- Учителю
- Открытый урок на тему 'алюминий және оның қосылыстары'
Открытый урок на тему 'алюминий және оның қосылыстары'
Нығыман Алшынов атындағы
Жалаулы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Алюминий және оның қосылыстары»
Өткізген мұғалім: Кәкімова Динара Ертайқызы
Ивановка ауылы
2012ж
Күні: 16.02.2012ж. Сынып: 9 қазақ
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алюминий металы және оның қосылыстары жөнінде
түсінік беру;
Оқушылардың формула құру, реакция теңдеулерін құрастыру
қабілеттіліктерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту;
Оқушыларды ұжыммен, топпен жұмыс істеуге және басқаларды
Тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік
Сабақтың формасы: топпен, жалпылай, өздігінен
Көрнекілік: интерактивті тақта, периодтық кесте, карточкалар
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) оқушыларды реттеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі:
Мына айналымдарға сәйкес жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар:
Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2 → CaCO3 → Ca(NO3)2
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
танымдық қызығушылықты арттыру:
Болмасада айтарлықтай салмағым
Көп металдан ардақтымын алдамын
Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап,
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.
Дюралюмин дейтін менің қоспамды,
Әспеттейді химияның достары
Тұрмыста үстел, ыдыс-аяқ, кереует,
Бағандадың бұйдаларын қостым мен
Қағаз да мен кәмпит, шайды сәндеген
Токқа балқып келіп тұрған ән де мен
Периодтық жүйедегі орны:
Химиялық таңбасы - Al
Реттік нөмірі - 13
Атомдық массасы - 27
Период нөмірі - ІІІ
Топ нөмірі - ІІІ
Атом құрылысы:
Ядро заряды - +13
Электрон саны - 13
Протон саны - 13
Нейтрон саны - 14
Энергетикалық деңгей саны - 3
Валенттілігі - 3
Электрондық формуласы - 1s22s22p63s23p1
Табиғатта кездесуі:
алюминий - табиғатта кең таралған химиялық элемент, жер қыртысындағы массалық үлесі бойынша оттек және кремнийден кейінгі үшінші орында. Табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі. Минералдары: боксит, криолит, корунд, рубин, сапфир, аметист және т.б.
Алынуы: алюминийді алюминий оксидінің криолиттегі балқымасын электролиздеу арқылы алады. Бұл электр қуатын өте көп жұмсайтын өндіріс, сондықтан электр тогын арзан аймақ Павлодарда өндіріледі. Алюминийді Павлодар электролиз зауытында алады.
Физикалық қасиеттері: бос күйіндегі алюминий күміс түсті, жеңіл металл. Электрді және жылуды жақсы өткізеді. Электрөткізгіштігі жағынан күміс және мыстан кейінгі үшінші орында. Жіңішке сымға және қағазға оңай айналдыруға келетін созылғыш металл.
Химиялық қасиеттері: алюминий - химиялық белсенді элемент. Алюминий жоғары температурада ұнтақталған күйінде оттекпен және күкіртпен, кәдімгі жағдайда хлормен әрекеттеседі:
4Al + 3O2 = 2Al2O3
2Al + 3S = Al2S3
2Al + 3Cl2 = 2AlCl3
Сұйытылған қышқылдармен әрекеттеседі:
2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2
2Al + 3H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3H2
Тұз ерітінділерімен әрекеттеседі:
2Al + 3CuCl = 2AlCl3 + 3Cu
Қосылыстары:
Алюминий оксиді - Al2O3
Алюминий гидроксиді - Al(OH)3
Алюминий тұздары - Al2(SO4)3, AlCl3
IV. Бекіту кезеңі:
1. Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырмалары бар карточкалар беріледі.
І - топ тапсырмалары
І-деңгей
-
Алюминий гидроксидінің және алюминий хлоридінің формуласын құрыңдар.
ІІ-деңгей
-
Алюминийдің а)күкірт қышқылымен; ә)тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар.
ІІІ-деңгей
-
Массасы 200г алюминий фосфатында қанша фосфор бар?
ІІ - топ тапсырмалары
І-деңгей
-
Алюминий оксидінің және алюминий сульфатының формуласын құрыңдар.
ІІ-деңгей
-
Алюминийдің а)тұз қышқылымен ә)натрий гидроксидімен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар.
ІІІ-деңгей
-
Алюминий оксидіндегі әр элементтің массалық үлесін есептеңдер.
Сергіту сәті: оқушылар бойларын түзу ұстап, көздерін жұмып, терең дем алады да жақсылық, мейірімділік, бақытты сәттерді елестетеді. Демдерін шығарып, көздерін ашада.
2. «Алюминий» сөзжұмбағы беріледі:
«АЛЮМИНИЙ» сөзжұмбағы
А
Л
Ю
М
И
Н
И
Й
-
Алюминий оксидінің түсі?
-
Алюминийді алюминий оксидінің криолиттегі балқымасын не істеу арқылы алады?
-
Алюминий құймаларының бірі?
-
Алюминий егелген жерінен реакцияға түсіп, сынаппен не түзеді?
-
Al2S3 - алюминий...?
-
Тұрақты кристалдық торы бар табиғатта кездесетін минералы?
-
Алюминий қандай әдіспен металдарды алуға қолданылады?
-
Қазақстанда кездесетін кен орыны?
3.Оқушылар өздерін тест арқылы тексереді:
Өзін-өзі тексеру тесті
І-нұсқа ІІ-нұсқа
1.Алюминийдің реттік нөмірі: 1. Алюминийдің валенттілігі:
а) 15 ә)13 б)17 а) І ә) ІІІ б) ІV
2. Алюминий оксидінің формуласы: 2. Алюминий хлоридінің формуласы:
а)Al2O3 ә)AlO2 б)Al2O а)AlCl2 ә)AlCl б)AlCl3
3. Алюминийдің Қазақстандағы кен орыны: 3. Алюминийдің Қазақстандағы кен орны:
а)Астана ә)Көкшетау б)Ақтөбе а) Қостанай ә) Алматы б) Тараз
4. Алюминий орналасқан период: 4. Алюминий орналасқанг топ:
а) І ә) ІІІ б) ІІ а) ІІІ ә) ІІ б) І
5. Алюминий: 5. Алюминий:
а) Электрөткізгіштігі жақсы а) ауыр металл
ә) Электрөткізгіштігі нашар ә) жеңіл металл
б) Электр тогын өткізбейді б) өте ауыр металл
V. Рефлексия: оқушылар сабақтан алған білімдерін ортаға салып, сабақтың басында қойған мақсаттарына жеткендіктерін айтып өтеді.
VI. Бағалау: оқушылар бір-бірін сабақтың басында берілген бағалау парағы бойынша бағалайды.
VII. Үйге тапсырма: §35, №6 есеп, 139-142 бет.