7


  • Учителю
  • Урок по химии для 8 класса 'Химиялық реакциялардың жіктелуі '

Урок по химии для 8 класса 'Химиялық реакциялардың жіктелуі '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың жіктелуі

Сабақтың мақсаты: жаңа білім беру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Химиялық реакциялардың жіктелуін түсіндіру.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сипатта

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ,жауап т.б

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық тапсырмалар т.б.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ мазмұнымен таныстыру

Химиялық реакциялардың түрлері

а) жылу эффектісі бойынша - экзотермиялық және эндотермиялық.

Экзотермиялық реакция нәтижесінде сыртқы ортаға жылу бөлінеді. Оған барлық қосылу реакциялары жатады. Қосылу реакциялары-екі немесе одан да көп жай немесе күрделі заттардан бір жаңа күрделі зат түзілетін реакция. Ал жарық бөле жүретін экзатермиялық реакцияға жану реакциясы жатады:

4 Р +5 О2 = 2Р2О5 + Q

Эндотермиялық реакциялар нәрижесінде сыртқы ортадан энергия сіңіріледі. Оған барлық айырылу реакциялары жатады:

Cu (OH)2 = Cu O + H2 O - Q

Реакция нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген энергия реакцияның жылу эффектісі деп аталады, ал жылу эффектісі көрсетілген теңдеу термохимиялық теңдеу деп аталады.

ә)берілген заттар мен түзілген өнімдердің саны және құрамы бойынша 1) айрылу реакциясы нәтижесінде бір заттан бірнеше эат түзіледі:

Са СО3 = СаО + СО2

2) орынбасу реакциясы нәтижесінде бір жай заттың құрамындағы атомдар басқа заттардың молекулаларының құрамындағы атомдардың орнын басады:

Zn + 2HCI = ZnCI2 +H2

3) алмасу реакциясы нәтижесінде екі зат құрамындағы атомдарымен немесе атом топтарымен алмасып екі жаңа зат түзеді:

AgNO3 +HCI = AgCI↓ +HNO3

Мұндай реакцияларда бастапқы заттар атомдармен немесе молекулаларының тұтастай бір бөліктермен алмасады. Орынбасу реакциясы мен алмасу реакциясы ұқсас болғанымен, айырмашылығы-орынбасу реакциясында жай заттың атомы қатысады. Ол күрделі заттың құрамындағы бір атомды алмастырады.

б) әрекеттесетін заттардың агрегаттық күйіне қарай:

1) гетерегенді - берілген заттар мен өнімдер әртүрлі агрегаттық күйде болады:

Ғе (қ) + Cu CI2(ер-ді)= Cu (қ) + Ғе CI2(ер-ді)

2) гомогенді-берілген заттар мен түзілген өнімдер бірдей агрегаттық күйде болады:

Н2(г) + СІ2(г) = 2НСІ(г)

в) өршіткі қатысына қарай:

өршіткі қатысуымен жүретін реакциялар катализдік реакциялар деп аталады. Барлық реакцияларға өршіткі қажет емес, дегенмен көптеген реакциялар өршіткі қатыспаса жүрмеуі мүмкін.

Катализдік: 2Н2О2 = 2 Н2 О + О2 ↑ (өршіткі MnO2)

Катализдік емес: S + О2= SО2

г) бағыты бойынша:

тек бір бағытта жүретін реакциялар қайтымсыз деп аталады:

H2SO4 + BaSO4 = BaSO4 ↓ + 2HCI

Бір мезгілде қарама-қарсы бағытта жүретін реакциялар қайтымды реакциялар деп аталады.

3H2 + N2 = 2 NH3

Реакцияның қайтымсыздығының белгісі-аз диссоцияланатын заттардың түзілуі.

д) элемент атомдарының тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша: тотығу-тотықсыздану реакциялары-элементтің тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар:

Ғе0 + 2H+ CI- = Fe +2 CI2- + H20

Дегенмен бір реакция әртүрлі белгісі бойынша бір мезгілде химиялық реакциялардың бірнеше түріне жатқызылуы мүмкін:

2SO2 + O2↔ 2SO3 + Q

Бұл реакция қосылу, экзотермиялық, тотығу-тотықсыздану, катализдік, қайтымды реакцияға жатады.

Жаңа сабақты бекіту

1-5 тапсырмалардыорындап сұрақтарға жауап беру

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал