- Учителю
- План урока химии в 8 классе 'Оттегінің химиялық қасиеттері'
План урока химии в 8 классе 'Оттегінің химиялық қасиеттері'
Күнделікті сабақ жоспары
Сынып: 8 «А» . Пән: Химия. Күні:
Сабақ тақырыбы: Оттегінің химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Оқушыларды оттегінің химиялық қасиеттерімен таныстыру.
Тәрбиелік : Оттегіні қолдану саласын, пайда - зиянын айыра білуге насихаттау.
Оқушыларды бірлесе жұмыс жасап, мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқытудың технологияларын пайдаланып, тақырып мазмұнын талдауға, салыстыра білу қабілетін дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Деңгейлік оқыту, ой шақыру стратегиясы,түсіндіре әңгімелеу.
Ұйымдастыру формасы: Ұжымдық, топпен.
Сабақта қолданылатың көрнекіліктер: Интербелсенді тақта
Сабақ кезендегі оқушылардың құзіреттілігін ашу: Ақпараттық, проблемаларды шешу, коммуникативтік
Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтағы жұмысқа оқушыларды баулу, мұғалімнің жинақтылығы, ұйымдастыру амалының жүйелігі (сабақтан сабаққа)
Үй тапсырмасын тексеру: "Ой қозғау" сұрақтары
-
Оттектің жалпы сипаттамасы қандай?
2. Жер қыртысында ең көп таралған элементтерді атаңдар.
3. " Оттек - элемент " және " оттек - жай зат " деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
4. Катализатор дегеніміз қандай заттар?
5. Оттектің физикалық қасиеттерін сипаттап айтып беріңдер
6. Өнеркәсіпте оттекті неден және қалай алады?
7. Лабораторияда оттекті алудың жоларын айтып, сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар
Мақсаты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Тапсырмалар жүйесі
Күтілетін нәтиже
Білімділік
Проблемалық сұрақтар шешу арқылы жаңа тақырыпты тауып, оған мақсат қояды.
Проблемалық сұрақтарды шеше отырып, жаңа тақырыпқа шығады.
Заттың физикалық қасиеттері дегеніміз не? Ол нені сипаттайды?
Заттың тағы қандай қасиеттері болады? Оны қалай атаймыз?
Ынтасы, қызығушылығы артады.
Түсіндіру
Оқушыларды топтарға бөлу.
І топ.
ІІ топ.
Оқушылар топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларға жауап береді.
Топтарға тапсырма:
І топ. Жану реакциялары дегеніміз не?
(оқулықпен жұмыс )
ІІ топ. Оттек қандай маңызыды процестерге қатысады?
(оқулықпен жұмыс )
Танымпаздық
іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады
Пайдалану
Топтарға тапсырмалар беру.
Оқушылар тапсырмалар бойынша тиісті реакция теңдеулерін жазып, теңестіреді.
Берілген жай заттармен оттегін әрекеттестіру арқылы оның химияилық қасиеттерімен
таныс боласыздар: көміртегі, күкірт, алюминй, темір, фосфор.
Оқушының дербестігі, өз - өзіне сенімі қалыптасады
Талдау
-
Тапсырмалар
Оқушыларға:
І топ. Темір, көміртек, алюминий.
ІІ топ. Күкірт, кальций, фосфор.
Топпен жұмыс, таратпа қағаздармен жұмыс,
оқулықпен жұмыс
Өзін топта ұстай білу, өз ойын өзгенінң ойымен салыстыру. Толықтыру дағдысы қалыптасқан
Пайымдау
Химялық диктант.( Ия, жоқ )
Тақырыпқа байланысты есептер шығару.
-
Жарық пен жылу бөде жүретін реакциялар - жану реакциясы деп атала ма?
-
Оттегі металдармен, фосформен, күкіртпен әрекеттесе ма?
-
Фосформен әрекеттескенде ыдыс іші қара түске бояла ма?
-
Темір оттегіде жана ма?
-
Күкірт оттегіде жанғанда ақ түсті жалын түзіле ма?
-
Күрделі заттармен әрекеттескенде, көмірқышқыл газы мен су бөліне ма?
-
CuS + O →
-
CuO + S→ реакция теңдеуі дұрыс жазылған ба? Қатесін табыңдар.
Есептер шығару.
Мына заттардың оттекпен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңдер.
-
Магнииймен
-
Кальциймен
-
Кремниймен ( IV )
-
Сутекпен
-
Натриймен
-
Мырышпен
Марганецпен (VII)
Жұппен жұмыс
Жеке дара жұмыс
Өз білімін бағалауға дағдыланады.
Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағаланады.
Алған білімін
өмірде пайдалануға
дағдыланады
Үй тапсырмалары: § 22 оқу. 6 -9 жаттығу.
Қортынды: