- Учителю
- Ашық сабақ. 'Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс. '
Ашық сабақ. 'Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс. '
Сабақтың тақырыбы.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы
Генетикалық байланыс.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын,білімдерін тереңдету,шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын.Сабақ өтуде жаңа технология элементтерін жиі пайдаланамын.8-сыныпта өткізген '' Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
Сабақтың мақсаты; Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары (осидтер, қышқылдар, негіздер,тұздар жөніндегі) білімдерін тереңдету.Генетикалық байланыс жөнінде түсінік беру.
Оқушылардың өз бетінше еркін жұмыс жасауын,өзінің және өзгенің білім деңгейін бағалауға жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер;Д.И. Менделеевтің периодтық кестесі,оқулық, үлестірмелі материалдар,сызба -нұсқалар,дидактикалық материалдар,кесте.
1. Ұйымдастыру.Сынып 3 топқа бөлінеді.
2. Үлестірмелі тапсырмалармен жұмыс.
1 топпен, 2-3 топ оқушылармен үлестірмелі материалдар бойынша тапсырмалар берілді.
1-нұсқа.
1. Na2SO4 5. MgSO4 9. H3 PO4
2. HNO3 6. Cr(OH)3 10. CaO
3. Li OH 7. SO3 11. Ba(OH)2
4. MgO 8. FeCI3
2- нұсқа
1. K 3PO4 5. NaCI 9. AI(OH)3
2. NO 6. KOH 10. CuO
3. H3 PO4 7 . H2 SO3 11. CaCO3
4. CO2 8. BaO
1-тапсырма. Рет сандарымен берілген заттардың формуласының аттарын ата.
2-тапсырма .Берілген формулалардан оксидтерді,негіздерді, қышқылдарды,тұздарды жіктеп жаз.
3-тапсырма. 1-нұсқа. Мына қышқылдарға сәйкес оксид формулаларын жаз.
HNO3 , H 2CO3, H3 PO4 , H2 SiO3 , H2 SO4 , H2 SO3 , HMnO4.
2-нұсқа. Мына негіздерге сәйкес оксид формулаларын жаз.
NaOH KOH Ca(OH) Ba(OH) Mg(OH) Zn(OH) AI(OH)
Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу.
1-топ деңгейлік тапсырма орындайды.
Әр класты жіктеп,бірнеше мысалдар келтір.
Оксидтер Негіздер Қышқылдар Тұздар
Оксидтердің,негіздердің, қышқылдардың, тұздардың химиялық қасиеттерін жаз.
2-және 3-топ оқушылары тақтаға мысалдар жазады.
4. Бейорганилалық қосылыстардың генетикалық қатары.
1) Кітаппен жұмыс.Есептер жинағынан 4-150 тапсырма орындау.Әр топқа жеке тапсырма берілді.
1-топқа; C------->CO2------>H2 CO3--------> NaCO3
2-топқа; Ca------> CaО -------> Ca(OH)2--------CaСI2
Түзілген заттардың атын ата.
2) Жүзеге асатын реакция теңдеуін жаз және алынған өнімдерді ата.
3-топқа
А) Mg + H2 SO4-----> В) H 2 SO4 + HPO ------>
Ә) HCI + Hp-------> Г) Н 2СО3 + СаО -------->
Б) Н 3PO4 + CO2 -------------->
5. Топпен жұмыс. Оқушыларға тақырып ауқымында сұрақтар қою.
1.Бейорганикалық қосылыстар неше классқа бөлінеді?
2. Оксид дегеніміз не?
3. Негіз дегеніміз не?
4. Қышқыл дегеніміз не ?
5.Тұздар дегеніміз не ?
6.Индикатор дегеніміз не ?
7.Қышқыл ерітінділері индикаторларды қандай түске бояиды.?
8. Қышқыл ерітінділері индикаторларды қандай түске бояйды ?
9. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не ?
10. Химиялық реакцияның типтерін ата ?
11. Қышқылдардың жіктелуін айтып бер ?
12. Негіздер қалай жіктеледі ?
13. Тұздардың жіктелуін айтып бер?
Оқушылар білімін бағалау. Үйге тапсырма беру. «Оксидтер,негіздер, қышқылдар, тұздар, бойынша мәтін құрастырып келу.