7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар'

Сабақ жоспары 'Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Химия. 9-сынып. Тобы :------------- Мерзімі: ---------------


Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар.

Сабақтың мақсаты: дүниетанымдық сипатта қорытынды жасау үшін бейорганикалық қосылыстардың кластары жататын заттардың генетикалық байланысы туралы оқушылардың білімін жүйелеу және толықтыру.

Сабақта алдын-ала заттарды жіктеп, олардың химиялық қасиеттерін анықтамайынша байланысты айқындау мүмкін еместігін, жіктеудің негізінде заттардың қасиеттерімен қоса олардың арасындағы байланыстарды да, металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарларын бір-біріне қарама-қарсы деп қарастыруға болатынына, барлық қатарлар өкілдерінің мүмкін болатын жағдайларда өзара әрекеттесетінін, нәтижесінде тұз түзетінін оқушыларға түсіндіру міндеті тұрды.

Сабақ түрі: топтық

Сабақтың технологиясы: ұжымдық ойлау әрекеті

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, презентация, модуль жасауға арналған кестелер, оқулық, анықтама сөздік.

Сабақтың құрылымы:

  1. Оқушыларды әлемдік түсінікке кіргізу немесе проблемалық жағдайға (ситуацияға) кіргізу.

  2. Оқушылардың сұраныстарын білу.

  3. Сұрақтардың күрделілігіне қарай реттеу.

  4. Кілтті сөздерге түсіндірме сызба құру.

  5. Кіші топтың өзіндік жұмысы.

  6. Алғашқы түсінікті болжау.

  7. Жалпы талқылау.

  8. Тақырып бойынша модуль құру.

  9. Рефлексия.

Сабақ барысы:

Оқушыларға «Сіздер «Бейорганикалық заттар» ұғымын қалай түсінесіздер?» деген сұрақ қойылады.

Бұл сұрақ -оқушыларға білімді даяр бермей, олардың алдында белгілі проблемалы міндет қойып, соны өздері ізденіп шешуіне бағыттайды. Проблемалы болуының негізгі шарты -оқушыда даяр жауап немесе үлгі болмайды және оқушы өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің жетіспей тұрғанын сезінеді.

Оқушының өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі, т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай туғызылады. Проблемалық оқыту тек проблемалық жағдай тудырып қана қоймай, оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқушының материалда кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгеруге, өздігінен ізденудің,зертеудің амалдарын үйретіп, бағыттайды.


I. ОҚУШЫЛАРДЫ ӘЛЕМДІК ТҮСІНІККЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЙ АРҚЫЛЫ КІРГІЗУ.


ЗАТТАР

Органикалық Бейорганикалық

Заттар дегеніміз не және оны қалай түсінесіздер?


БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР

(құрамына қарай)


Жай Күрделі


Атомдардың бір түрінен атомдардың әр түрінен тұрады



Химиялық реакцияларда бірнеше басқа заттар түзіп, айырыла алмайды

Химиялық реакцияларда бірнеше басқа заттар түзіп, айырылады


О2, Н2, Fe және т.б. H2O, FeS, NaCl, CO2, KOH және т.б.


Сонымен күрделі заттарға -бейорганикалық заттар, яғни оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар жатады.

Бұл тақырыптардағы кілтті сөздер қандай?


Оксидтер

Негіздер

Кілтті сөздер: Қышқылдар

Тұздар


II. ОҚУШЫЛАРДЫҢ СҰРАНЫСТАРЫН БІЛУ.

Оқушыларға «Осы бейорганикалық заттар жөнінде не білгілеріңіз келеді?» деген сауал қойылады.


р/с

Оқушылардың сұраныстары

Сұрақты білгісі келетін оқушылардың саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Химиялық қасиеттері

Функциялық қасиеттері

Формулалары

Қолданылуы және алынуы

Табиғатта кездесуі

Жіктелуі

Генетикалық байланысы

Түсіндірме сызбасы

Анықтама, ережесі

6

5

3

9

4

7

8

1

2

III. СҰРАҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІЛІГІНЕ ҚАРАЙ РЕТТЕУ

  1. Түсіндірме сызбасы

  2. Анықтама, ережесі

  3. Формулалары

  4. Табиғатта кездесуі

  5. Физикалық қасиеттері

  1. Химиялық қасиеттері

  2. Жіктелуі

  3. Генетикалық байланысы

  4. Қолданылуы және алынуы


IV. КІЛТТІ СӨЗДЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ СЫЗБАСЫН ҚҰРУ.


(Әрбір топ өзіне берілген кілтті сөздерге түсіндірме сызба құрады).

Мұғалім сыныпты 4 топқа бөледі жеребе бойынша.

Бұл жерде оқушылар сөздікпен, оқулықпен жұмыс жасайды.

I топ. Оксидтер.

Қыздығанда

О2 түзіліп, айырылады.


3 агрегаттық күйі бар

Күрделі зат


Бейоргани-калық зат


Оксидтер



Тұздар айырылғанда оксидтер түзіледі

тотықтар

Негіздік СаО

Оксидтер -құрамындағы бір элементі оттегі болып келетін екі элементтен тұратын күрделі зат.

Қышқылдық Р2О5

Екідайлы (амфотерлі) Al2O3


ІІ топ. Неігіздер.

Қыздырғанда оксидке және суға айырылады

Индикатор-дың түсін өзгертеді

Қышқылдармен реакцияласады

Тұз түзеді

Негіздер


Екідайлы (амфотерлі)

Суда еримейтін


Су түзеді

Негіздер дегеніміз құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан металл атомы кіретін күрделі зат.

Бейорганикалық зат

Суда еритін (сілтілер)

Күрделі зат


ІІІ топ. Қышқылдар.


Металдармен әрекеттеседі

Бір негізді

Күрделі заттар

Тұздармен әрекеттеседі

Бейорганикалық заттар

оттексіз


Қышқылдар

Металл оксидтерімен әрекеттеседі

Екі негізді

Индикаторларға әсер етеді

Сумен өзара әрекеттеседі

Үш негізді

Оттекті


ІV топ. Тұздар.

Күрделі зат

Металдармен реакцияласады

Бейорганикалық заттар

Қышқылдармен әрекеттеседі

Тұздар

Карбонаттар

Ортафосфаттар


Сульфаттар


Хлоридтер

Сілтімен әрекеттеседі

Сумен әрекеттеседі


Қышқылдық тұз

Негіздік

Орта немесе қалыпты


VТұздар -мет

Тұздар -металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан түзілген күрделі зат.


V. АЛҒАШҚЫ ТҮСІНІКТІ БОЛЖАУ.

-Топтағы қорытынды немесе микроқорытынды

-Ауыспалы кезек немесе білімді кезеңдер бойынша меңгеру

I, II, III, IV

II, III, IV, I


VI. ЖАЛПЫ ТАЛҚЫЛАУ


Бұл кезеңде оқушылар өз ұсыныстарын, пікірлерін ғылыми негізде қорғайды, яғни төрт топтағы әрбір оқушы өз жауаптарының негізінде бейорганикалық заттарды жоспар бойынша (түсіндірме сызбасы, химиялық, физикалық, жіктелуін, генетикалық байланыс, қолданылуы және алынуы) тақтада дәлелдейді.

Осыдан кейін мұғалім көмегімен оқушылар күрделі бейорганикалық заттарды бір жүйеге келтіреді.


Күрделі бейорганикалық заттар


Оксидтер негіздер қышқылдар тұздар


Негіздік Қышқылдық Сілтілер Амфотерлі Бір негізді үш негізді оттекті оттексіз


Амфотерлі суда еримейтіндер екі негізді


VII ТАҚЫРЫП БОЙЫНША МОДУЛЬ ҚҰРУ


Модульдік оқытудың дамыту кеңістігін жасауда негізгі екі проблеманы шешу керек.

1.Мазмұн проблемасы, яғни оның жүйелілігі, ұйымдастырылуы, нақты мөлшері.

2. Мұғалім мен оқушының өзара әрекет технологиясының мөлшері.

Модульдік оқытудың басқа оқу жүйесінен айырмашылығы:

-оқытудың мазмұны модуль түрінде беріледі:

-мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі өзара әрекеті модуль көмегімен іс жүзіне асырылып, нәтижесінде оқушы белгілі деңгейге өздігінен қол жеткізгенін жете түсінеді;

-оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы өзара әрекеттің тепе-теңдігін сақтауды талап етеді.

Модульді әрбір төрт топ жеке құрып, соңында салыстырады. Мұғалім де алдын ала осы тақырыпқа модуль құрады. 4 топ оқушыларының модулімен мұғалім модулі қатар ілініп, салыстырылады.


Модуль -«Бейорганикалық заттар»

Жүйе

Бейорганикалық заттар

Жүйе элементі

Оксидтер

Негіздер

Қышқылдар

Тұздар

Элементтің қызметі

Шаруашылықта

Тұрмыста өнеркәсіпте

Өнеркәсіпте тұрмыста


Элементтердің байланысы

Генетикалық байланыс

Байланыс қызметі

Бейорганикалық заттар түзу

Жүйенің қызметі

Халық шаруашылығында

Норма

Химиялық заңдылықтар

Жүйе қызметінің әдісі

Химиялық реакцияларға түсу, алыну, қолдану

Нәтиже

Тұрмыста, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында пайдаланып, адамзатқа көмектеседі.

Проблема

Бейорганикалық заттардың құрамында не бар?


VIII. РЕФЛЕКСИЯ оқушылардың бұл сабақта не алғанын анықтау.

Рефлексияға ғылыми анықтама беретін болсақ:

-өз мүмкіндігін білу, әлемде өз орнын анықтау, өз қатесін түзетіп, мәдени бағалы, құнды шындықты тудыру, өз жетістігін көру, өз әрекетін түсіну қабілеті.

-ішкі қарама-қайшылықты шешуде (қажеттілік пен қабілеттілікті өтеуде) өз іс-әрекетіңді түсінуге бағытталған адамның сана-сезім қабілеті.

-кең мағынада өзіңмен бірге басқаны түсіну, өткенді өзі ұғынып, болашақты болжау.

-ол менің ішкі тәжірибемнің сыртқы тәжірибеме қатынасы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал