- Учителю
- Урок по химии для 8 класса 'Ауа – газдар қоспасы'
Урок по химии для 8 класса 'Ауа – газдар қоспасы'
Сабақтың тақырыбы:Ауа - газдар қоспасы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:Ауа туралы білімдерін тереңдету, қорытындылау;
Дамытушылық мақсаты:Алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:Ауаны ластамаудың жолдарын қарастыру, денсаулығын сақтау, тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау.
Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Венн диаграммасы
2. Метанның озонмен реакциясы
3. Өткенді қайталау
1. Сұрақ - жауап
-
Химия нені зерттейді?
-
Зат , заттардың қасиеттері деген не?
-
Жай заттар деген не?
-
Күрделі заттар деген не?
2. Карточкамен жұмыс
-
Мұғалім элементтерді көрсетеді, оқушылар элементтің аты, оқылуы, латынша аты, салыстырмалы атомдық массасы, валенттілігін айтады.
б)Мұғалім элементтерді айтады, оқушылар карточкамен көрсетеді:
-
Тұрақты І валентті элементтер: . . . . . . . . . . . . .
-
Тұрақты ІІ валентті элементтер: . . . . . . . . . . . . . .
-
Тұрақты ІІІ валентті элементтер: . . . . . . . . . . . . .
-
Молекуладан тұратын элементтер нешеу: . . . . .
-
Газ күйіндегі:. . . . . . . . . . . . . . . . . . .
-
Сұйық күйдегі:. . . . . . . . . . .. . . . . . . .
-
Қатты күйдегі: . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Сұрақ - жауап
-
Валенттілік дегеніміз не?
-
Валенттілік арқылы химиялық формула құру
-
Химиялық формула деген не?
4. Жаңа сабақты түсіндіру
«Ауа - газдар қоспасы» деген тақырыпты өтеміз.
-
Ауа туралы не білесіңдер?
-
Ауаны өнеркәсіпте қандай газдарды алу үшін қолданады?Адам қалай тыныс алады?
-
Балықтар қалай тыныс алады?
Жаңа тақырыпты өз бетімен оқып, мазмұнын айту.
Төмендегі сұрақтар бойынша қысқаша жазып алу .
-
Ауаның құрамы?-
-
Ауаның құрамын зерттеген ғалым?
-
Ауада қандай кездейсоқ газдар болуы мүмкін?
-
Инертті газдардың ерекшелігі?
-
Тағы басқа қандай газдар таралады? Олардың зияны?
-
Ауаны зиянды газдармен ластамаудың қандай шараларын білесіңдер?
Қалпақ астында фосфорды жағу тәжірибесі туралы не айтасың
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
-
Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқылы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқылы, 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.
-
Адам бар жоғы 2 минут ғана дем алмай тұра алады.
-
Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін, шамамен, 1м3-де 2600 микроб, ал І ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген.
-
Нашар желдетілген бөлмедегі ауа құрамында 0,1% дан артық көмірқышқыл газы СО2 болады. Бұл адам үшін зиянды.
-
Қалалардағы зауыт, фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен, зиянды жағдайлардан өсімдіктердің зат алмасу процесі баяулайды. Мысалы: жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүрсе, қалада не бары 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
5. Сабақты бекіту
Тәжірибелік кезең:
-
Ауаны біз көреміз бе?
-
Ауаны естиміз бе
-
Ауаны сеземіз бе?
Сұрақтар:
-
Валенттілік дегеніміз не?
-
Валенттілік арқылы химиялық формула құру
-
Химиялық формула деген не?
-
Жану реакциясы деген не?
-
Күрделі заттар жанғанда не түзіледі?
-
Оксид деген не?
-
Оксидтерді атаудың әдістері?
-
Салыстырмалы молекулалық массаны табу ережесі?
-
Молярлық масса деген не?
-
Массалық үлес деген не? Табу формуласы?
-
Массалық қатынасты қалай есептейді?
Тапсырмалар:
№1
-
Алюминийдің жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!
-
Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір! С3Н6 және С7Н16
-
Азот (ІҮ) оксиді құрамындағы оттектің массалық үлесі қанша?
№2
-
Натрийдің жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!
-
Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір! С4Н10 және С6Н12
-
СО құрамындағы элементтердің массалық қатынасы қанша?
№3
-
Кальцийдің жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!
-
Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір! С5Н10 және С8Н16
3 -32 грамм метан СН4 жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының мөлшері?
№4
-
Фосфордың (Ү) жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!
-
Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір! С9Н18 және С2Н4
-
2 моль көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасы қанша? М-?
№5
-
Бордың жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!
-
Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір! С4Н8 және С6Н10
-
324 г күміспен әрекеттесетін озонның массасы қанша?
№6
-
Марганецтің (ҮІІ) жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата!
-
Күрделі заттардың жану реакциясын жазып теңестір! С3Н8 және С6Н6
-
24 г көмір жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының мөлшері қанша?
6. Сергіту сәті «Ойнайық та, ойлайық!»
-
Бірінші буыны көп сөздің антонимі
Екінші буыны "жалын" деген мағынаны білдіреді.
-
Тесік сумкаға суды қалай құюға болады?
-
Бірінші буыны зат есім сұрағы
Екінші буыны сан есім
Бұл қандай элемент?
-
Бірінші буыны «алға шық» дегенді білдіреді,
Екінші буыны сан есім
(буынға дұрыс бөлейік)
-
Ауа өкпеден еш кедергісіз еркін айтылатын дыбыс қалай айтылады?
7. Сабақты қорытындылау
-
Ауаның құрамы?
-
Ауаның құрамын зерттеген ғалым?
-
Ауада қандай кездейсоқ газдар болуы мүмкін?
-
Ауаны зиянды газдармен ластамау үшін сен не істер едің?
-
Оттектің табиғаттағы айналымы қалай жүзеге асады?
-
Өсімдіктер 1 жылда қанша оттекті бөледі?
8. Үй тапсырмасын беру