7


  • Учителю
  • Химия зандылықтарын оқушыларға меңгертуде инновациялық технологиялардың маңызы

Химия зандылықтарын оқушыларға меңгертуде инновациялық технологиялардың маңызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Химия зандылықтарын оқушыларға меңгертуде инновациялық технологиялардың маңызы

Джапанова Альфия Бекжанқызы

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің

химия пәнінің мұғалімі

Атырау қаласы

ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге ,адамның денсаулығына кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Ғылыми жағдайында басты фактор ретінде қарастыруда.Ақпараттық технология- экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгерілеуінің»белгісі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қаблетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қаблеттілігін қамтамсыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.Бүгінгі білім мазмұны мұғалімен оқушының арсындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІғасыр ақпараттандыру ғасыры»деп аталады. «Білім берудегі ақпараттық коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары»және т.б.тіркестермен тығыз байланысты. Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетті жұмыс істеуге, компьютерлік бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникактивтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық мідениетті сауатты адамақпаратың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қаблетті,ақпарат сақталып дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білу керек. Жаңа мыңжылдық бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес Ол өткенді таразылап өмірдің мәнін жаңаша түсінуге,болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады.





Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүние жүзілік білім кеңестігіне енуі бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдында жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Бұдан шығаратыны ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізігі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өміріне өте алатына білім жүйесінің үйымдық құрлымдарын іздеу болып табылады.

«Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс,яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек» деп атап көрсетілді.

Білім берудің ақпараттандыру жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады.

Оқу үрдісінде технологияны қолдану мұғалңммен оқушы қарым қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрлымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Білім беруді жүйесінде мұғалім оқушы компьютер оқулық жүйесі пайда болады. Ақпараттандыруды технологияның негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сай қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына суйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Иновациялық технология алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтмасыз ететін оқытудың әдіс құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Иновациялық технологияда мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептері жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығыныңаса қажетті де маңызды құрамдас бөлігі, өйткені қоғамды демократияландыру мен ізгілендіруге байланысты жаңа білім жүйесінің жүзеге асуы үшін оқытудың жаңа технологияларын қолдану талап етіледі.

Жаңа ақпараттық технология дегеніміз білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үдерісі. Бұл үдерісте іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігімен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз мінез құлұқтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді. Бүгінгі оқушылардың жеке ой өрісі, жеке қабілеті таңылады және шығармашылығы дамиды:ол жаңа ақпараттар алады, белсенді пікір сайысқа түсе алады.

Өзім сабақберетін топтарда оқытуды сын тұрғысынан ойлау бағдарламасымен жүргізіп , оқушылармен бірлескен әрекетімізде үйренудің тиімді, оңай жолын анықтау, маңызды жағдайларды шеберлікпен шеше білу, өз ойын сыни тұрғыда ойлауға қалыптастыру, өз білімін бағалауға болатынына көз жеткіздім. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шындалған ойлау.Оқушыларды ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға,пікір таластыруға, дұрыс сөйлеу білуге, өз бетімен ізденіп, жұмыс істеуге, шығармашылығын дамытуды мақсат етеді.

Осы мақсатпен химия пәнінен топпен жұмыс істей отырып,ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілеті төмендеу оқушылардың өзі ізденіп, топқа өз үлесін қосуға тырысатынынын, өз пікірін айтып, оның дұрыс, терісін мойындайтынына көзім жетті.





Ісаты

Қызығушылығын ояту

Оқушы не білді? Не айта алады? Бұыннан білетінін еске түсіру, ой қозғап әсер ету

ІІ саты

Мағынаны ажырату

Сұрақ -жауап арқылы өз бетімен ойларын айтуға, тапсырмалар орындау арқылы бағаланады



ІІІ саты

Ой толғанысы

Үйренгенін қорытып, саралап,оны түсіндіру арқылы білім жинақтайды.





«Топтастыру»

«Суретке қарап болжау»

«Елестеу», «Кубизм»

«Не білдім? Не білемін? Не білгім келеді»

«Венн»диаграмасы, «Қос шеңбер», «Ұқсастық пен даралық»

















І семестр

«Металдар», «Сілтілік металдар», «Бейметалдар»

Барлық топта үнемі

«Химиялық приборлар»

«Меделеев таблицасы»

«Шартты белгілер»

ІІ семестр

«Мұнай» «Азотты органикалық қосылыстар»





Осындай стратегияны қолданғанда оқушының танымдық белсенділігі артатыны, өз бетінше ойлауға дағдыланатынын сызба кесте қүрастыра білуге білім сапасының артатынына, білім алу керектігін түсінетін бала саны көбейте түсетінін байқадым.

Химияның заңдары мен анықтамалары, сөздіктерді кестелерді оқушының өзі анық көріп тест сұрақтарына жауап береді. Үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге, тест тапсырмаларын электрондық оқулық арқылы орындауға болады. Тиімділігі:Оқушы уақытын үнемдейді, логикалық ойлау қаблеті артады, өз беімен жұмыс істеуге үйренеді, қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезінуге мүмкіндік алады, ой өрісі дүние танымы кеңейеді.

Химия пәнін оқытуда әрбір тақырыптар мен заңдылықтарды тиянақты ұғындыру үшін үнемі интерактивті тақтаны мүмкіндіктерін пайдалануды дағдыға айналдырудамын.

Сыныптан тыс жұмыстарда теория мен практикада ұштасады пәнге қызығушылығы белсенділігі артады өз бетінше ізденуге ұмытылады.









Зертханалық жұмыстарда

Тәрбие шараларында

Ата-аналар жиналысында





Өз тәжірбиемде ақпаратты техологияны,проблемалық оқыту технологиясын электрондық оқулықпен жұмыс түрлерін қолданғанда оқушылар терең білім алып, икемділік пен іс әрекет дағдыға қол жеткізіп қоймай олардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби икемділікке,өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану,жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі замаңға лайықты өмір сүруге және жұмыс істей білуге жетейлейтінін байқадым.

Химия заңдылықтарын оқушыларға меңгертуде инновациялық технологияларды пайдаланғанда мынадай нәтижеге қол жеткізуге болатындығын аңғардым.

Нәтиже:

1. Өзін-өзі дамытып тәрбиелейді

2. Шығармашылық іскерлік қалыптасады

3. Барлық оқушы ізденеді

4. Шығармашылық дағды қалыптасады

5. Қызығушылық артады

6. Ақпараттандыру жүйесі жүзеге асады

7. Теория мен практика ұштасады

8. Компьютерлік сауаттылық артады

Қорыта келе білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, мұғалімдер алдында жаңа талаптар мен міндеттер қойып, әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін пайдаланып, қазіргі иновациялық технологияларды химия заңдылықтарын меңгертуде қолдану білім сапасына елеулі әсер етері сөзсіз.





</<font face="Times New Roman, serif">Пайдаланған әдебиеттер:

1.Н.Ә.Назрбаев «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына жолдауы

2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңы. 3 тарау

3. «Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру» бағдарламасы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал