7


  • Учителю
  • Конспект химия пәнінен 'Азоттың периодтық жүйедегі орны' 9 класс

Конспект химия пәнінен 'Азоттың периодтық жүйедегі орны' 9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:

9

Пәні:

Химия

Күні:

27.11.2015ж

Сабақтың тақырыбы

Азоттың периодтық жүйедегі орны, электрондық құрылысы, қасиеттері. Аммиак, аммоний тұздары. Азот оксидтері.

Мақсаты

Азот, аммиак және азоттың оттекті қосылыстарына сипаттама беру, білім негіздерін

қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің шыңдалуына мүмкіндік беру және оны дамыту. Оқушыларды бірлікке, жолдастыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер


А) теориялық білімді біледі, топтасып жұмыс жасайды, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады;

В) химиялық реакция теңделерін жазады, уақытты тиімді пайдаланады, бірін - бірі әділ бағалайды;

С) есептеулер кезінде химиялық теңдеулерін қолданады, алған білімдерін өмірде қолданады, сабақ барысы бойынша талдау жасап, кері байланыс орнатады,

Керекті жабдықтар

Интерактивтік тақта, слайдтар, мультимедиалық көрсетілім, суреттер, оқулық, қосымша әдебиеттер мен ресурстық қағаздар, постер, бояулар мен маркерлер, бағалау парағы, сабақ жоспары, магнит, скочь т.б.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Баяндау, «Диалогтық әдіс», талқылау, топтық жұмыс, оқулықпен, дәптермен және тақтамен жұмыс, тест тапсырмалары, бейне көрініс, «Блум таксономиясы», «Химиялық диктант», «Сәйкестендіру тесті», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «Эссе», «ББҮ кестесі», «Бағалау», «Жас ерекшелігіне байланысты білім беру», «Өкіл», «Ойлан. Жұптас. Бөліс», «Бағдаршам» т.б.

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру 2минут

Оқушылармен сәлемдесу, класс оқушыларын түгелдеу. Сыныптың оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топ жасақтау. Оқушылардың бар ынта-зейінің сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен, бағалау парағымен таныстырып өтеді. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды таратады.

Мұғаліммен сәлемдесу. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды баяндау, үйге қандай тапсырма берілгенін айту. Сыныптың сабаққа даярлығын баяндау. Сынып үш топқа бөлініп отырады. Топ басшылары тағайындалып, топ мүшелері қызметтерін бөліседі. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар мен ресурстық парақтарды таратады. Бар зейіндерін сабаққа аудара отырып мұғалімді тыңдайды. Жоспарға сәйкес тапсырмаларды орындауға көшеді.

Білу

«Шағын тест» 4минут

Үй тапырмасын тексеру: Күкірттің қосылыстары тақырыбында 2 нұсқада 10 сұрақтан тұратын шағын тест интерактивтік тақтадан беріледі және оқушыларға жеке-жеке таратылады. Тест тапсырмаларын белгілеуге кеңес береді.

Интерактивтік тақтадан тест тапсырмаларының жауабын көрсетеді.

Үй есептерінің шығарылуын дәптерлерінен, қастарына барып тексеріп шығады. Нәтижелерін топ басшыларына айтып, сәйкес ұпайларын жаздырады.

Оқушылар өткен тақырыптан алған білімдері бойынша таратылған шағын тест тапсырмаларын өзбеттерінше жекелей орындайды, жұбымен ауыстырып, интерактивтік тақтадан көрсетілген тест кілттері бойынша көршілерінің жұмысын тексереді. Топ басшысы бағалау критерийларына сәйкес бағалау парағына ұпайларын жазады.

Үй есептерінің шығарылуын дәптерлерін ашып мұғалімге дайындап қояды.

Негізгі бөлім


«Баян-дау»,


«Көрне-кілік»,


«Оқулық-пен, дәптер-мен жұмыс»,


«Муль-тимедия-лық көрсе-тілім»


6минут

Қызығушылықты ояту мақсатында жұмбақ қойылады: «Бірінші буыны көп сөзінің антонимі,

ал екінші буыны жануға қолданылатын зат».

Сабақтың тақырыбы: §16. Азоттың периодтық жүйедегі орны, электрондық құрылысы, қасиеттері. §17. Аммиак, аммоний тұздары. §18. Азот оксидтері.

Слайд арқылы басты-басты қысқаша ақпараттар беріп өтеді:


Көп сөзінің антонимі -аз, тілсіз жау -от, қосып оқысақ жауабы АЗОТ.

Оқулықтан сабақтың тақырыбын жазып алады.

Слайдта берілген мәліметтерді мұқият тыңдай отырып, дәптерлеріне түсіріп отырады.

Түсіну

«Ойлан, жұптас, бөліс» 4минут




«Өкіл» 8минут

1минут

Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту мақсатында әр топқа тақырыптар бөліп берілінеді:

І топқа. Азоттың алынуы, құрылысы, қасиеттері, қолданылуы

ІІ топқа.Аммиак, аммоний тұздары

ІІІ топқа. Азот оксидтері.

Топтарға нұсқау беріп, жұмыс барысын бақылап өтеді. Топтарды тақырыптарын түсіндіруге ортаға шақырады. Әр топтың қасына арнайы жақындап, баяндау барысын тыңдап, қателіктерін түзетіп жүреді. Топтарға басшылық және нұсқау жасап жүреді.

Баяндау барысын қарсы топтарға «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалатады.

Әр топ берілген тақырыптарды өзара меңгере отырып, топта өзара ой бөлісе отырып, ықшамдап постер парақшасына түсіреді. Топ мүшелер өзара келісе отырып постер қорғайтын оқушыларды анықтайды. Топ басшысы оқушылардың қатысына сәйкес бағалау парағына түсіріп отырады.

Үш топ постерлерін сыныптың үш бұрышына жапсырып, әр топтан бір немесе екі оқушы постерді түсіндіруге қаладыда, қалған топ мүшелері сағат тілі бағытымен келесі топқа барады. Үш топ өз тақырыптарын басқа топтан келген оқушыларға қатар түсіндіреді және келесі топқа ауысып отырады. Қайта өз орындарына келіп тапсырманы топта талқылайды.

Қарсы топтардың баяндау барысын алдарындағы қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелекшелерді көтеру арқылы сәйкесінше бағалайды. Топ басшылары постер қорғау барысындағы белсенділігіне сәйкес бағалау парағына ұпайларын жазады.

Қолдану


«Деңгей-лік тапсыр-ма» 6минут

Оқушылардың біліктілік деңгейлеріне байланысты «А», «В», «С» деңгейіндегі тапсырмалар беріледі. Оқушылардың есептер шығару барысын қадағалап, бақылап жүріп, кеңес беріп отырады.

Есептердің шығарылу жолдарымен шешімі жазылған парақшаны топтарға береді.

Әр бір оқушы өз мүмкіндіктеріне сәйкес деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Топ басшылары топ мүшелерінің тапсырмаларды орындау барысын тексере отырып, сәйкес ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Талдау


5минут

Жаңа материалды бекіту мақсатында әр топқа жеке - жеке тапсырмалар берілді:

І топқа. Химиялық диктант;

ІІ топқа. Венн диаграммасы;

ІІІ топқа.Сәйкестендіру тесті

Әр топ мүшелері берілген тапсырмаларды әуелі жекелей орындап, сосын топта талқылып, үздігі таңдалып, арнайы парақшаға түсіріліп, жалпы класқа баяндалынады. Топ басшылары бағалау критерийлеріне сәйкес ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Жинақ-тау


5минут

Сабақ барысы бойынша кері байланыс орнату мақсатында әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі:

І топқа. «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесі;

ІІ топқа. «Бес жолды өлең»;

ІІІ топқа. «Эссе»;

Әр топ мүшелері берілген тапсырмаларды әуелі жекелей орындап, сосын топта талқылып, үздігі таңдалып, арнайы парақшаға түсіріліп, жалпы класқа баяндалынады. Топ басшылары бағалау критерийлеріне сәйкес ұпайларын бағалау парағына түсіреді.

Бағалау


2минут

Топ басшыларына жалпы сабақ барысын бағалауға кезек береді.

Әр топтың топ басшылары бағалау парағына сәйкес топ мүшелерінің сабақ барысы бойынша жинаған ұпайларын және оны мектеп бағасына аудара отырып алған бағаларын баяндайды.

Қорытынды


2минут

Үйге тапсырма беріліп, оқушылар бағалары журналға түсіріледі. Құрал-жабдықтар мен ресурстық парақтар жинастырылады. Сабақ аяқталады.

Үй тапсырмаларын дәптерлеріне жаздырады. Бағаларын күнделіктеріне қойғызады. Қолданылған құрал-жабдықтар мен ресурстық парақтарды жинастырады. Мұғалімге көмектеседі. Мұғаліммен қоштасады.













БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Оқушылардың аты-жөні

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

Мектеп бағасы

1









2









3









4









5









6










Бағалау критерийлері

Блум

Сабақ әдістері

Критерий

Жоғарғы ұпай

Білу

Тест тапсырмасы 10 сұрақ

8-10 ұпай-3;

5-7 ұпай-2;

2-4 ұпай -1

3

Түсіну

Постер әзірлеу, қорғау

Өз ойын білдірді-1;

Өз ойын білдірді және оны фостерге түсірді -2;

Өз ойын білдірді, оны фостерге түсірді және қорғады -3

3

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар

А-1;

В-2;

С-3;

3

Талдау

Сабақты бекіту

Тапсырма толық дұрыс -3;

Жартылай дұрыс-2;

Тапсырманы орындауға кірісті, бірақ аяқтай алмады-1;

3

Жинақтау

Кері байланыс (рефлекция)

Белсенді-3;

Орташа-2;

Төмен-1;

3

Бағалау

Сабақты бағалау

4-7 ұпай -«3»;

8-11 ұпай-«4»;

12-15 ұпай-«5»;

15


Сәйкестендіру тесті

1

«+3» тотығу дәрежесін көрсетеді

А

NH3

2

Кеңістіктегі пішіне пирамида тәріздес түссіз газ

Ә

NH4OH

3

Табиғатта найзағай отында жүретін реакция нәтижесінде түзіледі

Б

(NH4)2CO3

4

Азот қышқылына алуда қолданылатын оксид

В

NO2

5

Бөлме температурасында айырылып, аммиак және көмірқышқыл газдарын түзетін қосылыс

Г

N2O3

6

Әлсіз, тұрақсыз негіз, фенолфталинді қызартады

Ғ

NO


Жауабы: 1-г, 2-а, 3-ғ, 4-в, 5-б, 6-ә;


ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

Азот (ІІ) оксиді Ұқсастығы Азот (ІҮ) оксиді



«БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ» (СИНКВЕЙН)

  1. Зат есім -1;

  2. Сын есім-2;

  3. Етістік-3;

  4. Тақырыпты ашатын сөйлем -4;

  5. Синоним-1;


«БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ» (СИНКВЕЙН)

  1. Азот

  2. Түссіз, иіссіз;

  3. Суда нашар ериді;

  4. Ағылшын ғалымы Д.Резерфорд ашты;

  5. Тіршіліксіз;

«ББҮ» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





Химиялық диктант

Азот ( ázōos - тіршіліксіз) - - ........, ........- суда аз еритін ....... . Азотты жылы ағылшын ғалымы ашқан. - ....... °C, - ....... °C. Азоттан басқа ол топшаны, Р, As, сурьма Sb және ......... Ві элементтері кұрайды. Азот бойынша ........ 78%-ын құрайды. Топырақта ......... күйінде кездеседі. Аммиа́к - NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - ....... иісті (мүсәтір спирті иісті) ....... газ. -33,40С температурады ......... айналады. Аммиактық 40%-тік ерітіндісі (.......... спирті) .............. және ............. кеңінен пайдаланылады.


Химиялық диктант

Азот ( ázōos - тіршіліксіз) - - түссіз, иіссіз, дәмсіз - суда аз еритін газ. Азотты жылы ағылшын ғалымы ашқан. - 196 °C, - 210 °C. Азоттан басқа ол топшаны, Р, As, сурьма Sb және висмут Ві элементтері кұрайды. Азот бойынша ауаның 78%-ын құрайды. Топырақта нитраттар күйінде кездеседі. Аммиа́к - NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ. -33,40С температурады сұйықтыққа айналады. Аммиактық 40%-тік ерітіндісі (мүсәтір спирті) медицинада және тұрмыста кеңінен пайдаланылады.



САБАҚ ЖОСПАРЫ (БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ)

Блум бөлімдері

Сабақ кезеңдері мен әдістері

Уақыты


Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, топ жасақтау т.б.

2 минут

1

Білу

Үй тапсырмасы (шағын тест)

4 минут


Мұғалім сөзі

Слайд арқылы негізгі ұғымдармен таныстыру, мультимедиялық көрсетілім

6 минут

2

Түсіну

Жаңа материалды меңгеру (Постер әзірлеу): «Ойлан. Жұптас. Бөліс», «Өкіл»

13 минут

3

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:«А», «В» және «С» деңгейлері бойынша

6 минут

4

Талдау

Жаңа материалды бекіту: «Химиялық диктант», «Сәйкестендіру тесті», «Венн диаграммамсы»

5 минут

5

Жинақтау

Кері байланыс: «Бес жолды өлең», «Эссе», «ББҮ кестесі»

5 минут

6

Бағалау

Сабақты бағалау

2 минут


Қорытынды

Үйге тапсырма беру, сабақты аяқтау

2 минут


Тест «Күкірттің қосылыстары»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал