7


  • Учителю
  • Урок на тему 'Фосфор және оның қосылыстары' (9 сынып)

Урок на тему 'Фосфор және оның қосылыстары' (9 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


9 - сынып

24 - сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Фосфор және оның маңызды қосылыстары

Сілтеме:

Оқулық. Әдістемелік материалдар.

1-апта, 1-күн (Топта жұмыс істеу әдістемесін зерделеу. Оқушылардың оқуына оң әсер ететін факторлар), 1-апта, 3 - күн («Ынталандыру мақсаттары»), 1-апта, 5-күн («Сыныптағы психологиялық ахуал»), 3-апта, 1-күн («Бағалауды жүргізу әдістері»), 3-апта, 5-күн («Сыни ойлау»)

Жалпы мақсаттар:

Фосфордың маңызды қосылыстарының формулаларын келтіру, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін, олардың практикада қолданылуы, сонымен қатар фосфордың биохимиялық рөлімен таныстыру, тәжірибе жүзінде фосфордың құрылысы, маңызды қосылыстарымен оқушыларды таныстыру, фосфат - иондарды анықтауды үйрету.

Оқыту нәтижесі:

  • Топтық талқылау кезінде оқушының ашылғаны байқалады

  • Оқушы оқулықтағы мәліметті дауыстап талдау нәтижесінде есінде көп мәліметті қалдырады

  • Фосфордың маңызды қосылыстары, олардың химиялық қасиеттері жөнінен мағлұмат алады, фосфор қосылыстары қатысындағы химиялық реакцияларды жазуға дағдыланады.

Түйінді идеялар

Оқушылардың өзара білім алмасуына жағдай туғыза отырып, нәтижелі диалогтың туындауына көңіл бөлу қажет. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін өз білім деңгейлеріне сүйене отырып, белігі бір нәтижеге жете білетін тапсырмалар даярлау қажет. Сыныптағы кері байланыс мұғалім сұрақ қоюдың «түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау» моделін ұстанғанда ғана орнайды. Бағалауды жүргізген кезде оқушының өзіндік түзету жұмыстарын жүргізе алуына және сырттай ынталандыруға бағытталған өлшемдерді пайдалануын ескерілу тиіс.

Жаттығулар:

1. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үйге берілген материалдың меңгерілу деңгейі анықталады

4. Берілген фотосуреттерді пайдаланып, фосфордың қосылыстарын пайдалану жөнінде жоба жасап, қорғайды


  1. Берілген формулаларға қарап, фосфордың маңызды қосылыстарына сипаттама береді

5. Бағалау парағын толтырады


  1. Фосфордың маңызды қосылыстарының шарөзекті модельдерін жасап, құрылысына қарап, химиялық қасиеттерін жазады

6. Сабаққа рефлексия жасайды

Мұғалімнің жазбалары:

Сабақтың мақсатын айта отырып, оқушыларды топқа бөлдім.


1.Топқа бөлу

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін топқа бөлу барысында мен үйге берілген материалдан фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерінің сипаттамаларын жасырып, сол сипаттамаға сәйкес түрөзгерісті тауып, және сол топқа отыруын өтінемін

2.Оқушы білімін тексеру мақсатында мен «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып, үйге берілген материалды топқа бөліп тастап, өз топтарында талқылап алуын сұраймын. Кейін әр топтан бір өкілден келесі топқа барып өз тақырыпшасын мазмұндап береді. Өкіл барлық топтарды аралап болған соң, әр топтың өкіліне мен тақтаға шығып, қажетті сипаттамалар мен реакция теңдеулерін жазуға тапсырма беремін.

3.Жаңа білімді меңгеру үшін мен фосфордың маңызды қосылыстарын атап беріп, оның құрылымдық формуласын көрсетемін. Оқушылар құрылымдық формулаға қарап, сол қосылыстардың шарөзекті модельдерін жасап, құрылысына қарап, химиялық қасиеттерін түсіндіруге тиіс болады.

4. Білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға фосфор, фосфордың қосылыстары бейнеленген фотосуреттерді үлестіріледі. Әр топ сол фотосуреттерден жоба құрады, және оны қорғауға тиіс болды. Бұл тапсырманың нәтижесінде оқушылардың шығармашылығы анықталып, қиялын жүзеге асыру мүмкіншілігі туады.

5.Алынған білімді тиянақтап, оқушылардың түсіну дәрежесін анықтау үшін «Бағалау парағын» толтыру ұсынылады.

Тапсырмалар:

Өзгерістерді бағалау

«Ынтамақтастық атмосферасын құру» (білім беру платформасын қара)

«Бірлескен оқу»

«Дарындылықты анықтау»

«Әріптестермен кеңесу»

Ақпарат құралдары мен жабдықтар

Оқулық, 9-сынып; әдістеме құралы; интерактивті тақта, интернет желісі, суреттер, бейнекөрініс, ватман, түрлі түсті қарандаштар, желім, шар мен өзектер

Үй тапсырмасы:

§19, №6, №7, 82- бетте

Сабаққа бағалау

  1. Әр оқушы өз жұмысын сабаққа рефлексия жазу арқылы бағалайды

  2. Бағалау парағын толтырады


1

2

3

4

5

Топпен жұмыс жасау ұнады


Топтық талқылауға қатынастым


Топқа үлесім тиді


Материалды меңгердім


Орта бағам

Сабақтың қысқа рефлексиясы

Сабақты құру барысында мен оқытудың жеті модулін толық енгізуге тырыстым. Жеті модульді тиімді пайдалана отырып, оқушыларға нәтижелі білім беруді көздедім. Сол үшін де мен оқушыларды топқа бөлудің өзін жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту модуліне сүйеніп, оқушылар бірлесе жұмыс істеуде басқалар сияқты жақсы танып білмеген өзге екі сыныптасын таңдау тапсырмасын басшылыққа алдым. Яғни мен оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін топқа бөлу барысында үйге берілген материалдан фосфордың аллотропиялық түрөзгерістерінің сипаттамаларын жасырып, сол сипаттамаға сәйкес түрөзгерісті тауып, және сол топқа отыруын өтіндім. Осы жердің өзінде-ақ, оқушылардың үйгеберілген тапсырамны қаншалық меңгергендерін анықтауға болатын еді. Сабақта пайдаланылған «Ыстық орындық» әдісі, «Көзбен көру айғақтары» арқылы білім беру сияқты әдіс - тәсілдерім оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, өз біліміне сүйене отырып, жаңа білімді меңгеруге деген қызығушылығын туындатқанын да бірден байқауға болады. Сабақтың соңында оқушылар алынған білімді тиянақтап, өздерінің түсіну дәрежесін анықтау мақсатында «Бағалау парағын» толтырды. Оқушы өзінің сол топтағы талқылауларда тигізген үлесін, сабақ үстінде тапсырмаларды орындауда танытқан белсенділігін, және сабақ үстінде алған білімін тиянақтай отырып, өзіне өзі баға бере білді



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал