- Учителю
- Азот оксидтерінің химиялық қасиеттері
Азот оксидтерінің химиялық қасиеттері
Автор публикации: Нурмаксутова Г.Т.
Дата публикации: 07.05.2016
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
Азот оксидтері.
Азот алты оттекті қосылыс түзеді ,олардағы тотығу дәрежесі +1-ден +5-ке дейін өзгереді.N2O, NO, N2O3 , NO2 , N2O4 ,N2O5 .Азот тікелей оттегімен әрекеттескенде тек қана азот (II) оксиді NO түзіледі,қалған оксидтері жанама жолмен түзіледі.N2O мен NO -тұз түзбейтін ,қалғандары - тұз түзетін оксидтер. Азот оксидтерінің ішінде азот қышқылы өндірісінде аралық өнім болып саналатын азот (II) және азот(IV) оксидтерінің маңызы зор .
Азот (II) оксиді (NO - суда нашар еритін (оны судың үстінде цилиндрге жинауға болады)түссіз газ.Азот (II)оксидіне тамаша қасиет тән -ауадағы оттегімен тікелей әректтесіп қоңыр газ-азот(IV)оксидін түзеді:
2NO+O2=2NO2
Лабораториялық жағдайда азот(II) оксидін сұйытылған азот қышқылы мен мыстың әрекеттесуі арқылы алады:
3Cu+8HNO3=3Cu(NO3)2+2NO +4H2O
Cu-2e-=Cu2+ 2
N+3e-=N 3
Азот (II) оксидін және де платина катализаторымен аммиактағы ауадағы оттегімен тотықтыру арқылы алады.Ол әрдайым нажағай кезінде электр зарядының әсерінен ауада түзіледі.
Азот (IV)оксиді NO2-ерекше иісі бар қоңыр түсті газ,ауадан ауырлау ,улы ,тыныс жолдарын тітіркендіреді.
Лабораториялық жағдайда NO2-ні концентрлі азот қышқылы мен мыс әрекеттескенде :
Cu+4HNO3=Cu(NO3) 2+2NO2 +2H2O
Cu-2e-=Cu2+ 2
N+e-=N 3
немесе крисстал қорғасын нитратын қатты қыздыру арқылы алады:
2Pb(NO3)2=2PbO+4NO2+O2
Азот (II) оксидімен оттегі әрекеттескенде азот (IV)оксидінің түзілетіндігі жоғарыда айтылған болатын.
Азот (IV)оксиді түссіз сұйықтық -азот оксидініңдимерін түзіп димеризациялануға ұшырайды.
2NO2=N2O4
Реакция қайтымды.-110С-де тепе-теңдік іс жүзінде толығымен N2O4
(NO2димеризация),түзілу бағытына ,ал 140 С-те NO2(N2O4 термиялық диссоциациясы )түзілу бағытына ығысады.Аралық температураларға
NO2 менN2O4 молекулаларының арасында тепе-теңдік қалып тән болады.
Осы жағдайда екі NO2 -молекуласынан ірілеу N2O4 молекуласының түзілуі -димеризациялануы іске асты .Полимеризациялау процесінің органикалық химияда өте үлкен ролі бар .
Азот (IV)оксиді сумен әрекеттескенде азот және азотты қышқыл түзіледі.
+4 +5 +3
2NO2+H2O=HNO3+HNO2
+4 +5
N-e-=N
+4 +3
N+e+=N
+4 +5 +3
2N = N+ N
HNO2-әсіресе қыздырғанда тұрақсыз.Сондықтан NO2 -ні жылы суда еріткенде азот қышқылы мен азот оксиді түзіледі.
+4 +5 +2
4 NO2+ H2O= 2HNO3+ NO
+4 +5
N-e-=N
+4 +2
N+2e-=N
+4 +5 +2
3N+O2= 2N+ N
Оттегі артық болғанда тек қана азот қышқылы түзіледі
+4 0 +5 -2
4NO2+2H2O+O2=4HNO3
+4 +5
N-e-=N
0 -2
O2 +4e-=2O
+4 +0 +5 -2
4N+O2= 4N+2O
Азот оксиді күшті тотықтырғыш ,онда көмір ,фосфор ,күкірт жанады ,ал күкірт (IV)оксиді күкірт(VI)оксидіне дейін тотығады.