7


  • Учителю
  • Поурочный по химии на тему 'Спирты' (9 класс)

Поурочный по химии на тему 'Спирты' (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пән: химияСабақтың тақырыбы: Спирттер, гомологтық қатары, изомерленуі Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға оттекті органикалық қосылыстар, спирттер, олардың қасиеттері жайлы түсіндіре отырып, олардың қарапайым өкілдерінің қасиеттерін оқыту. Дамытушылық: ой - өріс
предварительный просмотр материала

Сынып: 11 а лицей

Күні: 09.01.15 жыл

Пән: химия

Сабақтың тақырыбы: Спирттер, гомологтық қатары, изомерленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға оттекті органикалық қосылыстар, спирттер, олардың қасиеттері жайлы түсіндіре отырып, олардың қарапайым өкілдерінің қасиеттерін оқыту.
Дамытушылық: ой - өрісін, танымдық көкжиегін жаңа технология элементтерін қолдана отырып кеңейту, тапсырмалар көмегімен белсенділігін арттыру, бағыт - бағдар бере отырып, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, ұжым арасынан өз ойын ашық жеткізуге, өз өздерін басқаруға тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп оқыту технологиясы, есептер шығару.
Сабақтың байланысы: күнделікті өмірмен, медицинамен, физикамен, математикамен;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысып, дайындығын ұйымдастыру, сыныпты жұпқа бөлу, сабаққа назарын аудару.
Бұл сабақ дәстүрден тыс болғандықтан алдымен жаңа сабақ қысқаша түсіндіріледі.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар оттекті органикалық қосылыстар тақырыбына арналған өздік жұмыстар орындайды.


ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
Бұған дейін сендер құрамында тек қана екі элемент: көміртек пен сутек атомдары кіретін органикалық қосылыстар - көмірсутектермен таныстыңдар. Молекула құрамына: көміртек пен сутектен басқа оттек атомдары кіретін көптеген органикалық қосылыстар белгілі.
Оттекті органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен олардың маңызды өкілдері төменде көрсетілген. Бүгінгі сабақта біз осы қосылыстардың спирттер класына тоқталамыз. Спирттердің құрамында гидроксил тобы болады. Гидроксил тобы - спирттердің функционалдық тобы. Функционалдық топ - заттың осы класына тән химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобы.
Құрамындағы сутек атомдары бір немесе бірнеше гидроксил топтарымен алмасқан көмірсутектердің туындылары спирттер деп аталады.
Спирттер құрамындағы гидроксил топтарының санына байланысты біратомды және көпатомды болып бөлінеді:
Метил спирті (метанол) СН₃ОН. Өзіне тән иісі бар, түссіз сұйық зат. Өте улы. Көз жүйкесіне әсер етеді. Аздаған мөлшері соқыр етеді, тіпті адамды өлтіріп те жібереді.
Этил спирті (этанол) С²Н⁵ОН Өзіне тән иісі бар, түссіз сұйықтық, суда жақсы ериді. Этил спирті адам организміне зиянды әсере етеді. Спирт мидың қызметін тежеп, оның жүйке клеткаларын уландырып, адамның ойлау қабілетін төмендетеді. Этил спиртін жиі қабылдау адамдарды алкоголизм ауруына душар етеді.
Этил спиртінің алынуы:
1. Құрамында қанты бар заттар ашығанда этил спирті түзілетіні
С₆Н₁₂О₆ →2С₂Н₅ОН + 2СО₂
Этиленді гидраттау арқылы этанол алуға болады:
СН₂=СН₂ + 3О₂ → 2СО₂ + 3Н₂О + Q
Этиленгликоль - дәмі тәттілеу, түссіз, қоймалжың сұйықтық. Улы зат. Суда жақсы ериді. Ол - екіатомды спирт.
Глицерин - қоймалжың сұйықтық, тәтті дәмі болады, суда жақсы ериді. Үшатомды спирт.


Ойын «Ғажайыптар алаңы»


Мақсаты - оқушыларға табло көмегімен деңгейлік тапсырмалар бере отырып, барлығын дерлік аз уақыт ішінде бағалау. Ойын шарттары: тақтада сөзі жасырылған табло ілінеді. Ондағы сөзді оқушылар әріптер айту арқылы шешуі қажет. Ал әріп айту құқығын деңгейіне байланысты берілген тапсырманы дұрыс орындағанда ғана алады.
Топта оқушылар өздерін еркін басқарып үйрену үшін олардың әрқайсысына міндет тағайындалады:
1-жұп басшы - 1 оқушы - жұпқа жауапты, 1 - деңгей есептерін шығарады
2. Хатшы - есепші - 1 оқушы - топ жинаған ұпайларды топ парағына жазып, соңынан есептеу, 1 - деңгей есептерін шығарады
3. А - топшасы мүшелері - 3 оқушы - 2 - деңгей есептерін шығарады
4. В - топша мүшелері - 3 оқушы - 3 деңгей есептерін шығарады

Деңгейлі тапсырмалар:
1 - деңгей.
1. 14 г пропан жанғанда түзілген көмірқышқыл газының көлемін анықта.
2. Крекинг деген не?
3. С₅Н₁₂- ң үш изомерін жаз
4. СаС₂→Н₂С₂ →СО₂ Берілген айналымдарды жүзеге асыр.
5. 2 г С₂Н₁₆ жанғанда неше литр су алынады?
6. С₇Н₁₆- ның үш изомерінің жазып бер.
7. Реакция нәтижесінде 0, 5 л СО2 түзілсе, реакцияға неше литр этан қатысқан?
8. 11, 2 л пропан жанғанда неше литр су алынады?
9. 22, 4 л этан жанғанда неше литр су алынады?
10. 44, 8 л пентан жанғанда неше литр көмірқышқыл газы алынады?

2 - деңгей.
1. Алкандардың гомологтық қатарын ата
2. С₃Н₈- ң жану реакциясын жаз
3. Отын түрлерін атап, қолданылуын айтып бер
4. Этанның жану реакциясын жазып бер
5. Этанның жану реакциясын жазып бер
6. Табиғи газдың қолданылуын айтып бер
7. Пентанның жану реакциясын жазып бер.
8. Алкиндердің гомологтық қатарын жазып бер
9. Гептанның жану реакциясын жазып бер
10. Нонанның жану реакциясын жазып бер

3 - деңгей.
1. Мына қосылысты дұрыс ата: С₂Н₆ (этан)
2. Мына қосылысты дұрыс ата: С₉Н₁₈ (нонен)
3. Мына қосылысты дұрыс ата: С₇Н₁₄ (гептен)
4. Мына қосылысты дұрыс ата: С₃Н₄ (пропин)
5. Мына қосылысты дұрыс ата: С₈Н₁₈ (октан)
6. Мына қосылысты дұрыс ата: С₅Н₈ (пентин)
7. Мына қосылысты дұрыс ата: С₄Н₈ (бутен)
8. Мына қосылысты дұрыс ата: С₆Н₁₂ (гексен)
9. Мына қосылысты дұрыс ата: С₇Н₁₆ (гептан)
10. Мына қосылысты дұрыс ата: С₁₀Н₂₂ (декан)

№1 тапсырма.
Бір атомды спирттер оңай тотығып альдегидтерге, одан әрі қарай карбон қышқылдарына айналады. Этил спиртін тотықтырып алған қышқылдың ерітіндісі күнделікті тұрмыста, тамақ өнеркәсібінде консервілеу үшін кең қолданылады.
Осы ерітіндіні ата.
с і р к е с у ы

№2 тапсырма.
Спирттерді анықтауда ең қолайлы әдіс - түсін анықтау. Спирттерді мөлдір қызғылт сары түсті ерітінді H₂CrO₄ - пен 1 - 2 секунд ішінде әрекеттестіргенде, ерітінді әуелі лайланады, сосын қызғылт сары түсін жойып, қандай түске айналады?
к ө к ш і л ж а с ы л

ІV. Қорытынды
Әр жасырылған сөзді әріптеп тапқан оқушылар орындаған тапсырмалары үшін алған ұпайларын топтың хатшы - есепшісі топ парағына толық жазып, қорытындысын есептеп шығарады. Мұғалім үш топтың да ұпайларына қарап жеңімпаз топты анықтайды.

VI. Үйге тапсырма:

VIІ. Бағалау.
Топты бағалау парағына қарап әр оқушының өз деңгейінің есептерін шығаруына қарап бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал