7


  • Учителю
  • 'ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ХИМИЯ ЕЛІ' химиядан сыныптан тыс жұмыс

'ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ХИМИЯ ЕЛІ' химиядан сыныптан тыс жұмыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: «ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ХИМИЯ ЕЛІ»

Мақсаты: Оқушылардың химияға деген қызығушылықтарын арттыру, химия пәнінен алған білімдерін толықтыру, химик-ғалымдардың еңбектерін жастарға үлгі ету.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, слайд,ребус, плакаттар, тәжірибеге қажетті құрал-жабдықтар.

Барысы:

І.жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов «Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары»демекші,шындығында да бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.

8 -9 сыныптар арасында таңғажайып сыры мол химия пәнінен өткізілгелі отырған «Құпияға толы химия елі» атты сайысқа қош келдіңіздер!

ІІ.жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер
Жастықтың оты қайдасың.
Жүректі түртіп қозғамай,
Ғылымның біліп пайдасын- демекші

Сайысқа түсушілерге сәттілік пен жеңіс тілеймін.

Бүгінгі «Құпияға толы химия елі» сайысында алған білімдеріңізді мына бөлімдерде көрсете аласыздар.

І - кезең «Алтын көпір»

II- кезең «Биік шың»

III- кезең «Жұмбақ арал»

IV-кезең «Сиқыршылар қаласы»

V- кезең «Әуежай»

І.жүргізуші:

Көруге бұл сайысқа жиылғандар,
Д. И. Менделеевке құрметпенен сыйынғандар.
Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар!

Бүгінгі сайысымызға қатысатын топ мүшелерімен таныс болыңыздар

"Болашақ" тобы

"Сұңқар" тобы

8 сынып оқушысы Шамилова Перизат

8 сынып оқушысы Марат Әлібек

9 сынып оқушысы Баянова Мая

9 сынып оқушысы Базарбаев Нұрғали


8 сынып оқушысы Мұқанов Мерлан

8 сынып оқушысы Жармұқанова Гүлсана

9 сынып оқушысы Аманғос Нұржауған

9 сынып оқушысы Абдулла Жандос


ІІ.жүргізуші:

Сайысымызды бастамасбұрын ойыншыларымызды және олардың ойынын тең дәрежеде бағалап, әділ шешім беретін, аса құрметті әділ-қызылар алқасымен таныстыра кетуге рұқсат етіңіздер

1. Математика пәні мұғалімі: Кенжебаева Мәншүк

2. Биология пәнінің мұғалімі: Молдагулова Гаухар

3. Физика пәнінің мұғалімі: Қаленов Ғабит

І.жүргізуші: Енді ойыншыларымызға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық.


Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Ұпай жинағандар "Өткелден" өтіп келесі кезеңге бағыт алады.

І топ

1. Қандай қышқылды барлық қышқылдардың анасы дейді? (күкірт қышқылы)
2. Денесінде қышқыл бар жәндік? (құмырсқа)
3. Қандай химиялық элементтің атауы оның табиғаттағы рөліне сәйкес келмейді? ( Азот - грек тілінен аударғанда «өмірді құптамаймын» )
4. Адам ағзасында қандай элементтің жетіспеуінен тісжегі ауруы (кариес) пайда болады? (фтор)
5. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент? (мырыш)
6. Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций)
7. Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы? (ас тұзы)
8. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл? (тұз қышқылы)

9.Ауаның негізгі құрам бөлігі? (Азот)

10. «Сасық» атты сұйықтық?(бром)


ІІ топ

1.Қандай элемент алдымен күнде,содан соң жерде ашылды.(гелий)

2.Қандай элементтер материктердің атымен аталады.(европий,амерций)

3.Планетамызда көп таралған элементтер (сутек,гелий)

4.Үш түрлі күйде кездесетін зат (су)

5.Адамға таза, дистилденген су ішуге пайдалы ма (жоқ)

6.Топырақты құнарландыратын элемент (азот)

7. Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім (М.В.Ломоносов)

8. Құмның формуласы (SiO2)

9. Тыныс алғанда бөліп шығатын газ (СО2)

10.Екі газдан алынатын сұйық зат (су) ІІ.жүргізуші: Ой жинақтау кезеңін қорытындылай отырып, келесі кезеңімізге көшейік.

ІІІ.кезең.



Бұл кезеңде тақтаға бірнеше әріптер беріледі, соны пайдаланып химиялық элемент атауларын құрастыру. 3 минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Й И Л Ж Г Т Н Е З А М Р О Б Т
(БОР, АЗОТ, АРГОН, НЕОН, БРОМ, ТИТАН, НАТРИЙ, МАГНИЙ, БАРИЙ. ГАЛИЙ. ГЕРМАНИЙ, РЕНИЙ, ГЕЛИЙ)


І.жүргізуші:

ІІІ. кезең. 2 кезеңді артта қалдырып, алға қарай аяңдайық. Келесі кезеңіміз

Бұл кезеңде тақтада берілген заттарды жіктеу.

H2

Ag2O

HClO2


He

O3

HBr

NaOH


HNO2


H2S


N2


ІІ.жүргізуші:

ІV.кезең

Бұл кезеңде 2 топ оқушылары "Қызықты тәжірибелер"көрсетеді. Тәжірибенің құпиясын жазбаша тапсырады.

1 топ. «Жанбайтын орамал»

Сұйық еріткішке шүберекті батырып алып, оны жандырамыз. Шүберек жанбайды.

Құпиясы мынада:Тек шүберек сыртындағы еріткіш жанып, шүберек жанбайды.

«Шақпақ қантты қалай жағуға болады?»

Егер бір түйір шақпақ қантты спиртшамның жалынында ұстаса, ол балқып көмірленіп күйе бастайды, бірақ жанбайды. Ал қант балқыған кезде үстіне темекі күлінен сәл сеуіп жіберсе, қант от алып, әдемі көкшіл жалынмен дыбыс шығарып жаңа бастайды.

Құпиясы мынада: Темекі күілінде шамалы литий тұзы болады, ол қанттың тотығуын тездетіп жандырады, яғни өршіткі қызметін атқарады.


І.жүргізуші:

V. кезең.


Осы кезеңде топ басшыларына 10 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға "иә", "жоқ" деп жауап береді. Әр жауапқа " мың теңге" алады. Ең көп жауап берген топ әуежайдан билет алып, өз еліне қайта оралады.

І топ сұрақтары:

1. Озонның формуласы - О3. (иә)

2.Темірдің атомдық салмағы - 56. (иә)

3.Судың формуласы - SO2 . (жоқ)

4.Атом - молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым - М.В.Ломоносов.(иә)

5.Сұйық металл - сынап.(иә)

6.Шынының балқуы - химиялық құбылыс (жоқ)

7.Сүттің ашуы - физикалық құбылыс (жоқ)

8. Табиғатта ең көп таралған зат - су (иә)

9. Судың газ күйі - мұз. (жоқ)

10. Адам шашында алтын бар. (иә)

ІІ топ сұрақтары:

1.Атомдық салмағы 16-S (жоқ)

2.Үйге жарық беретін элемент - Fe. (Жоқ)

3.Сүйек құрамында сынап бар.(жоқ)

4.Сұйық құрамында фосфор бар.(жоқ)

5 .Күміс қасық қараяды.(Иә)

6.Ас тұзының формуласы - NaCl. (Иә)

7.Адам тыныс алатын газ - Н2.(Жоқ)

8.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл - йод. (Иә)

9.Атом - молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым -

Д.И.Менделеев. (Жоқ)

10.Металлдарды тот басады. (Иә)


ІІ.жүргізуші: Бүгінгі сайыс жеңімпаздарын анықтау үшін, әділқазылар алқасын ортаға шақырайық.

Қорытынды.

Бүгінгі "Құпияға толы химия еліне" жасаған сапарларыңызда қиындықтан қайырылмай өткен жеңімпаздарды құттықтаймыз. Әрдайым сапарларыңыз сәтті болғай!



№6 Шұбарқұдық негізгі мектебі

(химиядан сыныптан тыс жұмыс)



Химия пәнінің мұғалімі: Бәкірова Ә.Н.













2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал