7


  • Учителю
  • Сабақтан тыс жарыс сабақ 1001 мақал, 101 жұмбақ

Сабақтан тыс жарыс сабақ 1001 мақал, 101 жұмбақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

"1001 мақал, 101 жұмбақ" сыныптан тыс топтық сайыс



Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыру; ойын элементтерін пайдалана отырып, білімдерін сынау; ал дамытушылық мақсаты мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.



Түрі: Топтық-дара сайыс



Пәнаралық байланыс: Физика, биология, география, қазақ тілі.



Өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. "1001 мақал, 101 жұмбақ" сайысы







  1. Ойтүрткі



  2. Жасырдым мен жұмбақтап



Тапқыр болсаң, ойлан, тап!





  1. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап!



  2. Ойжұмбақ



  3. Ойталқы



  4. Мақалшы мен жұмбақшыны анықтау

ІІІ. Қорытынды



І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Топтар есімінің шығу тарихы.

Бір күні бар элемент жиналды

(Кім біліпті, қайсысы сыйланбады, сыйланды?)

Кімнің бірінші маңызды екеніне

Жабылып жауап таппай қиналды.

Алғашқы боп сөз алған сутегі:

"Кестеде бірінші тұрған кім?" - деді,

"Тегін тұрмағанымды біл!" - деді.

"Отын да болам, ауа шары да

Ұшқың келсе, мін", - деді.

"Бомба болып жарыламы" -

Деп күш көрсетті,

Беріспейтін сұс көрсетті.



"Жақындасам жанып,

Су боларсың анық", -

Деп оттегі шыр етті, -

"Шмаңды білмейсің неғып?!

Мен болмасам тұншығып

Қараң болар тіршілік

Мен бар жерде мәз емес пе бәрі де

Отынын жанып, күл шығып

Екеуін тыңдап сайыста.



І. Ойтүрткі.



  1. Периодтық жүйеде элементтер қанша түспен бейнеленген? (3)



  2. Металдар периодтық жүйеде қандай түспен көрсетілген? (қара)



  3. АҚШ-тың есімі берілген элементті ата. (Америций)



  4. Скандинавия түбегінің жер көлемі арыстан тәрізді. Сол түбектің құрметіне сол мағынаны білдіретін қандай элемент бар? (Скандий)



  5. Еуразия материгінің бір бөлігіне орай аталатын элементті ата. (Еуропий)



  6. Көршілес Ресей мемлекетінің Ақтөбе облысына жақын қаласы периодтық жүйеде қалай аталады? (Самарий)



  7. Химия ғылымының атасының құрметіне аталған элементті ата. (Менделеевий)



  8. Адам өндіргенде өміріне қауіп төндіретін элемент? (Уран)



  9. АҚШ-ғы штат атауымен аталатын элементті ата (Калифорний)



  10. Оқушы құралына омоним бола алатын элемент (Бор)



  11. Орысша "қуаныштымын" деген мағынаны білдіретін элементті ата (Радий)



  12. Сұлулық әлемінің елі атанған ел атттас элементті ата. (Франций)





ІІ. Жасырдым мен жұмбақтап,



Тапқыр болсаң, ойлан, тап!





  1. Қандай сан оттектің аллотропиялық түр өзгерісінде жасырынған? (озон-он)



  2. Біз дем алатын қандай газдар қосапасынан балықшы құралын таба аламыз? (ауа-ау)



  3. Қандай элементтің бірінші буыны сұрайды, одан кейін санмен аяқталады? (не-он)



  4. Жұрт сөзінің қандай синонимі ең жеңіл инертті газ құрамында жүр (гелий-ел)



  5. Алдымен бір нәрсенің мөлшерін жалпы түрде сипаттайтын, соңғы буыны тілсіз жауды білдіретін жер атмосферасында ең көп тараған қандай элементті білесіз? (аз-от)



  6. Су тасқынының синонимі күкірт қатарындағы элементтердің біреуінің бастауы болып табылады? (сел-ен)



  7. "Жұмысты отты жігерлеп істеу керек", деп көпірді "А" элементі. Бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес, ойлаңызшы, бұл қай элемент? (оттегі)



  8. "Б" элементі қай металдың болсын орнын басуға әзір-ақ, бірақ қанша буырқанса да одан металл шығып көрген емес. Ойлаңызшы, бұл қай элемент? (сутегі)







Мақал айтып жарысайық,



Мақалшылар қалыспайық.

Металдар туралы мақал-мәтелдер





  1. (Алтын) тапсаң - санап ал.



  2. (Аu) еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген - шірітер.



  3. Мылтықтың (Аg күмісін) айтпа, тиісін айт.



  4. Арпа, бидай ас екен, (Аu, Аg) тас екен.



  5. Жылтырағанның бәрі (Аu) емес.



  6. Ақыл арымас, (Аu) шірімес.



  7. От (С) жейді, тот (Ғе) жейді.



  8. Ағаш кессең ұзын кес - қысқартуға оңай,



(Ғе) кессең қысқа кес - ұзартуға оңай.





  1. (Ғе) сіз халық, тұзсыз тағам болмайды.



10. (Ғе) қызған кезде соқ.

11. Келіні жақсы үйдің керегесі (Аu).

12. (Аu) шыққан жерді белден қаз.

13. (Болат) бүгілмес - шорт сынар.

14. Оқ жетпес жерге (қылыш) сілтеме.

15. Болмас іске (болат) бол.

16. (Қасықтап) жинап, шөміштеп төкпе.

17. Етік тіге алмаған (біз) таңдайды.

18. (Көсеуі) қысқаның қолы күйер.

19. Буынсыз жерге (пышақ) ұрма.

20. Қойдың сүті (қорғасын).

21. Тағасының (күмісіне) мақтанба,

Атыңның жүрісіне мақтан.

22. (Ине) өткен жерден жіп өтер.

23. Ескі мата бөз болмас, ескі (темір) біз болмас.

24. Өнерлінің қолы (алтын), өлеңшінің сөзі (алтын).



ІҮ. Полиглот.





  1. Тынысым, ырысым



Ол жоқ жерде,

Жойылмақ жүрісім. (оттек - )







  1. Машина мен трактордың жаны,



Қара металлургияның наны. (темір - )





  1. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық



Буланбас, қайнатсақ та отынды үйіп

Көрсететін суықты, жылуды анық,

Қандай зат - құрал жасар соны құйып. (сынап - )



  1. Осы затпен ескі үйді аластайды



Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. (күкірт - )





  1. Алғаш болды белгілі



Күнде қандай элемент

Одан кейін біз оны

Жерден зерттеп тауып ек. (гелий - )



  1. Табылса бұрын там-тұмнан



Қазір көп әрбір өлкеде

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде? (алюминий - )



  1. Иісі де, дәмі де жоқ, ұсталмайды,



Болмаса ол, жер бетінде өмір жоқ.

Ақыры жанған отың тұтанбайды

Қалады қарауытып, көмір боп шоқ. (оттек - )

8. Аспанда ай - әкім,

Жерде адам әкім. (күміс - )

9. Менделеев кемеңгерім

Өз орнымды белгілепті.

Мені қымбат демеңдер тым,

Затың нарқын ел біледі. (алтын - )

Биологиялық жұмбақтар

1. Теңіз орамжапырағы ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент? (иод)

2. Адам организмінде қай элементтің жетіспеуінен тіс кариесіне әкеліп соғады? (фтор)

3. Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций)

4. Терінің қышыма ауруына қарсы май жасалатын химиялық элемент? (күкірт)

5. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент? (калий)

6. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент? (мырыш)

Жұмбақтар. Ойталқы.



  1. Асыл тас немесе металдың өзінен жасалған құлаққа тағатын зат? (сырға)



  2. Көзіне асыл тас орнатылған металл бұйым, сақина? (жүзік)



  3. Қыздарға арналған сәндік үшін шашбауға тағатын әшекейлі алтын немесе күмістен жасалған бұйым? (шолпы)



  4. Шабуға, кесуге лайықталған қайқы құрал? (қылыш)



  5. Садақтың темір ұшы? (жебе)



  6. Батырлар киетін темір телпек? (дулыға)





Мақал-мәтелдер







  1. Пәлен жерде пақыр бар,



Іздеп барсаң мыс та жоқ.





  1. Көптің аузы - темір талқы.



  2. Келіні жақсы үйдің,



Керегесі алтын.





  1. Ағаш кессең ұзын кес,



Шаба келе қысқарар,

Темір кессең қысқа кес,

Соға келе ұзарар.



  1. Алтын ала білген,



Бөле де біледі.





  1. Алтын ерің арқа тисе,



Алтыннан ал да, отқа жақ.





  1. Көк темір - көре өлтірмес.



  2. Алтын жерге жатпайды



Жаман ұста суын таппайды.





  1. Тауып сөйлесең - күміссің,



Таппай сөйлесең - мыссың.





  1. Қойдың сүті - қорғасын



Қойды соққан оңбасын.





  1. Тағасының күмісіне мақтанба </</p>



Атыңның жүрісіне мақтан.





  1. Темірші - көміршіге үйір.

Ал, элементтерім!

Бос таласты қойыңдар.

Қысқасы бәріңнің де өз орның бар.

Дүние түгел сендерден құралады.

Білімді ғана мұны ұға алады!

Элементтер жым болды.

Химиктің айтқаны шын болды.



Сайысты қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтау.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал