- Учителю
- Сабақ жоспары .Көміртек.9 сынып
Сабақ жоспары .Көміртек.9 сынып
Сыныбы 9«а» |
Күні | ||
Тақырыбы
|
Көміртек және оның қосылыстары | ||
Мақсаты
|
Көміртек және оның қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алыну әдістері туралы оқып үйрену | ||
Күтілетін нәтиже |
А деңгейі- Көміртек туралы біледі. | ||
В деңгейі - Атомдық құрылысы бойынша аллотропиялық түр өзгерістерінің айырмашылығын анықтайды | |||
Сдеңгейі- Қосылысқа тән химиялық теңдеулер жазып ,сан есептерін шығарады. | |||
Дереккөздер, құрал-жабдықтар |
Оқулық: Н Нұрахметов К Сарманова К Жексембина Алматы «Мектеп» 2009 ж Химия 9сынып оқулығы
| ||
Сабақтың барысы |
Уақы-ты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Кіріспе
Үй тапсырмасын тексеру |
5 мин
8 мин |
Ұйымдастыру кезеңі; 1. Химиялық элемент фосфордың қазақша, орысша, латынша
атауы. (фосфор, фосфор, фосфорум) |
Амандасады. Сабаққа даярланады.
Тестті орындайды және оны интер белсенді тақтадан тексеру арқылы өз-өздерін бағалайды |
Тұсаукесер
|
2 мин |
|
Оқушылар дәптерлерін ашып жаңа сабақты жазып алады. Сұрақтарға жауап береді |
Негізгі бөлім
Мағынаны тану |
20мин |
Тақырыпшаларды топтарға бөліп беру.Сабақ мақсатымен таныстыру,сабақ барысына басшылық жасап отыру.Топтардың пікірін қортындылап отыру.Жаңа сабақты «Джиксо» әдісімен өткізуді тапсыру. Соңынан жауаптарын қадағалап тексеру 1 топ-Географтар 2 топ-Химиктер 3 топ- физиктер 4 топ-Биологтар Көміртек - тіршілікке тірек, өмірге өзек элементтердің бірі. Оның қай уақытта, қалай табылған мерзімін дәл баса айту қиын. 1781 жылы француз ғалымы А. Лавуазьенің «Жай денелер кестесі» деген еңбегінде көміртекті латынша «карбонум, карбо - көмір» деп жазған. Бұдан көміртектің элементтік табиғатын алғаш дәлелдеген француз ғалымы А. Лавуазье деген қорытынды шығаруға болады. Орысша «углерод» деген атауды 1824 жылы орыс ғалымы М. В. Соловьев, ал 1928 жылы «көміртегі» деген атауды аудармашы Р. Бөкейханов пайдаланды.
|
Тақырыпты топ ішінде оқып шығады,топ ішінде ақпаратты талқылайды,топ мүшелері қызметтерін бөліседі,өз пікірлерін,ескертпелерін топта талқылайды Барлығы қорытқан ойларынан шыққан шешімдерін постерге түсіреді. Оны топпен қорғайды.қарсы топтың жұмысына пікір айтады.Нәтижесін класпен талқылайды.Анықтамалар,термин сөздерді дәптерге түсіреді.Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау.
|
Қорытынды
|
15 мин
|
Сәйкестендіру тесті. 2.Білімімізді тексерейік 3.Ойлан тап «Жоғалған формулалар»(слайдта) |
Тестті орындайды.Кері байланыс парағын толтырады |
Сабақтың талдауы
|
| ||
Сабақ бойынша өзгертулер
|
|