- Учителю
- Азот топшасын қорытындылау
Азот топшасын қорытындылау
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі
Химия және биология пәні мұғалімі Дюсегалиева Эльмира Алшекенқызы
Сабақтың тақырыбы: «Азот топшасын қорытындылау»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың азат топшасы жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету қорытындылау
б) дамытушылық: теңдеу құру, есеп шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу.
в) тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Химияға деген көзқарастарын жақсартып, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың жоспары жазылған плакат, ойынның негізгі мәні көрсетілген, әсем безендірілген суретті плакат, тест тапсырмалары корточкалар.
Сабақтың барысы:
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.
Ойыннның негізгі мазмұны - сиқырлы қамал ішіндегі шытырманды саяхат.
Ойынның негізігі мақсаты - берілген уақыт ішінде кедергіден өтіп, барынша көп ұтыс ұпайын жинау. Жалпы бағыт 7 кедергіден тұрады: тас мүсіндер қамалы, айналы бөлме, перілер бөлмесі, патша сарайының бөлмесі, айбалта қамалы, алхимик үйшігі, қара сиқырлы иелігі.
Безендірілген плакатта қауіпті кедергілерден өтудің жолдары, тапсырмалары беріледі.
І - 4 ұпай ІІ - 4 ұпай ІІІ - 4 ұпай IV- 5 ұпай VI - 3 ұпай VII - 5 ұпай.
Барлығы - 25 ұпай.
І. «Тас мүсіндер қамалына» саяхат.
- Бұл қамалдың ішінде тірі мүсіндер өмір сүреді. Олар қамалға кірген адамды қорқытып, тастай етіп қатырып тастайды. Егер сіз берілген тапсырманы дұрыс орындасаңыз, қамалдағы мүсіндер қозғалмай қатып қалады да, сіздің әрі қарай кедергіден өтуіңізге мүмкіндік береді.
І - кезеңнің сұрақтары:
1.Азот топшасына қандай элементтер жатады.
(N, P, As, Sb, Bi)
2.Сутектік қосылыстардың жалпы формуласында азот топшасы элементтердің тотығу дәрежесі нешеге тең? (NH3-3)
3. Мына қосылыстардың тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш қасиетін анықтау.
N0- 4e N+4 тотықсыздандырғыш (тотығады)
N-3- 3e N0 тотықсыздандырғыш (тотығады)
N+5+ 5e N0 тотықтырғыш (тотықсызданады)
-
Азот топшасының жоғары оң тотығу дәрежесі нешеге тең.
-
Азотың атом құрылысының сызбанұсқасы қандай?
-
Мына қосылыстардың тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш қасиетін анықтау:
Fe0-2e Fe+2тотықсыздандырғыш
Fe+2-2e Fe0тотықтырғыш
Fe+2-1e Fe+3тотықсыздандырғыш
-
Азот молекуласын неше атом болады?
-
Азотты кім және қай жылы ашқан?
(1772 ж ағылшын ғал. Д.Резерфорд)
-
S-2 - 2e S0тотықсыздандырғыш
S0 - 4e S+4тотықсыздандырғыш
S+2+4e S+6тотықтырғыш
Осы тапсырмаларды әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға жазбаша орындайды. Магниттік тақтаға ілінген плакатқа үш топтың ұпай сандарын белгілеп отырдым. Әр топ тапсырманы орындалуы бойынша өз ұпайларын өздері береді.
-
Ұпай сандары
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
1
2
3
4
5
6
7
ІІ. «Айнала бөлме»
Бұл бөлмеде ерекше жабысқақ жәндіктер өмір сүреді. Олар алдарыңыздағы айнадағы кескін сияқты тез арада пайда болады. Жабысқақ жәндіктерді жою үшін мына сұрақтарға ауызша жауап беру керек.
-
Азоттың химиялық қасиеті?
(N2+3Н2 2NН3; N2+O2 2 NO-Q- найзағай реакциясы
N2+3Мg Mg3 N2- нитридтер)
-
Азоттың физикалық қасиеті?
(түссіз, иіссіз, ауада кездесетін газ)
-
Азотты табиғатта таралуы, қолданылуы?
(Азот бос күйінде атмосферада, нитрадтар түрінде топырақта кездеседі. Азот аммиак синтезінде қолданылады.)
ІІІ. «Перілер мұнарасы.»Р
Қамал ішінде перілер өмір сүреді, олар адамдармен сөйлескенді өте жақсы көреді. Ақымақтарды жандары сүймейді, оларды сиқырлап жан- жануарларға айналдырып жібердеі. Ал ақылды, білгіш адамдардың қалағанын орындайды, олармен тіл табысып, дос болу үшін мынадай тапсырманы орындау керек. Тақтада орындалады.
-
Қай жылы, қай қалада аммиак синтездейтін завод ашылған. (1913 жылы Германияда)
-
Мына реакцияның түрі қандай: NH4NO3 NH4++NO3-
-
Қызыл фосфордың сіріңке жасауда қолданылу реакция теңдеуін жаз. (6P+5KlO3 5 KCl+3P2O5 )
-
Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады?
(NH4ON-аммоний гидроксиді.)
-
Аммоний тұздары дегеніміз не?
(Құрамында NH4+аммоний ионы кіретін қышқыл қалдығымен қосылатын күрделі заттарды айтамыз.)
-
Фосфордың табиғатта кездесуі?
(Са3 (РО4)2- апатит, жүйке, сүйек ұлпаларында, мида.)
1.NH3 +НNO3 ?реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?
(Аммонийнитраты - NH4 +NO3)
2. НNO3-ң құрылымдық формуласын жаз. (Н - O - N)
3.Ақ фосфорды алғаш рет тапқан кім?
(гамбургтік алхимик Х.Бранд 1669ж).
IV. «Айбалта қамалы»
Осы қамалда айбалтасы бар жендет тұрады. Ол келген адамдарды бақылау үшін өзінің айбалтасындағы реакция теңдеулерін жазыңдар. Тақтаға орындау керек. Тапсырма графопроектордың пленкасында жазылады.
1. Р Р2О5 Н3НО4 Са3(РО4)2 СаСl2
1. 4P+5O22P2О5
2. P2О5+ НО2 Н3PО4
3. 2H3PO4+3CaCa3(РО4)2+3Н2
4. Са3 (PO4)2+6НСl 3CaCl2+2H3PO4
2. NH3 NO NO2 HNO3
1. 4NH3+5O2 4NO+6H2O
2. 2NO+O2 2NO2
3. 4NO2+2H2O+O2 4HNO3
3.P2O5 H3PO4 Ca(H2PO4)2 CaCl2
1. P2O5+H2O 2H3PO4
2. 2H3PO4+Ca Ca (H2PO4)2+H2
3. 3Ca (H2PO4)2 Ca3 (PO4)26H3PO4
V. «Қара сиқыршының иелігі»
Сарай маңында қара сиқыршы иелігі бар, оның қаруы найзағай. Найзағай соққысы адамдарды өсімдікке айналдырып жібереді. Одан құтылудың амалы мына жұмбақтарға жауап беріңіздер.
-
Ауаны шарлап кезеді
Таза күйде пайдасың
Білгіш болсаң айта ғой
Қосылысы өмір өзегі (Азот)
-
Фосфор жақсаң будақтап
Ақ түтінін түзеді
Ол түтінді су сорып
Қандай қосылыс түзеді (Р2О5,2Н3РО4)
-
Өсімдікке нәр беріп, қуат болғын
Өнімі артып, егістің қырманы толған.
Бұл қандай зат,
Қанындай өсімдіктің беретұғын химиктер
жасап қолдан? (N,Р,К тыңайтқыштары)
VІ. «Алхимиктің үйшігі»
Сарайда кішкене ғана шал тұрады. Мына сұрақтарға жауап таба алмай, ұялғанынан үйшігінен шыға алмай жүр. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріп, үлкен адамды үйшіктен шығаруға көмектесейік.
NH3, N2O5, HNO2, N2O, NO
-
Мына қосылыстардың аттарын ата?
(ағылшын, азот ІV) оксиді, азотты қышқыл, азот ІІ) оксиді, азот (ІІ) оксиді).
-
Тотығу дәрежелерін қою.
+5 +4 +1 -2
(NH3, N2O5, NO2, N2O, NO)
3.Тотығу дәрежесінің өсу ретімен орналастыру?
(N2О, NO, НN3, NO2, N2O5)
Бұл сұрақтарды да оқушылар тақтаға шығып, орындайды.
VІІ. «Патша сарайының бөлмесі»
Бұл бөлмеде сиқырлы мұз патшасы тұрады. Ол келген адамдарды мұз етіп қатырып тастайды. Одан қорғануды бір амалы жылу эфектісіне байланысты термохимиялық реакцияның теңдеуін шешу керек.
1. Мына реакцияның: S+O2 SO2+297 кДж
Жылу эфектісі негізінде массасы 96 г күкіртті жаққанда қанша жылу бөлінетінін есепте.
Берілгені: Шешуі:
96г х кДж
m=96г (S) S+O2SO2+297 кДж
32г
М (S) = 32г/моль
96г- х кДж
32-297 кДж х кДж =96 г - 279 кДж = 891 Дж
32 г
Жауабы: Q = 891 кДж.
2.Күкірттің қандай мөлшерін жаққанда 485 кДж жылу бөлінетін реакция теңдеуі бойынша есептер шығару.
S+O2 SO2+297 кДж
Берілгені: Шешуі: 485 кДж
Q = 485 кДж S+O2SO2+297 кДж
1 моль
Т/к V- ? (S) х моль - 485 кДж
1 моль - 297 кДж х моль= 1 моль*485 кДж=1,63 моль
297 кДж
Ж/бы: V=1,63 моль (S)
3.Массасы 2,1 темір күкіртпен әрекеттескенде 3,77 кДж жылу бөлінді. Темір сульфидінің жылу мөлшерін есепте.
Бер: Шешуі:
m= 2,1 (Ғе) 2,1 г
Q = 3,77 кДж Ғе+ S ҒеS+3,77 кДж
56 г х кДж
М (Ғе) = 56 г/моль
2,1 3,77 кДж
56г хкДж хкДж = 56-3,77 =100,5кДж
Ж/бы: Q =100,5кДж
Сабақты қорытындылау.
Осы тапсырмалармен бірге 7 оқушыға тест тапсырмалары берілді.
Тапсырмаларды орындау барысында жинаған ұпай нәтижесі бойынша оқушылар білімі бағаланды.
І топ - 16 ұпай ІІ - 17 ұпай, ІV - 14 ұпай жинады. Осындай дәстүрлі емес, ойын элементтерін қолданылу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ой - жүйелерін ширатып, өткен сабақтарда алған; білімдерін еске түсіруге мүмкіндік береді.