7


  • Учителю
  • Открытый урок 'Натрий және калий '

Открытый урок 'Натрий және калий '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий қосылыстарыСабақтың мақсаты: 1. Металдар жөнінде алған теориялық білімді нақтылау, натрий және калий қосылыстарын табиғатта таралуы, қолданылуы, физикалық, химиялық қасиеттері жайлы білім беру. 2. Шығармашылық ізденістерін,
предварительный просмотр материала


10 сынып.


Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий қосылыстары

Сабақтың мақсаты: 1. Металдар жөнінде алған теориялық білімді нақтылау,

натрий және калий қосылыстарын табиғатта таралуы,

қолданылуы, физикалық, химиялық қасиеттері жайлы

білім беру.

2. Шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын, пәнге,

білімге қызығушылықтарын арттыра отырып өз бетімен

білім ала білуге тәрбиелеу.

3. Өз бетінше ойлап , өз ойларын ғылыми түрде жеткізу

дағдысын, жан-жақты білімдерін дамыту.


Сабақтың типі: Аралас сабақ (түсіндіру, салыстыру, қорытындылау).


Құрал-жабдықтар: Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған

периодтық жүйесі; негіздердің, қышқылдардың және

тұздардың судағы ерігіштік кестесі; 1-10 кестелер;

реактивтер; сынауқтар.


Күтілетін нәтиже: 1. Натрий және калий қосылыстарының қасиеттерін сипаттай

білу.

2. Өзгерістер тізбегін, химиялық реакциялар теңдеулерімен

жаза білу.

3. Есептерді шығара білу.

4. Теориялық білімдерін жүйелей білу.


Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау стратегиясы.

Үй жұмысын тексеру: 1. Есеп №6 152 бет.

2. Блиц сұрақтар. (14 сұрақ)


1.

1. Периодтық кестеде неше металл неше бейметал бар? (87м, 22бм)

2. Металдар қандай топтарда орналасқан? (І, ІІ, ІІІ)

3. Ең ауыр металл? (осмий)

4. Ең жеңіл металл? (литий)

5. Ең қатты металл? (хром)

6. Электролиз дегеніміз не?

7. Атом радиусының өлшем бірлігі? (нм)


2.

1. Металдарға тән қасиеттерді ата.

2. Ең жұмсақ металдар? (сілтілік м)

3. Ең иілгіштік металл? (алтын)

4. Тығыздығы жоғары металдар? (тантал, вольфрам)

5. Электроттық потенциал дегеніміз не?


6. Иондану энергиясының өлшем бірлігі? (кДж/моль)

7. Д.И.Менделеев болжап ашқан №87 элемент қалай аталады? (франций)


3. Венн диаграммасын құрастыру.

K

Na

ІІ. Мағынаны тану. Топтастыру стратегиясы.

Дәптерге кесте сызу.


Қосылыстың ф-сы

Аталуы

Қолданылуы.

NaCl


натрий хлориді

(ас тұзы)

тамақты тұздауға, консервілеуге

тоңазытқыш ретінде

қолданылады.

Na2CO3

натрий карбонаты

(кальцейленген сода).

сабын қайнатуда, мата, тері шыны өндеуде, дәрі-дәрмек өнеркәсібінде.

Na2SO4

натрий сульфаты

шыны, сода өндеуде

КNO3

калий селитрасы

күрделі тыңайтқыш ретінде қолданылады.

K2CO3

калий карбонаты

оптикалық шыны.

KMnO4

калий перманганаты

(марганцовка)

медицинада дәрі ретінде, лабораторияда оттек алу үшін қолданылады.

ІІІ. Зертханалық жұмыс.

Натрий және калий қосылыстарын анықтау.

Реакция теңдеулерін молекулалық, иондық, қысқартылған иондық теңдеуін

жазу.


IV. Есептер шығару. Білімді жүйелеу стратегиясы.

Есеп №1 Натрий тобына.

Натрий гидроксидінің балқымасының электролиз сызбанұсқасын құрындар.


Есеп №2 Калий тобына.

калий хлоридінің ерітіндісінің электролиз сызбанұсқасын құрындар.


Есеп №3 Натрий тобына

Натрий гидрокарбонатындағы натрийдің массалық үлесін есепте.


Есеп №4 Калий тобына

Калий перманганатындағы калийдің массалық үлесін есепте.

V. Қорытындылау бөлімі. Білімді қорытындылау стратегиясы.

Сабақ соңында оқушылардың берген жауаптары бағаланады.


VI. Үйге тапсырма беру.

№ 1,2,7- есептері

№6.4 тақырып.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал