7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара Білгір химик 8-сынып

Сыныптан тыс шара Білгір химик 8-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі









Сыныптан тыс шара.

«Білгір химик»

(8-сынып оқушылары арасында өткізілген химиялық сайыс)



Сыныптан тыс шара Білгір химик 8-сынып





















Химия-биология пәндерінің

мұғалімі: Елеусинова Н.Қ.













Сыныптан тыс шара «Білгір химик»

(8-сынып оқушылары арасында өткізілген химиялық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін сараптау, ойлау қабілетін және шығармашылықтарын дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайындай сыйынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар.

Қызығушылықты ояту. Оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін «Көрінбейтін бояу» тәжірибесін жасап көрсету.

Тәжірибе: «Көрінбейтін бояу»

Ақ қағазға фенолфталейннің 1 пайыздық ерітіндісіне батырып, қылқаламмен «Білгір химик» деп жазып тақтаға іліп қоямыз. Ақ қағаздағы спирт буланып кетеді де жазу бар екені байқалмайды. Тәжірибені жасар уақытта қағазға бүріккіш арқылы сілтінің ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Бұл сілтілік ортада фенолфталеиннің түсін өзгертуіне байланысты.

Жоспары:

  1. Химия-биология-медицина.

  2. Полиглот

  3. Тапқыр болсаң, тауып көр. (Химиялық жұмбақтар)

  4. Сенесің бе, сенбейсің бе? («Иә - жоқ» сұрақтары)

8 «а» және 8 «б» сынып оқушыларын топқа бөлу.

Әрбір турдың арасында қызықты тәжірибелер көрсетіледі.

I. Химия-биология-медицина. (Химиядан және биологиямен, медицинамен байланысты сұрақтар беріледі)

</<font color="#000000"> Медицина.

1. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады (Белсендірілген көмір)

2. Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент(бром)

3. Сүйекті қаптайтын элемент (кальций)

4. Терінің қышыма ауруына қарсы май жасалатын химиялық зат(күкірт)

5. 5% спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады(иод)

6. Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент(мырыш)

7. Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелік ванна(радон)

8. Пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылатын элементтер(титан, тантал)

Биология.

1. Теңіз орамжапырағы- ламинарияның құрамына кіретін, адам үшін маңызды элемент (иод)

2. Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады, адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады (натрий хлориді)

3. Адам ағзасының 60-65% құрайтын сұйық зат (су)

4. Темекі құрамына кіретін улы зат (никотин)

5. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент (калий)

6. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл (Тұз қышқылы)

7. Өсімдік жапырақтарына түс беретін элемент (магний)

8. Гемоглобин молекуласының құрамына қай элемент кіреді (темір)





Тәжірибе: «Жанбайтын орамал»

Орамалдың жанбайтындығын дәлелдеу үшін орамалды стақандағы суға салып шамалы сығады. Содан кейін екінші стақанда тұрған спиртке салып, оны да шамалы сығады. Енді орамалды химиялық қайшымен бір шетінен ұстап тұрып астынан от жағады. Оны әрлі-берлі қозғап, оның лапылдап жанғанын балаларға көрсетеді. Аздан соң жану тоқтап, от өзінен-өзі сөніпқалады. Бір ғажабы әлгі орамал жанбай қалады. Орамал алғашқы кезде қандай болса, жанғаннан кейін де сол қалпында қалады. Орамалдың жанбау себебі: орамалды суға батырғанда ол өзіне суды сіңіріп алады, содан соң жаққан кезде тек спирт жанып кетеді де, орамалдағы су кеуіп қалады.

II. Полиглот. (Жасырын элементтер беріледі, элементтің атын тауып, таңбасын жазып, үш тілде атау керек)

Келді кезек полиглотты шешуге,

Жауаптарды аударуға үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Ең көп ұпай, шәкірт саған несібе.Лтына

Кйниерм

Сүімк

Рсқоғаны

Ымс

Ктеот

Скует

Ыпасн

Мреіт

Йылақа













Тәжірибе: «Піскен жұмыртқаның қабығын сындырмай аршу...»

Бұл тәжірибені жүзеге асыру үшін алдымен шыны стаканға жартылай (жұмыртқа бататындай) НСІ ерітіндісін құямыз. Содан соң осы ерітіндіге бұрынырақ піскен жұмыртқаны саламыз салған кезде жұмыртқа стаканда тынымсыз қозғала бастайды. Бұл құбылыстың болу себебі жұмыртқаның сыртындағы СаСО3 тұз қышқылымен әрекеттесіп, соның нәтижесінде көмірқышқыл газының түзілуімен түсіндіріледі. Осы құбылыс нәтижесінде барлық СаСО3 тұз қышқылында еріп, жұмыртқаның қабығы аршылады. Содан соң жұмыртқаны стаканнан қысқышпен алып су құйылған стаканға саламыз.

2НСІ + СаСО3 → СаСІ2 + Н2О + СО2

III. Тапқыр болсаң, тауып көр (Химиялық жұмбақтар жасырылады)

1. Бірінші бөлігім «көп» емес, екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)

2. Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім, өзім химиялық қай элементпін? ( Неон)

3. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, «шипалы газ» деп те есептейді (Озон)

4. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз өткізгішпін. ( Мыс - сым)

5. Бірінші бөлігім «тасқын су» деген мағынада, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі, өзім химиялық элементпін ( Селен)

6. Өзім химиялық элементпін, егер алғашқы әрібім алып тасталса шаруашылық заттарын салатын ыдысқа айналамын (Фтор)

7. Кейде қатты тас тілген болаттан да,

Кейде жұмсақ қолға алсақ, қалады таңба.

Бар ма элемент осындай табиғатта,

Аташы, тағы ойланып ұзақ таңға? (Көміртек)

8. Екі элементтен тұрады,

Жыра, шұңқыр тұрағы.

Ол болмаса әлемде,

Барша тірлік қурайды (Су)

9. Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың (Ас тұзы)

10. Өзім газбын, менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (Оттек)





Тәжірибе: «Сіріңкесіз жағылған от»

Кішкене әйнек үстіне шамалы калий перманганатын салады да, оның үстіне бірнеше тамшы концентрациялы күкірт қышқылын тамызады. Бұл қоспаны темір қаңылтырға салады. Осы қоспаның айналасына ағаш жаңқаларын от жағатындай ошақ жасап үйеді, бірақ ағаш жаңқалары қоспаға тимейтіндей болуы тиіс. Онан кейін кішкене мақтаға спирт сіңіреді де, ошақтың үстіне жақындатып қоспаға тамызады. Қоспа от алып, ағаш жана бастайды. Оттың жану себебі - спирттің де қуатты тотығуынан болады.

IV. Сенесің бе, сенбейсің бе? Оқушыларға сұрақтар беріледі, олар иә немесе жоқ деп жауап береді.

1. Химия наны - күкірт қышқылы - иә

2. Озонның формуласы O3 - иә

3. Үйге жарық беретін элемент - Темір - жоқ

4. Аспан тасы аталатын элемент - Темір - иә

5. Сүйек құрамында сынап бар - жоқ

6. Адам тыныс алатын газ - сутек - жоқ

7. Оттекті ашқан ғалым Кавендиш - жоқ

8. Бактерицидтік қасиеті бар металл Күміс - иә

9. Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым ЛОМОНОСОВ - иә

10. Ең жеңіл металл Литий - иә

1. Айдахар бейнесіне ұқсайтын элемент Күкірт - иә

2. Адам шашында алтын бар - иә

3. Ас тұзының формуласы NaCl - иә

4. Период саны 3 - жоқ

5. Көмір қышқылының тұзы Сульфат - жоқ

6. Күміс қасық қараяды - иә

7. Сутекті ашқан ғалым Пристли - жоқ

8. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл Йод - иә

9. Ең қатты металл Литий - жоқ

10. Ең ауыр металл - Осмий - иә

Тәжірибе: «Отпен сурет салу»

Сурет салатын ақ қағазға калий селитрасының концентрациялы ерітіндісімен қылқалам арқылы сурет салынады. Бірақ суреттің ізі үзілмеуге тиіс. Сурет салынған сызық қағаздың шетіне шығып, аяқталады. Сол жерін қарындашпен белгілеп қою керек. Селитраның ерітіндісі кепкен кезде қағаз бетінде ешбір із байқалмайды. Тәжірибені көрсететін кезде қарындашпен белгіленген қағаз шетіне ағаш шоғын тигізеді. Осы кезде салынған суреттің кескіні бойымен қуалаған от суретті салып шығады. Бұл калий селитрасының айырылуына негізделген.

Қадыр Мырзалиев «Менделеев кестесі»

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,

Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.

Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,

Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.

Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,

Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.

Анау емес, мынау емес - Титан болу сырың ба?

О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?

Темірдей деп мақтаушы едік,

Темірдің де кезі өткен

Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.

Былқ етпейтін сабырлы да, салмақтысы болғасын,

Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.

Ал орынын сұрама сен,

Айтуға оны ұялам.

Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан

Элементтер ішінде де қатты сірә қақтығыс,

Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.

Күміс дейміз

Күмістің де өмір емес өмірі -

Екінші емес,

Үшінші емес -

Қырық жетінші нөмірі.

Қалай саған ұнай ма бұл?

Ұнаса егер, ал тыңда:

Жүлделі орын тимей қалған платина,

Алтынға!

Жетпіс сегіз,

Жетпіс тоғыз -

Екеуінің кезегі

Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.

Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,

Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен

Құрметті тор тимесе егер шын асылда барма айып?

Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.

Тәжірибе: «Үстел үстінде атқылаған вулкан»

Асбест торының үстіне қос хром қышқылы аммоний тұзын салып, сіріңке тигізеді. Сонда одан жан-жаққа жасыл түсті жалын шығара ұшқын атып, дыбыс шығарған вулкан атқылағандай әсері бар құбылыс байқалады. Химиялық реакция жүріп, алынған зат әлденеше рет көлемін өсіріп жасыл түсті күлге айналады. Бұл тәжірибені тау макетінің үстіне жасаса әлдеқайда әсерлі болады. Тұтандырмас бұрын бір-екі тамшы спирт тамызып қойған жөн. Ол қос хром аммоний тұзының тез тұтанып, бірден айырылуына мүмкіндік береді.

Әрбір тур сайын топтағы оқушылардың жауаптары тексеріліп ұпай сандары есептеліп отырады. Әрбір турдың арасында қызықты тәжірибелер көрсетіледі. Соңында ұпай сандары жоғары болған топ оқушылары жеңіске жетеді және екі топ оқушылары да марапатталады.

Рефлексия. Бүгін саған не ұнады? Не ұнамады?

Қорытындылау.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал