7


  • Учителю
  • Разработка урока 'Электрохимический ряд напряжения металлов'

Разработка урока 'Электрохимический ряд напряжения металлов'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9-сынып химия


Сабақтың тақырыбы: Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.

Cабақтың мақсаты:

Білімділік: Металдардың химиялық қасиеттері туралы жеке тақырыптарда

алынған білімді бір жүйеге келтіріп тереңдету

Дамытушылық: Металдардың электрохимиялық кернеу қатары туралы ұғым қалыптастыру. Реакциялардың жүру жағдайлары жөніндегі

білімдерін нақтылап, біліктілігін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушылардың талдау,жинақтау қабылетін дамыту

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Оқытуәдістері: демонстрация,ізденіс, зерттеушілік.

Сабақтың көрнекілігі: тірек конспекті, электрондық оқулық, слайдтар.

1. Ұйымдастыру кезеңі (3-мин).

а) Сәлемдесу;

ә) Тренинг өткізу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Тест тапсырмалары арқылы. Металдар және оның физикалық қасиеттері

1. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері.

А) 90% Ә) 80% Б) 50%

2. Сілтілік металл

А) Li. Na. K.Rb. Cs. Fr. Ә) Li.Na.Ca. Mb. Al. Б) Na. K. Fr.Au. Al.

3. Жеңіл балқитын Ме

А) Күміс, сынап, мыс. Ә) Сынап, цезий, галий. Б) Сынап, қорғасын, алтын.

4. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын Ме

А) Ti. Ә) V Б) W

5. Негізгі топшаның Ме

А) s.d элементтер Ә) p.d элементтер Б) s.p элементтер.

6.Қосымша топшаның элементтері.

А) s.p Ә) d Б) p.d

7. Электр тогын ең күшті өткізетін Ме

А) Күміс, мыс, алюминий. Ә) Мыс, титан, алюминий. Б) Күміс, алтын, хром.

8. Ең жеңіл металдар

А) Литий, алюминий, титан Ә) Мыс, мырыш, алтын Б) Темір, натрий, хром

9. Балқу, қайнау, температуралары, қаттылығы төмен металдар.

А) Cu, AI, Ag Ә) Li, Na, Ba В)K, Zn, Cr.

10. Қай элементке сәй кескелетің электрондық формула

1s2 / 2 s 2 2 р6 / 3 s 2 3 р6 / 4 s 2А) Fr Ә) Ca В) K

ІІІ.Жаңа сабақты өздігінен меңгеру.Тірек конспекті арқылы жүзеге асады.

1. Металдар қосылыстарында қандай қасиет көрсетеді?----------------------------

І. Металдардың оттекпен әрекеттесуі.

2.Қандай металдар ауадағы оттегімен кәдімгі жағдайда тотығады?--------------

3.Қандай металдар кәдімгі температурада немесе қыздырған кезде баяу тотығады?------

4. Оттекте тотықпайтын металдар?-------------------------------------------------------

ІІ. Металдардың сумен өзара әрекеттесуі.

1.Қандай металдар кәдімгі температурада сумен өзара әрекеттесіп гидроксид Ме (ОН) П түзіп Н2 бөліп шығарады? ---------------------------------------------------

Мысал келтіру:--------------------------------------------------------------------------------

2.Қандай металдар қыздырған кезде сумен өзара әрекеттесіп металл оксидін МехОу түзіп Н2 бөліп шығарады? ----------------------------------------------------------

Мысал келтіру:--------------------------------------------------------------------------------

3.Қандай металдар сумен әрекеттеспейді?-------------------------------------------------

ІІІ. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі.

1.Қандай металдар сұйылтылған қышқылдармен (НNO3тен басқа ) әрекеттесіп сутекті ығыстырып шығарады? Мысал келтіру:--------------------

2.Қандай металдар сұйылтылған қышқылдардан сутекті ығыстыра алмайды. -----

3.Қыздырғанда конц, сұйылт.НNO3 және H2SO4 -пен әрекеттеседі.------------------

ІV.Металдардың табиғатта кездесуі.

1.Қандай металдар табиғатта тек қосылыстар түрінде ғана кездеседі?--------------

2.Қандай металдар қосылыстар құрамында және бос күйінде кездеседі?------------

3. Көбінесе бос күйінде кездеседі.-------------------------------------------------------------

4.Метал иондарының тотықтырғыш қасиеті қалай өзгереді?--------------------------

V.Металдардың алыну әдістері.

1.Қандай металдарды балқымасын электролиздеп алады?------------------------------

Мысалдар келтіру---------------------------------------------------------------------------------

2. Көміртегімен, көміртек (ІІ) оксидімен, алюминотермиямен тотықсыздандыру; тұздардың судағы ертінділерін электролиздеу арқылы қандай металдарды алады?---

IV. Өздік жұмыс деңгейлік тапсырмалар.

І-деңгей жеңілдетілген тапсырмалар.

1. Мүмкін болатын реакция теңдеулерін аяқтап теңестіріңдер.

Li+Н2О=

Sn+Н2О=

Cu+ Н2О=

Мg+H2SO4сұйылт=

Ag+HCI=

Zn+ O2=

2.Темір (ІІ) сулфаты мына металдардың қайсыларымен әрекеттеседі: алюминий, мыс , қорғасын? Жүретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

ІІ-деңгей білім стандартына сай тапсырмалар.

1. Азот және қышқылының металдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін

аяқтап электрондық баланыс әдісі арқылы теңестіріңдер?

Hg+НNO3конц =

Hg +НNO3сұйылт=

Си+H2SO4 КОНЦ =

2.Айналымды жүзеге асырыңдар.

Cu(ОН)2→CuO→CuCI2

Cu→Cu(NO3)2→Cu(ОН)2


ІІІ- деңгей күрделенген тапсырмалар.

6,9г қорғасынды концентрациялы азот қышқылында ертті. Алынған ертіндіден қорғасын (ІІ) нитратын бөліп алды. Оны термиялық айырғанда түзілген азот (ІV)оксидінің көлемін (қ.ж) анықтаңдар

Үй жұмысы: «Адам ағзасында қандай металдар бар, олардың маңызы қандай?» тақырыбы бойынша хабарлама дайындау.

§27 оқу мазмұндау. 165-166 бет 1-13 жаттығуды орындау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал