7


  • Учителю
  • Иондық байланыс химиядан сабақ жоспары 8 сынып

Иондық байланыс химиядан сабақ жоспары 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сынып: 8 «а» лицей Пән: химия Күні: 11 желтоқсан 2014 жылСабақтың тақырыбы: Иондық байланыс. Металдық байланысСабақтың мақсаты: Білімділік : химиялық байланыс типтері, байланыс табиғаты, иондық және металдық байланыс туралы мағлұматтар беру. Тәрбиелік: жеке тұлғалық қасиетт
предварительный просмотр материала

Сынып: 8 «а» лицей Пән: химия Күні: 11 желтоқсан 2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Иондық байланыс. Металдық байланыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : химиялық байланыс типтері, байланыс табиғаты, иондық және металдық байланыс туралы мағлұматтар беру.

Тәрбиелік: жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, химиялық сауаттылыққа баулу.

Дамытушылық : ой-өрісін, қабілеттерін, жеке қасиеттерін дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдістері, деңгейлік тапсырмалар.

Ұйымдастыру формасы: жеке- дара, жұппен, топпен

Сабақта қолданылатың көрнекіліктер: интербелсендітақта, үлестірмелі карточкалар.

Пәнаралық байналыс: физика, математика.

Сабақ кезендегі оқушылардың құзіреттілігің ашу: ақпараттық, коммуникативтік.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :

    • сабақтағы жұмысқа оқушыларды баулу, мұғалімнің жинақтылығы, ұйымдастыру амалының жүйелігі (сабақтан сабаққа), Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;

  • Психологиялық ахуал тудыру: "Сабаққа сәттілік тілеу».

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: баяндау әдісі арқылы өзара тексеру

Мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

Күтілетін нәтиже

1.Білімділік

Психологиялық тренингін өткізу. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.

Тапсырмаларды мұқият тыңдап, химиялық сауатты орындау.

Жалпы сыныппен жұмыс.

Өткенді саралау: .

Топшама № 1

А) Ковалентті байланыс дегеніміз не?

Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: HF, H2, Br2O7, SiO2, F2, HNO3

Топшама № 2

А) Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз не?

Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: H2SO4, O2, CI2O7, SO2, B2O7, CI2


  1. Ой қозғау: «Жедел жауап»

  • Сутегіндегі протон саны

  • Периодтық жүйедегі элементтер саны

  • Периодтық жүйені ұсынған

  • Бейорганикалық қосылыстардың класс саны

  • Электртерістілік деп

  • Оттегіндегі нейтрон саны

Өткен тақырыпты саралап, алған білімдерін тексереді, жалпылайды.

2.Түсіндіру

Мұғалім мақсатқа жету жолдарын көрсетеді, ұйымдастырады. Сабақтың тақырыбын ашу. Оқушыларды топтарға бөлу.

Иондық байланыс деп - иондар арасындағы байланысты айтады. Металл мен бейметалл арасында түзіледі.

Ион - бұл электрон беру немесе алу нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшек.

Мысалы: Ас тұзы NаСІ.

Электрондарын беретін бөлшек оң ионға айналады (катион).

Электрондарын беретін бөлшек теріс ионға (анион) айналады.

1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.

Жаңа сабақтың тақырыбына мақсат қояды. Оқушылар тақырыпты өздігінен меңгереді.

1-топ: иондық байланыс

2-топ: металдық байланыс

3. Пайдалану

Пәнаралық байланысты ұйымдастыру.

Сергіту сәтін өткізу.

Оқушылар тақырып бойынша жұмыс істеп, өз түсінгендерін баяндайды.

Тақырыпты кластер әдісіне түсіру, өз түсінгендерін 2-ші топқа баяндайды, қорғайды.

Өзін топта ұстай білу,өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдысы қалыптасады.

4. Талдау

Тапсырмалар ұсыну.

Үлгерімі төмен оқушылар жеке дара тақырыпты меңгере алады, дарынды оқушылар өз білімдерін ары қарай жетілдіре алады.

Топтар кластерді қорғайды.

Топтар арасында тапсырмалар:

№ 1

Химиялық пирамиданың шыңына шығу жолы - қосылыстардағы ионды химиялық байланыс. Осы заттардағы байланыстың түзілу сызбасын сызыңдар.


№ 2

«Крестиктер-ноликтер» ойынын ойнаңдар. Барлығы ионды байланыспен түзілген заттардан тұратын тік, көлденең немесе қиғаш жолақты табыңдар. Осы заттардағы ионды байланыстың түзілу жолын сызыңдар.


Өздік жұмыс

Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар:

NO, HF,O2, CO2, CI2, FeCI3, NaCI, KBr, CaO, C3N, AlCI3, NH3, CaF3, H2, CH4

Өзіңді өзің тексер:

  1. Электртерістілік - бұл …….

  2. Ковалентті полюсті байланыс - бұл …..

  3. Ковалентті полюссіз байланыс - бұл …..

  4. Электртерістілігі ең жоғары элемент - …….

  5. Ковалентті байланысы бар заттардың кристалдық торы қандай болады?

  6. Мына заттардан ковалентті полюсті байланысты заттарды теріп жазыңдар:

HCl, O2, H2S, SO2, OF2, Br2, H2, PCl3, CH4

Оқушының дер бестігі,өз-өзіне сенімі қалыптасады

5. Пайымдау

Жеке оқушылар ойын жинақтап, түйін түю әрекетін жасайды.

Білімдерін қорытындылау мақсатында бір-біріне сыни сұрақтар қояды.

ІІІ Толғаныс

Венн диаграммасы: Иондық және ковалентті байланыс


Өз білімін бағалауға дағдыланады, сыныппен арадағы ынтымақтастық пайда болады.

6. Бағалау

Қойылған проблеманың өзі үшін құндылығының неде екендігіне көзін жеткізу.

оқушылар өздерін бағалайды.


Алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланады.


Үй тапсырмалары: 64 тақырып қайталау. 1-3 тапсырма, 170 бет. Рефлексия: БББ кестесін қолдану.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал