7


  • Учителю
  • 'Оттек. Оксидтер. Жану' тарауын қорытындылау

'Оттек. Оксидтер. Жану' тарауын қорытындылау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

8 «А» сынып. Пәні: химия

Оқу ісінің меңгерушісі: _____________________________


Сабақтың тақырыбы: «Оттек, Оксидтер. Жану»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Оттек, Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша алған білімдерін

тереңдету, қорытындылау және бекіту.

Міндеттері:
- оттегінің химиялық және физикалық қасиеттерін үйретуде халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып оқушылардың білім - біліктерін қалыптастыру. Химиялық формула жаза білуін, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару дағдыларын жетілдіру;
- реакция теңдеулерін құра білу және үйрету, есеп шығару және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды - қайталау

Көрнекілігі: Сызбалар, дидактикалық материалдар, Менделеевтің периодтық жүйесі.

Пәнаралық байланыс: Биология, экология, математика.

  1. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
    Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп отырғызылады: «Оттек», «Ауа», «Озон» және «Термохимиялық теңдеулер»
    І - Бөлім - «Бой сергіту»
    Әр топқа 7 сұрақтан беріледі. Оны талдауға 5 минут беріледі.

    «Оттек» тобына.
    1. Жер қыртысында неше пайыз оттек бар?.
    2. Оттектің физикалық қасиеттері қандай?.
    3. Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?
    4. Қандай реакцияны тотығу реакциясы деп атайды?.
    5. Қандай заттар оксидтер деп аталады?
    6. Табиғатта оттекті бөліп шығаратын реакция.
    7. Ауаның құрамы?.

    «Озон» тобына
    1. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі?

  2. Жер бетінде екінші орын алатын элемент?

  3. Темір жанғанда түзілетін зат?

  4. Оттек газын қандай баллонда сақтайды?

  5. Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

  6. Фосфор калай жанады?

  7. Жылу бөле жүретін реакция ?


«Ауа» тобына.
1. Жер қыртысында неше пайыз оттек бар?.
2. Оттектің физикалық қасиеттері қандай?.
3. Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?
4. Қандай реакцияны тотығу реакциясы деп атайды?.
5. Қандай заттар оксидтер деп аталады?
6. Табиғатта оттекті бөліп шығаратын реакция.
7. Ауаның құрамы?.

  1. «Термохимиялық теңдеулер» тобына.
    1. Оттегі суда ?

  2. Заттардың оттекпен әрекеттесуі реакциясы калай аталады.

  3. Жер беті бойынша оттегі каншасыншы орын алады?

  4. Оттегін жинау әдістері?

  5. Күкірт кандай жалынмен жанады?

  6. Жылу сіңіре жүретін реакция?

  7. Ауаның құрамын алғаш рет қай ғалым анықтады?


ІІ - Бөлім. «Қызығушылықты ояту»
«Оттегі туралы ертегі» (Ертегіні оқу барысында әр топ оқушылары реакция теңдеулерін жазып отырады)
Оттек көп қабатты үйдің (периодтық жүйе) 2 - қабатында тұрады. Ол бірде өзін сынамақ болып «Мен қандаймын, көршілеріме барсам, мені қалай сыйлар екен?» деп көршілерін араламақ болады. Ол бірінші қабаттағы көршісіне барып, ондағы элементпен қосылып айдын көлге айналады:
2 + О2 = 2Н2О
Тоңып қалған оттек жылыну үшін екінші қабаттағы № 6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жанып, жарық бөледі:
С + О2 = С О2
Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады. Осы пәтерге кірген бойда найзағай ойнап, аспан айналып жерге түскендей болады:
N2 + О2 = 2NО - Q
Қатты дауыстан қорқып, үшінші қабатқа шығады. Алдында № 15 пәтердің есігі ашық тұр екен, оттек осында кіреді. Бөлме іші кенеттен жап - жарық болып, ашық жалынмен жанып, бөлме іші ақ түтінге толады:
4Р + 5 О2 = 2 Р2 О5
Бұдан соң оттек № 14пәтерге келіп, екеуі қосылып топырақ пен сазға айналды:
Si + О2 = Si О2
Оттек өзінің осындай қасиетіне маңғаздана түседі. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралап көрмекші болады. Сырт көзге жанбайтын деп есептелетін заттар да оттекте жанады. Мысалы, бойында мықтылық, беріктік қасиеті бар металл - темір. Ол жалын және түтін шығармай шатырлап жанып, темір қағын түзеді:
4Ғе + 3О2 = 2Ғе2 О3
Оттек осылай бірнеше пәтер иелерімен қосылып, өзінің «оксидтер» деп аталатын қосылыстарының көп екеніне қуанады. Алайда, ол № 2, 10, 18 пәтер иелерімен қосылыс түзе алмайтынына қатты өкінді. Галогендермен, криптон, ксенон, алтынмен жанама жолмен әрекеттесіп қосылыстары болатынына риза болды. Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді.
(«от» туралы, «оттың құдіреті, қасиеті» туралы халықтық ұғымдар)
ІІІ. Бөлім. «Кім көп біледі?»
1. Қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан баспанасы - киіз үйдің қаңқасына оттектің физикалық және химиялық қасиеттерін жазу.
2. Пирамида ішінде берілген элементтерден оксидтердің формулаларын құрастыру.
4 оксид дұрыс жазса , 8 оксид , 2 оксид қиықша беріледі.

Ca

Cu

S



Li

P

N

K

C

Aga

Ba

Fe





Zn


IV. Бөлім «Ғажайып тәжірибелер»
Тәжірибе: «Алма неге қараяды?»
Тәжірибе мақсаты: алмаға оттектің әсерін көрсету
Керекті құрал - жабдықтар: алма, С дәруменінің таблеткасы.
Тәжірибенің орындалуы:
1. Алманы екіге бөлу.
2. Таблетканы ұнтақтап, алманың бір жартысының кесілген жеріне себу.
3. Алманың екі бөлігін де ашық күйінде біраз уақытқа қалдыру.
4. Екі бөліктің түстерін салыстыру.
Нәтиже: С дәрумені себілген алманың түсі өзгермейді, ал екінші бөлік қоңыр түске енеді. Себебін оқушылардың өздері шешуге тырысады.

V. Бөлім «Жұмбақтас».
№ 1. Оттектің массалық үлесін табыңдар.
«Оттек» ------------ «Озон» ----------------- «Ауа» ------------ «Термохимиялық теңдеулер»
CaO ------------------- MgO------------------- Ғе2 О3------------------- Р2 О5

№ 2.
«Оттек»
16 г магний жанғанда 25,35 кДж жылу бөлінді. Термохимиялық теңдеуін құрыңыздар.
«Озон»
Массасы 8 г кальций оттекпен әрекеттескенде қанша грамм кальций оксиді түзіледі? «Ауа»
Темір күкірттің 3,2 мөлшерімен әрекеттескенде 9,5 кДж жылу бөлінді. Термохимиялық теңдеуін жаз.
«Термохимиялық теңдеулер»
реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: С + О2 ----- СО2 + 393 кДж; массасы 5 кг көмірді жаққанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте.


VI. «Орман - планета тынысы» Шығармашылық жұмыс
5. Рефлексия
Сөйлемдерді аяқтаңдар:

Бүгін сабақта мен.... білдім.
Енді мен....... білемін.
Енді........ қателеспеймін.

6. Оқушыларды бағалау
7. Үйге тапсырма: «Егер мен......» (химик, эколог болсам, ауаны таза ұстау үшін не істер едім?)



Оттек көп қабатты үйдің (периодтық жүйе) 2 - қабатында тұрады. Ол бірде өзін сынамақ болып «Мен қандаймын, көршілеріме барсам, мені қалай сыйлар екен?» деп көршілерін араламақ болады. Ол бірінші қабаттағы көршісіне барып, ондағы элементпен қосылып айдын көлге айналады:
Тоңып қалған оттек жылыну үшін екінші қабаттағы № 6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жанып, жарық бөледі:
Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады. Осы пәтерге кірген бойда найзағай ойнап, аспан айналып жерге түскендей болады:
Қатты дауыстан қорқып, үшінші қабатқа шығады. Алдында № 15 пәтердің есігі ашық тұр екен, оттек осында кіреді. Бөлме іші кенеттен жап - жарық болып, ашық жалынмен жанып, бөлме іші ақ түтінге толады:
Бұдан соң оттек № 14 пәтерге келіп, екеуі қосылып топырақ пен сазға айналды:
Оттек өзінің осындай қасиетіне маңғаздана түседі. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралап көрмекші болады. Сырт көзге жанбайтын деп есептелетін заттар да оттекте жанады.

Мысалы, бойында мықтылық, беріктік қасиеті бар металл - темір. Ол жалын және түтін шығармай шатырлап жанып, темір қағын түзеді:
Оттек осылай бірнеше пәтер иелерімен қосылып, өзінің «оксидтер» деп аталатын қосылыстарының көп екеніне қуанады. Алайда, ол № 2, 10, 18 пәтер иелерімен қосылыс түзе алмайтынына қатты өкінді. Галогендермен, криптон, ксенон, алтынмен жанама жолмен әрекеттесіп қосылыстары болатынына риза болды. Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді.




H2S

CuO

MgO

Мына қосылыстарды: HCl, CaO, NaCl, Cu(OH)2, H2SO4, CaCO3, CO2, NaHCO3, LiOH, HNO3, P2O5, KNO3, PbCl2, Na3PO4, Fe(OH)3 ,

H3PO4

NaCl

KHSO4

Fe(OH) 3

SO2

HCl

Al2O 3

Mg(OH)Cl

кластарға жіктеп, бөліп жазыңдар.

C → CO2 → H2CO3 → CaCO3



7,65 г барий оксиді сумен әрекеттескенде

барий гидроксидінің қандай массасы

түзілетінін есептеңдер.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал