- Учителю
- Урок “Су. Ерітінділер”тарауын қорытындылау
Урок “Су. Ерітінділер”тарауын қорытындылау
Сабақтың тақырыбы: «Су. Ерітінділер. » тарауы бойынша қорытындылау сабағы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың « Су. Ерітінділер.» тарауы бойынша білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау;
ә) дамытушылық: химиялық формула, химиялық реакция теңдеулерін құрастыру, есептер шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;
б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері және жабдықтары:
Сабақ барысы: Сынып оқушыларын топтарға бөліп, топ басшысына ортақ бағалау парағын тарату.
I кезең - «Бой сергіту»
Әр топқа 5сұрақтан қойылады.
«Су тамшысы» тобының сұрақтары:
-
Су жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
-
Су молекуласының құрамы қандай?
-
Ерітінділер деген не?
-
Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесінің қалай есептейді?
5.Судың физикалық қасиеттерін атаңдар?
«Ерігіштік» тобының сұрақтары:
-
Судың табиғатта кездесетін агрегаттық күйлерін атаңдар?
-
Дистилденген суды қалай алады?
3.Газдардың ерігіштігін қалай арттыруға болады?
4.Ерігіштік дегеніміз не?
5.Су қандай заттармен әрекеттеседі?
«Ерітінділер» тобының сұрақтары:
-
Ауыз су қалай тазаланады?
-
Судың ластануының қандай түрлері бар?
-
Неліктен мұз суда жүзеді?
-
Ерітіндінің молярлық концентрациясын қалай есептейді?
-
Қатты заттардың ерігіштігін қалай арттыруға болады?
II кезең - «Топтық жұмыс»
Әр топқа әртүрлі шығармашылық жұмыс беремін.
1-топ-судың қасиеттерін «кластер» стратегиясы арқылы
таныстырады;
2-топ - су мен ауа қасиеттерін салыстыра отырып «Венн диаграммасын»
толтырады;
3-топ -«су - тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазады;
Әр топ тақырыптары бойынша «постер» дайындайды , 7 минут уақыт
беріледі.
III кезең: «Ойлан, тап» ойыны.
Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырмаларда берілген реакция теңдеулерін аяқтап, коэфициентерді қою керек.
«Су тамшысы» тобының тапсырмасы:
1.Ва+О2→ 2.К+H2O→ 3. С+ О2→
«Ерігіштік» тобы:
1.Mg+ H2SO4 → 2.H2O+CaO→ 3.Na+H2O→
«Ерітінділер» тобы:
1.Zn+HCl→ 2.K+O2→ 3. Mg+ H2O →
Тапсырманы орындау үшін 5 минут уақыт беріледі.
IV кезең: «Есепке кім жүйрік?»
«Су тамшысы» тобы:
1. 20 г ас тұзын 120 мл суға еріткенде, алынған ерітіндідегі тұздың пайыздық концентрациясын есептеңдер.
2. Тұз қышқылының массалық үлесі 10% (тығыздығы ρ= 1,047г/мл). Көлемі 150 мл ерітіндідегі тұз қышқылының (НСl) массасын есепте.
«Ерігіштік» тобы:
-
40г натрий хлоридін суда еріткенде, 300 мл ерітінді алынды, алынған ерітіндідегі тұздың мольдік үлесі қандай?
2. Көлемі 2 л, молярлық концентрациясы 0,1 моль/л Na2SO4 ерітіндісін дайындау үшін натрий сульфатының қандай массасы қажет болатынын есептеңдер.
«Ерітінділер» тобы:
1.250г 15%-ды ерітінді дайындау үшін неше г тұз және неше г су қажет болады?
2. Судың 500 мл-де 100 л хлорсутек (қ.ж) ерітілді. Алынған ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.
V кезең -«Қорытындылау».
Рефлексия
«Басбармақ» әдісі.
Үйге тапсырма: Н. Нұрахметов т.б.оқулығы бойынша: §36-41 қайталау
Бағалау.
Қосымша тапсырмалар
Кім зерек? (Перфокартолар жұмыс істеу)
Беріген заттарды дұрыс анықтай білсе, химиялық элемент аты шығады
Жауабы: германий.
Реакция типі анықта. Дұрыс жауабын тапсаңыз, химиялық элемент ата шығадыЖауабы: Феррум
Жауабы: франций