7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Фосфор және оның қосылыстары' 10 класс

Открытый урок на тему 'Фосфор және оның қосылыстары' 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Открытый урок на тему "Фосфор және оның қосылыстары."Бұл сабақта мен жаңа техноглогиялардың модулдерін қолдана отырып өткіздім оқушыларда ,қатысқан мұғалімдерде жақсы әсерде қалды.Негізі "Аспаз"мамандығына өткіздім ,білім алушылар сабаққа өте белсенді қатысты,Сабақта
предварительный просмотр материала


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"ҚАПШАҒАЙ КӨПСАЛАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК


САБАҚ ЖОСПАРЫ № 39

Күні

Топ

10.04.2015ж

233



Пән: Химия

Сабақ тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары

Сабақ түрі: аралас


Сабақтың мақсаты

Білімділік: Фосфор және оның қосылыстары жөнінде жалпы мәліметтерге сүйене отырып, нақты теориялық білімді ізденіс, өзіндік жұмыстар арқылы толықтыру, меңгерту, бекіту

Дамытушылық: Білім алушылардың шығармашылығын дамыта отырып ғылыми дүниетанымын кеңейту, ізденіс жолымен мақсатқа жетуге баулу

Тәрбиелік: Өзара ынтымақтастыққа, өз ұлтын шексіз сүюге, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Сабақтың әдісі: Дәстүрлі емес . Джигсо,СТО әдістері :бір қалам, миға шабуыл

Пәнаралық байланыс: медицина, биология, т арих, география, физика


А. Көрнекті құралдар:Д.И Менделеевтің периодтық жүйесі. АКТ ,презентация.маркер, А-4,стикерлер,
Б. Негізгі әдебиет: Химия Н.Нурахметов,Қ.Бекішев, Н,А Заграничная

Сабақты жүргізу кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Сәлемдесу ,түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру.

Топқа бөлу.Тамағамдар арқылы топқа бөлу.

ІІ. Миға шабуыл (5 мин)

Сөз жұмбақ

1.Азотты сипаттаған ғалым
2.Ауаның 78 % құрайтын элемент
3.Азот қышқылының тұздары
4.Атмосфераға азот бөліп жанатын зат
5.Азот диоксиді адам қанынан нені азайтады?
6.Азоттың металдармен қосылысы

ІІІ. Мағынаны ашу. (13 мин )

І топ

Табиғатта кездесуі.Фосфорды алғаш ашқан - Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд (1669 ж). Басқа да алхимиктер тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Рас, kaltes Feuer (суық от) немесе «менің отым» деп Бранд атаған зат қорғасынды алтынға айналдырмады және қарттардың сырт келбетін өзгертпеді, бірақ алынған заттың қыздырусыз жарқырауы ерекше, әрі таңсық болды. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын көрінеді. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып, ақшаға кенелді. Бұл зат не деп ойлайсыңдар?
Әрине фосфор!
Фосфор(лат. Phosphorus), P - элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат. н. 15, ат. м. 30, 97 Бірнеше түрі бар: ақ Ф. - тығызд. 1, 828 г/см3; балқу температурасы - 44, 14°С; қызыл Ф. - тығызд. 2, 31 г/см3; балқу t - 593°С.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор III периодта, V топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы 31, реттік номері (ядро заряды) 15.
Атом құрылысы
Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында бес электрон бар, оның үшеуі жұптаспаған.
Электрондық формуласы:
1s²2s²2р⁶3s²3р³
Фосфор қосылыстарында - 3, +3, +5 тотығу дәрежесін көрсетеді. Фосфордың ұшқыш сутекті қосылысы фосфин РН3 мен аммиак NH3 молекулалары формасы жағынан ұқсас болғанмен, фосфин молекуласы берік емес, улы, тұрақсыз газ, тез тотығып кетеді.
ІІ топ

Физикалық қасиеттері
Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары - ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда к, қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі (20 - сурет). 6 - кестеде ақ жөне қызыл фосфордың қасиеттері салыстырмалы түрде берілген.


ІІІ топ.

Алынуы
Бос күйіндегі фосфорды алу үшін табиғи фосфатты электр пеште кремний (IV) оксиді мен көмірді қосып қыздырады. Бөлінген фосфордың буын су астында ақ фосфор Р( түрінде бөліп алады. Реакция теңдеуі:
Са₃ (РО₄)₂+ 3SiО₂ + 5С = 3CaSiО₃ + 5CО↑ + 2Р
Химиялық қасиеттері
Фосфор тотықтырғыш (азоттан темен) және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Тотықсыздандырғыш ретінде оттекпен және белсенді бейметалдармен реакцияға түседі. 1. Фосфор оттекте жанып, пентаоксид түзеді:
Ақ және қызыл фосфордың негізгі қасиеттері
Ақ фосфор
Ақ түсті кристалл зат, тығыздығы 1, 83 г/см3.
Қараңғыда жарқырайды.
Кәдімгі жағдайда 30 - 40°С температурада ауадағы оттекпен тотығады.
От алғыш қауіптілігіне байланысты су астында сақтайды.
Суда ерімейді, күкірткөміртекте ериді.
Өте қауіпті, улы!
44°С - та балқиды, 280°С - та қайнайды
Қызыл фосфор
Аморфты зат, кристалды емес, тығыздығы 2, 20 г/см3.
Қараңғыда жарқырамайды.
Ауадағы оттекпенен 260'С - та тотығады.
Отқа қауіпті емес. Қыздырғанда оталады.
Суда да, күкірткөміртекте де ерімейді.
Улы емес.
400°С - та балқиды.
2. Фосфор металдармен фосфидтер түзе әрекеттеседі:
Мырыш фосфиді - зиянкес кемірушілермен күресуде қолданылатын препарат.
1. Реакция жағдайына байланысты фосфор хлормен (70°С) әрекеттесіп, фосфор трихлоридін РСІ₃ және 300° С - та фосфор пентахлоридін РСІ₅ түзеді:
2. Фосфор сутекпен әрекеттесіп, фосфин РН₃ түзеді:
Фосфин РН₃ - түссіз, ерекше иісі бар, өте улы зат. Аммиакқа қарағанда негіздік қасиеті әлсіз. Шырпының басына жанғыш заттар - күкірт пен бертолле тұзының қоспасы жағылады. Қораптың жақтауына қызыл фосфор мен шыны ұнтағы желіммен отырғызылады. Шырпының басын қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор бертолле тұзынан от алып, тез тұтанады (21 - сурет). Реакция теңдеуі:
4Р + 5O₂ = 2Р₂O₅ оттегімен оксид түзеді
2Р + ЗСl₂= 2РСl₃ галогендермен галогенидтер береді
2Р + 3S = P₂S₃ күкіртпен сульфид түзеді
ЗСа + 2Р = Са3Р₂ металмен фосфид түзеді
P+5HNО₃ конц = Н₃ РО₄+5NО₂↑ +Н₂О

IV топ.

Фосфордың қолданылуы. улы химикаттар .....сіріңке өндірісі ........Ауыл шаруашылығы..........Р............пиротехника
зиянкестерімен күресу...........H3PO4 алу

IV.Жаңа тақырыпты бекіту (7 мин )

Венн диаграммасы:ақ фосфор мен қызыл фосфордың айырмашылығы мен ұқсастығы

Химиялық эстафета:

І -топ.

N2 → NH3 →NO → NO2 → HNO3

ІІ -топ.

Р → Р2О5 → Н3РО4 → Н4Р2О7→ HРO3

ІІІ- топ.

Са3(РО4)2 →Р → Р2О5 → Н3РО4 →Са(Н2РО4)2 → СаНРО4

ІV- топ.

Ca →CaO→Ca (OH)2 →CaSO4

V.Ой толғаныс. (10 мин )

4 топқа есеп беріледі

І топ.Массасы 35,5 г фосфор (V) оксидін 200 мл 85 % ортофосфор қышқылында (p=1.7г\мл) еріткенде,алынған қышқылдың ерітіндідегі массалық үлесін анықтаңыздар.

ІІ топ.Егер ортофосфор қышқылы бірінші сатыда түгелдей диссоциацияланатын болса,онда 2 л 0,5 М ерітіндідегі дигидрофосфат-ион мөлшерін анықтаңыз .

ІІІ топ.Фосфор оксидтерінің біреуінің буының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 7,6.Оксидтегі фосфордың массалық үлесі 0,564.Оксидтің формуласын табыңдар.

IV топ.Фосфорды тотықтыру үшін 16г оттегі жұмсалды.Реакция нәтижесінде алынған фосфор ангидриді 50 мл 25 % күйдіргіш натр ерітіндісінде (p=1,28 г\мл) ерітілген.Түзілген тұздың құрамы мен ерітіндідегі массалық үлесін табыңыз.

VІ. Үй тапсырмасы (3мин)

8,9-жаттығу

VІ.Рефлексия ( 2 мин)

« Білім ағашы» « Сенің бүгінгі сабақта тақырып бойынша алған біліміңнің деңгей қандай?» деген сұраққа жауап алады.


Оқытушы ____________________

ОІЖО______________________
















Қаралды Келісілді Бекітемін

ӘБ жетекшісі әдіскер Колледж директоры

_______ Е.М.Бодаш ______ Ә.Ә Раимова ________ Б.Қ.Қажияхметов

«___» ____2015жыл « ___» ____ 2015жыл «___» ____2015жыл


Ашық сабақтың тақырыбы:

Фосфор және оның қосылыстары







Пән мұғалімі:М.А Тажибаева











2014-2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал