7


  • Учителю
  • 'Химиялық тепе-теңдік. Ле Шателье принципі' тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары

'Химиялық тепе-теңдік. Ле Шателье принципі' тақырыбына қысқа мерзімді сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сыныбы: 10 «ә»

Пәні: химия

Күні: 18.11.15 ж.

Сабақ: №29



Сабақтың тақырыбы



Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі.

Сабақтың мақсаты

химиялық тепе-теңдік туралы түсініктерді қалыптастыру, тепе-

теңдіктің динамикалық сипатын көрсету және әртүрлі

факторлардың (концентрацияның,температураның және

қысымның) химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсерін

қарастыру


Сілтеме

Оқулық «Химия» 10 сынып, Н.Нұрахметов, Алматы «Мектеп» 2014ж


Сабақта қолданылатын модульдер

Диалогтық оқыту, Сыни тұрғыдан ойлау, Оқытуды бағалау(формативті)

Сабақтың типі

Проблемалық-зерттеу сабағы

Түйінді идеялар

Концентрация, температура, қысым, химиялық тепе-теңдіктің ығысуы

Күтілетін нәтиже




- Тәжірибе жасау барысында талдау, қорытынды жасау дағдыларын жетілдіреді;

- Топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді;

- Өзара диалогтік қарым - қатынас құруға үйренеді;

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

1. Ұйымдастыру

(1мин)

Оқушылармен амандасу,сабаққа дайындықтарын тексеру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылар мен мұғалім бір-біріне сәттілік тілейді

2.Негізгі сүйенетін білімді қайталау (5 мин)

Катализ(өршіткі), катализдің түрлері

- Тежегіштер дегеніміз не?

-Катализдік реакциялар

-Адсорбция, адсорбат, промоторлар, катализдік улар, ферментерге қысқаша сипаттама беріңіздер.

1-есеп.Егер реакцияның температуралық коэффициенті үшке тең болса γ=3, температураны 150°С-дан 200°С-ға көтергенде, реакцияның жылдамдығы қанша есе артады?

Шешуі:

υT2 21) (200-150)

----= γ ------= 3 ------=35 =243 есе

υT1 10 10

2-есеп .Егер А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/л, ал 10 секундтан кейін 0,215 моль/л болса, А+В=2С реакциясының орташа жылдамдығы қандай екенін есептеңіздер. Осы уақытта В затының концентрациясы қалай өзгерді?

(0,22-0,215) 0,005

Шешуі: υ(А) = ------ = ------ = 0,0005моль/л*с.

10 10




Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді, мысалдар келтіреді

3.Білімді негіздеу

(5 мин)

Тек қана бір бағытта жүретін және бастапқы әрекеттесуші соңғы заттарға толық айналуымен аяқталатын реакцияны қайтымсыз реакция деп атайды.Қайтымсыз реакцияға қыздырғанда (бертолле тұзы) калий хлораты мысал бола алады.

2KClO3 MnO2 2 KCI + 3O2

Калий хлораты калий хлориді мен оттегіге толық айналғанда ғана реакция тоқтайды. Қайтымсыз реакциялар онша көп емес.Реакциялардың көбі қайтымды болады.

Қайтымды реакциялар деп өзара қарама-қарсы екі бағытта да жүретін реакцияларды айтады.

Қайтымды реакциялар теңдеулерінің оң және сол жақтарының арасына қарама-қарсы жаққа бағытталған екі стрелка қояды.Қайтымды реакцияға сутегімен азоттан аммиакты синтездеу мысал болады:

N2 + 3 Н2 2 NН3 + Q

Оқушы қайтымды және қайтымсыз реакцияның анықтамасын айтып, мысалдар келтіреді

4.Жаңа сабақ (15 мин)




Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болғандағы жүйенің күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды,оның басты сипаттамасы тепе- теңдік константасы (К) болып табылады.

Мысалы:

А+В=C+D реакциясы үшін

V(тура) = k CA CB

V(кері) = k CС CD

V(кері)/ V(тура)= K

2SO2+O2=2SO3 реакциясы үшін

K= (SO3)2/(SO2)2*(O2)

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле Шателье-Браун принципі бойынша жүзеге асады:тепе-теңдікте тұрған жүйеге қандай да бір әсер етсек, тепе-теңдік сол әсерді азайтатын бағытқа ығысады.

1)концентрация әсері Тәжірибе №1

Темір (ІІІ) хлориді мен калий роданидін әрекеттестірейік

FeCl3+ KCNS Fe(CNS)3 + KCl

Алынған темір(ІІІ) роданидін 3 бөліп сынауыққа құйып , келесі тәжірибеге көшейік:

№2 FeCl3 конц арттырайық

№3 KCNS конц арттырайық



Қорытынды: Тепе-теңдіктегі жүйедегі қандай да бір заттың концентрациясын арттырғанда , тепе-теңдік сол заттың кему жағына ығысады

2) қысымның әсері (Тек газдар үшін)

2NO+O2 2NO2

Теңдеуі үшін тура реакция жылдамдығы мен кері реакция жылдамдығының теңдеуін жазайық (әрекеттесуші массалар заңы)

Vтура = k C(NO)2*C(O2)

Vкері =k C(NO2)2

k C(NO)2*C(O2)

k C(NO2)2

k2 C(NO)2*2C(O2) 4*2 8

k 2C(NO2)2 4 4

Қорытынды: жүйенің қысымын көтергенде, тепе-теңдік газ молекуласы санының азаюы жағына, кеміткенде газ молекуласы санының көбеюі жағына ығысады



3) температураның әсері

N2+3H2 2NH3 H = -92,4 кДж

Бұл экзотермиялық реакция, Ле шателье принципі бойынша температураны көтерсе, реакция сол жаққа, яғни аммиактың ыдырау жағына ығысады.

Қорытынды: Температураны арттырғанда, тепе-теңдік эндотермиялық, төмендеткенде, экзотермиялық бағытқа ығысады.

Оқушылар дәптерге реакция теңдеуін жазып, бақылау нәтижелерін қорытындылайды

5.Бекіту

(15 мин)



5-есеп .106 б. Қай фактордың (қысым, температура,катализатор) әсері:

СО2 (г)+С (к) ↔ 2CO (г) ∆Н°=172 кДж

Реакциясында орнаған тепе-теңдікті СО түзілуі жағына ығыстырады.

Шешуі:

Көміртек (ІІ) оксидінің (СО) түзілуі реакциясы эндотермиялық реакция екендігі оның энтальпиясының мәнінен көрініп тұр. Реакция нәтижесінде 1 моль газ тәрізді реагенттен 2 моль газ тәрізді өнім түзіліп тұр. Ле -Шателье-Браун принципі бойынша эндотермиялық реакция кезінде орнаған тепе-теңдік СО түзілуі жағына ығыстыру үшін температураны жоғарлату немесе қысымды төмендету керек.

6-есеп. 102 бет, Келесі реакция теңдеулерінің тепе-теңдік константаларының өрнектерін жазыңдар:

N2 + 3H2↔2NH3

H2+I2 2HI

CaCO3 (қ)↔ СаO (қ) +СО2 (г)

8-есеп.106 бет. Егер белгілі бір температурада бастапқы алынған 5 моль СО мен 4 моль Сl2 әрекеттесуі нәтижесінде 1,5 моль СОС12 түзілген болса,онда:

СО(г) +Сl2 (г) ↔ COCl2

Процесінің тепе-теңдік константасы қандай болғаны?

Шешуі:

Химиялық реакция теңдеуі бойынша пропорциялар құрып, реагенттердің реакцияға түскен және артылып қалған мөлшерлерін, сонымен қатар түзілген өнімнің зат мөлшерін тауып, төменгі кестені толтырамыз:



СО(г)

моль

+

Сl2 (г)

моль

COCl2

моль

Бастапқысы

5

+

4

-

Әрекеттескені

1,5

+

1,5

1,5

Қалғаны

3,5

2,5

1,5



Тепе -теңдік константасы:

kтура [COCl2] 1.5 моль/ л

К= ---- = ----- = ---------- = 0.17(моль/ л)-1

Kкері [CO] * [Cl2] 3.5 моль/ л* 2.5 моль/ л

6.Қорытындылау

(1 мин)

1. Қайтымды реакция дегеніміз не?

2. Қайтымсыз реакция дегеніміз не?

3. Химиялық тепе-теңдік дегеніміз не?

4.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін жағдайлар қандай?

5. Ле Шателье принципінің тұжырымдамасы

7.Рефлексия

(1 мин)

БББ кестесін толтыру



6. Бағалау

(1мин)

Бақылаушылар арқылы

Топтағы оқушылар бір - бірлерін бағалайды

8. Үйге

тапсырма (1мин)

3.10, 3.11 6, 7 есеп 106 бет



БББ кестесі



Сабақ бөлімдері

Маған түсінікті

Маған түсініксіз

Тепе-теңдік константасының теңдеуін жазу

Концентрация мен қысымды өзгерткендегі тепе-теңдік константасын есептеу

Ле Шателье принципін тепе-теңдіктің ығысуында қолдану



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал