық реакция теңдеуін жаз.
-
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі:
А. Грамм. Ә. Моль.
-
Судың молярлық массасы:
А. 16 гр/моль. Ә. 18 гр/моль.
-
Зат массасының сақталу заңын ашты:
А. А. Лавуазье. Ә. М. Ломоносов.
-
Молекулалардың бар екенін, олардың қозғалыста болатынын қандай құбылыстан байқауға болады?
А. Физикалық. Ә. Диффузия.
-
Химиялық реакциялар типі:
А. Екеу. Ә. Төртеу.
-
Күрделі зат малахиттің формуласы:
А. СаСО3. Ә. Сu(OH)2 * CuCO3
-
Оттектің а) натриймен және ә) мырышпен қосылу реакциясын құрастыр.
-
Мына оксидтердің а) Нg2O және ә) Н2О айрылу реакциясының теңдеуін жаз.
-
Темір сульфидінe ҒеS тұз қышқылын НСl қосқанда қандай жағымсыз иісті газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жаз.
-
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер:
-
20 гр кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасы: а) 18 г. ә) 28 г.
-
Кальций мен оттек әрекеттескенде 56 г кальций оксиді түзіледі. Реакцияға қатысқан оттектің массасы: а) 14 г. ә) 16 г.
-
12 г магний ауада жанғанда түзілетін магний оксидінің мөлшері:
А. 0,2 моль. Ә. 0,5 моль
-
Глюкоза құрамына көміртектің 6, сутектің 12, оттектің 6 атомы кіреді. Оның химиялық формуласын жазып, салыстырмалы молекулалық массасын тап:
А. 160. Ә. 180
І. Толықтыру тесті.
Мұнда оқушы көп нүктенің орнына тиісті, формула немесе индексті қойып жазады. Мысалы,
-
Жай заттар: оттегі, сутегі.
-
Күрделі заттар:
-
Молекула формуласы: О2 , Н2
-
Атом формуласы: оттегі, сутегі.
-
Химиялық таңбаның оқылуы: оттегі - о, сутегі - аш, хлор - хлор, темір - феррум.
-
Салыстырмалы атомдық массасы: 16, 1, 35,5, 56.
Жауаптары:
А. Оттегі, сутегі.
Ә. Су, көмірқышқыл газы.
Б. О - екі, Н - екі.
В. Оттегі, сутегі.
Г. о, аш, хлор, феррум.
Д. 16, 1, 35,5, 56.
ІІ. Еске түсіру тесті.
Мына сұрақ мазмұнына сәйкес жауап беріледі.
-
Химиялық реакция деген не?
-
Химиялық реакция белгілері.
-
Химиялық элемент валенттілігі деген не?
-
Химиялық формула нені көрсетеді?
-
Химиялық реакция теңдеуі деген не?
-
Химиялық реакция типін ата.
Жауабы:
А. Бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілуі.
Ә. Түсі, иісі, энергияның өзгеруі, тұнба түзілуі, газдың бөлінуі.
Б. Берілген элемент атомының басқа элемент атомының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
В. Химиялық таңбалар, индекстер арқылы жүретін шартты түрде жазу.
Г. Химиялық реакцияның химиялық таңбалар, формулалар арқылы шартты түрде жазылуы.
Д. Қосылу, айрылу, орынбасу, алмасу реакциялары.
VI. Реттік тесті.
Мұнда берілген сұраққа сәйкес жауап ретімен жазылады.
-
Химиялық элементтердің тұрақты валенттілігі:
І. H, Li, Na, K.
ІІ. O, Be, Mg, Ca.
ІІІ. B, Al.
-
Aйнымалы валенттілігі:
І және ІІ. Cu, Hg.
ІІ және ІІІ.Fe, Co, Ni.
ІІІ және V. P, N.
ІІІ. Баламалы тест.
Мұнда тест диктант немесе графикалық түрде өткізуге болады. Оқушы дұрыс жауабын «+» немесе «-» таңбасымен белгілейді.
-
Химиялық реакция типтері:
А. 2. Ә. 3. Б. 4.
-
1-түрі
-
Атауы
Таңбасы
Сутегі
Оттегі
Азот
Темір
Мырыш
Күміс
H
O
N
Fe
Zn
Ag
-
2-түрі.
-
№
Сұрақтары
Сутегі
Қышқыл
Тұз
1
Индикатор арқылы анықталатын зат
2
Күнделікті үйде кездесетін зат
3
Ең жеңіл газ
4
Судың құрамында болатын зат
5
Қышқыл дәмі бар зат
6
Қатты зат
IV. Таңдау тесті.
Мұнда оқушы дұрыс жауабын таңдап жазады.
-
Металдарды ата: А. Сутегі. Ә. Темір. Б. Оттегі. В. Мыс.
-
Бейметалдарды ата: А. Сутегі. Ә. Темір. Б. Оттегі. В. Мыс.
-
Жай заттар: А. Азот. Ә. Су. Б. Хлор. В. Әктас.
-
Күрделі заттар: А. Азот. Ә. Су. Б. Хлор. В. Әктас.
-
Судың формуласы: А. Н2. Ә. Н2О Б. 2Н2О В. 2Н
-
Ас тұзының салыстырмалы молекулалық массасы: А. 54. Ә. 64. Б. 74. В. 84.
V. Cәйкестік тесті.
-
Су. К2СО3
-
Көмірқышқыл газы. NH4OH
-
Ас тұзы CaCO3
-
Ас содасы Na HCO3
-
ӘктасNaCl
-
Мүсәпір спирті CO2
-
Сақар H2O
Берілген кесте бойынша химиялық қосылыстар мен химиялық элементтерді бөліп жаз. Заттың атын бірінші жолға санмен белгіле.
-
Химиялық элемент ...
-
Алюминий
-
Сүт.
-
Кальций.
-
Ауа.
Химиялық қосылыс ...
-
Оттегі.
-
Су.
-
Мыс сульфаты
Қоспа ...
-
Мырыш хлориді
-
Топырақ
-
Күміс
-
Теңіз суы
-
Сөзжұмбақтар шешу.
Қарапайым сөзжұмбақтар оқушыларды логикалық ойлауға ұмтылдырып, танымдық қызығуын тудырады.
Қауіпсіздік ережелеріне байланысты.
Торкөздегі әріптерден сөздерді дұрыс құрастырып оқыса химия зертханасында есте болуға тиіс өте маңызды қауіпсіздік ережесімен танысуға болады. Сөздерді жоғарғы шеткі торкөзден бастау керек. Әр торкөздегі әріп бір рет оқылады.
-
Х
И
Д
Ң
Ә
М
Ы
Д
Й
И
М
Д
І
Р
І
Н
М
А
Я
Л
Т
В
Е
А
Т
Л
О
Қ
Ы
Т
И
Ы
Т
Р
У
Б
Р
Е
К
А
П
К
Ө
Г
Е
Ауызша теориялық немесе лездемелік сұрақтар.
-
Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? (зат)
-
Заттардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін белгілер ... деп аталады. (қасиеттері)
-
Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы көрінбейтін қоспа қалай аталады? (біртекті)
-
Шынының балқуы қай құбылысқа жатады? (физикалық)
-
«Бөлінбейтін» ең кіші бөлшек. (атом)
-
Атомдардың әр түрінен түзілген заттар - (күрделі заттар)
-
Бірдей атомдардың түрі. (элемент)
-
Реакция нәтижесінде жаңадан түзілетін құбылыс. (химиялық)
-
Элементтің басқа бір элементтер атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті. (валенттілік)
-
Оттегінің салыстырмалы атомдық массасы. (16)
-
Мыстың латынша атауы (купрум)
-
Плюмбумның қазақша атауы. (қорғасын)
-
Таңба және формулалар арқылы шартты түрде жазылған реакциялар (химиялық теңдеулер)
-
Атом-молекулалық ілімді жасаған орыс ғалымы (М. В. Ломоносов)
-
Заттардың агрегаттық күйлері (сұйық, қатты, газ)
Химиялық сөзтізбе ойыны.
-
Ұлы ғалымдар аты-тегі аталған элементтерді ата:
Менделевий. Нобелий. Эйнштейний. Кюрий. Резерфордий. Борий.
-
Қала және ел атымен аталған элементтер:
Америций. Европий. Самарий. Тумей. Калифорний. Индий. Франций.
-
Кім тез және көп «н» әрпіне аяқталатын элементтерді атап береді?
Аргон. Криптон. Неон. Ксенон. Радон және т.б.
-
Берілген буындардан элемент аттарын құр. Мысалы, се, лит, дий, ра, ий.
Элементтер: литий, селен, радий.
«Блиц-турнир» сұрақтары.
-
Темірдің таттану процесін қандай жаратылыстану ғылымдары зерттейді?
А. Химия. Ә. Биология. Б. География.
-
Осы ғалымдардың барлығы химиктер, осы дұрыс па?
А. Д. Менделеев. Ә. Т. Тимирязев. Б. М. Ломоносов.
-
Химиялық элементтерді атомдардың белгілі бір түрі деп санаған қай ғалым?
А. Д. Дальтон. Ә. А. Авагадро. Б. Р. Бойль.
-
Құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым:
А. М. Ломоносов. Ә. Ж. Пруст. Б. А. Лавуазье.
-
Атом-молкулалық ілімнің қағидаларын болжаған:
А. М. Ломоносов. Ә. К. Шелле. Б. Д. Дальтон.
-
Бұл сан 19 ғасырда өмір сүрген итальяндық ғалым құрметіне аталған:
А. М. Ломоносов. Ә. А. Авагадро. Б. Д. Дальтон.
-
Таза зат:
А. Кола. Ә. Оттегі. Б. Ауа.
-
Қайсысы жай затқа жатады?
А. Н2О. Ә. Н2. Б. СО2.
-
Судың формуласы:
А. Н2 Ә. Н2О. Б. 2Н.
-
Берілген химиялық peaкция теңдеуi қай типке жатады? Zn + 2HCl = ZnCl + H2 ↑
А. Қосылу. Ә. Орынбасу. Б. Айырылу.
-
Аl2O3 қосылысындағы алюминийдің валенттілігі неше?
А. 2. Ә. 3. Б. 4.
-
Мынадай металл мен бейметалдардың арасынан шығатын заттардың химиялық формуласын құр:
А. Мg, P (III). Ә. Al, C (IV)
-
Cu + H2SO4 apacындағы реакция типі:
А. Қосылу. Ә. Алмасу. Б. Орынбасу.
Термин сөздермен жұмыс.
-
Химия
Айналу
Реактив
Қасиеттері
Әрекеттесу
Зиянды заттар
Міндеті
Бағдарша
Кермек су
Металдар
Белсенділік
Кәрлен
Бейметалдар
Жіктеу
Кристалдану
Қалақша
Қыш
Өлшегіш тамшуыр
Қож
Ластану
Өлшеуір
Қоспа
Мәрмәр
Сандық талдау
Құйғыш
Мойнак
Сапалық құрам
Құрылғы
Молярлық
Саты
Құты
Мүсәтір
Суалту
Сүзу
Сынама
Таразы
Графикалық тест. Ғылыми бағытта.
-
Заттарды алу әдісі:
А. Зертханалық. Ә. Өнеркәсіптік. (2,5:6,5) (4,5:6,5)
-
Химия кабинетіндегі және зертханадағы заттар қалай аталады?
А. Реактивтер. Ә. Құралдар. (4,5:4,5)
-
Заттармен жұмыс істеу үшін нені қатаң сақтау қажет?
А. Қауіпсіздік техникалық ережесін. Ә. Жол ережесін. (2,5:4,5)
-
Шамамен қанша ҚТЕ болу керек?
А. (1-18 ереже). Ә. 1-9. (5,5:3,5)
-
Зертхана және практика жұмыстарын жасаған кезде нені пайдалану керек?
А. Химиялық ыдыстар, құралдар, реактивтер. Ә. Құрылғылар. (5,5:2,0)
-
Химия кабинеті мен зертханада қандай дүниелер қажеет?
А. Дәріханалық қобдиша, өртсөндіргіш, құм салынған ыдыс. Ә. Ыдыстар. (4,5:1,0)
-
Тәжірибе жасау кезінде нені толық ескеру қажет?
А. Заттардың химиялық формуласын бірнеше рет қарау, іздеп отырған заттың дәл сол екенін айқындап алу. Ә. Қауіпсіздік ережесін. (2,5:1,0)
-
Зертханада затпен жұмыс жасаған кезде нені ескеру қажет?
А. Таза зат, таза ыдыс қолдану. Ә. Қоспа мен өлшеуіш. (1,5:3,5) (1,5:2,0)