7


  • Учителю
  • Урок по химии на тему 'химиялық элементтердің жіктелуі' (8 класс)

Урок по химии на тему 'химиялық элементтердің жіктелуі' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:

8 №20 сабақ.

Сабақ тақырыбы:

Химиялық элементтердің жіктелуі

Мақсаты:

Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеудің қажеттілігін көрсету,элементтерді металдар және бейметалл деп үлкен екі топқа бөлген жіктеудегі алғашқы қадамдармен таныстырып,оның жасанды екенін,екідайлы және ауыспалы қасиет көрсететін элементтер туралы түсінік беру. Оларды элементтердегі табиғитекке біріктіру мақсатымен таныстыру.

Оқыту нәтижелері:

-металл, бейметалл және екідайлы элемент туралы білімдері жүйеленеді;

-тәжірибе жасап, оны талдап, қорытындылайды;

-мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді

-оқушының сыни ойлауын дамытады.

-көшбасшы айқындалады.

Әдіс-тәсілдері:

«Ассоциация», «Жасырып көр», «Құрамы қандай?», «Тәжірибе алаңы», «Ғылыми зерттеу ...».

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді игеру сабағы

Көрнекі құралдары:

Интерактивті тақта, постерлер, таратпа қазғаздар, карточкалар, оқулық.

Негізгі ресурстар:

Химия оқулығы 8 сынып Н.Нұрахметов, К,Сарманова, К.Жексембина 2012ж, Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.

Негізгі идеялар:

Металдар мен бейметалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін ажырата білу, екідайлы элементтер туралы білімдері жүйелеленеді, ерекшеліктерін саралай білуге үйренеді, есеп шығару дағдылары қалыптасады.

Қамтылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ, ОүБ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.


Кезеңдері, уақыты

және ескертулер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру

кезеңі

  1. Амандасу, түгендеу.

1.Оқушылар амандасады.

Кезекші сабақта неше оқушы жок екенін айтады.

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару

  1. Топқа бөлу: қағазда жазылған үй жануарының дыбысын салып, өз ұяластарыңды тап.

Сергіту сәті: алдарыңда жатқан гүлдің суреттерінен өздеріңе ұнағанын таңдап алыңдар. Суреттің екінші жағын қараңдар. Онда жазылған тілекті оң жағындағы көршіңе бұрыла қарап, шын жүректен тіле.


2.Оқушылар қима қағаздарды алып, дыбыстары арқылы өз топ мүшелерін тауып алады.

Өз көршісіне жақсы тілек тілеп, жағымды әсер сыйлайды.

Сыныпта оң атмосфера қалыптасады.

БІЛУ


  1. «Ассоциация»

1911жыл, Э.Резерфорд, Атом, Ядро, Электрбейтарап

N = Ar - Z, 11Н, 21Н, 31Н


  1. «Жасырып көр». Оқушылардың химиялық элементтердің таңбалануы мен аталуы бойынша білімдерін байқау


  1. «Элемент атомының құрамын анықта».

3.Бұл кезеңде оқушылар қағазға жазылған сөзді оқи отырып, ұсынылған сөзге байланысты үй тапсырмасы бойынша не айтуға болатынын айтады.

4. Әр оқушы үш элементтің таңбасын жазады, көршісі сол элементтердің атауын табу қажет

5. Топ мүшелері бір элементтен жазып, көрші топқа береді, яғни әр топ өз тапсырмаларымен алмасады. Ұсынылған элементтің атом құрылысының формуласын келтіреді.

Оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты меңгергендері анықталады. Жұпта, топта жұмыс жасай отырып, бір-бірін формативті бағалайды.

ТҮСІНУ


ҚОЛДАНУ


5. Жаңа сабақты игеру барысында оқушыларға металдар және бейметалдар жинақтамасы үлестіріледі.

5. Оқушылар топ ішінде талқылап, берілген заттарға қарап, металдар мен бейметалдардың физикалық қасиеттерін сипаттаулары қажет.


Венн диаграммасы толтырылады

  1. Интерактивті тақта арқылы тәжірибелер көріністеледі:

  1. Кальцийдің оттекте жануы

  2. Күкірттің оттекте жануы

  3. Мырыштың тұз қышқылымен және сілтімен әрекеттесуі

Оқушылар интерактивті тақта арқылы көріністелген тәжірибелерді химиялық таңбалар арқылы дәптерге түсіреді

І. Са + О2

СаО + Н2О →

ІІ. S + O2

SO2 + H2O →

III. Zn + HCl →

Zn + KOH →

Оқушылар тәжірибелерді қорытындылай келе, металдар, бейметалдармен қоса екідайлы элементтердің бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, көз жеткізеді.

ТАЛДАУ

7. Ғылыми зерттеу. Химиялық элементке сипаттама беру


8.

Химиялық элементке сипаттама

Калий

Кальций

ПЖ орны,р№, Ar. период, топ, топша



Атомның құрылысы

Ядро заряды, р,n.e сандары , электрондық формуласы



Валенттілігі



Жоғары оксидтері мен гидрооксидтері




ЖИНАҚТАУ

8. Тақырып бойынша алған мәліметтерін кестені толтыру арқылы жинақтайды.


Металдар

Бейметалдар

Екідайлы элементтер

Қышқылдармен әрекеттесуі


Негіздермен әрекеттесуі

9. Оқушылар төмендегідей қорытындыға келеді: а)нағыз металдың гидроксиді қышқылдармен әрекеттеседі,ал сілтімен әрекеттеспейді; ә)ал нағыз бейметалдан түзілген қышқыл сілтілермен әрекеттеседі, бірақ қышқылдармен әрекеттеспейді.

Металдар, бейметалдар, екідайлы элементтерің химиялық қасиеттері жайлы алған білімдері жүйеленеді

БАҒАЛАУ

9.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы қойылады.

9. Дескрипторлар арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды, және мұғалім баға береді.

Өзін өзі реттеу жұмысы атқарылады

Үйге тапсырма


10.§50, оқу. №4-жаттығу, 134 бетте

10.Тақырыпты оқып, жаттығуды орындайды.

Білімдерін бекітеді

Рефлексия


11. Оқушыларға өздері таңдаған стикерге сабақтан алған әсерін, сабаққа қатынасу деңгейін, яғни өз ойларын жазып беру ұсынылады.

11.Оқушы өз ойын жаза отырып, сабақта атқарған жұмысына талдау жасайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал