7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему Су 8 класс

Открытый урок на тему Су 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы. Судың физикалық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой-әрекетінің дамуын арттыру, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету.

2. Судың ашылу тарихы, құрамы, физикалық қасиеті туралы мағынаны ашу.

3. Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғай білуге, экологиялық, экономикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО - стратегиялары. Өзін-өзі бағалау.

Қолданылған көрнекіліктер мен құралдар: компьютер, графопроектор, электронды кітапшалар. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

IV. Сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Ой шақыру. (Графопроектордан көрсетіледі)

Сөйлемді аяқтаңыз.

Ерітінділер дегеніміз -

Ерітіндінің түрлері -

Қатты заттардың ерігіштігі -

Ерітіндінің концентрациясы -

Концентрлі ерітінді -

Сұйылтылған ерітінді -

  1. Ой қозғау.

  1. «Ойлан тап» 2-оқушы тақтаға үй тапсырмасын орындайды. 2, 3-жаттығу.

I, II - нұсқа бойынша оқушыларға есептер шығаруға тапсырма беріледі. (Графопроектордан көрсетіледі).

  1. «Үш артықты» табыңыз.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

  1. Қызығуды ояту.

Бір күні бар элемент жиналып, кімнің маңызды екеніне жауап таппай қиналады.

Алғашқы элемент:

- Кестеге бірінші тұрған кім

Тегін тұрғанымды біл

Отында болам, ауа шары да болам.

Ұшқың келсе мін

Бомба болып жарыламын

Деп күш көрсетті

Беріспейтін іс көрсетті.

Бұл қай элемент? (Жауабы.Сутек-H)

2-ші элемент:

-Жақындасам жанып.

Су боларсың анық.

Шамаңды білмейсің неғып?

Мен болмасам тұншығып,

Қараң болар тіршілік

Мен бар жерде бар емеспе бәрі де

Күні шығып, отындары жанатын.

Бұл қай элемент? (Жауабы: Оттек-O)

Құрамында осы 2 элемент кіретін қандай қосылысты білеміз?

H2 O - бір оқушы тақтаға жазады.

Жалпы сыныпқа тапсырма.

Су туралы не білеміз? Ассосация құру.

- Молекулалық формуласы - H2 O.

- Mr (H2 O) = 18.

- Күрделі зат - 2 элементтен тұрады.

-электр тогын нашар өткізеді.

- түссіз, дәмсіз, иісіз сұйық. Қайнау темп-сы - 100 градус. Балқу темп-сы 0 градус.

-Судың үш күйі бар: қатты, сұйық, газ.

2. Мағынаны ажырату.

Судың құрамын анықтау. Шығармашылық жұмыс.

Алдын-ала тапсырма берілген оқушылар судың 2 - элементтен тұратынын

дәлелдеп береді.

1 - оқушы: Су жасанды жолмен газ тәрізді сутектің оттекте жануымен алынды, яғни сутек және оттектен тұратындығы анықталды.

2 H2 + O2 = 2 H2 O

Жай заттардан күрделі заттардың алынуы синтез деп аталады.

2 - оқушы: Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында Суды электр тогының көмегімен құрам бөліктерге айыру арқылы, су молекуласында 2 - атом сутек, 1 - атом оттек болатындығын дәлелдеді.

2 H2 O = 2 H2 + O2.

Заттың құрамын жай заттарға жіктеу арқылы табу әдісі талдау (анализ) деп аталады.

V. Сабақты бекіту.

  1. Есеп шығарту.

72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар.





2 H2 O = 2 H2 + O2. Mr (H2 O) = 18 * 2 =36.

Mr (H2 ) = 2 * 2 = 4.

Mr ( O2) = 32.





72г / 36 = Х / 4 Х = 72 * 4 / 36 = 8 гр.

72г / 36 = У / 4 У = 72 * 3 / 32 = 7 гр.





Жауабы: 8 гр сутек.

7 гр оттек.





  1. Графикалық диктант

  • Иә Открытый урок на тему Су 8 класс Жоқ

  1. Табиғи таза су болады ма?

  2. Алғаш суды синтездеген Г. Кавендиш.

  3. Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.

  4. Судың сандық құрамын анықтаған Ж.Менье.

  5. Еріген заттың мөлшері көп болса қанықпаған ерітінді.

  6. Температура жоғарылағанда қатты заттардың ерігіштігі артады.

  7. Н2 СО3 күкірт қышқылы.

  8. СаСО3 калций карбонаты.

  9. Қышқылдар металдармен әрекеттесіп, оттек бөледі.

  10. Су еріткіш.

VI. Үйге тапсырма.

«Судың маңызы» тақырыбына мәнжазба.

39. 2,3 - жаттығу.













Оқушы ізденістерінен :

Географ: су-табиғатта ең көп таралған зат. Сумен жер шарының з/4 бөлігі қапталған. Атмосферада су бу түрінде кең таралған. Температура суығанда ол шоғырланып, алдымен бұлтқа айналып, кейін жаңбыр немесе қар болып жауады. Өсімдіктер бетіне шық болып қонады. Сондықтан судың ауа райына ықпалы зор.

Тұщы су- баға жетпес байлық. Жер шарындағы барлық судың ер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 98% ащы су. Дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. XX ғасырдың басында әрбір адам тәулігіне ғасырдың басында әрбір адам тәулігіне 12-18 л су пайдаланса, қазір 200-400 л су пайдаланып отыр. Сондықтан жер бетіндегі тұщы су қорын таза ұстау, оны ластамау, үнемдеп орынды жұмсау әрбір азаматтың парызы!





Биолог: жердегі тіршілік көзі су болып табылады. Ағзаның жасушасында үрдістер судың қатысуымен жүзеге асырылады. Сусыз тіршілік жоқ. Ересек адам 64%, ал бала 85% судан тұрады. Ағзаның әрбір жасушасына су керек . Судың көп мөлшері мида 81%, қан және бездерде 73-80% ,бұлшық еттерде 50-70% сүйекте 22-34%, көздің шыны тәрізді денесінде 99% бүйректерде 82% бауырдың құрамында 69% су бар .Адам сусыз 3 күн ал тамақсыз30-50 күн өмір сүреді.





Экономист :қазіргі уақытта тұшы судың жыл сайынғы дүниежүзілік тұтынуы 5-6мың шақырым немесе жердегі тұшы су ресурстарының 10% құрайды,Тұшы суды тұтыну оның қорының жаңару жылдамдығынан жоғары елде және аймақта тұшы су жетіспеушілігі байқалуы мүмкін.Дүние жүзінде тұшы судың құрылымы төмендегідей: ауыл шаруашылығы 60% cу қоймалары 4%.Өнеркәсібі дамыған елдерде ауыл шаруашылығына қарағанда өнеркәсіпте суды көп пайдаланады. Тұшы суды негізгі тұтынушылардың бірі-ауыл шаруашылығы болып табылады .Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырудың бір құралы суландыру.Судың көп мөлшерін өсімдіктер тұтынады. Бір тонна бидай алу үшін шамамен 1500тонна, ал мақтаға 10 000 тонна су қажет екені есептелген .

Су қолданылмайтын бірде-бір өндірістік үрдіс жоқ 1 тонна болат өндіру үшін орташа есеппен 240 м\3 су жұмсалады оның су жұмсалады оның 200м\3 айналымындағы су,тек 40м\3 таза су.Кейбір түсті металдармен басұа материалдарды алу үшін жұмсалатын судың мөлшері оданда көп, 1 тонна қағазға-250м\3 1 тонна никелге 4000м\3 таза тұшы су қажет екні есептелген.

Физик:су -түссіз сұйықтық, иіссіз, дәмсіз,100\0 С-де қайнап 0 C-де қатады.Су үш агрегаттық күйде бола алады: қатты,сұйық, газ.Судың тағы бір ерекше қасиеті динамикалық тұтқырлығы. Бұл қасиеті майда құм тәрізді сүзгіден оңай өтіп,тазартуда үлкен рөл атқарады. Тағы бір қасиеті булану транспирация,сублиматция.Булану заттың сұйық не қатты күйден газ тәрізді күйге ауысады. Қатты заттардан сұйық күйге айналмай булануы сублимация деп аталады. Судың ерекше қасиеттерінің бірі дыбысты жылдам өткіетін акустикалық қасиеті магнитті қабылдағыштығы.Жарық сәулесін жақсы көрсету.Су мәңгі қозғалыстағы айналымдағы сұйықтық оның бұлай болуына ауырлық күш гравитациялық күш әсер етіп тыным таптырмайды.













Судың ашылу тарихы

1781-1782 ж Г.Кавентиш.

1783 ж А.Лавуазье

2H2+O2 = 2H2O

1785 ж Ж .Менье

Молекул формуласы - H2O Құрыл формуласы H-O-H







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал