7


  • Учителю
  • Урок по химии на тему ' Қазақстандағы мұнай, газ, таскөмірдің кен орындары' 11 класс

Урок по химии на тему ' Қазақстандағы мұнай, газ, таскөмірдің кен орындары' 11 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

11- класс

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы мұнай, газ және көмірдің негізгі кен орындары.

Мақсаты: Еліміздегі көмірсутектердің табиғи шикізат қорының құрамы, таралуы, мөлшері мен өңдеу әдістерінің қоршаған ортаға әсері туралы толық мағлұмат беру.

Міндеттері:

Білімділік: Блум таксономиясын қолдану арқылы, ақпаратты алу, түсіне отырып, оған сараптама жасау, пікір айту, зерттей білу, баға бере білу және технологиялық білім негіздерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Топтық, жеке жұмыстарды орындауда жауапкершілік, ыждағаттылық, өзгенің пікіріне құрмет, проблеманың шешімін таба білу, қоршаған ортаға сүйіспеншілік таныту қасиеттері арқылы, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Қазіргі замануи технологияның мәнін түсіну, өндірістің жұмысын жан - жақты зерттеу арқылы, оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой - өрісін және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: география, экология

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: АКТ, сын тұрғысынан ойлау (Блум токсономиясы), ОҮБ және ОБ, диалогтық оқыту.

Құрал - жабдықтар: ҚР экономикалық картасы, модель дайындауға қажетті шарлар мен өзектер.

Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту. Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады. Әр топтың алдында өзектер мен шарлар берілген, оқушылар өздеріне берілген көмірсутек модельдерін дайындайды (1-минут). Әр топ берілген көмірсутекке презентация дайындайды және ұсынады (2 минут + 2 минут). Оқушылардың назарын тақтаға аударып, «Көмірдің жер қыртысында түзілуі» бейне материалын көрсету (1-минут). Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып, мақсатымен таныстыру.

ІІ Мағынаны тану. 1. Оқушылар мәтінмен танысады. Оқиды. (3 минут). Оқығандарын топта талдайды (4 минут) (Блум таксономиясы: Білу және түсіну). Оқушылар төмендегідей сұрақтарды талқылайды.

1. Таскөмірді өндірудің ашық және жабық әдістерін қалай түсінесің?

2. Табиғи газды тиімді отын ретінде бағалау себептері?

3. Таскөмір өндіруден елімізде 1- орын алатын кеніш?

4. Мұнайдан алынатын негізгі өнім бензин сапасы қалай өлшенеді?

5. Қазақстаннық мұнай мен газға бай өңірі?

6. Жоғары сапалы таскөмір антрацит пен қоңыр көмірдің айырмашылығы неде?

7. Қазақстанда ең алғаш мұнайдың өндірілуі?

8. Қазақстан осы табиғи шикізаттарды тек экспортқа жібере ме?

І. Іскерлер тобы. (Блум таксономиясы: Қолдану). Оқушылардың алған теориялық білімдерін қолдана алатындығын тексеру.

Көмірсутектердің химиялық процестердегі айналымын жүзеге асыра білу, теориялық білімін іс жүзінде қолдану, яғни есеп шығару.

№1 тапсырма

5 кг антрацитті жаққанда 8,96 л көмір қышқыл газы (қ.ж. түзілді. Антрациттегі көміртектің массалық үлесін есепте.

№2 тапсырма

Құрамында 90% метаны бар табиғи газдың 400 л жағуға жұмсалатын ауаның көлемін (ауадағы оттектің көлемдік үлесі 0,2) (қ.ж.) есепте.

№3 тапсырма

Октанның 28.5 грамын термиялық крекингілеу кезінде алынған өнімге бром суымен әсер еткенде алынатын ақырғы өнімнің массасын есепте.

№4 тапсырма

3 пропенді гидрлеу нәтижесінде алынған пропанды жағуға жұмсалатын оттегінің көлемін (қ.ж.) есепте.

ІІ Технологтар тобы. (Блум таксономиясы: Талдау). Оқушылар ойларын топтық талқыға салады.

Талқылайтын тақырып: Қазақстан көмірсутектердің табиғи көздеріне бай, дегенмен.... (айтар ой)

ІІІ. Зерттеушілер тобы. (Блум таксономиясы: Жинақтау).

Оқушылар мәселені шешудің жолдарын көрсетіп, өзіндік ойларын түйіндейді.

Қазақстандағы мұнай, газ жән тас көмірдің қазіргі кездегі қоры туралы, оларды өңдеу кезіндегі табиғатқа, қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмау шараларының қаншалықты жүзеге асырылып жатқандығын зерделеп, түйінді ой жасау.

ІV Сарапшылар тобы. (Блум таксономиясы: Бағалау). Оқушылар айтылған пікірлердің құндылығын, қажеттісін атап, өз пікірлерін білдіре отырып бағалайды. Еліміздегі көмірсутектердің табиғи қорларының сапасын, мұнай мен тас көмірді өңдеудің технологиясына өз пікірлерін қосып, баға беру.

ІІІ Рефлексия

Оқушылардан кері байланыс алынады. Сабақтағы сәтті немесе сәтсіз тұстарын жазады. Оқушылар өзін - өзі бағалайды.



Үйге тапсырма: 2.15-2.19 қайталау

Есептер жинағынан №5. 50 - 5. 53





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал