- Учителю
- Урок по химии для 8 класса 'Тапқыр химиктер'
Урок по химии для 8 класса 'Тапқыр химиктер'
Тақырыбы: «Тапқыр химиктер»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химия пәні боиынша алған білімдерін жүйелеп,тереңдету, қорытындылау.
Дамытушылық: Химиялық формула, теңдеу құру біліктіліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Қолданылған әдіс-тәсілдер: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жетондар, дидактиаклық материалдар.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, сынып оқушыларын үш топқа бөлу. «Тапқырлар», «Ойшылдар», «Алғырлар»
ІІ. Сайыс шарттарымен және сайыстың мақсатымен таныстыру.
1-тапсырма. Лездемелік сұрақтар. Бұл бөлімде әр топқа 5 сұрақтан беріліп, жылдам топты анықтау.
Тапқырлар тобына:
-
Д.И.Менделеев қай жылы дүниеге келді?
-
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын ата?
-
Индекс, коэффициент дегеніміз не?
-
Табиғатта бос күйдегі молекулалық оттекті бөліп шығаратын реакция?
-
Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметал?
Ойшылдар тобына:
-
Зат массасының сақталу заңын кім ашты?
-
Валенттілік дегеніміз не?
-
Бейметалдардың жалпы саны?
-
Металдардың бұзылуы?
-
Ас тұзының формуласы қандай?
Алғырлар тобына:
-
Ауаның негізгі құрам бөлігін ата?
-
Хлордың периоттық жүйедегі орны қандай?
-
Реттік номері 15 элементтің электрон саны қаншы?
-
Реакция типтерін ата.
-
Период сілтілік металдардан басталып, қандай элементтерден аяқталады.
2-тапсырма: Пошта жәшігі. Элемент пен биологиялық атауларды дұрыс жазу.
«Тапқырлар» тобына: исклртал-кристал, акцияер-реакция, нецаграм-марганец, лексреф-рефлекц,көтекмір-көміртек.
«Ойшылдар» тобына: кетот-оттек, қлышқы -қышқыл, ғақорсын-қорғасын, сужаша-жасуша, алынт-алтын.
«Алғырлар» тобына: тіліксіл-сілтілік, тезсинфото -фотосинтез, оряд -ядро, тоза-азот, хиями-химия.
3-тапсырма: Ғажайып тапсырмалар. Эксперименттік есептер шығару.
«Тапқырлар» тобына: Нөмерленген сынауықта натрий хлоридінің судағы ерітіндісі, тұз қышқылы, натрий гидроксиді ерітінділері берілген. Қай сынауықта қандай зат бар екендігін анықтаңдар.
«Ойшылдар» тобына: Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадый тұздар бар екендігін анықтаңдар: темір (ІІІ) хлориді, мыс хлориді, калий хлориді.
«Алғырлар» тобына:Басқа реактивті пайдаланбай ерітіндісі бар үш сынауықтың қайсысында мырыш хлориді, магний хлориді, натрий хлориді, темір(ІІ) сульфаты бар екенін дәлелдеңдер.
4-тапсырма: Топ басшыларының сайысы. Берілген тапсырмаларды топ басшылары жылдам тақтаға орындауы тиіс.
«Тапқырлар» тобына: Мына өзгерістерді жүзеге асыр:
Na→ NaOH →Na2CO3→NaCI→Na
«Ойшылдар» тобына:Мына өзгерістерді жүзеге асыр:
Ca→ Ca CI2→ CaCO3 → Ca O→ Ca(OH)2
«Алғырлар» тобына:Мына өзгерістерді жүзеге асыр:
Ba→ Ba(OH)2→BaCO3→BaCI2→Ba
5-тапсырма:Берілген сөздерден артық сөзді алып тастап, дұрысын таңдау.
«Тапқырлар» тобына:Сілтілік металдарға жататын элементтер: литий, натрий, алюминий, калий.
«Ойшылдар» тобына:тұздар класына жататын элементтер: Na сульфаты,күкірт қышқылы,кальций хлориді,магний нитраты.
«Алғырлар» тобына:галогендер тобына жататын элементтер: күкірт, фтор, хлор, бром.
ІІІ. Қорытынды.