7


  • Учителю
  • Урок по химии на тему 'Оксидтер'

Урок по химии на тему 'Оксидтер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ш.Уәлиханов орта мектебі МДШО ММ

Тақырыбы:

Оксидтер.Жіктелуі.Алыну жолдары және қасиеттері.

(8 сынып)



Пән мұғалімі: Куанбаева А.К

Сабақтың тақырыбы:

§ 44 Оксидтердің жіктелуі,алу жолдары. § 45 Оксидтердің химиялық қасиеттері,қолданылуы.

Сабақтың мақсаты. 1.Оксидтердің ережесін және жіктелуін еске түсіріп,олардың әрқайсысына мысалдар келтіру.Аталуына мән беру, валенттілікті ескере отырып құрылымдық формулаларын жаздыру.

2.Оқушылардың өздеріне 2 параграфты таладта отырып,алыну жолдарына және химиялық қасиеттеріне реакция теңдеулерін жаздырып, ойларын дамыту.

3.Ойларын түсінікті әрі мағыналы етіп жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта,слайдтар,қажетті реактивтер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: Топпен жұмыс,Кембридж әдісінің элементтерін пайдалану, АКТ-ны пайдалану. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру сәтін оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы тұрғызып,әр елдің сәлемдесу салтымен интербелсенді тақтада жазылғаннан таныстыра отырып,сәлемдестір,сабаққа ынталандыру. Сынып оқушыларын 3 түрлі түске боялған асықтар алдырып ,4 топқа бөліп отырғызу. II. Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл»

I-топқа 189 бет.№5 жаттығу. Хлордың физикалық қасиеттерін түсіндіріңдер және оның ауа бойынша тығыздығын табыңдар. II-топқа 191 бет.№3 жаттығу. Массасы 43,5г марганец (IV) оксидін концентрлі тұз қышқылымен әрекеттестіргенде,қ.ж. қанша көлем хлор алуға болатынын есептеңдер III-топқа 191 бет.№6 жаттығу. 100г суда 6,72л(қ.ж.) хлорсутек ерітілді.Осы алған ерітіндідегі HCl-дың массалық үлесін пайызбен есептеңдер. IV-топқа 194 бет.№4 жаттығу. Көлемі 8,96л хлорсутекті (қ.ж.) алу үшін реагенттерден қанша көлем алу қажет?

Оқулықтан ауызша сұрақтар: I-топқа 1.Хлорсутектің және тұз қышқылының формуласы қандай? 2.Екеуінің айырмашылығы неде? 3.Екеуінің де салыстырмалы молекулалық массасы қанша? 4.Қай галогендердің агрегаттық күйі газ ? 5.Зертханада хлор газын қандай күшті тотықтырғыштардан алады? II-топқа 1.Өнеркәсіп ше? 2.Медицинада жарақаттанған жер тез жазылу үшін қай галогеннің неше проценттік недегі ерітіндісі пайдаланады? 3.Галогендердің сыртқы энергетикалық деңгейінде қанша электрон болады? 4.Ауыз суындағы микроорганизмдерді қай галогеннің көмегімен жояды? 5.Ингибитор дегенімізне? III-топқа 1.Катализатор дегеніміз не? 2.Cl--анионын қай катионмен анықтайды? 3.Тұз қышқылы қандай заттармен реакцияға түседі? 4.Судың 1көлемінде қанша көлем хлорсутек газы ериді? 5. Судың 1көлемінде қанша көлем хлор газы ериді? IV-топқа 1. ns2np5 электрондық конфигурация қай элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейінде? 2. Хлордың маңызды қосылыстарын ата? 3.Теңіз орамжапырағы мен ламинария өсімдігінде қандай элемент бар? 4.Галогендер қай топтың қандай топшасында орналасқан? 5.Хлор жер қыртысында қандай қосылыстар түрінде кездеседі?

III. Жаңа сабақ түсіндіру. «Түсіну» Оксидтер туралы электрондық оқулықтан анықтамасын еске түсіріп және осидтердің жіктелуін көрсететін сызбанұсқаға назар аударамыз. Оксидтер дегеніміз-екі элементтен құралып,оның біреуі оттек болып келетін бинарлы қосылыс. Валенттілік ұғымын еске түсіріп,әрі әр элементтің валенттілігін сақтай отырып,құрылымдық формуласын жазуды үйренеміз.

P2O5, N2O5, CO2,SO3,Na2O, Al2O3, Mn2O7 «Қолдану» I-топқа. Оксидтердің алыну жолдарына реакция теңдеулерін жазу. А) жай заттарды оттекпен әрекеттестіріп Ә) Оксидтерді одан әрі тотықтырып Б) Ерімейтін негіздерді қыздыру арқылы В)Тұздарды қыздыру арқылы Г) Күрделі заттарды жағу арқылы

II-топқа.

Оксидтер дегеніміз не? Олар қалай жіктеледі? Әр қайсысына екі-екіден мысал келтіріп,оларды ертеден белгілі атаулармен және халықаралық атаулармен атаңдар.


III-топқа. Валенттіліктерін ескере отырып,10 оксидтің молекулалық және құрылымдық формулаларын жазыңдар.

IV-топқа. Оксидтердің химиялық қасиетіне реакция теңдеулерін жаз. 1.Негіздік оксидтердің сумен әрекеттесуі


2.Негіздік оксидтердің қышқылменмен әрекеттесуі


3.Негіздік оксидтердің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі

1.Қышқылдық оксидтердің сумен әрекеттесуі

2.Қышқылдық оксидтердің сілтілермен әрекеттесуі

3.Қышқылдық оксидтердің негіздік оксидтермен әрекеттесуі «Талдау» I-топқа. Сәйкестендіру тесті Mn2O7 күкірт (VI) оксиді

SO3 Темір (III) оксиді

Cl2O7 Берилий оксиді

Fe2O3 Хлор (VII) оксиді

BeO Марганец (VII) оксиді

II-топқа. Сәйкестендіру тесті

Mn2O7 Күкірт триоксиді

SO3 Дитемір триоксиді

Cl2O7 Берилий монооксиді

Fe2O3 Дихлор гептаоксиді

BeO Димарганец гептаоксиді

III-топқа. Химиялық диктант

Оксидтер дегеніміз- ... .......... құралып, оның біреуі ..... болып келетін ....... қосылыс. Олар ........., ........, және ......... болып .... бөлінеді. Мысалы: SO2- ...... ( VI) оксиді. Al2O3- …….. оксиді. СО2- ........ (IV) оксиді.

Ол оксидтерді ертеден белгілі атаулармен де атауға болады. Мысалы: Al2O3- алюмений оксидін ........ деп, СО2- көміртек (IV) оксидін ........... .... деп, ал SО2күкірт (VI)оксидін ........ ... деп атайды.

IV-топқа.

Оқулықтан 119 бет №5 жаттығу.

P2O5 + … = H3PO4

Na2O +… = NaOH

K2O + … = KCl + H2O

РН3 + ... = P2O5 +H2O

SO3 + … = H2SO4 CaO + … = Ca(OH)2 «Жинақтау» Оқулықпен жұмыс I-топқа-119 бет №6 жаттығу.

II-топқа-119 бет №7жаттығу.

III-топқа-119 бет №8 жаттығу.

IV-топқа-119 бет №9жаттығу.

Үйге тапсырма:§44,45 .119 бет №6,7,8,9 жаттығуларды аяқтау.№10,11жаттығулар.



Теориялық білімді практикамен ұштастыру. Ойларын қорыту.

Дәлелдеу. Ой бөлісу

Тәжірибеден көрініс. Сергіту сәті.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал