7


  • Учителю
  • План урока по химии на тему 'Судың кермектігі және оны жою жолдары' (10 класс)

План урока по химии на тему 'Судың кермектігі және оны жою жолдары' (10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: § 5.5 Судың кермектігі және оны жою жолдарыСабақтың мақсаты:1.     Білімділік: оқушыларды судың кермектігі және оны жою әдіс-тәсілдері, түрлерімен таныстыру.2.     Дамытушылық: химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру, дамыту, өмірден к
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: § 5.5 Судың кермектігі және оны жою жолдары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды судың кермектігі және оны жою әдіс-тәсілдері, түрлерімен таныстыру.

  2. Дамытушылық: химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру, дамыту, өмірден көрген деректі пайдалана білуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, демонстрациялау, екеура, жеке жұмыс, виртуалды зертхана

Сабақтың пәнаралық байланысы: биология, география, медицина

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар, химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтар, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен амандасу;

-сыныптың тазалығын тексеру;

-оқушыларды түгендеу;

-көңілдерін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Тест.

1. Кальций атомынын электрондық формуласы:

А) 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2

Б) 1s2 2s2 2p2

С) 1s2 2s2 2p63s2

Д) 1s2 2s2

2.ІІ А топшасындағы элементтердің жоғары оксидтерінің жалпы формуласы:

А) R2O

Б) RO

С) RO2

Д) R2O3

3.Сөндірілген әк, әк суы атауларына тән формуланы көрсет:

А) СаО

Б) Са(ОН)2

С) СаС2

Д) СаSО4

4. Сөндірілмеген әк пен судың әрекеттесу қай реакция типіне жатады?

А) Айырылу

Б) Қосылу

С) Орынбасу

Д) Алмасу

5.Магний атомынын электрондық формуласы:

А) 1s2 2s2 2p2

Б) 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2

С) 1s2 2s2

Д) 1s2 2s2 2p63s2

6.Магний мен су әрекеттескенде түзіледі?

А) Mg(OH)2 и H2O

Б) Mg(OH)2

С) Mg(OH)2 и H2

Д) MgO и H2O

7. Кальцийді қандай затпен әрекеттестіру арқылы сутегін алуға болады?

А) HCl

Б) CO2

С) NaOH

Д) H2О

8. ІІ топтың кейбір металының 10г-на тұз қышқылының артық мөлшерімен әсер еткенде, 5,6 л (қ.ж) газ бөлінген. Қандай металл реакцияға қатысқан?

А) Са

Б) Мg

С) Be

Д) Ba

9. Египеттіктер байланыстырушы минерал ретінде бұдан 4000 жыл бұрын қолданған заттың формуласы?

А) NaOH

Б) Са(ОН)2

С) Mg(OH)2

Д) СаSО4

10. Жұмыртқаның қабығы, жануарлардың сауыты, бақалшағы ..... тұрады?

А) СаSО4

Б) MgO

С) СаСО3

Д) Mg(OH)2

Жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

Б

Б

Б

Д

С

Д

Д

Б

С


3.Сабақтың жүруі.


Білемін

Білгім келеді

Білдім

№1 тапсырма:

Оқулықпен жұмыс.

Су кермектігі және оны жою жолдары

Құрамы

Судың түрі



Жою жолдары

Катион

Анион

Құрамы бойынша

Жою әдісі бойынша

Са 2 +
Mg 2+

НСО-3

карбонаттық

уақытша

1.Қайнату

2.Әк суын қосу

Сl -
SO42-

Карбонаттық емес

тұрақты

1.Соды қосу

НСО-3

Сl -
SO42-



Жалпы кермектік

1.Әк суын

2. Соды қосу


№2 тапсырма: Тәжірибелік бөлім

Құралдар мен реактивтер: су, спиртшам, тұрғы, Na2CO3, .Са(ОН)2, қысқыш, тамшуыр.



Кермекті су

Кермектікті жою әдістері

Не байқадың?

Қорытынды

1. қайнату



2. Са(ОН)2 қосу



3. Na2CO3 қосу




4.Бекіту.

№ 3 тапсырма:

Деңгейлік тапсырмалар.


1

Кальций гидрокарбонатының Са(НСО3)2 құрамындағы кальцийдің массалық үлесін есептеңдер.

2

Судың құрамындағы магний гидрокарбонатын жою мақсатында 232 г сода жұмсалды. Реакция нәтижесінде тұнбаға түскен заттың массасы қанша?

3

Кермек суда 80 мг/л кальций гидрокарбонаты және 20 мг/л магний гидрокарбонаты бар. Осындай судың 1 л-ін жұмсарту үшін қанша сода қажет?


№4 тапсырма: Сұрақ-жауап.

  1. Бағалау.

Оқушылар өздерін бағалау параға арқылы бағалайды.

  1. Үй тапсырмасы: §5.5 оқу. 163 бет № 5-6

Қосымша тапсырма: Үй жағдайында судың кермектігін жою әдістері.

  1. Рефлексия.

Білемін

Білгім келеді

Білдім



Тапсырмалар

Ұпай саны

1

Оқулықпен жұмыс (кестені толтыру)


2

Тәжірибелік бөлім


3

Деңгейлік тапсырма


4

Сұрақ-жауап


5

Қорытынды ұпай саны






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал