- Учителю
- Сабақ жоспары Металдардың кернеу қатары 9 сынып
Сабақ жоспары Металдардың кернеу қатары 9 сынып
Сабақтың тақырыбы:ХЭПЖ металдардың орны,ерекшеліктері.Металл (1-3 периодтар) атомдарының құрылысына сипаттама. Металдардың электрхимиялық кернеу қатары. Атомдар мен иондардың белсенділігі. | ||||||
Сілтеме |
9 сынып оқулығы,интернет. | |||||
Сабақтың мақсаты |
Металдардың периодтық жүйедегі орнын,атом құрылысын танып біледі. Металдардың жалпы химиялық қасиеттерін және электркернеу қатары бойынша қасиеттерін танып біледі. Металдардың табиғатта таралуын,маңызын біледі. | |||||
нәтиже |
Металдардың периодтық жүйедегі орнын,атом құрылысын танып білді. Металдардың жалпы химиялық қасиеттерін және электркернеу қатары бойынша қасиеттерін танып білді. Металдардың табиғатта таралуын,маңызын білді. | |||||
Түйінді идеялар |
Металдар активті элементтер ,қосылыстар күйінде кездеседі.Жай және күрделі заттармен әрекеттеседі.Металдардың ативтілігі Н.Н. Бекетов жасаған металдардың активтік қатары бойынша анықталады.Металдар табиғи кендерден алынады.Алу әдістері де металдардың активтігіне негізделген. |
| ||||
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ |
| ||||
Әдіс-тәсілдері |
СТО,ЖИГСО, диалог,топтық жұмыс,жеке жұмыс. | |||||
Пән аралық байланыс |
физика | |||||
Ұйымдастыру кезеңі 5 минут | ||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |||||
1.Сәлемдесу 2.Ұйымдастыру 3. Сабақ барысымен таныстыру 5.Бағалау парағын таныстыру 6.Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру |
1.Сәлемдесу 2.Өздерін ретке келтіру 3.топқа бөліну 4.кітап ,оқу құралдарын ,дәптерлерін дайындыққа келтіру | |||||
Үй тапсырмасын тексеру 5 мин. 1. Тест тапсырмалары бойынша 2.Жұмыс дәптерлерінен үйге берілген тапсырмаларды тексеру. | ||||||
Қызығушылықты ояту 2 мин. | ||||||
|
| |||||
Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады.Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады) | ||||||
ББҮ 3 мин. | ||||||
Білемін |
Білдім (жигсо әдісін пайдалану) |
Үйренгім келеді | ||||
|
|
| ||||
Сабақтың негізгі бөлімі 20 мин. | ||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті
| |||||
Білу.Сұрақтарға жауап беру."Миға шабуыл"әдісі. Қандай металдарды білесіңдер? Металдарды не үшін қолданады? Қазақстанда қандай металл кендері бар,қай жерде? Түсіну."Ой қозғау"сатысы. 1.Металдардың периодтық жүйедегі орны. 2.Физикалық қасиеттері. 3.Адам ағзасындағы металдардың маңызы. 4.Металдардың химиялық қасиеттері,Н.Н.Бекетов қатары. Қолдану. Жүзеге асырыңдар,молекулалық ж/е иондық теңдеулерін жазыңдар: а)BaO→Ba(OH)2→BaCl2→BaSO4 ә) Ca→CaO→Ca(OH)2→CaCO3→CO2 б) Адам қанының 100 мл-де 180 мг калий мен 6,5 мг калций бар.Адамда 5 л қан болса,адам қанында қанша калий мен кальций атомдары бар? Талдау. Мg мен Fe қасиеттерін салыстыру. Жинақтау."Адам ағзасындағы металдардың маңызы." эссе жазу. Бағалау. |
Оқушылар белсене қатысады. Оқушылар топқа бөлініп,сабақ құрылымымен танысады. Топ басшыларына бағалау парағы беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс істейді.
Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды. | |||||
Қорытынды. Күтілетін нәтиже 4 мин.
| ||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті
| |||||
ББҮ Сабақты қорытындылау. |
Өзін-өзі бағалау,топ басшылары оқушыларды бағалайды. Қорытынды.Бір-бір сөйлемнен түйінді идея айтады. Кері байланыс.Оқушылар сабақ туралы өз ойларын білдіреді
| |||||
Бағалау 5 мин. | ||||||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |||||
Бақылайды,бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауы мен өз бағасынан ортақ баға қояды. |
Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. | |||||
Үйге тапсырма 1 мин. Тақырыпты оқу. № 4-5тапсырма. |