7


  • Учителю
  • Хлордың оттектті қышқылдары 10 кл

Хлордың оттектті қышқылдары 10 кл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Хлордың оттекті қышқылдары . Йод

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: оқушыларға галогендер туралы толық мағлұмат беріп, оларды сапалық химиялық реакциялар жолымен анықтап, тани білуге үйрету;

Ә) дамытушылық: оқушылардың ғылыми түсініктерін дамыту;

Б) тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеп, химия өндірісі туралы бағыт-бағдар беру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі : Шығармашылық сабақ

Көрнекілігі : электронды оқулық, видео материалдар.

Қолданылатын технология : СТО

Сабақ барысы :

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын қайталау

2. Сұрақ- жауап кезеңі

1.Осы затпен ескі үйді аластайды,түсіне қарасаң алтынға ұқсайды

бұл не деп ойлайсыңдар?(күкірт)

2.Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон қабатының

ролі қандай ?

3. Озон қабатының жұқаруы және оны шешу жолдары .

4. не себепті теңіз суын «сұйық кен » д а ( жер шарындағы су өте көп болғандыктан онда еріген тұздардың мөлшері де орасан зор . )

5. Сутек , хлор , азотты пайдаланып қалай аммоний хлоридін алуға болады ? Сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар .

1.Н2+ Cl2 →2НCl

2. N2+H2→2NH3

3. NH3+ НCl→NH4Cl



6.«Ойлан, тап» зертханалық жұмыстарда қауіпсіздік ережесін сақтауға байланысты сөйлемді құрастыру керек. Жасырын сөйлем:





Жауабы: Хлормен жұмыс істегенде тәжірибені тартпа шкафта жасау қажет





Тес тапсырмасы

М.В. Ломоносов.



Б.Ә Бектұрұлы



К.Шелле

2.

ҮІ топтың негізгі топша элементтері қандай жалпы атаумен біріктіріледі?

Халькогендер

Галогендер

Сілтілік элементтер

3

ОҒ2-дегі оттектің тотығу дәрежесі

-2

+2

-1

4

Адам организмінде оттек дене массасының қанша % құрайды?

61%

21%

80%

5

ҮІ А топ элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде қанша электрон бар?

3

5

6

6

1. Галогендер тобына жататындар:



Si, Ca, Mg, Ba, In



F, Cl, Br, I, At



Cl, I, K, At, Na



7

Хлор темірмен әрекеттескенде түзілетін өнім:



темір оксиді (ІІІ)



темір хлориді (ІІІ)



темір хлориді (ІІ)



8

Оттек және күкірт атомдары бір-бірімен .....ұқсас

Ядро зарядтары бойынша

Энергетикалық деңгей саны бойынша

Сыртқы деңгейдегі электрон саны бойынша

9

Галогендердің ішіндегі күшті тотықтырғышы:



F2



Cl2



Br2



10

Күкірт қосылыстарындағы валенттіктер қандай?



І, ІІ, ІІІ



ІІ, ІҮ, ҮІ;

ІІ, ІҮ, Ү.











Жауабы

1.Б 6.Ә

2.А 7.Ә

3.Ә 8.Б

4.А 9.А

5.Б 10.Ә





ІІІ жаңа тақырыпты түсіндіру

Хлордың оттекті қышқылдары және оның тұздары

1. Хлордың алынуы бейне материал

2KMnO4 + 16HCl → 2KCl + 2MnCl2 + 5Cl2 + 8H2O

Перхлораттар

Хлор суда ериді. Хлордың судағы ерітіндісі хлор суы деп аталады. Бірақ хлорды суда еріткенде оның шамамен 1/3 бөлігі сумен әрекеттесіп, екі қышқыл тұз қышқылын және хлорлылау қышқылын түзеді.

СI2 + H2O→ HCI + HCIO

HCIO = HCI + O

CI2 + 2NaOH = NaCIO + NaCI + H2O

CI2 + Ca(OH)2 = CaOCI2 + H2O

Хлорлы әк - хлордың өткір иісі бар ақ ұнтақ, күшті тотықтырғыш. оны маталарды, қағазды ағартуға, дезинфекцияға қолданылады

CaOCI2 + CO2 + H2O = CaCO3 + CaCI2 + 2HCIO

Қышқылдық қасиет артады

HCIO HCIO2 HCIO3 HCIO4

Тотықтырғыштық қасиеті артады

Галогендер тікелей оттекпен әрекеттеспейді, бірақ фтордан басқа барлық галогендерде жанама жолдар арқылы +1 - ден +7 ге дейін тотығу дәрежесін көрсететін оттекті қосылыстар алынуы мүмкін. Хлордың тотығу дәрежесі артқан сайын қышқылдық қасиеттері жоғарылайды, ал тотықтырғыш қасиеттері әлсірейді.

Галогендердің оттекті қышқылдары күшті тотықтырғыштар, олар оңай тотықсызданады. Хлордың оттекті қышқылының тұздары бейтарап, сілтілік ортада тотықтырғыш қасиеттер көрсетпейді. Иондық құрылысты заттардың тұрақтылығы жоғары.

2 Йод

Йодтың алыну жолы бейне материал

Жаңа тақырыпты бекіту

№1 Сөзжұмбақ «галогендер»

1. Бірінші дүниежүзілік соғыста хлорды тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған мемлекет.( германия )

2. Тез ыдырап кететін тұрақсыз радиоактивті элемент. (астат)

3. 1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле алған элемент (сарғылт жасыл түсті, тұншықтырғыш , улы газ).(хлор)

4. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент.(фтор)

5. Металдармен тікелей әректтесіп тұз түзетін элементтер.(галоген)

6. Йодты 1811 жылы қай ғалым ашты.( Бернер)

7. 1886 жылы фторды ашқан химик. (Муассан)

8. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл.(Йод)

9. Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді.(хлорсутек)

10. Жүйкені жайландыратын, дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент.(Бром)

№3 есеп

1л теңіз суының құрамында 27,6 г натрий хлориді , 0,8г калий хлориді , 3,2 г магний хлориді бар . Еге 1 л теңіз суын буландырғаннан кейін түзілген қалдықты күкірт қышқылымен өңдесе , хлорсутеутің қанша массасын алуға болады ?

2 «Хлорид- ионға сапалық » реакция зертханалық тәжірибе

3 «Иодқа сапалық реакция » тәжірибе

Үйге тапсырма §8.21- 8.22 №1 есеп







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал