7


  • Учителю
  • Урок на тему Отделение вещества

Урок на тему Отделение вещества

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Пәні: Химия

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.



Сабақтың мақсаты: Заттарды қоспадан бөлу және тазарту, қоспаның түрлерімен қоспадан таза заттарды бөліп алу түрлеріне түсініктеме беру.

1. Білімділік: Заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту үшін заттар және қоспаларға түсінік беру.

2. Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту.



Сабақтың типі: аралас сабақ

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,есеп шығару, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар:Тақта, реактивтер(темір, ағаш үгінділері,ас тұзы т.б.), стақан, құйғы, сүзгі қағаз, тұрғы, кәрлен табақша, спирт шамы, колба, түтікше.

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру. (1мин)

II.Үй тапсырмасын тексеру. (8мин)

III.Жаңа сабақ. (15мин)

IV.Бекіту. (15мин)

V.Қорытынды. (3мин)

VI.Бағалау. (2мин)

VII.Үйге тапсырма. (1мин)



Сабақтың барысы:

I.Алғашқы ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу. Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару.



II.Үй тапсырмасын тексеру:Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімділігін сұрақ жауап арқылы тексеріп, бағалау.

1.Қоспа деп нені айтады ?(Қоспа дегеніміз екі немесе одан да көп химиялық қосылыстың әр түрлі қатынаспен түзілуінен құралған заттар.)

2.Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты нешеге жіктеледі және оларды атаңыз? (Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты екіге жіктеледі,олар біртекті және әртекті қоспалар).

3.Біртекті қоспалардың әртекті қоспалардан айырмашылығы неде(Біртекті қоспалардың әртекті қоспалардың айырмашылығы жеке бөлшектер байқалмайды.)



III.Жаңа сабақ: Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

Урок на тему Отделение вещества

Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі.

Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету:

1.Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

Тұндыру.Темір мен ағаш үгінділері араласып кеткен. Қоспадан темірді бөліп алу керек. Қоспаны стақандағы суға салып араластырып, тұндыруға қоямыз, темір үгінділері ыдыстың түбіне шөгеді, ал ағаш үгінділері су бетіне қалқып шығады. Егер суды ағаш үгіндісімен бірге, жайлап басқа ыдысқа құйып алсақ, стақан түбінде темір үгінділері қалып қояды. Бұл тұндыру тәсілі заттардың тығыздықтарының әр түрлі болатындығынак негізделген.

Сүзу. Ас тұзының аздап құм мен топырақ аралақан қоспасын тазарту керек. Қоспаны суға салып араластырса, құрамындағы ас тұзы ериді. Құм ыдыстың түбіне шөге бастайды, ал саз топырақ өзіне су тартып бүкіл ерітіндіні лайлап тұрады. Ерітіндідегі ерімеген бөлшектерді бөлуді тездету үшін сүзу тәсілін қолданады. Ол үшін құйғы мен сүзгі қағазды пайдаланып, тұрғының көмегімен кішкене қондырғы жинайды. Құйғының ішкі бетіне жанаса орналастырылған сүзгі арқылы өткен ерітінді стақанға жиналады. Сүзгінің бетінде құм мен лайдың одан өте алмаған түйіршіктері бөлініп қалады. Жинағыш стақандағы сұйық ас тұзының ерітіндісі мөлдірленіп, біршама тазарып шығады. Ерітіндіден ас тұзын қайта кристалдану әдісінің көмегімен қатты күйге ауыстырып тазартуға болады.



2.Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту),

айдау т.б.

Қайта кристалдану. Ас тұзы мен судан тұратын біртекті қоспаны бөліп тазарту керек. Ластанған ас тұзын қоспадан бөлу әдісін үйренейік. Енді тәжірибе үшін мал жеміне арналған немесе дүкенде сатылатын ас тұзын алып, осының алдында қолданылған әдісті пайдаланып, ерімейтін қоспадан тазартыңдар.

Сүзу әдісімен бөлінген ерітінді сүзінді деп аталады. Сүзіндіні кәрлен табақшаға құйып, тұрғының сақинасына орнатып, төменгі жағынан спирт шамның жалынымен баяу қыздыра бастайды. Ерітіндідегі су буланып, ерітіндінің мөлшері азайып, суала түседі. Мұндай процесс суалту деп аталады. Ерітінді суалған сайын онда еріген ас тұзы молая түседі. Ақыры, ерітіндідегі ас тұзының мөлшері қанығуға жеткен кезде, кәрлен табақшадағы қалған ерітіндінің шетінде ақшыл кристалдар пайда болады. Осы кезден бастап қыздыруды тоқтатып, ерітіндіні салқындатуға қоямыз. Ерітіндіні салқындай түскен сайын, ас тұзының кристалдануы арта түскені,оның түйіршектерінің ірілгені байқалады. Әрі қарай қажет болса, тазарған ас тұзының кристалдарын сүзу тәсілімен бөліп алады.

Бастапқы қатты күйдегі затты ерітіп, оларды буландыра отырып, суалту жолымен тазарту қайта кристалдану әдісі деп аталады. Ерітіндіні түгелдей суалтуға болмайды, себебі ас тұзына ілескен басқа ерімтал қоспалар да қайтадан қатты күйге ауысып, оны тағы да ластар еді.

Айдау. Табиғи суды тазартып, оны қоспадан бөліп алу керек. Кез келген табиғи судың құрамында еріп жүрген әр түрлі заттардың қоспасы бар. Табиғи суды еріген біртекті қоспадан бөліп тазарту, олардың қайнау температуларының бірдей еместігіне негізделген. Айдау тәсілі деп ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып, сонан соң бірден салқындатып сұйық күйге ауыстырып, конденсациялауды айтады. Мұны дистилдеу тәсілі деп те атайды. Мәселен, дәріханалардағы дәрі дәрмек дайындайтын су айдалып тазартылған болуы шарт.

Айдау тәсілін іске асыру үшін тұрғыны пайдаланып, суды қайнатуға арналған құтыдан, оны сұйылтуға қажет ұзын түтіктен және айдалған таза суды жинайтын қабылдағышыдыстан құралған қондырғы жинайды. Спирт шамның жалынымен құтыны қыздырғанда, су қайнап буланып қща бастайды. Газға айналған жеңіл су буы құтының бойымен көтеріліп, түтік арқылы өтеді. Түтік бойында су буы салқындап, қайтадан сұйық күйге ауысып, конденсацияланады. Таза су жинағыш ыдысқа тамшылап құйылады.

Табиғи судың құрамындағы қоспалар буланбайды, бастапқы сынауықтағы ерітіндіде өалып қояды. Су буланып ұшқан сайын қалған ерітіндіде қоспаның мөлшері молая түседі. Егер ерітінді түгелдей буланса, құты түбінде қатты қалдық қалады.







IV.Бекіту: Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1. Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

2. Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

3. Әртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

4. Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?



Есептер мен жаттығулар жинағы бойынша тапсырмалар беру:



1 - 12.Мыналардың қайсысы таза зат, қайсысы заттардың қоспасы екенін көрсет: а) ауа;

ә) оттек;

б) теңіз суы;

в) өзен құмы;

г) мыс; Ж:А

1 - 13.Мыналар таза затқа жата ма әлде қоспа ма:

а) мыс кені;

ә) құрылыста әктеуге қолданылатын әк ерітіндісі;

б) күнделікті пайдаланып жүрген ас тұзы; Ж:қоспа

1 - 14. Төменде берілгеннің қайсысы химиялық қосылыс, қайсысы қоспаға жатады: а) суы буы;

ә) гранит;

б) полиэтилен;

в) тіс тазалайтын паста; Ж:Б

1- 15. Қоспалар арасындағы берілген бір артық сөзді көрсетіңдер:

а) ауа, түтін,оттек, тұман;

ә) мұнай, спирт, су, ацетон;

б) өзен құмы, қант, темір кені, цемент. Ж:А



V.Қорытындылау: Қоспаларды әр алуан тәсілдермен бөледі. Суда ерімейтін әртекті қоспалар тұндыру арқылы бөлінеді, ал суда еритін заттардан тұратын біртекті қоспалар қайта кристалдану немесе айдау арқылы бөлінеді.



VI.Бағалау: Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын.



VII.Үйге тапсырма:§3.1-9 тапсырмалар.(ауызша)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал