7


  • Учителю
  • Авторлық бағдарлама 'ҰБТ есептеріі' (11- класс)

Авторлық бағдарлама 'ҰБТ есептеріі' (11- класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бағдарлама

Тақырыбы:

ҰБТ есептері

(11-сынып)





Химия пәні мұғалімі: Қаназарова Қ



2015-2016 оқу жы



Түсінік хат

11сыныпқа арналған "ҰБТ есептері" таңдау курсы бойынша химиялық есептер және теория қарастырылған. Аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат. Есептерді шығара білу және теорияны толық меңгеру химия пәнінде маңызды мәселе болып табылады. Химиялық есептерді шығару және әдіс-тәсілдерін білу-білімді тереңдету, өзіндік жұмыстарды орындау, оқыған материалды жетік меңгеруді қамтамасыз ету. ҰБТ есептері сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруды, білімнің материалды пысықтау , жалпылау, қайталау, оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады. Сонымен қатар оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты ұштастыра білудің тиімді жолы.

Мақсаты:

Есептер мен жаттығулар арқылы химиядан алған білімдерін тиянақтау, басқа пәндермен байланыстыра отырып (алгебра, физика)оқушылардың білімін, біліктілігін арттыру

Міндеті:

-Оқушылардың жеке тапсырмаларды орындауға бейімдеп, олардың талпынысын, икемділік қабілетін дамыту

- Берік, нақты, жүйелі жұмыс үрдісін қалыптастыру

- Жаратылыстану пәндерімен байланысты нығайту

-Қорытынды жасай білуге дағдыландыру

Оқушының дайындығына қойылатын талаптар:

-Химия пәні бойынша алдымен техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау

-Химиялық терминдерді дүрыс атау

-Химиялық формула мен теңдеулерді дүрыс жазу

-Заттарды өз мөлшеріндеқұйып алу

-Химиялық заттармен уланғанда алғашқы көмек бере білу

Күтілетін нәтиже:

Мемлекеттік стандартты меңгереді, пәнге деген қызығушылығы артады. Болашақ мамандық таңдауына көмегі тиеді, оқушыларға ғылыми, логикалық және шығармашылық ойлауды үйрету, заттарды зерттеу кезінде жоба құру ,өз ойын айту, ұжыммен жұмыс жасай білу дағдыларын меңгерту, тереңдетіліп берілген теориялық білімнің сапасын анықтау мақсатында оқытудың жоспарланған нәтижесін деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеріп, сипаттама жасау.



Курс мазмүны

Оқушыларды курс мазмұнымен таныстыру. Бұл курс бағдарламасы бойынша жыл бойы есептердің шығару әдіс-тәсілдері мен іс жүзінде жүргізілетін жұмысар жайлы айтылады. 11сыныпқа арналған "ҰБТ есептері" таңдау курсында химиялық есептерді шешу және теориялық тұрғыдан қарастырылған. Тақырыптық жоспарда оқушылардың Бастапқы химиялық ұғымдар ,формулалар бойынша есептердің шығару жолдарын еске түсіру: Химиялық формулалар бойынша, ерітінділерге арналған есептер, химиялық теңдеулер арқылы есептеулер, заттардың формуласын табуға арналған есептеулер, олимпиадалық есептер, органикалық химияны оқыту және есептері, Электролиттік диссоциация ,тәжірибелік есептердің шығару әдіс-тәсілдері топтастырылған.

Бұл таңдау курсы бойынша химия ғылымына қызығушылығын арттыра алатын, ҰБТ-да химия пәнін таңдаған оқушыға септігін тигізетін ерекшелігі бар курс

р/с

Сабақ

Мазмұны

сағат

күні

11Б

11В

11Г

1

1

Кіріспе

1


I-тарау. Бастапқы химиялық ұғымдар

6

2

1.1

Атомдар. Молекулалар

1


3

1.2

Валенттілік

1


4

1.3

Д.И.Менделеев жасаған периодтық система

1


5

1.4

Зат мөлшері. Молярлық масса

1


6

1.5

Есептер мен тапсырмалар

1


II-тарау. Бейорганикалық химия


8


7

2.1

Оксидтер

1


8

2.2

Қышқылдар

1

9

2.3

Тұздар

1


10

2.4

Негіздер

1


11

2.5

Химиялық байланыстың түрлері

1




12

2.6

Ерітінді концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі

1


13

2.7

Тотығу дәрежесі

1


14

2.8

Есептер мен тапсырмалар



III-тарау. Электролиттік диссоциация


4


15

3.1

Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың судағы ерітінділерде диссоциациялануы

1


16

3.2

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі

1


17

3.3

Ион алмасу реакциялары

1


18

3.4

Катиондарға және аниондарға сапалық реакция

1


19

3.5

Тест

1


IV-тарау. Органикалық химия

15


20

4.1

Органикалық химия

1


21

4.2

Изомерия

1


22

4.3

Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы

1


23

4.4

Қаныққан көмірсутетер

1


24

4.5

Қанықпаған көмірсутектер

1


25

4.6

Арендер

1


26

4.7

Көмірсутектердің туындылары

1


27

4.8

Оттекті органикалық қосылыстар

1


28

4.9

Карбонильді қосылыстар

1


29

4.10

Жай және күрделі эфирлер. Майлар

1


30

4.11

Көмірсулар

1


31

4.12

Азотты органикалық қосылыстар

1


32

4.13

Жоғары молекулалы қосылыстар

1


33

4.14

Есептер мен жаттығулар

1


34

4.15

Қорытынды

1

Барлығы:34 сағат





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Химия:Жалпы білім беретін 11-сыныбына арналған оқулық / Ә .Темірболатова ,

Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова ,С.Әлімжанова. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2007.

  1. Химия:Жалпы білім беретін 10-сыныбына арналған оқулық /Н.Н.Нұрахметов, К.Б.Бекишев, Н.Н.Заграничная. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. -

  2. ТемірболатоваӘ.Е.Химия есептері мен жаттығуларының жинағы. Алматы:Рауан, 2000. 96б

  3. БекішевК.Б. Химия есептері (оқу құралы)Алматы. «Білім».2007ж

  4. Усманова М.Б.,Сақариянова К.Н. Химия сандық есептер шығару әдістемесі Алматы «Атамұра» 2004

  5. "Химик анықтамалғы" журналы

  6. Ақпарат құралдары, әлеуметік желілер



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал