7


  • Учителю
  • Урок 'd-элементтердің жалпы сипаттамасы. Мыс ' (10 класс)

Урок 'd-элементтердің жалпы сипаттамасы. Мыс ' (10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: d-элементтердің жалпы сипаттамасы. Мыс

Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы

Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің

химия және биология пән оқытушысы

Пән аты: Химия 10

Сабақтың тақырыбы:


Сабақтың мақсаты: Білімділік: d-элементтердің құрылысы және ортақ қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. Мыстың периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы, табиғатта таралуы, алынуы, қасиеттері және маңызды қосылыстарымен таныстыру.
Дамытушылық:

  • d элементтерді s және р элементтерден ажырата білу дағдыларын дамыту;

  • мыс туралы білімдерін толықтырып, дамыту;

  • есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік:

  • оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру;

  • өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;

  • экологиялық, экономикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі - иллюстративті, сұрақ-жауап, есептер шығару, тест жұмыстарын орындау т.б.

Сабақтың пәнаралық байланыс: физика, биология, география, тарих т.б.

Көрнекілігі: Электронды оқулық, периодтық жүйе, металдардың электрохимиялық кернеу қатары,мыс және мыс құймалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

  • оқушыларды психологиялық дайындау.

    • Амандасу.

    • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    • Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

    • Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.


Үй тапсырмасын сұрау:

Алдынғы сабақтан ҮІ тарауға қысқаша түсінік сұрау.

  1. Қай элемент ең белсенді металл болып табылады? Неге? (цезий (Сs) атомынан сыртқы электрон жеңіл үзіледі, сондықтан Сs - ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.)

  2. Сілтілік металдардың физикалық қасиеті. (кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді. Олардың тығыздығы аздау кубтық көлемі ценрлі тор типі бойыншакристалданады. Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті олар жұмсақ. бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литиден цезийге қарай төмендейді)

  3. Натрий, калий, кальций және магнийдің графиктік формуласын жазындар. Табиғатта таралуы. (мұхит, өзендерде, көлдерде, Арал теңіздерінде)

  4. NaCL - ас тұзы,

Na2SO4 - натрий сулфатын, шыны, сода, медицинадақолданылатын, глаубер тұзы деп аталады.

Na2CO3 - натрий карбонаты ол сабын қайнатуда, мата, тері, фармацевтика өнеркәсіптерінде, шыны, альюминий, дәрі-дәрмек өндірісінде қажет.

NaНCO3 - натрий гидрокарбонатын тағам немесе ас содасы, медицина және кондитер өнеркәсібінде қолданылады.

NaNO3 - натрий нитраты, натрий селитрасы немесе азот тыңайтқыш ретінде қолданылады.

КNO3 - калий немесе чили селитрасы күрделі тыңайтқыш, құрамында екі қоректік элемент - азот және калий бар.

КCLO3 - бертолле тұзы сіріңке шырпылырының басында болады, оны химиялық өнеркәсіпте кұшті тотықтырғыш ретінде қолданылады.

КMnO4 - калий перманганаты немесе «марганцовка» кез келген дәріханада бар, лабораторияда оттек алу үшін қолданылады.

  1. Әрбір реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер:

1. Na → NaOH → Na2CO3 → NaCL → Na

  • 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

  • 2NaOH + CO2 = Na2CO3 + 2H2O

  • Na2CO3 + CaCL2 = Ca CO3 + NaCL

  • NaCL = Na + CL

2. Са → СаО → Са(ОН)2 → СаСL2 → Са

3. Mq → Mq O → MqSO4 → Mq(NO3)2

  1. Магний силикаты - асбест - бұл не? Тұрмыста қолданылуы.

  2. Кальций сипаттама бер, сөндірілмеген әктің формуласы. Табиғатта таралуы.

  3. Неге жаңбыр суы жұмсақ. Өзен суы кермек?

  4. Қандай жолдармен калций мен магний тұздары өзен суларына түседі?

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

- оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

d -элементтерге жалпы сипаттама

Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

  • Қандай элементтер d-элементерге жатады?

  • Сендер білесіңдер ме?

  • Оларды қалай атайды?

  • Оларда қанша валентті электрон бар?

  • Мыс элементінің латынша аты қандай?

  • Және неге олай аталған?

(Мыстың латынша атауы - купрум. Ежелгі римдіктердің мыс кен орындары болған Кипр аралының атауынан шыққан.)

Химиялық элемент мысқа атом құрылысы тұрғысынан сипаттама бер.

ІІ. Жаңа білім беру.

d-элементтерінің басты химиялық сипаты сыртқы электрон қабатында 2s электрон болуымен анықталады. Кезекті электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда екінші қабатқа түсіп, d- деңгейшені толтырады. Сондықтан d-элементтер химиялық реакцияларда металдар сияқты оң тотығу дәрежесін көрсетеді.

Мыс ІБ топ элементі. Оның электрондық формуласы:

+29 Сu 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s1

Мыс атомында оныншы d-электрон төртінші s-деңгейшеден «құлап» түсуі нәтижесінде үшінші d-деңгейшеге өтеді, сондықтан бұл электрон қозғалғыш.

Табиғатта таралуы. Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,01% массаны құрайды. Ол саф күйінде және қосылыстар түрінде кездеседі. Маңызды минералдары: халькопирит-СиFeS2, малахит-CuCO3* Cu(OH)2, куприт-Cu2O жатады. Қазіргі өнеркәсіптік кен орындарында кендер тек бір ғана мыс миниралдарынан тұрмайды. Олардың құрамында, әдетте, темір және түсті металдардың қосылыстары болады.

Тас ғасырында адамның бірінші танысқан металы ( шамамен 6 мың жыл бұрын Ежелгі шығыста, шамамен 4 мың жыл бұрын Европада) мыс болсы керек. Ол табиғатта саф күйінде кездеседі. Өте ірі саф күйінде табылған мыс 420тонна болды. Саф мыс басқа металдарға қарағанда едәуір көп таралған. Сондықтан адам құрап жасау үшін алғаш рет саф мысты пайдаланған.

Мысты металургиялық балқумен адамның өте ертеден таныс екені туралы деректер бар. Египетте мысалы, б.з.д. ІҮ мңжылдықта Синай түбегінде мыс кендерін өңдеген. Ертеде мыс кендері Кипр аралында белгілі болған. «Купрум» сөзі мыстың латынша атауы, ежелгі римдіктердің мыскен орындары болған Кипр аралының атауынан шыққан деген сөз.

Еліміз түсті металдар кеніне, оның ішінде мысқа бай. Мыс кені қорының үлкен бөлігі Жезқазған маңында, сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе обылыстарында, Кенді Алтайда. Мыс Балқашта және Жезқазған тау - металургия комбинатында өндіріледі.

Алынуы:

2Cu2S+3O2 ═ 2Cu2O+2SO2

2Cu2O+Cu2S ═ 6Cu+SO2

Физикалық қасиеті: Мыс - ашық қызғылт түсті жылтыр металл, тұтқыр, жеңіл созылады. Балқу температурасы - 1083 °С . Тығыздығы - 8,9 г/см3. Электр тоғын (күмістен кейін ) жақсы өткізеді.

Химиялық қасиеттері: Құрғақ ауада және кәдімгі температурада мыс өзгермеейді. Өйткені қосылыстың қорғаныш қабықшасымен қапталады, оның құрамы ауадаға қоспа заттарға тәуелді.

Жай заттармен әрекеттеседі. Мыс - галогендермен оңай әрекеттеседі:

Cu+Cl2 ═ CuCl2

2Cu+O2 ═ 2CuO

Cu+S ═ CuS

Мыс сутекпен және азотпен қыздырғанда да әрекеттеспейді.

Күрделі заттармен:

Cu+2H2SO4 ═ CuSO4+SO2+2H2O

Cu+4HNO3 ═ Cu(NO3)2+2NO2 +2H2O

Конц

Cu+8HNO3 ═ 3Cu(NO3)2+2NO↑+4H2O

сұйыл

Сu+2AgNO3 ═ Cu(NO3)2+2Ag

Мыс қосылыстарын анықтау. Мыс және оның ұшқыш қосылыстары жалынды көк жасыл түске бояйды. Тұздарына сілті қосқанда мыс гидроксидінің көгілдір тұнбасы түзіледі.

Cu2+ + 2OH- ═ Cu(OH)2

Мыстың биологиялық рөлі. Өсімдік және жануарлар организімінде мыстың мөлшері шикізатқа есептегенде 10 -5 %-ке дейін аралықта болады. Мысқа кейбір омыртқасыздар - былқылдақденелілер мен буынаяқтылар (теңіз шаяндары, кальмарлар, сегізаяқтылар) бай болады. ХІХ өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: көгілдір түс қанда мыстың болуын көрсетеді. Ол адамның қанында 0,001 мг/л мөлшерде болады. Жануар мен адам организмінде мыс бауырда консентрленеді. Ол қан түзу просесіне қатысады, тотығу процесін күшейтетін көпдеген ферменттердің құрамына кіреді, көмірсу алмасуын, гемоглабин және майлар синтезін, витаминдердің түзілуін қамтамасыз етеді.

Мыс өсімдіктерге де қажет. Ол фотосинтез процесіне қатысатын маңызды микроэлементтердің бірі және өсімдіктердің азотты сіңіруіне әсер етеді. Адам организмінде мыс жетіспесе, қаназдық (анемия) ауруы пайда болады, ал өсімдіктерде мыс жетіспесе, олардың дамуы және жеміс беруі нашарлайды. Бірақ, оның артық мөлшеріде зиянды. Адам үшін мыстың барлық тұздары улы. Мыс қосылыстарын өсімдіктердің зиянкестеріне және саңырауқұлақтарға қарсы күресте қолданылады.

Қолданылуы:

  • Электр тогын өткізетін қондырғылар жасауда;

  • Металдық қаптаулар алуда;

  • Әр түрлі заттардың металдық көшірмесін алу үшін;

  • Әсемдік бұйымдар дайындауда,

  • Полиграфияда, мыс қалыбын жасауда;

  • Радиотехникада қолданылады.

ІІІ. Қорытындылау.

1.Жай зат ретінде мысқа сипаттама беріңдер

2.Мыс атомының құрылысын сипаттаңдар

3.Мысты қандай қосылыстарынан және қандай әдістермен алады?

4.Мыс қандай реакцияларға түседі?

5.№ 6 есепті шығару.

ІҮ. Оқушының білімін бағалау.

№ 6 есеп

Бер: m(Fe)=10г

Т/к: m(Cu)

10г Хг

Шешуі: Fe+CuSO4= FeSO4+Cu

56г 64г

Х=10*64/56=11,4
Жауабы: 11,4г

Ү.Үйге тапсырма: §7.1 оқу. № 7 есеп






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал