7


  • Учителю
  • Альдегидтер. 11 сынып. КМЖ үлгісі

Альдегидтер. 11 сынып. КМЖ үлгісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: Сынып: 11 а,б Пәні: химия

Күні: 26.01.16 Пән мұғалімі: С.Б.Темиргалиева

Сабақ №37

Тақырыбы

§3.6 - 3.7. Альдегидтер және кетондар

Жалпы

мақсаты

Карбонилді қосылыстар, альдегидтер және кетондар, атаулары мен изомерленуі, құрылысы, алу жолдары, қасиеттері, қолданылуы туралы мағлұмат беру

Күтілетін нәтиже

А. Карбонилді қосылыстар, альдегидтер және кетондар, атаулары мен изомерленуі, құрылысы туралы біледі;

В. Альдегидтер және кетондардардың алыну жолдары мен химиялық қасиеттерін жаза алады;

С.Альдегидтер бойынша сандық есептер шығарып, дәлелдей алады;

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сандар сөйлейді», топтық, жұптық, жеке жұмыс, бағалау

Қолданылатын ресурстар

Презентация, оқулық, Д.И.Менделеев кестесі, үлестірме ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі







1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін

оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау.

Сәттілік тілеп, қол шапалақтау арқылы сабаққа ынталандыру, ынтымақтастық қалыптастыру

2.Топқа бөліну.

Қолдарына атаулар жазылған қағаз беріледі

Метаналь, құмырсқа альдегиді, формальдегид

Этаналь, сірке альдегиді, ацетальдегид

Пропанон, ацетон, диметилкетон

Бір қосылыстың 3 түрлі атауы бойынша 3 топқа бөлінеміз

1-топ. Метаналь, құмырсқа альдегиді, формальдегид

2-топ Этаналь, сірке альдегиді, ацетальдегид

3-топ. Пропанон, ацетон, диметилкетон



Сабаққа зейіндерін бағыттайды.







Оқушылар 3 топқа бөлінеді







Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Білім



Қызығушы

лық

тарын ояту

Миға шабуыл әдісін пайда

лану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар

Спирттер мен фенолдар тақырыбын «Сандар сөйлейді» әдісі бойынша тексереміз.

5, 2, 1 немесе 2-3-6, 2, 18, 1-2-3, 3, 10, 11, 5, 6-5-1, 70, 2-4-6

Енді, оқушылар, үй тапсырмасы бойынша мағлұматтарды еске түсіріп болсақ, топ аттарына назар аударайық

1-топ. Метаналь

2-топ. Этаналь

3-топ. Пропанон

Бұл топ аттарынан бүгінгі жана тақырыбымыздың қандай болатындығын болжауға бола ма?

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша қойылған сандық сұрақтарға жауап береді

Оқушылар бұл сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.

§3.6 - 3.7. Альдегидтер және кетондар

Түсіну

Оқулықпен жұмыс, топтық, жұптық жұмыс, флипчарт құру, постер қорғау. Тақырып мағынасын ашу

1-топ:Карбонилді қосылыстар, альдегидтер

2-топ:Альдегидтердің физикалық, химиялық қасиеттері

3-топ: Карбонилді қосылыстардың жеке өкілдері және оның қолданылуы

Ол үшін әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, сол тапсырмалар төңірегінде оқушылар талдайды, пікір-алмасу арқылы тапсырманы орындап түсінгендері бойынша флипчарт құрастырады

«Природа» әуенді слайд жайымен қосылады

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағына-

сын ашу, тақырыпты мең-

геру.Топпен жұмыс жасайды

Қолдану

Химиялық тест - жеке жұмыс, жұптық бағалау

Жаңа тақырыпты меңгерту үшін әр оқушыға химиялық тест орындату

1. Карбонилді қосылыстар нешеге бөлінеді? А. 4 В. 3 С. 2

2. Альдегидтерге қосылатын жалғау

А. -аль В. -ен А. -иль

3. Альдегидтер мен кетондардағы топ

А. карбоксил В. Карбонил С. гидроксил

4. Альдегидтерде изомерлену нешінші С-н басталады? А. 3 В.4 С. 5

5. Бутанальдің неше изомері бар?

А. 3 В. 4 С. 5

6. Карбонил тобындағы С атомының гибридтенуі А. sp3 В. sp2 С. sp

7. Кучеров реакциясы бойынша альдегид қай заттан алынады? А.метаннан В. ацетиленнен С. спирттен

8.Құмырсқа альдегиді А. газ В.сұйық С. қатты

9.Альдегидтерді анықтау үшін қолданылатын реактив?

А.Ag2O B H2 С. CuO

10.Ацетон қандай зат? А.тез тұтанғыш газ В.тез тұтанғыш қатты зат С.тез тұтанғыш сұйық



Оқушылардың мақсаты

жаңа тақырыпты меңгергендігін көрсету үшін химиялық тест орындау



1.С

2.А

3.В

4.В

5.А

6.В

7.В

8.А

9.А

10.С

Талдау

«Ойлан, бірік, бөліс» арқылы есеп шығару

Тақырыптың мағынасы мен идеясын талдау үшін әр қатарға тапсырма беріледі, әр қатар өз тапсырмасын орындаған соң араларынан 1 оқушы тақтада орындайды

Оқулық: А:188б-№10

В:188б- №7

С:188б -№8

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, тапсырмаларын бір -біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағынасын аша отырып өзара топпен талдайды

Жинақтау

Химиялық диктант арқылы сабақты жинақтайды

Тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты химиялық диктантты орындау арқылы жинақтайды:

Молекулаларында көмірсутек радикалдарымен байланысқан ............тобы бар органикалық қосылыстарды ...............деп атайды. Олардың ең қарапайым өкілі - ................ Альдегид тотығып ................, тотықсызданып ...................айналады. Альдегидтердің ............реакцияларының нәтижесінде пластмассалар алынады. Кетон-

дардың қарапайым өкілі ........... Өндірісте маңызы зор альдегидтер............., ..............болып табылады.

Оқушылар бірлесе отырып тақырыпты қорытындылайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау(2мин)

Бағалау парақшасын толтыру

Өзін өзі бағалайды

Рефлексия

Шапалақтау арқылы

Қатты, орташа, жай шапалақтау арқылы сабақты бағалау

Сабақты бағалайды







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал