7


  • Учителю
  • «Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар» тарауын қорытындылау сабағы

«Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар» тарауын қорытындылау сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар» тарауын қорытындылау сабағы.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздарды классификациялау, олардың формулаларын ажырата алатындығын тексеру.

дамытушылық: бейорганикалық заттардың бірізділігі туралы білімдерін жетілдіру,

тәрбиелілік: логикалық байланысты одан ары қарай жалғастыра алуы, генетикалық тізбек бойынша жылжуы «жай зат - оксид - гидроксид - тұздарға» қорытынды шығара алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада сабаққа арналған презентация, тест тапсырмалары, сызбанұсқа, бағалау парағы, сөзжұмбақ.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа даярлығы.

3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

І. «Бой сергіту». Сызбанұсқа бойынша күрделі заттарды жіктеу:

Оқушылар күрделі заттардың 4-класына анықтама беріп, олардың жіктелуін сызбанұсқа бойынша түсіндіреді. (1-слайд)

ІІ. «Орнын тап». Берілген реактивтерді шкафтағы өз орындарына орналастырыңдар:

Оқушылар шкафта оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар деп бөлінген 4-бөлікке, берілген реактивтерді өз орнына орналастырулары керек. (2-слайд)

ІІІ. «Химиялық диктант». Кестенің бос орнын толтырыңдар:

Кестенің әр жерінде оксидтің атауы, формуласы және жіктелуі беріледі. Оқушылар сол кестенің қалдырылған оксидтерінің атауын, формуласын және олардың жіктелуін жазады. (3-слайд)

ІV. «Генетикалық байланыстар». Жеке кластардың өзара байланысы арқылы заттардың бір-біріне айналуы бойынша берілген айналуларды жүзеге асырады.

1-топ Металдар → Металл оксидтері → Негіздер → Тұздар

2- топ Бейметалдар → Бейметалл оксидтері → Қышқылдар → Тұздар (4-слайд)

V. «Сөздік». Көп нүктенің орнын толықтырыңдар.

Берілген сөйлемдегі қалдырылған сөздерді оқушылар өздері толықтырады. (5-слайд)

VI. «Электрондық тәжірибе». Оқушылар тәжірибені қарап, сол бойынша реакция теңдеулерін жазу және түзілген заттардың қай класқа жататынын анықтау.

VII. Химиялық сөзжұмбақ: оқушылар берілген сөзжұмбақтың жауабын тауып жазады.

(6-слайд)

VIII. «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау» тақырыбына тест тапсырмалары. Оқушылар берілген 10 тест тапсырмаларына жауап береді де, бір-бірін тексеріп бағалайды.

Үйге тапсырма: №8,9,10 есептер шығару, 131 бет.

Қорытынды: өзін-өзі бағалау парағы. Оқушылар өздерін бағалайды. Кездескен қиындықтарды талқылайды.Бағалау:





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал