7


  • Учителю
  • Конспект урока : Модульдік технология для 8 классов

Конспект урока : Модульдік технология для 8 классов

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ



Бейорганикалық химияда «Оттегі» тақырыбының мазмұнына 6 оқу элементі кіреді.

0 - оқу элементі - кіріспе сағат.

1 - о.э. - оттегінің қасиеті.

2 - о.э. - оттегінің алынуы мен қолданылуы.

3 - о.э. - зертханалық жұмыс: «О» қасиеттері. Көмір мен күкірттің оттегінде жануы.

4 - о.э. - есеп шығару сабағы.

5 - о.э. - резюме сабағы. Бақылау жұмысына дайындалу.

6 - о.э. - бақылау жұмысы.



0 - о.э. - Оттегі модулінің кіріспе сабағы.

Мақсаты. Модуль мазмұны туралы оқушылардың жалпы түсінігін қалыптастыру, оқу мақсатын қою және оған жету жолдарын көрсету, осы модульді оқытудың нәтижелерімен (білім мен қабілеттер) және оны меңгеруді тексерудің мүмкін болатын тәсілдерімен таныстыру.

Тақтаға модульдің аты жазылады: «Оттегі»

Сабақтың бірінші сатысы - оқушыларды білімге белсеңдіру, оқу мақсатын қою. Мұғалім оқушыларды модульдің тақырыбымен таныстырады. Олар «Оттегі» тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс картасымен және тақырыпты оқу үрдісінде меңгеретін білімімен танысады.

Оқушы мынаны білуі керек:

1. Химиялық элемент және жай зат ретіндегі оттегінің жалпы сипаттамасы.

2. Зертханада және өнеркәсіпте оттегіні алудың алудың негізгі тәсілдері.

3. Оттегінің физикалық және химиялық қасиеттері.

4. Оттегіні қолдану салалары.

5. Авогадро заңының тұжырымы және оның нәтижелері.

Оқушының қабілеті.

1. Периодтық жүйедегі орналасуы бойынша отегіне сипаттама беру.

2. Оттегінің физикалық қасиетін айтып беру.

3. Зертханада оттегіні алу және оны жинау.

4. Оттегінің жану реакциясына мысал келтіру.

5. Шамаларды (мольдік көлем - газдарының салыстырмалы тығыздығы, т.б.) қолдану және Авагадро заңының негізінде есеп шығару.

Бұдан кейін мұғалім оқушыларға оттегі туралы не білетінін еске түсіруді ұсынады. Жауаптарымен қатар, оқушылар дәптерлеріне, ал мұғалім тақтаға ББК кестесін толтырады. (ББК - бәрін білгіміз келеді.)



ББК кестесі



Кестені толтыру барысында оқу мақсаты жүзеге асады. Әуелі «Білемін» бағанасы толтырылады, оқушылар химиялық элементті сипаттау жоспарының көмегімен сутегі туралы мәліметтерді еске түсіреді. Мұғалім тақтаға, оқушылар дәптерге қатесі болса да түзетпей жазады, осыдан «Білгім келеді» бағанасын толтырады. Оттегі туралы белгілі түсінігі бар оқушылар ол туралы қысқаша әңгіме құрай алады. Мұнда оларға мұғалім тақтаға жазған оттегі, ауа, су, тау жыныстары, молекула, атом, бейметалл, жай зат, қосылыстар, жасыл байлық, электр тоғы, сутегі пероксиді, ауыр сияқты сөздер көмектеседі.

Оқушыларға дәптерлеріне оттегі туралы әңгіме жазғызу.

Әңгіме әр түрлі болғандықтан оқылып, басқалары тыңдап, өздерінің ойын айтады, келіспейтін жері болуы да мүмкін.

Сабақтың екінші сатысы - ұғыну.

ББК кестесін пайдаланып, оқушылармен бірге жоба құру (оқушылар қоятын сұраққа жауап беруге көмектесетін жоба). Тақтаға жазу. Оқушылар дәптерлеріне толтырады.



























































</<br>


«Оттегі» тақырыбына құрылған жоба:













































































1 - о.э., 2 - о.э. Оттегінің қасиеттері, оттегін алу және қолдану.

Мақсаты. Оттегінің физикалық, химиялық қасиеттерін білу, оттегін зертхана мен өнеркәсіпте алу тәсілдері, қолданылуы. Бұл сабақта оқушылар оқулық бойынша (52-54-бет) және «элементтер әлеміне саяхат» жинағы бойынша, сонымен қатар алдыңғы сабақта толтырылған кесте - кластерді қолдана отырып, өздігінен жұмыс істейді. Нәтижесінде «Оттегінің химиялық қасиеттері», «Оттегінің физикалық қасиеттері», «Оттегін алу және қолдану» тақырыптары бойынша ең маңызды деген 3 -4 бөлімді кіргізіп толтырады да, нәтижелерін екеулеп талқылайды. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың құрған кестелерін талқылайды, ұйымдастырады.Сабақтың қорытындысын жасай отырып, мұғалім ББК кестесіне, әңгімелерге оқушылардың қайта көңіл аударуларын және жазғандарын тексерулерін сұрайды. Оқушылар кестені талдайды және қате жазылғандарын түзетіп, үйде оттегі туралы әңгімені жаңа мәліметтермен толықтырады.

Сабақтың үшінші сатысы - ойлану.

Мұғалім оқушыларға білім деңгейінің қаншалықты сәйкес келетінін тексеру үшін, «Оттегі» мәтінін ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, қарандашпен дәптердің шетіне шартты белгілерді қояды (белгілер тақтада көрсетіледі).

V (мен дұрыс жаздым, дәл солай ойлаймын).

- (мен қате жаздым, менін пікірім дұрыс емес).

+ (бұл қызық, мен үшін жаңалық).

? (бұл түсініксіз немесе осы жөнінде көбірек білгім келеді).

Бұдан кейін олар таңбаланған кестені әр бағанаға өздері ең маңызды деген 3 - 4 бөлімді кіргізіп толтырады да, нәтижелерін екеулеп талқылайды. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың жасаған кестелерін талқылауды ұйымдастырады.



Маркировка кестесі

Сабақты қорытындылап, мұғалім ББК кестесіне, әңгімелерге оқушылардың қайта көңіл аударуларын, дұрыс жазылғанын тексеруін сұрайды. Оқушылар кестені талдайды және қате жазылғандарын тексеріп, үйде оттегі туралы әңгімені жаңа мәліметтермен толықтырады.

Өрмекші кестесін толтыру керек.















Сабақтың соңында оқушылар кестені талқылап, оларды толықтырады, мұғалімнің тексеруіне береді.



3 - о.э. Зертханалық жұмыс. Оттегінің алынуы және қасиеттері.

Мақсаты. Оттегін алу реакциясын жүргізу, приборды дәптерге салу, көмір мен күкірттің оттегінде жануын, тәжірибенің қорытындысын және бақылауларды жазу.

Реактивтер: перманганат, ағаш көмірінің кесегі, әкті су, күкірт кесегі.

Жабдықтар: штатив, сынауықтар, газ жүретін түтігі бар тығын, түтілген мақта, стақан, цилиндр, спирт шамы, сіріңке, темір қасық.

Жұмыс нұсқау картасы бойынша жүргізіледі. Онда жұмыс жүргізілетін құралдың суреті кескінделеді.

Зертханалық жұмыстың қорытындысы. Қыздырғанда оттегі көптеген заттармен қуатты реакцияласады. Жылу және жарық бөлінеді. Бұларды жану реакциялары дейді.

а) Көмір қызып жанды, әкті су құйғанда лайланды, өйткені көмір жанғанда C( түзіледі:



ә) Күкірт - де ашық көк жалын шығарып жанды, өткір иісті газ түзілді.



4 - о.э. Есеп шығару.

Мақсаты. Авогадро заңын қолданып, есеп шығаруға үйрену, газдың салыстырмалы қысымы бойынша мольдік массаны анықтау.

Бұл сабақта оқушылар оқулықтан есеп шығарады.



5 - о.э. Резюме сабақ.

Мақсаты. Оттегі туралы мәліметтерді қабылдау және қорытындылау.

Бұл сабақты «Оттегі» тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс түрінде өткізуге болады. (59 - бет, 5 кесте)

Берілген тапсырмаларды талқылайды, бір-біріне баға қояды, өз қателерін мұғаліммен бірлесе шығарады, т.б. Тапсырмалар әр-түрлі болады.

Мысалы. І. Мыналардың а) мырыш; ә) натрий; б) темір (ІІІ) элементтерінің оттегінде жану реакциясының теңдеулерін жазыңыздар.

ІІ. Темірдің қай қосылысында (FeO және ) оттегі көп екенін анықтаңыздар.

ІІІ. Оттегінің ауа бойынша тығыздығын табыңыздар.

= =

IV. 1 моль атомдық оттегінде 6 оттегі атомдары бар.

V. құрамындағы массалық үлесін (%) табыңыз.

= 12+32 = 44

= 0,72 100% = 72%.



6 - о.э. Бақылау жұмысы.

Мақсаты. Оқушылардың «Оттегі» модулінің мәліметтерін меңгеру деңгейін, оқушылардың жиі жіберген қателерін айқындау:

а) тест түрінде (әр түрлі деңгейде), ә) сұрақтар мен есептер беру, б) сызбанұсқалар арқылы жүйелеу, жинақтау.

Жаңа модульдік технология негізінде құрылған «Оттегі» тақырыбы бойынша берілген сабақтардың жоспарлары ғана ұсынылды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал