- Учителю
- Научных работ по химии на тему Қалдықтардың екінші ретті өңделуі
Научных работ по химии на тему Қалдықтардың екінші ретті өңделуі
Мазмұны:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1Қалдықтарды өңдеудің шығу тарихы
2.2Қалдықтардың түрлері
2.3Қайта өңдеуге жарамды қалдықтардың түрлері
2.4Бүкіләлемдік қалдықтарды басқарудың мәселелері және оларды
өңдеу жолдары
2.5Қазақстандағы қалдықтар
2.6Картон қағазды қалдықтарды өңдеу және екінші рет қолдану
әдістері
ІІІ.Біздің зерттеу жұмысымыз
3.1Картон қағаздарын өңдеуге дайындау
3.2Дәретхана қағазын өңдеу технологиясы
3.3Дәретхана қағазының үй жағдайында жасалу әдістері.............................................
IV.Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Қалдықтар- табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Қалдықтардың көп мөлшерде жиналуы экологиялық,экономикалық және әлеуметтік жағынан алып қарағанда орасан зор шығын келтіреді. Сонымен қатар қалдықтардың көп мөлшерде жиналуы адамдардың бойында әр түрлі қауіпті аурулардың пайда болуына,өмір сүру жағдайларының нашарлауына,табиғи ресурстардың қорының азаюына алып келеді.
Қалдықтардың қоршаған ортаны ластап, адам өміріне зиян келтіруі мүмкін.Сол себепті мен осы тақырыпты таңдадым.
Зерттеу мақсаты :
-
Қалдықтарды Бүкіләлемдік тұрғысынан өңдеу жолдары туралы мәліметтерді түрлі дерек көздерін оқи отырып зерттеу.
-
Картон қағаздарын өңдеу және екінші рет қолдану әдістерін зерттеу.
Міндеттері:
-
Ғылыми-танымдық әдебиеттерді, ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, тақырып бойынша мәліметтерді оқып білу.
-
Қалдықтардың қайта өңдеуге келетін түрлерімен таныстыру.
-
Бүкіләлемдік қалдықтарды өңдеу және Қазақстан жеріндегі қалдықтарды өңдеу жолдары.
Гипотеза:
Қалдықтарды екінші реттік өңдіруді дұрыс пайдалана білсе, қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді.
Зерттеу нысаны - картон қағазы.
Зерттеу жұмысын жүргізудің әдіс тәсілдері:
-
Мәліметтерді іздеу;
-
Жинақталған мәліметтерді сараптау;
-
Қалдықтардың түрлерімен танысу;
-
Картон қағазынан үй жағдайында дәретхана қағазын жасау әдісі.
Қалдықтарды өңдеу соның ішінде картон қағазының екінші ретті өңделуін анықтау үшін мен көптеген танымал ғылыми-танымдық әдебиеттер мен баспасөз жарияланымдарын, ғаламтор реурстарын оқып, білдім. Осы ақпарат көздерінен қалдықтардың шығу тарихы, түрлері, бүкіләлемдік қалдықтарды басқарудың жолдары,картон қағазының екінші ретті өңделуі, қоршаған ортаға әсері жайында мәліметтерді білдім.
Үй жағдайында картон қағазын екінші ретті өңдеу арқылы дәретхана қағазын жасап көрдім.
II.Негізгі бөлім.
2.1 Теориялық бөлім
Қалдықтарды өңдеудің шығу тарихы
Қалдықтарды қайта өңдеу-ауылшаруашылық саласында қайта өңдеу барысында алынған шикізат,энергия,бұйымдар мен материалдарды қолдануға байланысты қызмет болып табылады. Адам баласы қалдық заттарды өңдеумен ертеден бері айналысып келеді.Көбінесе қалдықтарды өңдеу ауылшаруашылығында маңызды рөл атқарады.
20 ғасырдың екінші жартысынан бастап қалдықтармен күресті қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды,энергияны тиімді пайдалану үшін жүргізе бастады.Қазіргі таңда қалдықтармен күрес әлемдік деңгейде жүргізіліп отыр. 2000-2014 жж Еуропалық Одақ елдері арасында қалдықтармен күресу үшін арнайы келісім жүргізіліп,қол қойылды.Бұл келісімде мынадай талаптар қойылды:
1.Ең көп кездесетін қалдықтарды пайдалануда нормалар деңгейі (макулатура,шыны,пластикалық құтылар үшін) 2014 жылға 50% көлемінде белгіленді.
2.ЕО елдерінде міндетті түрде қалдықтарды өңдеу және қайта өңдеу нарығын енгізу міндеттелді.
Ручное изготовление бумаги освоили в Китае: почти 2000 лет назад (в 153 году н. э.) некий Цай-Лунь, министр земледелия, рекомендовал своим согражданам применять для письма бумагу "ши", изготовленную из волокон древесины растения, которое впоследствии получило название бумажного деревца. Процесс получения бумаги из этой древесины был следующим. Кору толкли в воде, чтобы отделить волокна, и выливали полученную смесь на подносы, на дне которых находились длинные узкие полоски бамбука. Когда вода стекала, мягкие листы клали сушиться на пластины из бамбука и старые тряпки. Видимо, из-за того что для сушки использовалось тряпье, китайская бумага имела одну особенность - она была настолько рыхлой, что краска на ней довольно сильно растекалась. Впрочем, впоследствии это качество китайской бумаги высоко оценили японские каллиграфы, которые использовали для своей работы именно китайскую бумагу.
В Японию секрет производства бумаги привез корейский монах в 610 году. За несколько столетий японцы модифицировали китайскую технологию и создали собственные способы производства бумаги. Китайцы выливали размоченные в воде волокна, на специальные сетчатые щиты-формы и давали воде медленно стечь, просочиться сквозь мелкие ячейки. Японцы же, напротив, энергично трясли форму, чтобы волокна хорошенько переплелись между собой. Кроме того, они стали добавлять клейкий растительный экстракт, который способствовал более плотному и прочному соединению волокон. Древние японцы ценили бумагу не только за ее практические качества, но и за красоту. Она славилась своей тонкостью, почти прозрачностью, что вовсе не лишало ее прочности. Традиционная японская бумага ручного изготовления получила название "васи". Со временем она приобрела популярность, особенно при императорском дворе в период Хайэн (794-1185). В те времена лучшие сорта японской бумаги ценились на вес золота. Такая бумага и в современной Японии - один из наиболее популярных подарков. Однако мастера каллиграфии все же предпочитали китайскую бумагу, на которой тушь слегка расплывалась, что позволяло добиваться большей выразительности письма. Японцы долго пытались сымитировать это качество, но используемое сырье (в основном применялся тутовый луб) и японская технология не давали такого эффекта.
Интересно, что традиция производства бумаги из вторичного (уже ис-пользованного) сырья берет свое начало именно в Японии. В VIII веке после смерти императора из династии Хайэн Сэйва одна из придворных дам сделала из писем императора новые листы бумаги и написала на них буддийскую сутру, как бы прикоснувшись к его душе. Получается, что макулатуру начали применять для производства бумаги вовсе не из практических соображений, как можно подумать, а по причинам религиозным. Восстановленная бумага называлась "усудзумигами" - из-за ее голубоватого оттенка, получавшегося от остатков туши на старых рукописях. Хотя в действительности она была скорее сероватой вследствие недостатков технологии отбеливания. Но японцы и не стремились к особой белизне, считая, что сероватый цвет больше подходит для выражения их чувств к умершим. В отличие от современной европейской бумаги, которая производится из древесной пульпы с длиной волоконцев всего 2-3 мм, васи изготавливается из волокон длиной до 10 мм. Эти длинные волокна переплетаются довольно плотно, обеспечивая прочность бумаги скорее за счет физических факторов, нежели химических, как в бумаге европейской.
От китайцев секрет изготовления бумаги переняли не только японцы, но и арабы. Они и привезли его в Испанию, а уже оттуда искусство делать бумагу распространилось по всему миру. Ранние европейские бумаги делались из переработанной хлопковой и льняной ткани, поэтому стала бурно развиваться торговля ветошью и хлопковым полотном. Интересно, что по одному из предположений чума проникла в Англию из Европы как раз в старых тряпках. Вскоре, однако, этот источник получения сырья для бумаги стал недостаточным, и люди начали применять для производства бумаги новые, порой весьма экзотические материалы. Зафиксирован случай, когда в качестве сырья для упаковочной бумаги была использована... египетская мумия! Менее экстравагантные экспериментаторы пускали в дело солому, капусту, кожу животных, шерсть и даже гнезда ос! Оказывается, в слюне ос есть клей, поэтому, когда оса сгрызает молодые побеги для строительства гнезда, во рту у нее образуется клейкая масса, по составу сходная с бумагой: клетчатка древесины или соломы и клей.
В 1828 и 1861 годах выходили любопытные руководства по производству бумаги - "Manuel de papeterie" Луи Пите, к которым были приложены сотни образцов бумаги, выработанной из различных веществ, даже из кожи и торфа. Таким образом, для изготовления бумаги годятся любые растительные волокна, обладающие гибкостью, но что же все-таки отличает бумагу от других писчих материалов?
2.2Қайта өңдеуге жарамды қалдықтардың түрлері
Қалдықтар түрлеріне қарай:
1.Пайда болуына байланысты;
2.Өндірістік қалдықтар;
1)Металдық қалдықтар
2)Химиялық ток көздерінің қалдықтары
3)Шыны және шыны ыдыстардың қалдықтары
4)Синтетикалық химиядағы полимер материалдарының қалдықтары
5)Радиоактивті қалдықтар
3.Тұтыну қалдықтары(қалалық. коммуналдық);
4.Агрегаттық күйіне байлынысты;
1)Қатты;
2)Сұйық;
3)Газ тәріздес;
5. Табиғи материалдардан қалдықтар
1. Азық-түлік (шіритін) қалдықтар.
2.Медицина, емдік, ғылыми-зерттеу орындарының, соның ішінде, хирургия, стоматология және ветеринарлық орындардың қалдықтары.
8.Қауіп төндіруіне (адамдар немесе қоршаған орта үшін).
9.Матадан жасалған
10.Ағаштан жасалған
11.Былғарыдан,резеңкеден жасалған болып бөлінеді. (2-сурет)
Адам өмірінің маңызды бөлігін қағаздан жасалған өнімдер құрайды.Мысалы, күнделікті таңертеңгілікте жеп отырған жұмыртқаның қорабы да, таңғы ас үстінде оқып отыратын газетіңіз де қағаздан дайындалады. Қағаздан жасалған өнімдер сұранысқа ие болуымен қатар оларды күнделікті өмірде тұтыну да жеңіл болып келеді.
Өкінішке орай, қазіргі таңда адам баласы қоршаған ортаны қоқыспен ластау арқылы өзі өмір сүріп жатқан ортаға қандай зиян келтіріп жатқанын түсінбейді. Қоршаған ортаны қалдық заттардан тазарту, оны қайта өңдеу арқылы пайдалы өнім алу қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы олардың химиялық,физикалық,биологиялық сапасын өзгертуге болады. Қалдықтарды қайта өңдеуге көптеген факторлар әсер етеді. Кейбір жаңдайда қалдықтарды пайдалану оларды қайта өңдеуді қажет етпейді, ал кейбір жағдайларда қалдықтарды пайдалану оларды өңдеуді қажет етеді. Ал өнеркәсіптің кейбір жағдайларында қалдықтарды қайта өңдеу тиімсіз әрі экономикалық тұрғыдан көп шығын келтіруі, қосымша көлік, шикізат, жұмыс күшін қажет етуі мүмкін. (3-сурет)
Өндеуге қалдықтардың көптеген түрлері жатуы мүмкін.Өңделетін өнімді таңдап алған соң жалпы жұмыстың қанша кезеңнен тұратынын анықтауға болады.Қайта өңделетін материалдардың негізгі сорттарына мыналарды жатқызуға болады:
1.Макулатура (қағаз және картон);
2.Резеңке бұйымдар (дөңгелектер т.б.)
3.Пластмасса және полимерлер
4.Шыны ыдыстары және шыны сынықтары
5.Ағаш үгінділері және басқа да ағаш қалдықтары
6. Қара және түсті металдар
(4-сурет)
Қоқыстарды қайта өңдеп оларды пайдалану қазіргі таңда жаһандық проблеманың алдын алып отырған елдер де бар.Сондай елдердің қатарына Қытайды жатқызуға болады.
Әлемдегі ең ірі қалдықтарды өндірушілердің бірі болып табылатын елде осы уақытқа дейін ешқандай бөлек жинау жүйесі болған жоқ. Ұзақ жылдар бойына Бейжің қаласының тұрғындары үшін қоқыс шығару жәй ғана бірнеше күн сайын келетін қоқыс машинасына қоқыстарын тиеу еді. Қоқыстарды сұрыптау міндетті болған жоқ, алайда макулатура мен пластик,металл қалдықтарды адамадар өздері сұрыптап қоқыс жинаушыға бөліп тапсырып тұрады.Кейбір адамдар мұны кәсіпке айналдырып алды. Олар күн сайын көшеге шығып «Сіздердің қоқыстарыңызды сатып аламын!» деп дауыстап жүретін. Қазір Бейжің қаласында 160000 жуық қоқыс жинаушы тұрады және олардың көпшілігі қоқыс тастайтын орындарда өмір сүреді.Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, олар елдегі барлық қоқыстың үштен бірін сұрыптайды екен.Жалпы алғанда Қытай жылына 245 млн т қоқыс шығарады.Қазір дамыған мемлекеттерде көшелерден әр түрлі пластика,шөлмек қабылдайтын автоматтарды,қоқыс жәшіктерін жиі көруге болады. Олардың сыртында «қайта өңдеуден өткізуге болатын» және «басқа да қалдықтар» деген сөздерді көруге болады. Сонымен қатар Бейжің қаласында арнайы азық-түлікке арналған қоқыс жәшіктері бар.Ол жәшіктегі қоқысты қоқыс жинаушы 24 сағат ішінде алып өңдеуге жібереді.Содан соң бұл қоқыс экологиялық таза тыңайтқышқа айналады. Осы тыңайтқыштың көмегімен тұрғындар бақшаларындағы өсімдіктерді құнарландыра алады. Бұдан өзге Қытайда метроларда арнайы пластикалық шөлмектерді қабылдайтын автомат болады. Осы автоматқа шөлмекті салған кезде 0,1 юан-0,5 юанға дейін ақша беріледі. Осылайша жарамсыз пластикалық шөлмектерді пайдалану арқылы тегін метро билетін алуға болады.Сонымен қатар қытай өнертапқыштары қоқыстарды пайдаланып электр энергиясын алуды көздеп отыр.
(5-сурет)
Неғұрлым халық тығыз қоныстанған сайын, табиғат та соншалықты тұрмыстық қалдықтармен жиі ластанады. Мысалы халық саны млр-тан астам елдер Қытай,Үндістан да ең лас елдер қатарына жатады. Үндістанда бұл мәселенің алдын алу үшін көптеген шаралар ұйымдастырылуда.Мысалы қоршаған ортаның пластикалық шөлмектермен ластануына қарсы шара қолданылып, жобалар жүзеге асуда.
Ресейдегі ең мусоры көп қала Нижегородь облысындағы Дзержинск қаласы екен. Ол тіпті ең лас кішкентай қала ретінде Гиннестер кітабына еніпті. Жергілікті тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны Европадағы ең үлкені. Бұндағы қоқыстар төмен температурада өртеледі, ауаны бүлдіріп. Ал, өртенбейтіні жәймендеп жерге сіңеді, топырақ пен суды бүлдіріп. Осы маңайда 30000 халық тұратын болса, Гиннес рекордтар кітабының дерегі бойынша Дзержинскіде ер адамдардың өмір жасы 42, ал әйелдердікі 47.
2.3Бүкіләлемдік қалдықтарды басқарудың мәселелері және оларды
өңдеу жолдары
Ал, қағазды өңдеуден түсетін пайда да ұшан-теңіз. «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық Чжан Иньнің бизнесінің негізі осы қажетсіз қағаздардан құралады. Ол, тіпті, кәсіпкерліктің алғашқы кезінде қоқыстарды өңдеп те әуре болмаған. Бар атқарғаны - ортадағы делдалдық. Америкадағы иесіз қоқыстарды арзан бағаға сатып алған ол қағаздарды бөлген соң Қытайдағы өңдейтін зауыттарға тасымалдап, кейіннен оларды орама, қорап түрінде қайта жасатып, Америкаға саудалап отырған. Тақыр жерден табыс табу деген осы.
Егер сіз Францияға саяхатқа барған болсаңыз, бұл мәселені білгеніңіз жөн. Францияның әрбір көшесінде қоқыс салатын жәшік екі бөліктен тұратынын көресіз. Біріншісі қайта өңдеуге келетін, ал екіншісі екінші рет өңдеуге келмейтін қоқыстар.Адамдар қоқыс шығарған кезде сары түсті пакетке пластикалық бұйымдарды, шыныдан, қағаздан жасалған бұйымдарды салады, ал қара түстң пакетке қалған қоқысты салып үйінің алдына қалдырады. Қоқыс жинаушы әрбір пакетті өзінің қажетті жеріне тапсырады. Бұл елде сонымен қатар дәмханалардан, мейрамханалардан, сауда орталықтарынан, вокзалдардан қоқыстың түріне қарай белгіленген қоқыс жәшіктерін көруге болады. (6-сурет)
(7-сурет) Прага қаласының «Ходов» деп аталатын сауда орталығында Еуропадағы алғашқы ұялы телефондарды қабылдайтын қоқыс жинағыш автомат бар.Бұл құрылғы «Мобиломат» деп аталады.Ол өздігінен ескі,пайдасыз ұялы телефондарды қайта өңдеп, шикізатқа айналдырады.Сіз құрылғыға телефонды салған соң, құрылғы дереу телефонды бірнеше қосалқы бөлшектерге айналдырады. Процесс аяқталған соң шикізатты құрылғыны ойлап табушы компания өкілдері келіп алып кетеді.
(8-сурет)
Қазіргі таңда баламалы энергия көздерін толықтыру өзекті мәселелердің бірі болып саналады.Норвегия,Дания,Швеция,Германия,Нидерландия елдерінің зерттеушілерінің пікірі бойынша 1т қоқыстан 600 кг көмірқышқыл газын алуға болады.Amager Bakke қалдық өртейтін заводы қаладағы ең биік ғимараттардың бірі болады. Сонымен қатар, ол Данияның астанасын 2025 жылы жағатын отыннан біржолата құтқарады.
(9-сурет)
Үлкен ұн қоңызының дернәсілдері ұзақ уақыт бойы полистиролмен,пластикпен қоректенген кезде олардың денсаулығына еш зиян клмейтіні және ол дернәсілдің асқазанына түскен кезде биологиялық жолмен ыдырап кететіндігі анықталған.Стэнфорд университетінің ғалымдары бұл жаңалықты ашқан соң дернәсілдерді экологиялық мақсатта пайдалануға болатынын дәлелдеді.Зерттеу жұмыстары кезінде ғалымдар құрттардың 24 сағат бойына 34-39 мг пластикті ыдырататындығын айтты. (осы жағдай өзге де тамақ түрлерімен болады). Ғалымдар мұның қоршаған ортаға еш зиян келтірмейтіндігін және мұны ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдалануға болатындығын көрсетіп отыр.
Тарагвайдың Катеура қаласының тұрғындары қоқыстарды қайта өңдеп,музыкалық құралдар жасап шығаруда.
Европа елдерінде біздегідей далиып жатқан дала жоқ, қала аумақтары шағын, содан да қоқысқа орын да болмай жатады. Нәтижесінде: ұрандары қоқысты азайту керек, азайту керек және азайту керек. Барлық деңгейде бірдей, алпауыт өндіріс орындары да бір кастрюлкесі бар отбасы да. Қоқыс аз болумен қатар, тез, жеңіл өңделуі қажет. Мусорды өртеу мен оны көмудің рейтингісі төмен. Басқа шара болмаса, амал жоқ, әйтпесе… Евроодақ елдері қоқысқа қарамағаны үшін айып саларда бір-бірін аямайды. Әсіресе, өңдеудің жаңа технологиясын баяу ендіргенде айыптан арылмайды.
2.4Қазақстандағы қалдықтар
Әлемнің жетекші елдеріндегідей Қазақстанда да қоқысты қайта пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.Қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту қажет сегіз қалаға жаңа жоба бекітіліп отыр.Сегіз қаланың ішінен Алматы қаласы көш ілгері тұр.Кейін Ақтау,Астана,Жамбыл,Қарағанды,Шымкент,Петропавл және Өскемен қалалары таңдалып отыр. Іске асырылатын жоба бойынша Қазақстан 2020жылғы көрсеткіш бойынша жалпы қатты қалдықтың 70%-ын өңдеуі тиіс.Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің көрсеткіштері бойынша жалпы елдің аумағында 23 млрд тонна қатты тұрмыстық қалдықтар бар.Жыл сайын бұл көрсеткіш 700 млн тоннаға өсіп отыр.Әрбір қаладан ондаған шақырым жерде қоқыс полигондары орналасқан.Ал бұл қалдықтар жел,ауа,су арқылы бізге жетіп отырады.Ал еліміздің ірі мұнайлы ауданы Атырауда қаладан шығарылатын қоқыстан мұнай, газ, электр энергиясын алу мәселесі жолға қойылып отыр.Қаладан небәрі 5 шақырым жерде орналасқан қоқыс полигонында биіктігі 30 м болатын 2 млн тонна қалдық жиналған. Ал жиналған қалдық әр түрлі аурулардың туындауына алып келіп отыр. Өткен жылы атмосфредағы улы заттардың мөлшері 50 есе өскен.Осыған орай қоршаған ортаны қорғау министрлігі бұл жағдайдың алдын алу үшін жылына 100 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін аумағы 5 га жерді алып жатқан аумаққа зауыт салуды жоспарлап отыр.
2.5Картон қағазды қалдықтарды өңдеу және екінші рет қолдану әдістері
Қалдық қоқыстардың ішіндегі ең кең таралған қоқыс ол-макулатура, яғни қағаз қалдықтары. Осы қағаз қалдықтарын өңдеу және екінші рет пайдалану қалай жүретіндігін зерттеп көрейік.
Макулатура - талшықты шикізат ретінде одан әрі пайдалану үшін жарамды қағаз және қатырма қағаз барлық түрлерін, қалдықтарды өндіру, қайта өңдеу және тұтыну. Макулатураның ең көп тараған түрі картонды қағаз қалдықтары.
Картон -қағаздың қалың әрі қатты, тығыз ірі, қатты талшықтарды (ағаш массасы, жартылай целлюлоза, сульфатты целлюлоза, макулатура) ұнтақтау, құю, престеу, кептіру жолымен жасалады.
1)Пайдаланылатын орнына және физика-механикалық қасиеттеріне қарай қаптамалық, полиграфия, аяқкиімдік, құрылыстық, электр оқшауламасын жасайтын, тоқыма өнеркәсібінде қолданылатын картондар болады.
2)Жәшік және қорап жасалады. Полиграфиялық картон мұқаба, матрица, құжат, тағы басқа жасауға жұмсалады.
3)Құрылыстық картон гипстен жасалған құрғақ сылақты тыстауға және үй қабырғаларына жапсыруға пайдаланылады.
4)Бір не бірнеше қабатты болады. Көп қабатты картонның сырты қымбат әрі мықты талшықтан, ал ішкі жағы арзан талшықтардан құйылады.
Қағаз бен осыған ұқсас өнімдердің шикізаты - целлюлоза. Өсімдіктерде табиғи түрде кездесетін целлюлоза ағаштардан алынады. Сондықтан қағаз өндіру үшін жыл сайын жүздеген ағаш кесіледі. Ағаштардың кесілуі көптеген жануардың мекені ормандардың жойылуына, жер бетіндегі оттегінің азаюына және қоршаған орта теңдігінің бұзылуына жол ашады. Қағаз бен картон қалдықтардың қайта өңделуі арқылы осындай зияндарға жол ашпастан целлюлоза алуға болады. Қалдық қағаздарды қайта өңдеп, қағаз өндіруге болады. Осы әдіс әрі өндіріс құнын азайтады, әрі экологиялық теңдіктің маңызды бөлшегі ағаштардың табиғатта қалуын қамдайды. 1 тонна қалдық қағаздың қайта өңделуі 14 ағашты кесуден құтқарады. Картон қағаздарын қайта өңдеу арқылы өнеркәсіпте де, тұрмыста да пайдалы бұйымдар алуға болады.Мысалы, Индияда халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығына байланысты көптеген балалар мектепте картоннан жасалған үстел, орындықта отырып оқиды және картон қағаздардан, пластикалық пакеттерден жасалған сөмкелер ұстайды.Бір сөзбен алғанда қазір картоннан жасалған бұйымдар барлық жерде кездеседі, өйткені әрбір өнім картон қораптармен қапталады.Яғни не сатып алсаңыз да, сіз алдымен өнімнің өзін емес картоннан жасалғанг қорабын көресіз.
(10-сурет)
Ал қолөнермен айналысатын адам осындай шикізатты көрген кезде қызықпай қоймас, себебі картон қағаздарынан балаларға арналған ойыншықтар, үй интерьеріне арналған сәндік бұйымдар, сәндік әшекейлер және т.б. өнімдер дайындалады. Бірақ, дайындалатын өнімнің түріне қарай алынатын картон қағаздары да өзге болып келетінін ұмытпаған жөн.Картонды тек өндірістік мақсатта емес, азық ретінде пайдалануға болады. Мысалы еліміздің батысында орналасқан Жаңаөзен халқы қораларындағы малын картон қағаздарымен асырап отыр.Ол үшін бар болғаны картон қағазын ұсақтап жыртып, оған кебек қосып сумен араластырады да малға береді.Сонымен қатар картон қағаздарынан сусындар мен шырындарға арналған қораптар, велосипедтің бөлшектерін, ноутбукка арналған тірек, кереуеттің негізін, велосипедке арналған дулыға және дәретхана қағазын т.б. заттар жасауға болады.
Картон қағаздарын екінші рет пайдалану алынатын өнім түріне тікелей байланысты. Егер де сапалы әрі берік дәретхан қағазын алғыңыз келсе таза,сумен немесе сұйықтықтармен бүлінбеген картон қағазын таңдаған жөн болады. Алдымен осылайша белгілі ретпен картон қағаздарын бөліп аламыз содан соң өнім дайындалатын жерге тапсырамыз.
ІІІ.Біздің зерттеу жұмысымыз
3.1Картон қағаздарын өңдеуге дайындау
Kagazy Recycling қағаз өндірісінің ерекшелігі компанияның шикізат
ретінде тек қайта өңделген макулатураны ғана пайдаланатындығында
болып табылады. Компания өз әрекетімен өндірістің толық айналымы
бар вертикалды ықпалдандырылған бизнесті таныта отырып, оны одан
әрі өңдеу мен дайын өнім шығаратын макулатура жинаудың жеке
дамытқан желісі арқылы пайдаланылған шикізатты жинауды жүзеге
асырады.
«Kagazy Recycling» ЖШС - бүкіл Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресейдің бірнеше қаласында макулатура жинау бойынша өкілдіктер желісі бар жалғыз отандық компания. Компания шамамен 500 мың ересек ағаштарды кесуден құтқара отырып, жыл сайын 50 мың тоннаға жуық макулатураны жинайды және қайта өңдейді. Компания макулатураның төмендегідей түрлерін қабылдайды: газеттер, журналдар, кітаптар, буклеттер, тетрапакеттер, тегіс және гофрирленген картондар (қораптар), сонымен қатар пластикалық шөлмектер.
Компанияның серіктестік желісі жыл сайын өсіп келеді. Тек Алматы қаласында ғана KagazyRecycling компаниясымен макулатура жинауда 30-дан астам ірі бизнес-орталықтары мен компаниялардың кеңселері бірлесе қызмет атқарыды. Бұдан басқа, 2012 жылы KagazyRecycling компаниясы Алматы қаласында қоқыстарды сұрыптауға халық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жеке тұлғалардан макулатура жинайтын бес бекетін ашты.
Томас Матеос Вернер - «Қазақстан Қағазы» АҚ бас директоры - 2013 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелерін кәсіби жақтан шешу мақсатында құрылған «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі Ассоциацияның тең төрағасы болып табылады.
3.2 Дәретхана қағазын өңдеу технологиясы
Дәретхана қағазы - әр адамның күнделікті өмірде қажетті бұйымы, сонымен қатар, ол өмірінің ажырамас атрибуты болып табылады. Дәретхана қағазының өндірістік технологиясы үнемі өзгеруге ұшырап, сапасы да үнемі өсіп келеді, жақсарып келеді. Яғни, негізгі сапа көрсеткіштері, беріктігі және гигиеналық талаптарға сай болуы да жақсы жаққа қарай ауысып отыр. Дәретхана қағазы өндірісінің өз құпиясы бар. Талаптарға сай жасалған дәретхана қағазы өте жұмсақ,бірақ тез жыртылып қалмайтын және кәріз құбырлары жолымен аққан кезде құбырларды бітеп тастамауы қажет. Дәретхана қағазы басқа да қағаздан және целлюлозадан жасалатын өнімдерден аса айырмашылықтарға түспейді.Дайындалу жолы алдымен, ағашты ұсақтаудан басталады, кейін арнайы әзірленген металл торға беріледі.Фетрленген валиктердің көмегімен артық судан құтылады. Шикізатты толығымен ыстық ауаның және кептіруге арналған барабанмен кептіреді. Жалпы алғанда, технология осылай жұмыс жасайды. Алайда, дәретхана қағазын өндіруде бір ерекшеелік бар.Қағазды кептіру кезеңінде ол қағаз жолағын кептіру барабанынан арнайы пышақ-шабера арқылы қиылады.Содан кейін дәретхана қағазы қалыңдайды. Қағаздың құрылымы өзгереді, ол жұмсақ әрі созылмалы болады. Дәретхана қағазын жасау тез әрі жылдам жүреді.Минутына 1800 м, ал сағатына 110 км-ге дейін өндіріледі.Соңғы кезеңде қағаз үлкен орамдарға оралады.Орамның қалыңдығы 4-6м дейін жетеді. Содан кейін үлкен орам арнайы машинада стандартты өлшеммен оралып,сурет салынады. Қағаздың беріктігі әрі сапалы болуы ол дайындалатын шикізат түріне де байланысты.Егер шикізат солтүстіктің қарағайлы ормандарынан алынса, өнім де өте сапалы болып келеді. Сонымен қатар, дәретхана қағазы жұмсақ және жағымды иіс шығып тұру үшін оған эвкалипт немесе қайыңның шырынын тамызады.Дәретхана қағазын жасау барысында макулатураны тек арзан сұрыптарын жасауда қолданылады.Себебі, біріншіден, дәретхана қағазын өндіру құны оны бояу және өңдеу қажеттілігінен қымбаттайды, екіншіден, макулатурадан жасалған дәретхана қағазы мықты,созылмалы және ақ түсті болмайды.
(11-сурет)
Дәретхана қағазын жасауға қажетті жабдықтар
Дайындалатын өнімнің екі түрі болады:
-
Гильзалы дәретхана қағазы
-
Гильзасыз дәретхана қағазы
Бірінші нұсқаны таңдасаңыз оған арнайы гильза дайындайтын станок сатып алу қажет болады.Екінші нұсқаны таңдасаңыз арзанға шығады, алайда ондай өнімге сұраныс төмен.
Санитарлық-гигиеналық мақсатта қолданылатын дәретхана қағазын өндіруге қажет құрылғылар:
1)Орама станогы;
2)Кесу станогы;
3)Қаптама үстелді;
3.3Дәретхана қағазының үй жағдайында жасалу әдістері.
1 Әдіс
Керекті құрал -жабдықтар:
Үлкен кастрюль
Қолданылған дәретхана қағазы
Миксер
Су
Кішкене мәрлі
Крахмал (екі шай қасық)
Екі бетті қағаз немесе газет
Жұмыс барысы:
Дәретхана қағазын ұнтақтап жыртып кастрюлге салу. Кастрюлге жылы су
құйып екі шай қасық крахмал қосу. 10 минут суға салып күтіп, содан
кейін белгілі бір массаға келгенше миксермен араластыру.
Біртіндеп жаймен кастрюлге мәрліні салып сүзіп аламыз. Сүзіп алған
соң кептіреміз.Мәрліні қағаздың бетіне қойып, алынған «целлюлоза»
шашылып қалмас үшін , абайлап айналдыруымыз керек., .
Мәрліні ақырын алып, алынған целлюлозаның бетін екінші қағазбен
жабу.
Үтіктің көмегімен кептіру.
Қағаздардан бөлек алып 24 сағатқа дейін кепкенше қоямыз.
МЕТОД II
Его использовали авторы проекта для изготовления бумаги в домашних условиях.
Инструменты:
Для работы потребуются специальные рамки с сеткой для процеживания
жидкости. Они деревянные, размером листов A4 и A5. Для работы
достаточно иметь по две каждого размера. Сетка мелкозернистая,
похожа на сито, она применяется в строительстве. Сетка прикреплена
к рамке небольшими гвоздиками. Верхняя рамка без сетки не
обязательна, но желательна. Она дает возможность набрать больше
массы и легче разровнять ее на сетке.
Также мы используем блендер и утюг для ускорения процесса (можно
вполне обойтись и без них).
Материалы:
Для работы можно брать самую различную бумагу: документы, прошедшие
уничтожение в специальных машинах (шредерах), старые газеты, яичные
лотки, туалетную бумагу. Авторы использовали обрезки полей газет,
которые не имели на себе типографской краски.
На изготовление 2-3 листов бумаги надо приблизительно 3-4 литра
массы. Чем тоньше бумагу хотим получить в итоге, тем больше воды
берем в начале.
Для окраски можно использовать любые краски, начиная с гуашевых.
Процесс:
1. Собранная для работы бумага рвется на мелкие кусочки, заливается
водой и помещается в блендер, где измельчается до состояния
однородной массы. Можно добавить краситель. Когда бумажная масса
готова, она наносится на рамку с сеткой, сверху накрывается рамкой
без сетки. Некоторое время нужно, чтобы дать воде стечь.
2. Снимается верхняя рамка (без сетки).
3. Переворачиваем рамку сеткой к верху и с помощью губки удаляем
всю лишнюю влагу. После этого осторожно удаляем рамку с сеткой и
оставляем высыхать в течении нескольких часов.
4. В конце проглаживаем получившуюся бумагу утюгом через тонкую
тряпку или газету.
Из полученной бумаги можно сделать совершенно удивительные и неповторимые поделки. Мы изготовили из них муляжи для кабинета технологии.
Қорытынды
«Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу қаланың өзекті
проблемасының бірі болып қалып отыр. Әлемдегі жеткеші елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық
мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап
төгуге міндетті: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға.
Соның нәтижесінде, шыны сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнімдерінің
үштен бірі қайта өңдеуге пайдаланылады. Осыдан келіп, Швейцария мен
Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттердің
қатарында есептеледі. Ал, бізде Алматыдағы қоқыс өңдейтін жалғыз
кешен бір жылдан бері жұмыс істемей тұр…».
Міне, ҚР Президенті тура осылай деді.
Жалпы, қоқыс өңдеу ісі үлкен табыс әкелетін
пайдалы сала. Әлемде «Қоқыс ханшайымы» (мусорная королева) атанған
қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы қоқыстарды өңдеу арқылы
тапқан. Не жоғары білімі жоқ, не сүйенетін адамы жоқ, тапқаны
тамағынан артылмайтын Чжанды қалталы жандардың қатарына қосқан -
еңбекқорлығы, табандылығы. Біз ұсақтарды ескере бермейміз. Байысақ,
мұнай сатып, жерімізді жалға беріп, ауқатты атануды жөн көреміз.
Ал, қоқысты өңдеу... Намыс секілді.
Тек осы іске бәс тігіп, қолға алатын қазақстандықтар аз. Әрине, қоқыстың барлық түрін өңдеу үшін аз қаржы кетпейді. Оларға керекті техникалық құралдардың да бағасын қалтамыз көтере бермесі белгілі. Ал, егер қоқыстың бір түрін өңдейтін болсаңыз, табысқа жетеріңіз анық.
Қалдықтарды бөліп сорттау қажеттілігін кішкентай бала да біледі. Балабақшада үйретеді, одан бөлек мусорды жан-тәнімен, бар санасымен сорттайтын ата-анасынан үйренеді. Тіпті, аса сауаттанып кеткен балалар жуынып жатқан ата-аналарының суды ысырап етпеуін секундомермен қадағалайтын да көрінеді.
Ұсыныс.
Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтау, оны жою, өңдеу өте күрделі және өзекті мәселе.
- табиғат пайдаланушылардың қалдықтарды есепке
алу, өңдеу және залалсыздандыру жұмысындағы жеке жауапкершілігін
күшейту, әрі шығарылатын қалдық мөлшерін азайту шараларын енгізуді
талап ету;
- барлық елді мекенде 2-ші санаттағы қалдықтарды түр-түрімен
сұрыптап жинақтау жүйесін енгізу;
- қалдықтарды залалсыздандыру мақсатындағы инфражүйелер мен өндірістік қуатты дамыту, өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игеруді жүзеге асыру.
Осы ұсыныстар толық жүзеге асатын болса қалдықтарды игеру мәселесінде бір қатар жұмыстар орынды шешімін табар еді.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. www.google.kz</</p>
2. Ғ. Сағымбаев. Экология негіздері.
3. Н.Қ Мамыров, Е.М. Үпішев, М.С. Тонкопий. Табиғатты пайдалану экономикасы.
(1-сурет)
(2-сурет)
(3-сурет)
(4-сурет)
(5-сурет)
(6-сурет)
(7-сурет)
(8-сурет)
(9-сурет)
(10-сурет)