- Учителю
- 10 класс 'Химиялық реакциялар және табиғаттағы заттар айналымы'
10 класс 'Химиялық реакциялар және табиғаттағы заттар айналымы'
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмсай орта мектебінің биология пәнінің 1-санатты мұғалімі :
Хасенова Айсауле Орынбасарқызы
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына ,әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру өзекті мәселе. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа ,шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологиялар енгізуде.Жаңа инновациялық педагогикалық технологияларының негізі, басты міндеттері:
-Әрбір білім алушының білім алу,даму әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
-Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,дамыту.
-Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай ,оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады,ал ххі ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.Оқушыларда табиғаттағы заттар айналымы туралы түсінік қалыптастыру, олардың маңызын ұғындыру мақсатында Де Бононың алты қалпақ әдісімен 10-шы сыныпта өткізген ашық сабағымның жоспарын ұсынамын.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Аты - жөні:__Хасенова А.О.
Пәні:_Химия ,Ашық сабақ. 10 сынып____________________________________
Сабақтың тақырыбы
Химиялық реакциялар және табиғаттағы заттар айналымы, олардың рөлі.
Мақсаты
Оқушыларды химиялық реакциялар туралы таныстыруды жалғастырып, табиғаттағы заттар айналымы туралы түсінік қалыптастыру, олардың рөлін ұғындыру.
Күтілетін нәтижелер
Химиялық реакцияларды біледі,бір-бірінен ажырата алады, заттар айналымын толық меңгереді, сипаттай алады, олардың маңызын түсінеді,алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алады.
Түйінді идеясы
Заттар айналымының тіршілік үшін маңызы өте зор.
Әдіс-тәсілдер
АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлау, жұппен, топтық жұмыстар, ассоциация ,6қалпақ.әдісі,
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Дарынды,талантты балаларды анықтау,
Көшбасшылық қырынан тану.
Уақыты
Ресурсы
Сабақтың мазмұны:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2'
Жүрек салынған сурет
Ұйымдастырады.
Оқушылармен амандасады,түгелдейді.
Ынтымақтастық қарым-қатынас орнату «Жүрек жылуы» тренингі.
Оқушылар бір-бірімен «Қалыптан тыс амандасу» ретсіз қозғалу арқылы амандасады, жақсы тілек айтады топта жағымды қарым-қатынас орнаты- лады. Бас иіп; Күлімдеп; Көзбен; Қол алысып; Иықпен; Тіземен; Арқамен.
3'
Қызығушылықты ояту:
1. Проблемалық сұрақ қойылады: Қандай процесстердің арқасында жерде тіршілік сақталады? Нәтижесінде жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
2.Ассоциация құру.Осы тақырып бойынша не білетінімізді еске түсіру.
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Химиялық элементтердің табиғаттағы айналымы деген тақырыпқа ассоциация құрады.
5
АКТ
Топқа бөлу: «Атомдар мен молекулалар»
(Атомдар -өте ұсақ көзге көрінбейтін, бөлінбейтін, мәңгі қозғалыста болатын бөлшектер, сондықтан атомдар дегенімде
сіздер жалғыз болып айналасыз, атомдар
бірігіп молекула түзеді ,олай болса молекула 2 дегенімде сол сан бойынша бірігесіз.
Бейнежазба: «Құрттар».
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Қарайды, талдайды, сұрақтарға жауап береді.
17
Оқулық.
Мәтін:
Химиялық элементтердің
табиғаттағы айналымы.
Мағынаны тану. Жаңа сабақ.
«ЖИГСО» әдісі бойынша берілген мәтінді әр топ әуелі жұппен, кейін топпен талдап, басқа топпен ауысып бір-біріне түсіндіреді.
1-топ.Оттек,судың,көміртектің айналымы.
2-топ.Азот,күкірт,фосфор айналымы.
Релаксация: «Радуга»
Мәтінмен танысады,тақырыпты меңгереді.
Әр топ әуелі жұппен, кейін топпен талдап,
өз жанұясына түсіндіреді, постер қорғайды.
12
3
6қалпақ
«Блоб ағашы»
«Алты қалпақ» әдісімен жұмыс:
1.«Ақ қалпақ», «Оттектің айналымы»
2.«Сары қалпақ», «Судың айналымы»
3.«Қара қалпақ»,«Көміртектің айналымы»
4.«Көк қалпақ», «Азот айналымы»
5.«Жасыл қалпақ», «Күкірттің айналымы»
6.Қызыл қалпақ»,«Фосфордыңайналымы»
«Ой қорыту» (рефлексия)
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма:3.6тақырып
Ұсынылған мәселе бойынша өз ойларын білдіреді,рефлексия жасайды,шығармашылық қасиеттерін көрсетеді.
Оқушылар кері байланыс береді,
Осы тақырып бойынша «Блоб ағашында»
орналасуларын белгілейді.
3
Бағалау парағы
Бағалау.
(Саусақтар арқылы)
Фармативті, суммативті бағалау
Оқушылар бір-бірін бағалайды.