- Учителю
- Ашық сабақ тақырыбы Сутек химиялық элемент
Ашық сабақ тақырыбы Сутек химиялық элемент
Тақырыбы: Сутек-химиялық элемент және жай зат.Сутектің изотоптары. |
Мектеп: Нұржау жалпы орта мектебі | |||
Күні: 5.02.16 |
Мұғалімнің аты-жөні: Меңдіғазиева М.Т | |||
Сынып: ҮІІІ «А,Ә» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: | ||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: |
Сутек - химиялық элемент және жай зат ретінде түсініктерін қалыптастыру | |||
Алдыңғы оқу: |
Барлық оқушылар: Оттек жай зат екенін және оксидтерді, экзотермиялық, эндотермиялық реакцияларды ажыратып оқи біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Термохимиялық теңдеулерді құра біледі Кейбір оқушылар: Термохимиялық теңдеулерді құрып, газдардың мольдік көлеміне, Авогадро заңына есептер шығара алады. | |||
Міндеттері |
Сутек жай зат ретінде зертханада алу жолын үйрету Сутекті талдау қабілеттерін арттыру Зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасауға, реакция теңдеулерін жазып, реакция типтерін ажырата білуге үйрету | |||
Кезекті оқу 3мин |
Ауа. Оттек. Жану тақырыбын қорытындылау Симатикалық карта толтыру | |||
Жоспар |
| |||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар
| ||
Білу 5 минут
|
1. « Миға шабуыл» 1.Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не? 2. Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар) 3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз 4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі? «Мағнаны тану»
Мен судың арғы тегімін, Серігімін оттек атты серінің. Ежелден ең жеңіл газбын, Оттекке қарағанда азбын. 1 пайыз ғана жер бетіне тарағам, Ғаламшарда 92 пайызбын. Бармын газбен көмір,мұнайда, Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек) |
Мультимедия
| ||
Түсіну 8 минут |
Джигсо әдісі І топ: Қасиеттері, қолданылуы ІІтоп: Сутектің ашылуы, алынуы
Зертханада алу жолы
|
Периодтық жүйе Оқулық, постер, түсті бояулар Теледидар Audio CD | ||
Қолдану 7 минут |
«Салыстыр» Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясын айт |
Постер
| ||
Талдау 7 минут |
«Реакцияны аяқта» І топ - Ca + ... = 2 Ca(OН)2 + H2 К + ... = K2SO4+H2 ... + Cl2 = 2 НCl Na + ....= Na2SO4 + H2 ІІ топ - 2Na +... = 2NaН SO3+ .... = H2SO4 ІҮ топ- көк Mg + .... = MgCl 2 + H2 Сергіту сәті Оксид, су, Гидрогениум, жану, дәптер, Кавендиш, ауа, Оксигениум, Кипп аппараты, Алтын. Егер оттекке қатысты зат айтылса, онда оң қолды көтересің, ал сутекке қатысты зат айтылса, онда сол қолыңды көтересің. Екеуіне де қатысты болса, екі қолыңдыда көтересің де шапалақтайсың, екеуіне де қатысты болсамаса отырасың. |
Таратпа карта, мультимедия | ||
Жинақтау 5 минут
|
Тест тапсырмалары: 1.Сутектің химиялық таңбасы: а) Н ә) Не б) Cu в) Si
2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды? а)25% ә)32% б)24% в)92%
3.Сутекті ең алғаш алған ғалым? а) Ломоносов ә) Менделеев б) Кавендиш в) Лавуазье
4.Сутек латынша қандай мағынаны береді: а)түтінді газ ә)су тудырушы б)қопарғыш газ в)су тасушы
5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы: а)Электр тоғы арқылы ә)белсенді металдан б)ауаны ығыстыру арқылы в)айдау арқылы |
Мультимедия Таратпа бетше
| ||
Бағалау 2 минут |
Сутек элементін жай зат ретінде қарауға болама Сутек адам өмірне байдасы бар ма? |
| ||
Кері байланыс 2 минут |
«Екі жақты күнделік» Бөліктің оң жағына: Жаңа сабақта алған қатты әсер еткен тұстары, ұнаған әдістері Сол жағына: Жаңа сабаққа пікір, сұрақтар Қандай тапсырманы орындағанда қиындық келтірді? |
Таратпа бетше | ||
Үй тапсырмасы 1 минут |
Сутек элементіне слайд дайындау 6,7есептер |
Жұмыс кітабы | ||
Жетті:
Талпынды: |
Табыс критерийі
. Сутек жай зат ретінде зертханада алу жолын үйренді Сутекті талдау қабілеттері артты
|