- Учителю
- План урока 'Оксид' (8 класс)
План урока 'Оксид' (8 класс)
Автор: Қанатов Нұрталап химия пәнінің мұғалімі
№ 220 орта мектеп Арал қаласы
2014-2015 оқу жылы
Пәні
Химия
Сынып
8
Күні
Тақырыбы:
Оксидтер
Мақсаты:
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класы оксидпен танысу. Олардың жіктелуі арқылы бір-бірінен айырмашылығын талдауға, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.
Міндеттері:
-
Бейорганикалық қосылыстардың жай заттардың бір-бірімен және жай заттармен күрделі заттардың химиялық әрекеттесуін түзілуін білу;
-
Химиялық қасиеттерін айта отырып танымдық қабілетін арттыру;
-
Сыни ойлауға және қарым-қатынасқа баулу.
Күтілетін нәтиже:
-
Жай және күрделі заттардың ерекшеліктерін біледі;
-
Бейорганикалық қосылыстардың құрамын зерттеуді үйренеді;
-
Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
-
Өзіндік ой қорытуға, тұжырым жасауға дағдыланады.
Түйінді түсініктер
Металл, бейметалл, оксидтер,
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
Сабақ кезеңдері, модульдер
Мұғалім әрекеті
Тапсырма мазмұны
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурстар
І. Ұйымдастыру
(Оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып-үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді)
-
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
-
Білім беру үшін бағалау мен оқуды бағалау;
-
Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа даярлығын қадағалау. Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою. Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушылардың артына 3 түрлі түстегі стикерлерді жабыстыру арқылы топтастыру.
І топ. «Негіздік оксид»
ІІ топ. «Қышқылдық оксид»
ІІІ топ. «Екідайлы оксид»
Артында жабыстырылған стикерге жазу арқылы тобын табады. Сабаққа даярланады, жинақталады, сабаққа кіріседі. Әр топқа топ ережесін бекіттіру.
Оқу құралдары. Топқа бөлінуге қиындылар.
ІІ. Негізгі бөлімі
(оқушылардың тарау бойынша оқып-үйренген білімдерін қорыту)
-
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
-
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
-
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
-
Білім беру үшін бағалау мен оқуды бағалау.
ІІІ.Сергіту сәті
(Физ. Мин)
ІV. Зерттеу бөлімі
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
Топтағы оқушыларға бағыт-бағдар береді.
Өз ойларын жазып, қорытуға бағыттайды.
Зерттеуде ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады. Ой қорытуға бағыттайды. Қосымша ресурстар таратады.
І тапсырма.
«Дайындал.. Назар сал...Оқыңдар» әр топ барлық терминмен танысады және топта талқылайды.
ІІ тапсырма.
Әр топқа тапсырмалар беріледі:
-
Презентациялау (оксидтерді)
-
Суреттеу
-
Талдау
-
Дәлелдеу
ІІІ тапсырма.
-
Шығармашылық жұмыс
.
№ 3 зертханалық жұмыс.
Бейорганикалық қосылыстарды химиялық реактивтердің көмегімен алады. Қорытындысын шығарады.
Жеке және топтық жұмыс.
Тақырып бойынша материалдармен жұмыс жасайды.
Топтық жұмыс. Топта жұмыс жасайды және қорғайды.
Жеке жұмыс жасайды.
Жұппен жұмыс жасайды.
Ынталандыру (смайлик арқылы)
Ынталандыру (смайлик арқылы)
Ынталандыру (смайлик арқылы)
(критерилер бойынша: 1. Суретпен дұрыс сипатталуы.2Химиялық құрамы анықталуы3. Қорытындының болуы)
Дидактикалық материалдар.
Видео көрсетілім
Қосымша ресурстар.
Зертханалық жұмысқа нұсқау карточкасы
Зертханалық жұмысқа қажетті ыдыстар мен реактивтер.
V. Сабақты қорытындылау
(оқушылардың оқып үйренгендерінің нәтижесін бағалау)
-
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
-
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
-
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
-
Білім беру үшін бағалау мен оқуды бағалау.
Бүгінгі сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беріледі.
Сабақтан алған әсерін жазып көрсетуге стикер таратады.
Үйге тапсырма:
Кестемен жұмыс жасау
Рефлексия: «Бүгінгі сабақтан алған әсерім».
Блоб ағашы бойынша жүзеге асырылады.
Әр оқушы жинаған смаилигін тақтаның жанында тұрған плакаттағы өз есімін тауып соның тұсына іліп кетеді. Смайлик пен зертханалық жұмыстың нәтижелерін ескере отырып, жиынтық бағаны мұғалім шығарады.
Бағалау парағы, Блоб ағашы, стикер.