- Учителю
- Урок по химии 'Кремний қышқылы. Силикаттар'
Урок по химии 'Кремний қышқылы. Силикаттар'
Сабақтың тақырыбы: Кремний қышқылы. Силикаттар
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: силикат өнеркәсібінің негізгі шикізаттары туралы, олардың өнімдерінің халық шаруашылығындағы маңызы туралы оқып - үйрену
ә) тәрбиелілік: өндірісте қолданылатын заттардың қасиеттерін біле отырып, қоршаған ортаны ластанудан қорғай білуге, Қазақстан экономикасының дамуына силикат өндірістерінің қосқан үлесін білуге бағыттау
б) дамытушылық: өздігінен білім алу,білік, білім дағдыларын қалыптастыру, өз жұмыстарын бағалауды, қорытынды жасай білуге дағдыландыру
Сабақтың міндеттері: тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып білімдерін бағалау.
Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Топтасып жұмыс жасауға үйренеді, өз-өзіне сенімділік көзқарасы қалыптасады, зерттеуге, зерделеуге үйренеді.
Сабақтың типі: Аралас, жаңа материалды меңгеру, пысықтау сабағы
Сабақта қолданылатын технологиялар:
а) ынтымақтастық, оқушылардың іс - әрекетін белсенділендіру;
ә) модульдік;
б) ұжымдық және топтық оқыту;
в) деңгейлеп - саралап оқыту;
г) оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, білімді бақылау, бағалау әдістері
Пәнаралық байланыс: География, экология, өндіріс
Сабақтың көрнекілігі және оқыту құралдары: Интерактивті тақта, географиялық карта, тест тапсырмалары
оқулық, жұмыс дәптерлері, маркерлер, бағалау парақтары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут
а) оқушыларды түгендеу
ә) топқа бөлу
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі 7 минут
Әр оқушыға сұрақтар жазылған кесте таратып береді
Оқушылар дұрыс жауапқа «+» , бұрыс жауапқа «-» таңбасын қояды
Р.с Сұрақтар дұрыс бұрыс
1. Кремний IVтоптың негізгі топшасында орналасқан бейметалл
2. Атом құрылысы 1s2 2s2 2p6 3s2 3p0
3. Табиғатта ең көп тараған қосылысы - кремнезем SiO2 - құмның негізгі бөлігі
4. Зертханада магний мен құмның қоспасын қыздыру арқылы кремний алынады
5. Кремнийді таза күйінде орыс ғалымы А.М.Бутлеров алған
6. Кремний қыздырғанда жай заттармен әрекеттеспейді
7. Кремний сілтімен әрекеттесіп силикат түзеді
8. Кристалдық кремнеземді кварц деп атайды
9. Табиғи кремнеземшыны, қыш, цемент алатын басты шикізат
10 Кремний диоксиді - негіздік оксид
11. Кремнезем оңай балқиды.
12. Кремний жартылай өткізгіш, күн энергиясын электр энергиясына айналдыруға қолданады.
13. Кремний диоксиді сумен әрекеттесіп, кремний қышқылын түзеді
ІІІ.Жаңа сабақ
«Мағынаны тану» кезеңі (7 минут )
Білу
1.Мәтінді топқа бөліп оқу. «Инсерт» әдісін қолдану.
2. Оқушылар оқып болғаннан кейін ББҮ кестесін толтырады.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
3.Тақырып бойынша топтар бір - біріне сұрақ қояды. Кремний қышқылының басқа қышқылдардан ерекшелігін талдайды, реакция теңдеуін дәптерге жазады.
Түсіну (5 минут)
1.Кремний қышқылының лабораторияда алынуын тәжірибемен көрсету
Na2SiO3 + H2SO4 = H2SiO3 + Na2SO4
2.Ерімтал тұздары: натрий силикаты Na2SiO3 және калий силикаты K2SiO3 (№2 слайд)
3.Табиғи силикаттар: дала шпаты, слюда, сазбалшық, изумруд, топаз, аквамарин, каолин, кварц құмы (№3 слайд)
IV. «Ой - толғаныс» кезеңі
Қолдану (5 минут) Оқулықтағы есепті шығару
№5 есеп. Құрамында 10% қоспасы бар 100 г кремнеземді кальций карбонатымен қосып балқытқанда қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газы бөлінеді?
Жауабы: 33,6 л Әр шикізаттың массасын әр топ есептеп шығарады.
V. Жеке жұмыс
Жинақтау (5 минут) №4 жаттығу. 117-бет
SiO2 →Si→SiO2 →Na2SiO3 →H2SiO3 →SiO2
SiO2 + 2Mg = Si + 2MgO + Si
Si + O2 = SiO2
SiO2 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O
Na2SiO3 + H2SO4 = Na2SO4 + H2SiO3↓
H2SiO3 = SiO2 + H2O Әр оқушы дәптерге өз бетімен орындайды.
Қорытындылау (5 минут)
Химиялық диктант
H2SiO3 - ........... қышқыл. ................. су қосу арқылы кремний қышқылын алуға болмайды. Кремний қышқылының басқа қышқылдардан ерекшелігі -....................................... .
Кремний қышқылының ерімтал тұздары - ........... және ................. Табиғи силикаттарға ..................................................................................................жатады. Тау жыныстарының мүжілуінен ...........................пайда болады. ...................кәрлен және кірпіштер дайындауға, .................................... цемент пен шыны өндіруге қолданылады. Кремний қосылыстарымен ілесе жүретін тозаңдар .......................... деп аталатын ауру тудырады. Белгілі бір жағдай әсеріне бейім фазалық заттар.................................. деп аталады. Силикаттардан ................, ......................, ................. алынады.
Рефлексия (3 минут). Сабақта алған әсерлері туралы, өзіне түсінікті немесе түсініксіз болған мәселелер жөнінде жазып тақтаға жапсырады. Оқушылар кері байланыс жасайды. Оқушы өз - өзіне есеп береді, сыни көзқарасы қалыптасады. Өз - өзіне баға бере алады
Бағалау кезеңі (5 минут). Әр оқушыға бағалау критерийлері жазылған парақшаларды пайдаланып, топ жетекшілері дескрипторлар арқылы топ мүшелерінің қорытынды бағаларын шығарады.
Критерийлік бағалауды қолданудың артықшылықтары - оқушы мен мұғалім арасында келіспеушілік туындамайды және оқушының өзін - өзі бағалау құралы болып табылады. Сонымен қатар өз жетістігін бағамдауға, оқу әрекетін ары қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Жаңа технология бойынша өткізген сабақтарымда оқушылардың өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі бағалауына назар аудардым. Нәтижесінде оқушылар сабақ кезінде өз білімінің деңгейін анықтап, өзін-өзі бағалаудың тиімділігін түсінді. Жоғарыда көрсетілген «Кремний қышқылы. Силикаттар» тақырыбында осындай бағалау критерийін қолдандым.
Бағалау критерийі
Оқушының аты-жөні.......................................................................
Сабақ кезеңдері Дескриптор Ұпай саны баға
Үй тапсырмасы Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берсе 13
Есеп шығару Есеп толық әрі дұрыс шығарылса 5
Ішінара қате болса 4
Реакция теңдеуі дұрыс жазылып, бірақ есеп аяқталмаса 3
Өзгерістің теңдеуін жазу Реакция теңдеулері толық жазылып және дұрыс жазылса 5
Түгел жазылып, бірақ ішінара қате болса 4
Теңдеулер жазылып, бірақ бәрі қате болса 0
Химиялық диктант Барлық сөздерді дұрыс тауып жазса 14
46-48 ұпай - «5»
40-45 ұпай - «4»
30-40 ұпай - «3»
Кремний және оның қосылыстары
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Кремний және оның қосылыстарының алынуы, қасиеттері, түрлері және табиғатта таралуы, адам ағзасындағы рөлі туралы түсінік беру.
-
Дамытушылық: Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, реакция жазу, есеп шығару, қабілеттерін дамыту;
-
Тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға, ізденімпаздыққа, жұптасып жұмыс жасауға, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тірек-сызба, түсіндірмелі-эвристикалық, сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, деңгейлік тарпсырмалар, кремний қосылыстарының үлгілері, карточкалар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-оқушылармен амандасу;
-сыныптың тазалығын тексеру;
-оқушыларды түгендеу;
-көңілдерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ-жауап:
-
Көміртек атомының құрылысын периодтық жүйедегі орнына сәйкес түсіндіріңдер.
-
Табиғаттағы көміртек қандай күйде кездеседі?
-
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерін атаңдар? Әрқайсысын сипаттап айтып беріңдер.
-
Алмаз бен графиттің қасиеттерін салыстыра отырып сипаттаңдар.
-
Адсорбция құбылысын түсіндіріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақтың жүруі:
«Белгісіз элемент» атты көрініс көрсету арқылы тақырыпқа шығу. Сабақтың мақсатын оқушыладан сұрау.
Атом құрылысы:
ІІІ период, ІV топтың негізгі топшасында орналасқан.
+14Si )2е)8е)4е)
Табиғатта таралуы:
Кремний табиғатта тек қослыс түрінде кездеседі. Ең көп тараған SiO2 - кремнезем. Каолинит (ақбалшық) және алюмосиликаттардың Al2O3*2 SiO2*2H2O, дала шпатының немесе ортоклаздың K2O * Al2O3 * 6SiO2 құрамына кіреді.
Алынуы:
-
Зертханада бос күйінде кремний алу үшін магнийді ұнтақ ақ құммен SiO2 қосып қыздырады:
-
2Mg = 2MgO + Si
-
Өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын қызыдырып кремний алады:
SiO2 + 2С = Si + 2CO
Физикалық қасиеттері:
Кремнийдің аллотропиялық екі түрөзгерісі бар. Ол - кристалдық және аморфты кремний. Кристалдық кремний - қара сұр түсті, металдық жылтыры бар, өте қатты, қиын балқитын, аздап электр тогын -өткізетін зат. Ал аморфты кремний - сұрғылт түсті ұнтақ зат.
Химиялық қасиеттері:
-
Аморфты кремний қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі:
Si + 2CL2= SiCL4
Si + O2 = SiO2
Si + C = SiC
-
Кремний металмен әрекеттескеде тотықтырғыш болады:
Si + 2Mg = Mg2Si
-
Кремний ұнтағы концентрлі сілтімен реакцияға түседі:
Si + 2NaOH + H2O = Na2SiO3 + 2H2
Тапсырма № 2. Екеуара жұмыс.
§25 оқу. Өзара сұрақтар қою.
Тапсырма № 3.
Шыны өндірісі (видео қарау).
Тапсырма № 4.
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
І деңгей(1 ұпай)
-
Кремнийдің аллотропиялық _______түрөзгерісі бар. Ол _________ және аморфты кремний.
-
Кремнийдің қосылыстардағы тотығу дәрежелері ____, _____, ______ болады.
-
Кристалдық кремнеземді ________ дейді, оның алты қырлы призма тәрізді түрі ______________ деп аталады.
ІІ деңгей (2 ұпай)
Кремний қышқылының құрамындағы кремнийдің массалық үлесін есептеңдер.
ІІІ деңгей (3 ұпай)
Массасы 36,6 г натрий силикатын алу үшін қанша натрий оксиді, қанша кремний оксиді қажет болатынын есептеңдер.
Тапсырма № 5.
Сұрақ-жауап:
-
Таза кремнийді зертханада және өнеркәсіпте қалай алуға болады?
-
Кремнийдің табиғатта таралуын айтып бер.
-
Кремний қышқылының тұздары қалай аталады?
-
Сұйық кристалдар дегеніміз не?
-
Кремний қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
-
Кремнийдің қолданылуы.
-
Тау хрусталінен қандай заттар алынады?
-
Дүниежүзінде жылына қанша тонна кремний монокристалы өндрледі?
-
Цемент пен минералды тозаңдар өкпеге қонып, қандай ауру тудырады?
-
Мүжілу дегенімз не?